Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

14.10. Микоплазмалар. Микоплазмоздар.

Микоплазмоз тобы адамдарда микоплазмалармен тудыратын ауру. Олар антропонозды бактериялық инфекция. Алғашқы рет 1898ж. микоплазмаларды Э.Нокар, Э.Ру, А.Боррель байқаған. 1910ж. Ж.Борде мен А.Боррель қоздырғыштың толық морфологиялық сипаттамасын берген. 1929ж. К.Новак «микоплаз­малар» деген атауды ұсынған. 1931ж. бактериялық сүзгіштердің көмегімен Эльфорд микоплазманың көлемін анықтаған. 1937ж. алғашқы рет Дианес пен Эдзалл бартолин бездерінің абцесінен бөлінген іріңнен адамдарға патогенді микоплазмаларды бөліп алған. 1944ж. М.Итон атипті пневмониямен ауырған науқастан микоплазмаларды бөліп алған. 1954ж. уретритпен ауырған науқастан Шепард патогенді Ureaplazma urealyticum бөліп алған. 1962ж. В.Д.Тимаков пен А.С.Про­зоровский респираторлы микоплазмоздың қоздырғышы Mycoplasma pneumoniae екндігін дәлелдеген.

Қоздырғыштың түріне байланысты олар тыныс ағзаларын немесе несеп-жыныс жолдарын, өте сирек жағдайда басқа ағзаларды да зақымдайды (14.24- кесте).

Кесте 14.24.

Медициналық маңызы бар Mycoplasma және Ureaplasma туыстастықтарының түрлері.

Түрлері

Орналасуы

Тудыратын аурулары

1

M.pneumoniae

Тыныс жолдары

Жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынулары, трахеобронхит, атипті пневмония, респираторлы емес көріністер

2

M.hominis

Несеп-жыныс және тыныс алу жолдары

Пиелонефрит, жанбас ағзаларының қабыну аурулары, туғаннан кейінгі қызба, даму ақаулары

3

M.genitalium

Несеп-жыныс және тыныс алу жолдары

Гонококты емес уретрит (урогениталды микоплазмоз)

4

M.orale

Тыныс алу жолдары

Белгісіз

5

M.salivarium

Ауыз қуысы

Гингивит, периодонтит

6

M.primatum

Тыныс жолдары, маймылдардың несеп-жыныс жолдары (адамда сирек)

Маймылдарда – уретрит

7

M.fermentans

Несеп-жыныс және тыныс алу жолдары

Тыныс алу жолдарының қабыну аурулары, ревматоидты артрит

8

Ureaplasma urealyticum

Несеп-жыныс жолдары

Гонококты емес уретрит, нәрестелердің салмағы жетіспей туу, өкпенің созылмалы аурулары, туа пайда болған пневмония, бедеулік

Таксономиясы.

Класы: Mollicutes. (жұмсақ терілік деген мағына береді).

Тұқымдастығы: Mycoplasmataceae.

Туыстастығы: 1.Mycoplasma. 2.Ureaplasma

Түрі: M.pneymoniae, M.hominis, M.genitalium,.

Түрі: Ureaplasma urealyticum.

«Микоплазма» термині Mycoplasmataceae және Acholeplasmataceae тұқымдастықтарына жататын барлық микробтар үшін қолданылады. Микоплазмалардың негізгі таксономиялық белгісі мочевинаны гидролиздеу қабілеті болып табылады.

Соңғы жылдардағы зерттеулер барысында M. fermentans және M.penetrans ЖИТС дамуына белсенді түрде қатысатындықтары анықталған. M.pneumoniae –респираторлық инфекциялар қоздырғышы, M.hominis, M.genitalium, U.urealyticum – урогениталдық инфекциялар қоздырғыштары болып табылады.

Морфологиясы. Микоплазмалар өте ұсақ, бос күйінде тіршілік ететін бактериялар. Олар екі ерекшелікке ие: 1) микоплазмаларға ғана тән құрылымы бар, 2) өте жиі жасуша дақылдарын контаминациялайды, өсімдіктер, жануарлар және адамдарда ауру тудырады. Бірқатар вирустардың (соның ішінде онкогенді, АИВ), көбеюіне әсер етеді, және де өздері де иммунды тапшылық тудыруға қабілетті.

