
- •Іі бөлім. Жалпы микробиология
- •14.1 Коктар
- •14.1.1. Аэробты грам оң коктар
- •14.1.1.1. Мicrococcacеae тұқымдастығы
- •14.1.1.1.1Стафилококтар (Staphylocоccus туыстастығы)
- •Стафилококтардың медициналық маңызы бар негізгі дифференциациялық белгілері
- •Staphylocоccus aureus-тің вируленттік факторлары
- •14.1.1.2. Streptococcaceae тұқымдастығы
- •14.1.1.2.1. Стрептококтар
- •14.1.1.2.2. Энтерококтар (туыстастығы Enterococcus)
- •Энтерококтардың негізгі медициналық маңызы бар түрлерінің дифференциациялық белгілері
- •14.1.2 Аэробты грам теріс коктар
- •14.1.2.1 Нейссериялар
- •Нейссериялардың негізгі дифференциалды-диагностикалық қасиеттері
- •14.1.2.1.1. Менингококтар
- •Neisseria meningitidis-тің вируленттік факторлары
- •14.1.2.1.2. Гонококтар
- •Гонококтық инфекциялардың орналасуы және түрлері
- •14.1.3. Анаэробты коктар
- •14.1.3.1. Анаэробты грам оң коктар
- •14.1.3.2. Анаэробты грам теріс кокктар
- •14.1.3.2.1. Вейлонеллалар (Veillonella туыстастығы)
- •14.2. Грам теріс факультативті-анаэробты таяқшалар
- •14.2.1. Энтеробактериялар (Enterobacteriaceae тұқымдастығы)
- •14.2.1.1. Эшерихиоздардың қоздырғыштары
- •Enterobacteriaceae тұқымдастығының Escherichia, Shigella, Salmonella туыстастықтарының биохимиялық қасиеттері
- •14.2.1.2 Клебсиеллалар (Klebsіella туыстастығы)
- •Клебсиелла туыстығына жататын бактериялардың биохимиялық қасиеттері
- •14.2.1.3. Шигеллалар
- •14.2.1.4. Салмонеллалар (Salmonella туыстастығы)
- •14.2.1.4.1. Салмонеллез (астан улану) қоздырғыштары
- •14.2.1.4.2. Ауруханаішілік салмонеллез
- •14.2.1.4.3. Протей (Proteus туыстастығы)
- •Proteus туыстастығының биохимиялық белсенділігі.
- •14.2.1.4.Оба қоздырғышы
- •14.2.1.5. Энтеропатогенді иерсиниялар
- •14.2.1.6. Псевдотуберкулез қоздырғышы
- •14.2.1.7. Ішек иерсиниозының қоздырғышы
- •14.2.2. Вибриондар (Vibrionaceae тұқымдастығы)
- •14.2.2.1.Тырысқақ қоздырғышы
- •14.2.2.2. Парагемолитикалық вибриондар (Vibrio туыстастығы)
- •14.2.2.3. Кампилобактериялар (Сampylobacter туыстастығы)
- •14.2.2.4. Хеликобактериялар (Helicobacter туыстастығы)
- •Helicobacter pylori-дің вирулентті факторлары
- •14.2.3. Pasteurellaceae тұқымдастығы
- •14.2.3.1. Гемофилді бактериялар
- •14.2.3.1.1. Haemophilus influenzae (Афанасьев-Пфайффер таяқшасы)
- •Haemophilus туыстастығына жататын бактериялардың өсу факторларына қажеттілігі бойынша сипаттамасы
- •14.2.3.2. Пастереллалар
- •14.3.Бордетеллалар
- •14.3.1.Көкжөтел және паракөкжөтел қоздырғыштары.
- •Бордетелла түрлерінің дифференциациясы
- •14.3.2. Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары
- •Райт реакциясы үшін бруцеллездік антигенді сұйылту
- •14.3.3.Туляремия қоздырғышы
- •14.3.4. Легионеллез қоздырғышы
- •14.3.5. Псевдомонадалар (Pseudomonas туыстастығы)
- •14.3.6. Буркхольдериялар (Burkholderia туыстастығы)
- •14.4. Анаэробты бактериялар
- •14.4.1.Спора түзбейтін анаэробтар (клостридиялар емес)
- •Бактериоидтардың негізгі айырмашылық белгілері
- •14.4.2.Күйдіргі бациллалары (Bacillus туыстастығы)
- •14.4.3. Спора түзетін Clostridium туыстастығына жататын бактериялар
- •14.4.3.1. Анаэробты инфекция қоздырғыштары
- •14.4.3.1.1. Жарақаттық анаэробты инфекция қоздырғыштары. Газды гангрена.
