
- •Іі бөлім. Жалпы микробиология
- •14.1 Коктар
- •14.1.1. Аэробты грам оң коктар
- •14.1.1.1. Мicrococcacеae тұқымдастығы
- •14.1.1.1.1Стафилококтар (Staphylocоccus туыстастығы)
- •Стафилококтардың медициналық маңызы бар негізгі дифференциациялық белгілері
- •Staphylocоccus aureus-тің вируленттік факторлары
- •14.1.1.2. Streptococcaceae тұқымдастығы
- •14.1.1.2.1. Стрептококтар
- •14.1.1.2.2. Энтерококтар (туыстастығы Enterococcus)
- •Энтерококтардың негізгі медициналық маңызы бар түрлерінің дифференциациялық белгілері
- •14.1.2 Аэробты грам теріс коктар
- •14.1.2.1 Нейссериялар
- •Нейссериялардың негізгі дифференциалды-диагностикалық қасиеттері
- •14.1.2.1.1. Менингококтар
- •Neisseria meningitidis-тің вируленттік факторлары
- •14.1.2.1.2. Гонококтар
- •Гонококтық инфекциялардың орналасуы және түрлері
- •14.1.3. Анаэробты коктар
- •14.1.3.1. Анаэробты грам оң коктар
- •14.1.3.2. Анаэробты грам теріс кокктар
- •14.1.3.2.1. Вейлонеллалар (Veillonella туыстастығы)
- •14.2. Грам теріс факультативті-анаэробты таяқшалар
- •14.2.1. Энтеробактериялар (Enterobacteriaceae тұқымдастығы)
- •14.2.1.1. Эшерихиоздардың қоздырғыштары
- •Enterobacteriaceae тұқымдастығының Escherichia, Shigella, Salmonella туыстастықтарының биохимиялық қасиеттері
- •14.2.1.2 Клебсиеллалар (Klebsіella туыстастығы)
- •Клебсиелла туыстығына жататын бактериялардың биохимиялық қасиеттері
- •14.2.1.3. Шигеллалар
- •14.2.1.4. Салмонеллалар (Salmonella туыстастығы)
- •14.2.1.4.1. Салмонеллез (астан улану) қоздырғыштары
- •14.2.1.4.2. Ауруханаішілік салмонеллез
- •14.2.1.4.3. Протей (Proteus туыстастығы)
- •Proteus туыстастығының биохимиялық белсенділігі.
- •14.2.1.4.Оба қоздырғышы
- •14.2.1.5. Энтеропатогенді иерсиниялар
- •14.2.1.6. Псевдотуберкулез қоздырғышы
- •14.2.1.7. Ішек иерсиниозының қоздырғышы
- •14.2.2. Вибриондар (Vibrionaceae тұқымдастығы)
- •14.2.2.1.Тырысқақ қоздырғышы
- •14.2.2.2. Парагемолитикалық вибриондар (Vibrio туыстастығы)
- •14.2.2.3. Кампилобактериялар (Сampylobacter туыстастығы)
- •14.2.2.4. Хеликобактериялар (Helicobacter туыстастығы)
- •Helicobacter pylori-дің вирулентті факторлары
- •14.2.3. Pasteurellaceae тұқымдастығы
- •14.2.3.1. Гемофилді бактериялар
- •14.2.3.1.1. Haemophilus influenzae (Афанасьев-Пфайффер таяқшасы)
- •Haemophilus туыстастығына жататын бактериялардың өсу факторларына қажеттілігі бойынша сипаттамасы
- •14.2.3.2. Пастереллалар
- •14.3.Бордетеллалар
- •14.3.1.Көкжөтел және паракөкжөтел қоздырғыштары.
- •Бордетелла түрлерінің дифференциациясы
- •14.3.2. Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары
- •Райт реакциясы үшін бруцеллездік антигенді сұйылту
- •14.3.3.Туляремия қоздырғышы
- •14.3.4. Легионеллез қоздырғышы
- •14.3.5. Псевдомонадалар (Pseudomonas туыстастығы)
- •14.3.6. Буркхольдериялар (Burkholderia туыстастығы)
- •14.4. Анаэробты бактериялар
- •14.4.1.Спора түзбейтін анаэробтар (клостридиялар емес)
- •Бактериоидтардың негізгі айырмашылық белгілері
- •14.4.2.Күйдіргі бациллалары (Bacillus туыстастығы)
- •14.4.3. Спора түзетін Clostridium туыстастығына жататын бактериялар
- •14.4.3.1. Анаэробты инфекция қоздырғыштары
- •14.4.3.1.1. Жарақаттық анаэробты инфекция қоздырғыштары. Газды гангрена.
