Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

14.1.2 Аэробты грам теріс коктар

14.1.2.1 Нейссериялар

Нейссериялар – грам теріс аэробты коктар - Neisseriaceae тұқымдастығына, Niesseria туыстастығына жатады, бірнеше түрлі бар: Neisseria meningitides, N.gonorrhoeae, N.flava, N.subflava, N.perflava, N.sicca, N.mucosa, N.flavescens. (25- сурет) Олардың 5 түрі адамның жоғары тыныс алу жолдарындағы қалыпты микрофлора құрамына кіреді (N.lactamica, N.perflava, N.sicca, N.mucosa, N.flavescens.) Адамға аса патогенді нейссериялар - N.gonorrhoeae және N.meningitidis. Neisseria туыстастығының негізгі белгілері 14.4.-кестеде берілген.

Кесте 14.4.

Нейссериялардың негізгі дифференциалды-диагностикалық қасиеттері

Түрі

Сарысуы жоқ агарда өсуі

СО2 –на өсу тәуелдігі

Сары пигмент түзуі

Биохимиялық белсенділігі

5% сахарозасы бар ортада

полисахарид-тің түзілуі

Редукциялайды

нитраттарды

нитриттарды

глюкозаны

мальтозаны

сахарозаны

фруктозаны

лактозаны

N.meningitidіs

-

+

-

Қ

-

-

-

-

-

-

-

N.gonorrhoeae

-

+

-

Қ

Қ

-

-

-

-

-

-

N.subflava

+/

-

+

Қ

Қ

қ/-

қ/-

-

-/+

-

+

N.flava

+/-

-

+

-

-

-

-

-

+

-

+

N.mucosa

+

-

+/-

Қ

Қ

Қ

Қ

-

+

+

+

N.sicca

+/-

-

+/-

Қ

Қ

Қ

Қ

-

+

-

+

N.lactamica

+

-

+

қ

қ

-

-

Қ

-

-

+

14.1.2.1.1. Менингококтар

Менингококты инфекция – Neisseria meningitidis тудыратын жұқпалы ауру, олардың көрінісі белгісіз тасымалдаушыдан ауыр түрдегі менингиалды формаға дейін болуы мүмкін. Қоздырғышты алғаш ашып және зерттеген А.Вексельбаум (1887 ж). Морфологиялық құрлысының сипаттамасын 1907 жылы Флекснер берді, ал Ослер деген ғалым 1899 жылы науқастың қанынан менингококты бөліп алды.

Таксономиясы.

Тұқымдастығы:Neisseriaceae.

Туыстастығы: Neisseria.

Түрі: Neisseria meningitidis.

Морфологиялық және тинкториалды қасиеттері. Менингоктар – ұсақ диплококтар. Бір-біріне ойыс беткейлермен қарап, кофе дәні тәрізді жұптасып орналасқан. Менингококтар грам теріс боялады, қозғалмайды, спорасы жоқ, пилиі бар, жасанды қоректік ортада тұрақсыз микрокапсула түзеді.

Дақылдандыру. Нағыз аэроб. Қоректік ортаға және өсіру температурасына өте талғамды. Қарапайым қоректік орталарда өспейді, сондықтан құрамында қой немесе жылқының дефибринделген (фибринсіз) қалыпты сарысуы бар ортасында, сонымен қатар ристомицин қосылған селективті ортада өсіреді. СО2 концентрациясының жоғарылығы менингококтың өсуіне ықпал етеді. Ең қолайлы сарысуы жоқ қоректік орта – Мюллер, Хинтон ортасы (өсу факторы ретінде құрамында толық аминқышқылдар жиынтығы және ет экстракттары болады). Сарысулы агарда нейссериялардың колониялары домалақ, түссіз, нәзік, консистенциясы майлы, диаметрі 0,5-1,5мм. Шартты-патогенді нейссериялардан айырмашылығы–пигмент түзбейді. Гемофилдер мен грам оң коктардан айырмашылығы–қанды агарда гемолиз бермейді. Шартты-патогенді нейссериялардан менингококтардың айырмашылығы: 37 0С температурада сарысуы жоқ ортада, 20 0С температурада сарысулы агарда және 5% өт қосылған ортада өспейді.

Ферменттік белсенділігі төмен. Глюкоза мен мальтозаны ыдырату дифференциалды-диагностикалық белгісі болып табылады, желатинді сұйылтпайды, индол мен күкіртті сутек түзбейді, нитраттарды қалпына келтірмейді. Барлық аэробтар тәрізді менингококтар каталаза мен цитохромоксидаза ферменттерін түзеді, сонысымен олар пневмококтар мен гемофилдерден ажыратылады.

Антигендік қаситеі. Капсулалық антигендері бойынша менингококтарды А, В, С, Д негізгі және қосымша Х, Y, Z, W-1356 29E серологиялық топтарға бөледі. Жасуша қабырғасының антигені бойынша менингококтарды серологиялық варианттарға бөлуге болады (1, 2, 3 т.б.). Эпидемиялық менингиттің бұрқ етуі кезінде көбінесе менингококтардың А және С топтары айналымда болады, себебі олар неғұрлым патогенді.

Патогенділік факторлары. Негізгі патогенділік факторлары: капсуласы (ол фагоцитоздан қорғайды), менингококтың эндотоксині, жасуша қабырғасының липополисахариды. Олардың мөлшері ауру ағымының ауырлығына әсер етеді (14.5-кесте).

Кесте 14.5.