Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

15.1.3. Патологиялық материалдарды микробиологиялық зерттеу әдістері.

Адам ағзасындағы ІҚА ересектер арасында сондай – ақ балаларда да жиі кездесетін патология. ШПМ – аэробтар мен анаэробтар ІҚА-ң қоздырғыштары болып табылады. ІҚА полиэтиологиялы, сондықтан инфекция динамикасында қоздырғыштардың алмасып отыруы мүмкін, көбінесе микробтардың ассоциациясы қоздыратын микст-инфекциялар дамиды. Мұндай жағдайда диагноз қою үшін лабораториялық зерттеулер маңызды орын алады, зерттеулердің нәтижелі болуы көбінесе науқастан патологиялық материалдарды дұрыс және уақытылы алынуына байланысты болады.

Зерттеу үшін материал жинаудың негізгі принциптері:

1. Жарақаттан іріңді стерилді анжымен алады.

2. Қақырықты, бронхалар бөліндісін, плевралық сұйықтықты, өкпе тіндерін, әртүрлі патологиялық жағдайлардағы пунктаттарды бронха - өкпелік аппаратпен алады.Қақырықты (мүмкіндігінше таңертеңгі үлесін) тісті тазалап және ауыз қуысын қайнатылған сумен шайып тастағаннан кейін стерилді ыдысқа ( бір рет қолданылатын контейнерлерді қолданған жөн) жинайды. Ең информативті нәтиже қақырықты броноскоппен алып зерттегенде болады.

3. Сыртқы жыныс мүшелерін мұқият тазалағаннан кейін, несептің жаңа шығарылған ортаңғы порциясынан 2-5 мл алынады.. Көбінесе кіші дәретті центрифугалайды және тұнбасын зерттейді. Несеп алу үшін катетр өте сирек жағдайда қолданылады.

4. Қанды көктамырдан 10-15 мл көлемінде стерилді шприцпен алады (кішкентай балалардан – 2-3 мл) және науқас төсегінен кетпей тұрып бірден қоректік ортаға себеді немесе қан ұйып қалмауы үшін 0,3 % натрий цитраты бар стерилді ыдысқа құяды.

5. Жұлын сұйықтығын (ликвор) пункция кезінде өздігінше аққан бөліндіден стерилді пробиркаға алады (центрифугалайды , тұнбасын зерттейді).

6. Көз және құлақ бөлінділерін кішкентай стерилді анжылармен алады (көзден – стерилді ілмекпен де алуға болады).

7. Мануалді зерттеу жүргізгенге дейін қынаптан материалды оның артқы күмбезінен; мойын каналынан және жатырдан – арнайы зондпен (дәрігер - гинеколог) алады. Жатыр қосалқысының ІҚА кезінде материалды операция барысында немесе пункция жасағанда хирург – гинеколог алады.

8. Көмей және мұрыннан кілегейді стерилді мақта анжылармен жеке-жеке алады; мұрын – жұтқыншақтан – арнайы жұтықшақтық анжымен алады да оларды 1 мл физ.ертіндісі бар пробиркаларға салады. Микробтардың санын анықтау қажет болған жағдайда анжыларды стерилді физ.ертіндімен мұқият шайып, сұйылтулар жасап, әрқайсысынан (0,1 мл-ден) қоректік орталарға себеді.

9. Өтті дуоденалді зондпен алып, оның 3 порциясын (алдыңғы,ортаңғы,соңғы) себеді.

10. Операция кезінде алынған тіндердің бөлшектерін дәрігер – хирург алып, стерилді ыдысқа салады.

11. Секциялық материалдың бөлшектерін (өлікті – ашып-жарғанда) дәрігер- патологоанатом (сот-медициналық сарапшы) алып, стерилді ыдысқа салады.

12. Өздігінше дәретке отырған науқастың нәжісінен стерилді ағаш таяқшамен немесе бір рет қолданылатын пластмассалық қасықпен шамалы порциясын алады және бір рет пайдаланылатын контейнерге (немесе пенициллиндік флаконға) салады. Жоғарғы (соңғы) порциясын алады, іріңдік құрамды бөлшегін алған жөн, немесе тік ішектен тікелей стерилді темір ілмекпен алады.