- •Адамға патогенді клостридиялардың негізгі дифференциалдық белгілері
- •C.Perfringens тудыратын аурулар
- •14.4.3.1.2.Сіреспе клостридиясы (Clostridium tetani)
- •14.4.3.1.3. Ботулизм клостридиясы (Clostridium botulinum)
- •14.4.3.2 Лактобациллалар (Lactobacillus туыстастығы)
- •14.5.Листериялар (Listeria туыстастығы)
- •Listeria monocytogenes-тің вируленттік факторлары
- •14.6. Коринебактериялар (Corynebacterium)
- •14.6.1.Дифтерия қоздырғышы (Corynebacterium diphtheriae)
- •Адам патологиясында клиникалық маңызы бар коринебактериялар
- •C. Diphtheriae-ның биологиялық варианттарының дифференциалдық белгілері
- •14.6.2. Микобактериялар (Mycobacteriaceae тұқымдастығы)
- •14.6.2.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •14.6.2.2. Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •14.6.3.Актиномицеттер (Actynomyces туыстастығы)
- •Актиномицеттердің негізгі дифференциациялық белгілері
- •14.6.3.1. Нокардиялар (Nocardia туыстастығы)
- •Нокардиялардың негізгі дифференциалдық айырмашылықтары
- •14.6.3.1. Бифидобактериялар (Bifidobacterium туыстастығы).
- •Бифидиобактериялардың негізгі айырмашылық белгілері
- •14.6.3.2. Гарднереллалар (Gardnerella туыстастығы)
- •14.7. Риккетсиялар
- •14.7.1. Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •14.7.1.1. Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы
- •14.7.1.2. Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •14.7.1.3. Марселдік қызбаның қоздырғышы
- •14.7.1.4. Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •14.7.2. Ориенциялар (Цуцугамуши қоздырғышы)
- •14.7.3. Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •14.8. Спирохеталар және басқа ирекше, иілген бактериялар
- •14.8.1. Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •14.8.1.1. Мерез. Бозғылт трепонема (Treponema pallidum).
- •14.8.2. Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •14.8.2.1. Эпидемиялық қайталама сүзек
- •14.8.2.2. Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •14.8.2.3. Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •14.8.3. Лептоспиралар. Лептоспироз
- •14.9 Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •Хламидиялық инфекцияларға зертханалық диагноз қою.
- •14.10. Микоплазмалар. Микоплазмоздар.
- •Медициналық маңызы бар Mycoplasma және Ureaplasma туыстастықтарының түрлері.
- •Адамға патогенді микоплазмалардың негізгі биохимиялық қасиеттері
- •Микоплазмалық инфекциялардың зертханалық диагностикасы
- •15 Тарау. Клиникалық микробиология
- •15.1. Клиникалық микробиология және оның медицина үшін маңызы.
- •15.1.1. Клиникалық микробиологияның аңықтамасы, мақсаты және іріңді қабыну аурулары қоздырғыштарының сипаттамасы.
- •15.1.2. Іріңді - қабыну ауруларына микробиологиылық диагноз қою.
- •15.1.2.1.Микробиологиылық диагноз қоюдын маңызы және жалпы принциптері.
- •Көрсетілген аурулардың қоздырғыштары.
- •Әртүрлі патологиялық материалдардан бөліп алатын микрофлора.
- •15.1.3. Патологиялық материалдарды микробиологиялық зерттеу әдістері.
- •Бактериурия дәрежесі
- •15.2 Дисбактериоз
- •Қалыпты микрофлораның пайдалы функциясы
- •15.2.1 Адам организмінің қалыпты микрофлорасы
- •Жуан ішек микрофлорасы.(жалпы микробтар саны 1011-1012)
- •Балалар аіж микрофлорасының ерекшеліктері
- •Кесте 15.9. Дені сау балалар нәжісінің микрофлорасы.
