Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

Хламидиялық инфекцияларға зертханалық диагноз қою.

Әдістері

Мақсаты

Тесттер

Микроскопиялық

Қоздырғыштың морфологиялық құрылымдарын анықтау

Жағындыларды Романовкий-Гимзе және т.б. әдістермен бояу

Дақылдық

Қоздырғышты табу

Жасушалық дақылдар, тауық эмбриондары, зертханалық жануарлар

Иммунологиялық

Қоздырғыштың АГ, АД анықтау

ИФР, ЖИФР, ИФТ, КБР және т.б.

Молекулалық-биологиялық

ДНҚ-ын анықтау.

Гибридизациялау, амплификациялық тест- жүйелер

Қазіргі кезге дейін микроскопиялық әдіс ең кеңінен таралған әдіс болып келді, хламидиялар түзетін цитоплазматикалық қосындыларды анықтауға негізделген. Қырынды препараттарды Романовский-Гимзе әдісімен бояп, хламидиялар түзетін цитоплазматикалық қосындыларды табу, хламидиоз диагнозын қоюдың классикалық әдісі болып табылады. Цитоплазматикалық қосындылар ядроның қасында жиі орналасып, көбінесе оны жасушаның шетіне қарай ығыстырады, пішіні әр түрлі болып келеді – кейде дөңгелек, ал кей жағдайда сопақшалау болады. ЭД қызғылт-күлгін түске, РД көгілдір-күлгін түске боялады. Әдісті орындау қиын емес, бірақ та псевдоқосындыларды (жасуша құрылымдары мен бактериялар) нағыз қосындылармен шатастырып алуға болатындығын ұмытпау қажет. Әдіс сезімталдылығы конъюктивит кезінде 30-60%; урогенитальдық хламидиоздар кезінде 20-30% болады. Препаратты қарап шығуға 30-40 минут қажет.

Люголь ерітіндісімен бояу әдісі ең қарапайым болып келеді. Бұл әдіспен бояғанда жасуша сары түске боялып, қосындылар қызғыш-қоңыр түске боялады. Әдіс сезімталдығы өте төмен, тек қана C. traсhomatis қосындыларын анықтауда қолданылады.

Иммунологиялық әдіс клиникалық зерттеу заттарында хламидияларды анықтау үшін кеңінен қолданылады. Құрамына флюоросценттік заттар қосылған, иммунды реагенттер қолданатын иммунохимиялық әдістер жиынтығы – ИФР болып табылады. Әдістің тиімді жақтары: жоғары дәлділігі мен жылдам орындалуы, қоздырғышты бірден зерттеу затынан табу, спецификалық емес жарық бөлуін бағалау мүмкіндігі.ИФР кемшіліктері: міндетті түрде флюоросценттік микроскоптың болуы, нәтижелерді субективті интерпретациялауы, көп мөлшердегі сынамаларды өңдеудің қиындығы.

Хламидияларға қарсы антиденелерді табуға негізделген әдістерді урогенитальдық жолдардың, жаңа туылған нәрестелердің ауыр қабыну үрдістері болған жағдайда немесе аралас инфекциялар кезінде арасында хламидиялар бар екекндігін дәлелдеу керек болған жағдайларда қолданады.

Экспресс әдіс. Иммунохромотографиялық әдістер қолданылады. Талдау 10-30 минут ішінде нәтиже береді. Бірақ күнделікті қолданылып жүрген тест-жүйелеріне қарағанда экспресс әдістің сезімталдылығы мен спецификалылығы төмен.

Молекулалық-биологиялық әдістер. Соңғы кедері хламидиялардың ДНҚ-ын анықтауға бағытталған спот-гибридизация, сэндвич-гибридизация, in situ гибридизациялау әдістері қолданылып жүр. Әдіс сезімталдылығы мен спецификалылығы 80-100%. Бұл әдіс басқа әдістермен анықталмайтын хламидияларды табуда өте тиімді. Бұл әдістердің кемшілігі тек қана арнайы құрал-жабдықпен жүргізу қажет және қажетті заттарының қымбаттылығы болып табылады.

Емдеуі. Хламидиялқ инфекцияларды оптимальды және түбегейлі емдеу әдістері соңына дейін зерттеліп жасалынбаған. Брақ ауруды созылмалы және ауыр түріне өткізіп алмай, ғылыми негізделген емдеу шараларын дер кезінде бастау, оң нәтиже беретіндігі дәлелденген. Ал созылмалы және ауыр күйіне өтіп кеткен түрлерін емдеп, жазу өте қиын мәселе.

Урогенитальды хламидиозды емдеудің бірден-бір есебі – ол науқаспен қатар оның жыныстық қарым қатынастағы серігін де емдеу қажеттілігі.

Жеке емдеу бағдарламасын жасаған кезде науқасты кешенді түрде емдеумен бірге зақымдалған, яғни қоздырғыш локализацияланған ағзаларды да емдеп отыруды ұмытпаған жөн. Сонымен қатар емдеуді жүргізу барысында хламидиялардың даму айналымында екі кезең болатындығын да ескерген дұрыс: ол- инфекциондық кезең (ЭД), бұл кезде хламидиялар антибиотиктерге резистентті болып келеді; инфекциондық емес, вегетативтік кезең (РД), бұл кезде хламидиялар антибиотиктерге сезімтал болады. Антибиотиктерді дұрыс қолданбаған немесе пенициллин қатарына жататын антибиотиктерді қолданған кезде L-тәрізді хламидиялар пайда болуы мүмкін.

Антибиотиктердің ішінде хламидиялар тетрациклин қатарына және макролидтерге жататын антибиотиктерге сезімталдылығы анықталған.

Алдын алуы. Арнайы алдын алуы жоқ. Бейспецификалық алдын алу шаралары тұрғындар арасында санитарлық-гигиеналық мәдениетін жоғарылатуға, қауіпсіз жыныстық қарым-қатынастарды насихаттауға бағытталған.