Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

Балаларда болатын дисбактериоздың клиникалық көріністері және дәрежелері

Дисбактериоз дәрежесі

Микрофлораның өзгеруі

Клиникасы

Компенсирленген

Лактобактериялар және/немесе бифидумбактериялар 1-2 қатарға кемиді. Ішек таяқшасы азаяды не көбейеді (өзгерген түрлерінің пайда болуы мүмкін).

Тәбеті төмендейді, салмағы тұрақты емес, іші желдейді (метеоризм), іш қату болады (запор), нәжісі түрлі түсті болады.

Субкомпенсирленген

ШПБ бір түрінің болуы (лактозанегативті, гемолитикалық ішек таяқшасы, протей, цитробактер, клебсиелла, көкірің таяқшасы, кандида,стафилакокк т.б), концентрациясы 103 КТБ/г-нан артық емес немесе шамалы мөлшерде ассоциация түрінде болады.

Гастрит, энтерит, энтероколит, колитке тән клиникалық белгілер (аллергиялық реакциялармен, анемия, гиповитаминоз, гипокальцемиямен сипатталады).

Декомпенсирленген

ШПБ-ң бір түрі немесе ассоциациясы жоғарғы мөлшерде табылады.

Транзиторлық бактеремия: қысқа мерзімді дене қызбасы, қалшылдау, бас ауыруы, әлсіздік, диспепсия, бактериурия, бактерихолия, эндогенді инфекция ошақтары.

Бактериологиялық зерттеулердің нәтижесі дисбактериоздарды бірнеше дәрежеге бөлуге мүмкіндік береді. А.Ф.Билибин (1970) ұсынған классификация бойынша дисбактериоздың мынадай дәрежесін анықтайды:

Дисбактериоз жоқ - тек қана облигатты микробтар бар, ШПМ жоқ (немесе олар өскен колониялардың 1/4 -нен аз болады)

1-дәрежелі дисбактериоз (айқын емес)- ШПМ жалпы микробтар санының 1/3-1/4 бөлігін құрайды.

2-дәрежелі дисбактериоз (айқын)- ШПМ жалпы колониялар санының жартысын (1/2) құрайды.

3-дәрежелі дисбактериоз (өте айқын)- ШПМ жалпы колониялар санының 3/4 және одан да көп бөлігін құрайды.

В.Г.Петровская, О.П.Марко ұсынған дисбактериоз фазаларының классификациясы (1976): бастапқы фаза - табиғи мекендеу орындарында қалыпты симбионттар санының көбеюі; микробтар санының өзара қатынасы өзгере бастайды, облигатты микробтар азаяды немесе көбейеді; ШПМ пайда бола бастайды; аутофлораның орналасу жерлері өзгереді (оларға тән емес жерлерде кездесе бастайды); микрофлораның патогенділігі өзгереді.

И.Н.Блохина (1981) дисбактериозды 3 дәрежеге бөледі:

Д1- анаэробты микрофлора басымырақ болады; Bifidumbacteria және Lactobacillus саны 107-108 КТБ/г (немесе оның бір түрінің саны 109-1010 КТБ/г дейін). 2 түрден артық емес ШПМ саны 102-104 КТБ/г.

Д2 - анаэробтар саны азайған (немесе аэробтармен тең); ШПМ ассоциация түрінде болады, саны- 106-107 КТБ. Қалыпты ішек таяқшасының орнына гемолитикалық және лактозанегативті варианттары болады.

Д3 - анаэробтарға қарағанда аэробтар басымырақ болады.Bifidumbacteria және Lactobacillus болмауы мүмкін. ШПМ саны күрт артады (әсіресе Staphylococcus, Proteus, Candida, Klebsiella, Ps. аeruginosa)

Емдеуші дәрігер микрофлора бұзылысының дәрежесіне және клиникалық көріністеріне қарай тиісті емдеу шараларын тағайындайды. Дисбактериозды емдеу үшін тірі оргакнизмдерден дайындалған препараттар пайдаланылаы Пробиотиктер – қалыпты микрофлораны қалпына келтіру үшін қолданылады: бифидумбактерин, бификол, ацилакт, аципол, бифацид, биобактон, спорабактерин, биоспорин. Пребиотиктер – қалыпты микрофлораның өсіп-өнуін күшейту үшін қолданылады (бифидогены): кальций пантотенаты, памба, хилак-форте, нормазе, лизоцим т.б

Селективті антибактериялық белсенділігі бар дәрмектер: стафилококтық фаг, клебсиеллездік фаг, пиобактериофаг, аралас (комбинированный) интестифаг (клебсиеллездік + көкіріңдік + ішектік + протейлік + стафилококтық + стрептококтық), коли-протейлік фаг, көкіріңдік фаг.

Энтеросорбенттер - иммунды-ынталандырушы қасиеттері бар препараттар, ас қорыту процесін жақсартатын және антибактериялық препараттар (хлорфилипт, фуразолидон, метронидазол, эрцефурил); антибиотиктер және антимикотикалық препараттар, витаминдер.