- •Тері микрофлорасы
- •Тыныс алу жолдары шырышты қабатының микрофлорасы
- •Әр түрлі авторлардың мәліметтері бойынша дені сау ересектер мен балалар ішегіндегі микробиоценоз өкілдерінің саны
- •15.2.2. Адам организмінің дисбактериоздары, жэне оның даму дәрежелері.
- •Дисбиоздық микрофлораның зиянды жақтары
- •Кесте 15.14. Candida cаңырауқұлақтары - иммунды депрессия маркері
- •Балаларда болатын дисбактериоздың клиникалық көріністері және дәрежелері
- •15.3. Ауруханаішілік инфекциялардың манызы жэне анықтамасы
- •15.3.3.Ауруханалық ортаның сипаттамасы.
- •15.3.5. Инфекциялық бақылау бағдарламасының міндеттері.
- •16.1.Эволюциялық дамудағы рөлі, жіктелуі (класификациясы)
- •16.1.1. Вирустардың ашылуы
- •16.1.2. Вирусологияның даму кезеңдері
- •16.1.3. Вирустардың табиғаты
- •16.2. Вирусты инфекциялардың патогенезі
- •16.2.1. Вирустың таралу жолдары
- •16.2.2. Вирустық инфекциялардың түрлері
- •16.2.3. Жасушаларда трансформациялық процестер дамуындағы вирустардың рөлі
- •16.2.4. Вирустық инфекциялар патогенезінің ерекшеліктері
- •17 Тарау. Жеке вирусология
- •17.1.1. Пикорнавирустар
- •17.1.1.1. Сал (полиомиелит) вирусы
- •Полиомиелит вирусының типтері
- •17.1.1.2. Коксаки вирустары
- •17.1.1.3. Есно – вирустары
- •17.1.1.4. Гепатит а вирусы (агв-hav)
- •17.1.1.5. Риновирустар
- •17.1.1.6. Аусыл вирусы
- •17.1.2. Тогавирустар
- •17.1.2.1. Альфавирустар
- •17.1.2.2. Қызамық вирусы
- •17.1.3. Флавивирустар
- •17.1.3.1. Сары қызба вирусы
- •17.1.3.2. Кенелік энцефалит вирусы
- •17.1.3.3. Жапондық энцефалит вирусы (масалық энцефалит)
- •17.1.3.4. Омбылық геморрагиялық қызба (огқ)
- •17.1.3.5. С гепатит вирусы (hcv)
- •17.1.3.6. G – гепатит вирусы (hgv)
- •17.1.3.7. Е гепатит вирусы (неv)
- •17.1.3.8. Ttv-гепатит вирусы
- •17.1.4. Коронавирустар
- •17.1.5. Реовирустар
- •17.1.5.1. Реовирустар (ортореовирустар)
- •17.1.5.2. Ротавирустар
- •17.1.5.3. Орбивирустар
- •17.1.5.4. Колтивирустар
- •17.1.6. Ортомиксовирустар
- •17.1.7. Парамиксовирустар
- •17.1.7.1. Парагрипп вирустары
- •17.1.7.2. Мысқыл (эпидемиялық паротит) вирусы
- •17.1.7.3. Қызылша вирусы
- •17.1.7.4. Респираторлық – синцитиальдық вирус
- •17.1.8. Рабдовирустар
- •17.1.8.1. Везикулярлық стоматит вирусы
- •17.8.2. Құтыру вирусы
- •17.1.9. Ретровирустар
- •17.1.10. Ареновирустар
- •17.1.10.1. Лимфоцитарлық хориоменингит
- •17.1.10.2. Ласса геморагиялық қызбасы
- •17.1.10.3. Д гепатит вирусы (hdv )
- •17.1.11.Филовирустар
- •17.1.11.1. Марбург ауруы
- •17.1.11.2. Эбола қызбасы
- •17.1.12 . Буньявирустар
- •17.1.12.1. Қырым- Конго геморрагиялық қызбасы (қкгқ).