Микоплазма – ұсақ сфера пішінді және жіпше тәрізді жасушалар. Спора түзбейді. Оларда жасушалық қабырғасы жоқ, сондықтан үш қабатты жұқа липопротеинді мембранамен қоршалған. Осының арқасында микоплазма пішіндері тұрақты емес, бактериалық сүзгіштерден өтіп кетеді, Грамша боялмайды, ал Романовский-Гимзе әдісімен жақсы боялады. Жасуша құрылымы өте қарапайым, үш қабатты цитоплазматикалық мемранамен қатар құрылымы прокариоттық нуклеоидтан және рибосомалардан тұрады. Микоплазмалар мембраналық паразиттер. Олар эукариоттардың жасушаларында жақсы паразиттік тіршілік ете алады, осы қасиеті оларды хламидиялардан ерекшелендіреді және қоздыратын патологиялық үрдістерінің патогенезіне тікелей әсер етеді. Қозғалатын және қозғалмайтын түрлері кездеседі. Минималды репродукцияланатын бірлігі – элементарлық денешіктері. Сонымен қатар микоплазмалар бүршіктену, бұтақталған және тізбектелген түрлерінің сегментациялануы арқылы, бинарлық бөліну жолымен, жіпшелерінің кокк тәріздес ыдырап кетуі арқылы да репродукцияланады. Олар сопақша немесе шар пішінді болады. Біртіндеп ұзарып жіпшелер құрастыруы мүмкін. Прокариоттар ішінде геномының көлемі бойынша ең кішісі – микоплазмалар (риккетсия геномының 1/16 бөлігіндей). Микоплазма пенициллинге тұрақты. Дегенмен, тетрациклин мен эритромицин олардың өсуін тежейді.

Дақылдандыру. Бірқатар ферменттік жүйелерінің болмауына байланысты микоплазмаларды дақылдандыратын қоректік орталар міндетті түрде күрделі болуы керек. Олардың құрамына аминқышқылдары, нуклеин қышқылдарының алғашқы құраушы заттары, холестерин және т.б. заттар кіреді. 1,3% агары бар табақшаларда микоплазмалар тек қана микроскоппен өтпелі жарық арқылы қараған кезде көрінетін колониялар түзеді. Колониялардың түрі «қуырылған жұмыртқаға» ұқсас болады. Уреаплазмалардың колониялары одан да ұсақ, түйреуіш ұшы сияқты болады. Мимкоплазмаларды сорпада өсіргенде орта сәл лайланады, уреаплазманы өсіргенде орта өзгермейді. Жартылай сұйық агарда (0,3%) түтікше ұшы енген жолында ғана сәл «шаңдану» байқалады. Глюкозаны ферменттейтін микоплазмаларға (M.genitalium, M.fermentans) өсіру үшін қоректік ортаға глюкоза қосады, аргининді қорытатындарға (M.hominis) – аргинин, уреаплазмаларға – мочевина қосады. Микоплазма немесе уреаплазманың өскендігін бақылау үшін қоректік ортаға индикатор қосады. Глюкозаны ферментациялаған жағдайда қышқыл бөлініп ортаның рН қышқыл жағына қарай өзгереді, L-аргинин мен мочевинаны ферменттеген жағдайда аммиак бөлініп ортаның рН-шы сілтіліге өзгереді.

Микоплазмалардың таза дақылын бөліп алу үшін Хайфликтің модификацияланған ортасын, SP-4 ортасын, β-глобулинді фракциясының гидролизатының негізінде жасалған қоректік орталарға себеді.

Уреаплазмалардың таза дақылын бөліп алу үшін құрамында мочевина мен индикаторы бар сорпа, стандартты агарландырылған А5К орта т.б. қолданылады. Ферменттік белсенділігі төмен. Негізгі қасиеттері 14.25.- кестеде қарастырылған.

Кесте 14.25.