Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

15.1.2. Іріңді - қабыну ауруларына микробиологиылық диагноз қою.

15.1.2.1.Микробиологиылық диагноз қоюдын маңызы және жалпы принциптері.

Шартты – патогенді инфекциялардың этиологиясын зертханалық әдіспен дәлелдеу ІҚА – на диагноз қоюдың негізгі кезеңі болып табылады. Бұл кезде клиникалық микробиология әдістері қоздырғышты бөліп алуға ғана емес, науқастарды емдеу үшін антибиотиктерді дұрыс таңдап алуға да бағытталған.

Науқастан алынған патологиялық материалды себу микроорганизмдердің таза дақылын бөліп алып, әрі қарай қандай инфекция қоздырғышы екенін анықтап ажырату мақсатында жүргізіледі.

Бактериологиялық зерттеудің негізгі кезеңі – себу. Себудің әртүрлі әдістері қолданылады, бірақ олардың барлығы стерильдік ережені мұқият сақтап ( боксте атқарған тиімді ) жүргізілуі қажет.

Себу әдістерінің негізгілері төмендегідей:

пробиркадан пробиркаға;

Петри табақшасындағы агарға;

ілмекпен, анжымен ( тампонмен ), газондық әдіспен;

бағаналы агарға тереңдетіп себу;

флакондарға, арнайы шөлмекке, матрацтарға және т.б.

Науқастан алынған материалдар себілген қоректік орталарды термостатқа (аэробтар мен факультативті анаэробтарды дақылдандыру үшін ) немесе анаэростатқа (анаэробтарды дақылдандыру үшін ) қояды.

Патогенді және ШПМ әдетте +35-37оС температура жағдайында 24 сағат бойы жақсы өседі.

Қоздырғыштардың таза дақылын бөліп алу келесі кезеңдерден (күндер) тұрады:

Арнайы таңдап алынған қоректік орталарға патологиялық материалдарды себу (анжымен, Голд әдісі бойынша қыздырылған ілмекпен штрихтап себу, материалды физ. ертіндімен сұйылтып агар бетіне Дригальский әдісімен шпательмен себу т.б.)

Екінші күні оқшауланған колониялар бөлініп алынады (микробтардың бәрі бірге жайылып өсуі де мүмкін). Колониялардың пішіні, мөлшері, тығыздығы, түсі, беткейі, иісі, айнала шеті мұқият зертелінеді. Жағынды жасап, Грам әдісімен бояйды. Қажет болса басқа да бояу әдістері қолданылады (капсула, спора, талшықтарды т.б. анықтау үшін), колония айналасындағы қоректік ортаның өзгеруін зерттейді. Керекті ортадағы колониядан қиғаш агарға, сорпаға себеді, 24 сағат 37оС-та инкубациялайды.

Үшінші күні микробтардың қиғаш агарда, сорпада өсу сипатын зерттейді. Өсінділерден жағынды дайындап, Грам әдісімен бояйды – дақыл тазалығын тексереді. Егер дақыл таза болса, оның ферменттік белсенділігін зерттейді, қажет болса басқа да қасиеттерін тексереді.Ол үшін дақылды арнайы таңдап алынған құрамында көмірсулар, ақуыздар, аминқышқылдары және т.б. бар қоректік орталарға («шұбар» қатарда; немесе керекті ингредиенттер сіңірілген дискалар, қағаз тілімдерін пайдаланады; немесе микробтарды идентификациялау үшін жасаған арнайы тест жиынтықтарын қолданады) себеді. Себіндіні 24 сағат 37оС-та инкубациялайды.

Төртінші күні «шұбар қатардағы» өзгерістерді тіркейді және арнайы дифференциялық кесте көмегімен микробтардың түрлерін (кейде туыстастығына дейін ғана) анықтайды. Бөлініп алынған таза дақылмен диагностикалық сарысумен әйнекше бетінде агглютинациялық реакция қойып, антигендік қасиетін анықтайды (серодиагностика). Бөлініп алынып идентификацияланған микробтың таза дақылының антимикробтық препараттарға сезімталдығын анықтайды.

ІҚА–ң 100 - ден астам нозологиялық түрлері анықталған, олардың негізгілері 15.1.- кестеде берілген.

ІҚА-ның жиі кездесетін нозологиялық түрлері. Кесте 15.1.

Менингиттер

Отиттер

Пиодермиялар

Конъюктивиттер

Септикопиемиялар

Лимфадениттер

Маститтер

Пневмониялар

Остеомиелиттер

Гониттер

Холециститтер

Уретриттер

Стоматиттер

Абцессалар

Флегмоналар

Сепсистер

Циститтер

Пиелиттер

Нефриттер

Перитониттер

Эндометриттер

Инфекциядан кейінгі абцессалар

Күйіктен кейінгі инфекциялар

Жарақаттар ж. т.б инфекциялар

Микробтың бір түрімен қоздырылған моноинфекциялардан басқа микроб ассоциацияларынан туындайтын микст – инфекциялар дамуы мүмкін ( мұндай кезде микробтардың біреуі басымырақ әсер етуі ықтимал).

Қазіргі кезде ШПМ – ң кез келген әртүрлі тіндерді зақымдай алатыны анықталған. Дегенмен, тиісті ағзалар мен тіндерде жиі кездесетін микробтардың түрлері белгілі болды ( 15.2-15.3 - кесте ).

Кесте 15.2.