- •17.1.12.2. Бүйрек синдромды геморрагиялық қызба вирусы (бсгқ)
- •17.2.1. Парвовирустар
- •17.2.2. Аденовирустар
- •17.2.3. Поксвирустар
- •17.2.3.1. Нағыз немесе қорасан шешегінің вирусы
- •17.2.3.2. Шешектік вакцина вирусы (сиыр шешегінің вирусы)
- •17.2.3.3. Контагиялық моллюск вирусы
- •17..2.4. Ұшық вирустары –Герпесвирустар
- •17.2.4.1. Қарапайым ұшық вирустары (құв)
- •17.2.4.2. 3-Типтік ұшық вирусы
- •17.2.4.3. Бетта-герпесвирустар(5-типі). Цитомегаловирус (цмв).
- •17.2.4.4. Эпштейн-Барр вирусы (эбв). Ұшық вирусының 4-типі.
- •17.2.5. Гепатит в вирусы (hbv)
- •17.2.6. Паповавирустар
- •17.2.6.1. Папилломавирустар
- •17.2.6.2. Полиомавирустар
- •Полиомавирустық геномның реттеуші учаскелері
- •17.2.7. Онкогенді вирустар
- •Адамдарда қатерлі ісіктер дамуын қоздыратын вирустар
- •17.2.7.1. Онкогенді днқ- геномды вирустар
- •17.2.7.2. Адамдардың онкогенді рнқ-геномды вирустары
- •17.2.8. Вирустық баяу инфекциялар (приондық аурулар)
- •Адамдар мен жануарлардың приондық аурулары
- •18 Тарау. Жиі кездесетін микоздардың сипаттамасы
- •18.1. Беткейлік микоздардың қоздырғыштары
- •18.1.1.Кератомикоздардың қоздырғыштары
- •18.1.1.2. Ақ пьедра қоздырғышы – Trichosporon beigelli.
- •18.1.1.3. Қара теміреткі (Exophiala wernekii) және қара пьедра (Piedraia hortae) қоздырғыштары.
- •18.1.2. Дерматомикоздардың қоздырғыштары.
- •Адамдарға патогенді дерматофиттер.
- •18.1.2.1. Микроспория қоздырғыштары.
- •18.1.2.2. Трихофития қоздырғыштары.
- •18.1.2.3. Эпидермофития қоздырғышы
- •18.2. Теріастылық (субкутанды) микоздардың қоздырғыштары.
- •18.2.1. Споротрихиоз қоздырғышы-Sporothrix schenckii
- •18.2.2. Хромобластомикоз қоздырғышы.
- •18.2.3. Мицетома қоздырғыштары
- •18.2.4. Феогифомикоз қоздырғышы
- •18.3.Терең жүйелік микоздардың қоздырғыштары.
- •18.3.1. Гистаплазмоз қоздырғышы.
- •3.2. Криптококкоз қоздырғышы.
- •18.3.3. Кокцидиоидоз қоздырғышы
- •18. 3.4. Бластомикоз қоздырғышы
- •18.4. Оппортунистік микоздардың қоздырғыштары.
- •18.4.1. Кандидоз қоздырғыштары
- •Медициналық маңызы бар Candida туыстастығына жататын саңырауқұлақтардың микроморфологиялық ерекшеліктері
- •Candida саңырауқұлақтарын клиникалық-экологиялық таралау
- •18.4.2. Аспергиллез қоздырғыштары
- •Медициналық маңызы бар Aspergillus туыстастығының экологиялық және клиникалық ерекшеліктері
- •Aspergillus саңырауқұлақтары колонияларының сипаттамасы
- •18.4.3. Сирек кездесетін оппортунистік инфекциялардың қоздырғыштары
- •18.4.3.1. Пенициллиоз қоздырғыштары
- •18.4.3.2. Фузариоз қоздырғыштары
- •18.4.3.3. Зигомикоз (фигомикоз) қоздырғыштары
- •18.5. Микоздарға микробиологиялық диагноз қоюдың принциптері
- •18.5.1. Зерттеу үшін алынатын заттар
- •18.5.2. Зерттеу әдістері
- •18.5.2.1. Микроскопиялық әдіс
- •18.5.2.2. Дақылдық әдіс
- •18.5.2.3. Микоздарға диагноз қоюдың басқа әдістері
- •18.5.2.4. Микоздарды емдеу мен алдын алудың принциптері
- •Антимикотикалық дәрмектер
- •Саңырауқұлақтық инфекциялар қоздырғыштарының клиникалық-микологиялық классификациясы.