Зерттеулер жүргізу және нәтижелерін бағалау.

Жарақат бөлінділері. Материалды тампонмен тікелей қанды агарға, анаэробтарға арналған агарға, қантты сорпаға себеді. Агарларда өскен жеке колонияларды идентификациялау үшін қиғаш агарға себеді, ал сұйық ортадан (сорпалардан) қанды агарға, Эндо ортасына, сарыуызды – тұзды агарға ілмекпен штрихтау әдісімен қайталап себеді.

Қоздырғыштың санын есептеу үшін жарақаттан алған 1г тін бөлшегін стерилді езгілейді де 1 мл сорпа қосады, жақсылап араластырады. Сонан кейін стерилді физ.ертіндімен 10-5 ге дейін сұйылтулар дайындайды. Сұйылтулардың әрқайсысынан 0,1 мл-ден қанды агарға себеді. Термостатта бір тәулік (37о ) инкубациялағаннан кейін өскен колониялар санын есептейді (КТБ/г).

Себінді нәтижелерін бағалау:

I – сұйық орталарда ғана өскен – микроб өсіндісі өте аз;

II – тығыз ортада 10 колонияға дейін өскен – микробтар саны шамалы;

III – тығыз ортада 10-100 колония өскен – микробтар саны орташа;

IV – тығыз ортада 100-ден астам колониялар өскен – микробтар саны көп;

КТБ/мл немесе г/105 және одан да көп өскен – жарақат іріңделген, процесс генерализацияланған деп бағаланады. Егер КТБ/г, мл/105 кем болса – жарақат іріңделмей жазылады.

Қан. Флакондарға 1:10 сұйылту дәрежесінде себеді (5 мл қанды 50 мл сорпаға), термостатта (37оС) инкубациялайды. Флакондардан күн сайын қанды агарға сеуіп отырады. Қанды ауру барысында күн сайын (барлығы 5-6 рет) алып, сеуіп отырған жөн.

Егер науқасты пенициллинмен емдей бастаса, пенициллинді бейтараптау үшін қоректік ортаға пенициллиназа қосқан дұрыс болады. Егер цефалоспориндермен емдесе, цефалоспориназа қосқан жөн ж.т.с.с. Мұндай тәсіл қоздырғыштардың өсуін жақсартады.

Себінді нәтижелерін бағалау:

1.Бірен-саран колониялар өскен – сынама ластанған.

2.Микробтың бір түріне жатпайтын көп колониялар өскен және осындай микробтар қайталап сепкенде де өскен – қоздырғыш бар.

3.Бір – біріне ұқсас микробтар қанда да және қабыну «ошағында» да өскен – қоздырғыш бар деп бағаланады.

Жұлын сұйықтығы (СМЖ). Алынған сынаманы зертханаға жылдам жеткізеді; центрифугалайды, тұнбасынан жағынды дайындайды және микроскопта қарағаннан кейін алғашқы болжамдау жауап беріледі. Сонан соң қанды агарға, сарысулы, шоколадты агарларға және анаэробтарға арналған қоректік орталарға себеді. Қалған тұнбаға 5 мл жартылай сұйық агар қосады. Күн сайын бақылап отырып 7 күн термостатта инкубациялайды.

Қалыпты жағдайда жұлын сұйықтығы стерилді болуы керек. Колониялар саны шамалы ғана болса – сұйықтықтың кездейсоқ ластанғанын дәлелдеу үшін зерттеуді қайталайды.

Несеп. Несепті зерттеу кезінде қоздырғышты бөліп алып қоймай, оның бактериуриялық дәрежесін анықтауға да болады.

39-суретте Петри табақшасындағы агарға несепті себу схемасы көрсетілген.

Тиісті қоректік орталар құйылған табақшалардың 4 (А,1,2,3) секторына диаметрі 2 мл бактериологиялық ілмектің көмегімен несептен секторлық себу жасайды, әр секторға сепкен сайын ілмекті от жалынында өңдеп алады.

39-сурет. Петри табақшасындағы агарға несепті себу схемасы

А

1

2

3

Кесте 15.4.