- •Қарапайымдылар (Protozoa)
- •19.1. Саркодылар (Sarcodina )
- •19.1.1. Амебиаз қоздырғышы.
- •19.2. Талшықтылар (Flagelleta).
- •19.2.1. Лейшманиоз қоздырғыштары.
- •19.2.2. Трипаносомоздардың қоздырғыштары
- •19.2.3. Трихомониаз қоздырғыштары.
- •19.3. Споралылар (Sporozoa)
- •19.3.1. Токсоплазмоз қоздырғышы
- •19.3.2. Безгек қоздырғыштары.
- •19.4. Кірпікшелілер (Ciliata).
- •19.4.1. Балантидиаз қоздырғышы
- •20.1. Ауыз қуысының микрофлорасы
- •20.1.1. Ауыз қуысының қалыпты микрофлорасы
- •Ауыз қуысының бактериялық микрофлорасы
- •20.1.1.1. Ауыз қуысындағы қалыпты микрофлораның қызметі
- •20.1.2. Ауыз қуысының микробтарын дақылдандыру ерекшеліктері және оның физиологиялық маңызы
- •20.1.3. Ауыз қуысындағы микрофлораның адам жасына байланысты ерекшеліктері
- •20.1.4 Ауыз қуысы - жұқпалы аурулар қоздырғыштарының кіру қақпасы
- •Ауыз қуысының антимикробты қорғаныстық факторлары
- •20.2. Стоматологиялық аурулардың микробиологиясы
- •20.2.1. Халитозис
- •20.2.2 Микробтар туғызатын аурулар
- •Тіс ауруларын қоздыратын негізгі микроорганизмдер
- •20.2.2.1 Микробтық тіс дақтарының пайда болуы
- •20.2.2.2. Кариес
- •20.2.2.3 Пульпит
- •20.2.3 Микробтармен қоздырылатын пародонт аурулары
- •20.2.3.1 Гингивит
- •20.2.3.2 Пародонтит
- •20.2.4 Микробтармен қоздырылатын ауыз қуысы шырышты қабығының аурулары
- •20.3. Одонтогендік инфекция
- •20.3.1 Периодонтит
- •20.3.2 Жақ периоститі
- •20.3.3 Жақ остеомиелиті
- •20.3.4 Тіс аймағында жұмсақ тіннің абсцесстері мен флегмоналары
- •20.4. Жұқпалы аурулар кезіндегі ауыз қуысының зақымдалуы
- •20.4.1 Бактериялық зақымдалуы
- •20.4.1.1. Стафилококтық және стрептококтық іріңдік зақымдалу
- •20. 4.1.2 Бет-жақ актиномикозы
- •20.4.1.3 Жаралы-шірік Венсан гингивостоматиті (фузоспирохетоз)
- •20.4.1.4 Гонококтық стоматит
- •20.4.1.5 Туберкулез кезіндегі ауыз қуысының зақымдалуы
- •20.4.1.6. Алапес кезіндегі зақымданулар.
- •20.4.1.7. Мерез кезіндегі зақымданулар
- •20.4.2 Ауыз қуысының вирустық зақымданулары
- •20.4.2.1. Герпесвирустық инфекциялар.
- •20.4.2.2. Коксаки а вирустық инфекция
- •20.4.2.3 Аив инфекциясы
- •20.4.2.4 Папилломавирустар
- •20.4.2.5 Приондық аурулар
- •20.4.3 Саңырауқұлақтық зақымдалу
- •20.5. Стоматологиялық емдік- профилактикалық мекемелердегі ауруханаішілік инфекциялар
- •20.5.1. Аурухана ішілік инфекциялардың эпидемиологиясы
- •20.5.2. Ауруханаішілік инфекциялардың этиологиясы
- •Стоматологиялық мекемелерде жұғу мүмкіндігі бар инфекциялық аурулар
- •20.5.3.Стоматологиялық ауруханаішілік инфекцияның жұғу жолдары және берілу факторлары
- •20.5.4. Стоматологиялық жәрдем көрсетілген кезде іріңдеу – септикалық инфекция жұқтыру қауіпін тудыратын факторлар
- •20.5.5. Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуы
- •20.6. Клиникалық материалды микробиологиялық зерттеу
- •20.6.1 Ауыз қуысынан материалды зерттеуге алу, сақтау және зертханаға жеткізу
- •20.7. Стоматологияда микробтарға қарсы қолданылатын заттар мен факторлар
- •20.7.1 Дезинфекция және стерилизация
- •20.7.2. Антисептиктер
- •20.8. Тіс дәрігерінің биологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтауы
- •20.9. Тіс емдеуде биологиялық дәрі - дәрмектерді қолдану
- •20.9.1.Биологиялық препараттарды стоматологияда қолдану
- •1.Бактериялық жасуша құрылымына жатады:
- •17.Қарапайым қоректік орталар:
- •18.Дифференциальды - диагностикалық орталар:
- •19.Бактериялардың дақылдық қасиеті-ол:
- •20.Штамм дегеніміз не?
- •21.Бөлініп алынған микроб дақылын идентификациялау келесі қасиеттерін анықтаумен атқарылады:
- •22.Сероварлар (анықтамасы, мысалы):
- •Тест сұрақтарына жауаптар
- •Қосымшалар
- •Кейбір аурулардың қазақша атауларының орысша баламасы
- •Қолданылған әдебиеттер
15.3. Ауруханаішілік инфекциялардың манызы жэне анықтамасы
АІИ – ол науқасты госпитализациялау сәтінде айқын (манифестті) немесе жасырын (инкубациялық) кезеңінде болмаған, стационарда емделгенде пайда болатын инфекциялар. АІИ- стационардан шыққаннан кейінгі мерзімде де белгі беруі мүмкін. Аурухана қызметкерлері кәсіби қызмет көрсеткен кезде жұққан аурулар да АІИ-ға жатады. ДДҰ-ң Еуропалық бюросы 1979 жылы АІИ анықтамасын ұсынды, ол ең толық түсініктеме болып табылады. АІИ (синонимдері: ауруханалық, госпиталды, госпиталішілік, нозокомиалды, ятрогенді) – науқас ауруханаға түскенде немесе емдік жәрдем алғанда, және де аурухана қызметкері осы мекемеде жұмыс атқару кезінде шалдыққанда, кесел симптомдары ауруханада немесе ауруханада болғаннан кейін пайда болуына қарамастан, клиникалық белгілері бойынша анықтауға болатын кез келген жұқпалы ауру.
Жұқпалы аурулардың асқынуларынан сақтанудың маңызды саласы ретінде инфекциялық бақылау ілімінің 200 жылдан астам даму тарихы бар. Осы ілімнің даму тарихының ең жарқын кезеңдерінің тізімі мынадай:
1800-1940 ж.ж.-асептика және антисептика заңдылықтарын ашу және оны практикада қолданудағы Найтингейн, Земмельвейс, Листер, Пастер, Пирогов еңбектері.
1940-1960 ж.ж.- антибиотиктерді қолданудың басталуы; S.aureus қоздырған инфекция бұрқ ептелерінің өршуі, осыған байланысты инфекциялық бақылау ауруханада пациентті гигиеналық қорғау шараларына көңіл аударуға бағытталады.
1960-1970 ж.ж.-санитарлық қадағалауды ұйымдастыру.
1980 жылдан бастап науқастарды күту, интенсивті емдеу бөлімдерін ұйымдастыруға, микробтар арасында дәрілерге төзімділік пайда болуға, АІИ-мен АИВ-инфекциялармен күресу мәселелеріне көңіл бөліне бастады.
1990 жылдары- ауруханалық эпидемиологияны дамыту, емдеу сапасын және экономикалық көрсеткіштер жүйесін жетілдіру қолға алынды.
2000 жылдары – денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде эпидемиологиялық қадағалау енгізілді.
Қазіргі кезде инфекциялық бақылауды емдеу-профилактикалық мекемелердің өз күшімен жүргізу ұсынылады. Ол үшін аурухана штатына АІИ-ға бақылау жасайтын дәрігер-эпидемиолог, және де инфекциялық бақылау бойынша медбике лауазымы енгізіліп,бактериологиялық зертхана ашу немесе басқа медициналық мекемелердің зертханаларын пайдалану көзделіп отыр. СЭС зертханалары, өз кезегінде, тек қана іріктеп бақылау жүргізуді және ауруханаларға консультативтік көмек беруді (эпидемиологиялық қажеттілік жағдайда) атқарады.
Ірі стационарларда инфекциялық бақылау (ИБ) комитеті (комиссиясы) құрылады, олардың құрамына кіреді:
ауруханалық эпидемиолог;
инфекциялық бақылау бойынша маман;
әкімшілік өкілі;
бөлімше медбикесі, операциялық медбике;
стерилизациялық орталық қызметкері;
аурухана инженері;
микробиолог;
дәріханашы.
Тиісті жағдайда комиссия құрамында кейбір өзгерістер болуы мүмкін.
15.3.1. АІИ-ң негізгі қоздырғыштары.
Аурухана ішінде күл, жерше, іш сүзегі және басқа классикалық инфекциялардың қоздырғыштары да жұғуы мүмкін, бірақ АІИ туралы сөз болғанда әдетте ШПМ қоздыратын оппортунистік инфекциялар туралы ой туады.
АІИ қоздырғыштары микроорганизмдердің барлық топтарына жатады: бактерияларға, вирустарға, саңырауқұлақтарға, қарапайымдыларға, бірақ жақсы зерттелгендері бактериялар мен саңырауқұлақтарға (шартты-патогенді, оппортунистік инфекциялар қоздыратын) жатады: S.epidermidis, Streptococcus (А,В,Д тобындағы), Ps.aeruginosa, E.coli, Proteus, Enterobacter, Citrobacter, Klebsiella, Salmonella, Serratia, Bacteroides, Campylobacter, Bac.сereus, Legionella, Mycoplasma, саңырауқұлақтар - Candida, Penicillium, Aspergillus т.б., вирустар – қарапайым ұшық, РС-вирус, аденовирус т.б.
Аталған қоздырғыштар моноинфекция немесе ассоциацияланған (микст) инфекция туғызуы мүмкін. АІИ кесел барысында қоздырғыштардың ауысып отыруымен де сипатталады. Сондықтан АІИ-ң пайда болуын және дамуын тіркеу үшін 3 фактор есепке алынуы қажет: микробтардың сипаттамасы; иесінің (пациент, науқас, мед.қыметкер) сипаттамасы; ауруханалық орта факторлары.
Қоздырғыш микробтар құрамының түрі жоғарда келтірілді, дегенмен микробтардың санын (инфицирлейтін дозасын) анықтаудың маңызы зор. Қоздырғыш түріне, және де пациент жағдайына байланысты инфицирлейтін дозасы 103-107 КТБ/г, мл-ге тең келеді. «Межелік (критическое) сан» әдетте 105 КТБ/г, мл-ге теңеледі.
Айта кету керек, АІИ қоздырғыштарының биологиялық қасиеттері (морфологиясы, колониялары, қоректік орталарда өсуі, ферменттік белсенділігі, антигендері т.б.) бойынша АІИ қоздырғыштары емес басқа микробтардан айырмашылығы шамалы. Олар күшті экзотоксиндер шығармайды, жоғарғы инвазиялық қасиеті жоқ. Бірақ АІИ қоздырығыштарының адгезиялық, шырышты қабаттарды колонизациялау, адам организміне ену және сол жерде көбею қабілеттілігі болады. Олардың «агрессиялығы» эндотоксиндерінің, әртүрлі экзотоксиндерінің, патогенділік ферменттерінің т.б. көмегімен атқарылады. Мысалы, S.aureus – гемолизин, плазмокоагулаза, лецитиназа, фибринолизин, ДНК-аза, А токсин өндіре алады. Барлық осы заттар субстраттарға (тіндер, жасушалар) бейімделуіне және оларды зақымдауына әсер етеді. Е.coli-дің адгезиндері, цитолизиндері, колонизациялау белсенділігі болады. Бұл микроб ішектен тыс эшерихиоздар (циститтердің, холециститтердің, пиелонефриттердің, эндогенді сепсистердің ж.б. 80 %-н) қоздыруы мүмкін.
Ps. аeruginosa – протеиназалар (инвазиялануға, персистенциялануға, өлі еттену туғызуға әсер етеді), липазалар, А токсин, эндотоксин (улануға әсер етеді), пигменттер, кілегей (антибиотиктерге, антисептиктерге, озонға т.б. төзімділігін қамтамасыз етеді) өндіре алады. Бұл микробтар убиквитарлы, олар кез келген тіндерді зақымдайды.
Bacteroides – каталаза, супероксиддисмутаза (тіндердегі оттегіні бұзады), липаза, нейраминидаза, гепариназа (тромб түзілуіне, тіндердің бұзылуына әсер етеді) бөліп шығарады.
Сонымен қатар, соңғы кезде микробтардың перситенциялық факторлар (иесінің организмінде ұзақ уақыт тіршілігін сақтау қабылеттілігі) бөліп шығара алатындығы белгілі болды. ШПМ-де «шабуыл жасаушы» факторлардың жеткілікті екенін ескерсек, АІИ қоздырғыштарының патогенділік сипаттамасын анықтау өте жіті мәселе болып отыр. Зерттеушілердің біреулері «кәдімгі» микробтардың түріне қарағанда олардың патогенділігі төмен, басқалары-жоғары, үшіншілері-бірдей деп есептейді. Эпидемиялық бұрқетпелер қоздыра алатын госпиталды штамдар спорадикалық инфекциялардың қоздырғыштарына қарағанда әлдеқайда вирулентті деп есептейді. Эпидемиялық маңыздылығына қарай ауруханалық штамдарды 2 топқа бөлу қабылданған: 1. госпиталды (ауруханаішілік) бейімделген штамдар; 2. бейімделмеген штамдар (сол түрге жататын-мысалы: S. aureus-тің бейімделген және бейімделмеген штамдары және Ps. аeruginosa-ның да оыснадй штамдары т.б).
Адаптацияланған (бейімделген) штамдар-бұл нағыз АІИ қоздырғыштары, олардың ауруханада кездесуі өте қауіпті. Өйткені олар антисептиктерге, антибиотиктерге, дезинфектанттарға төзімді, организмі әлсіреген науқасқа жұққанда инфекция дамиды. Ондай микробтарды әр түрлі аппараттардан, жабдықтардан, қондырғылардан, аурухана объектілерінен кетіру өте күрделі.
Ауруханаға бейімделмеген (адаптацияланбаған) штамдар әдетте уақытша (транзитті) болады, дезинфектанттарға, антибиотиктерге т.б. сезімталдығы бар. Ауруханада жүргізілетін санитариялық-гигиеналық шаралардың әсірінен олар жойылады (элиминацияланады).
ШПМ-ң госпиталдық штамдарының биологиялық қасиеттерін қарағанда олардың полирезистенттілігіне ерекше көңіл аудару керек. Бейімделген штамдардың бейімделмегендерге қарағанда жоғары деңгейде төзімділігі бар:
антибиотиктерге
антисептиктерге
дезинфектанттарға
фагтарға
бактериоциндерге
Полирезистенттілік нағыз госпиталды штамдарға селектикалық артықшылық береді (соның ішінде күшті тіршілік сақтаушылық және бейімделушілік қасиетін).
15.3.2. АІИ-ң жұғу факторлары.
АІИ-ң дамуы, оның клиникалық көріністері қоздырғыш түрімен, оың дозасымен т.б. ғана емес, ауруханаға түскен пациенттің өз жағдайымен де байланысты. АІИ-мен науқастануға «қауіпті факторлар» әсер етеді деген түсінік бар.
Оларға жатады:
жасы (шала туылған балалар, қарттар);
қосалқы аурулар (әсіресе диабет, онкологиялық үрдістер, созылмалы нефрит, созылмалы лейкоз т.б.);
генетикалық және генетикалық емес негізде иммундық статустың төмендеуі;
ауыр операциялар жасалу;
ұзақ мерзімге созылған инструменталдық зерттеулер (әсіресе инвазиялық әдістер);
антибиотиктерді, гормондарды, иммундыдепресенттарды т.б. жүйесіз қолдану;
ауруға шалдығу нәтижесінде жүре пайда болған иммундық тапшылық болу;
психологиялық жағдайлар.
Науқастың иммунитетін әлсірететін жоғарыда аталған және көптеген басқа факторлар АІИ дамуын арандатады. Сонымен қатар ауруханаішілік инфицирленуге әртүрлі зақымдануы бар тіндер, органдар, жүйелер жиірек душар болады, мұның ерекше маңызы бар.