- •Адамға патогенді клостридиялардың негізгі дифференциалдық белгілері
- •C.Perfringens тудыратын аурулар
- •14.4.3.1.2.Сіреспе клостридиясы (Clostridium tetani)
- •14.4.3.1.3. Ботулизм клостридиясы (Clostridium botulinum)
- •14.4.3.2 Лактобациллалар (Lactobacillus туыстастығы)
- •14.5.Листериялар (Listeria туыстастығы)
- •Listeria monocytogenes-тің вируленттік факторлары
- •14.6. Коринебактериялар (Corynebacterium)
- •14.6.1.Дифтерия қоздырғышы (Corynebacterium diphtheriae)
- •Адам патологиясында клиникалық маңызы бар коринебактериялар
- •C. Diphtheriae-ның биологиялық варианттарының дифференциалдық белгілері
- •14.6.2. Микобактериялар (Mycobacteriaceae тұқымдастығы)
- •14.6.2.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •14.6.2.2. Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •14.6.3.Актиномицеттер (Actynomyces туыстастығы)
- •Актиномицеттердің негізгі дифференциациялық белгілері
- •14.6.3.1. Нокардиялар (Nocardia туыстастығы)
- •Нокардиялардың негізгі дифференциалдық айырмашылықтары
- •14.6.3.1. Бифидобактериялар (Bifidobacterium туыстастығы).
- •Бифидиобактериялардың негізгі айырмашылық белгілері
- •14.6.3.2. Гарднереллалар (Gardnerella туыстастығы)
- •14.7. Риккетсиялар
- •14.7.1. Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •14.7.1.1. Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы
- •14.7.1.2. Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •14.7.1.3. Марселдік қызбаның қоздырғышы
- •14.7.1.4. Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •14.7.2. Ориенциялар (Цуцугамуши қоздырғышы)
- •14.7.3. Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •14.8. Спирохеталар және басқа ирекше, иілген бактериялар
- •14.8.1. Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •14.8.1.1. Мерез. Бозғылт трепонема (Treponema pallidum).
- •14.8.2. Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •14.8.2.1. Эпидемиялық қайталама сүзек
- •14.8.2.2. Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •14.8.2.3. Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •14.8.3. Лептоспиралар. Лептоспироз
- •14.9 Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •Хламидиялық инфекцияларға зертханалық диагноз қою.
- •14.10. Микоплазмалар. Микоплазмоздар.
- •Медициналық маңызы бар Mycoplasma және Ureaplasma туыстастықтарының түрлері.
- •Адамға патогенді микоплазмалардың негізгі биохимиялық қасиеттері
- •Микоплазмалық инфекциялардың зертханалық диагностикасы
- •15 Тарау. Клиникалық микробиология
- •15.1. Клиникалық микробиология және оның медицина үшін маңызы.
- •15.1.1. Клиникалық микробиологияның аңықтамасы, мақсаты және іріңді қабыну аурулары қоздырғыштарының сипаттамасы.
- •15.1.2. Іріңді - қабыну ауруларына микробиологиылық диагноз қою.
- •15.1.2.1.Микробиологиылық диагноз қоюдын маңызы және жалпы принциптері.
- •Көрсетілген аурулардың қоздырғыштары.
- •Әртүрлі патологиялық материалдардан бөліп алатын микрофлора.
- •15.1.3. Патологиялық материалдарды микробиологиялық зерттеу әдістері.
- •Бактериурия дәрежесі
- •15.2 Дисбактериоз
- •Қалыпты микрофлораның пайдалы функциясы
- •15.2.1 Адам организмінің қалыпты микрофлорасы
- •Жуан ішек микрофлорасы.(жалпы микробтар саны 1011-1012)
- •Балалар аіж микрофлорасының ерекшеліктері
- •Кесте 15.9. Дені сау балалар нәжісінің микрофлорасы.
- •Тері микрофлорасы
- •Тыныс алу жолдары шырышты қабатының микрофлорасы
- •Әр түрлі авторлардың мәліметтері бойынша дені сау ересектер мен балалар ішегіндегі микробиоценоз өкілдерінің саны
- •15.2.2. Адам организмінің дисбактериоздары, жэне оның даму дәрежелері.
- •Дисбиоздық микрофлораның зиянды жақтары
- •Кесте 15.14. Candida cаңырауқұлақтары - иммунды депрессия маркері
- •Балаларда болатын дисбактериоздың клиникалық көріністері және дәрежелері
- •15.3. Ауруханаішілік инфекциялардың манызы жэне анықтамасы
- •15.3.3.Ауруханалық ортаның сипаттамасы.
- •15.3.5. Инфекциялық бақылау бағдарламасының міндеттері.
- •16.1.Эволюциялық дамудағы рөлі, жіктелуі (класификациясы)
- •16.1.1. Вирустардың ашылуы
- •16.1.2. Вирусологияның даму кезеңдері
- •16.1.3. Вирустардың табиғаты
- •16.2. Вирусты инфекциялардың патогенезі
- •16.2.1. Вирустың таралу жолдары
- •16.2.2. Вирустық инфекциялардың түрлері
- •16.2.3. Жасушаларда трансформациялық процестер дамуындағы вирустардың рөлі
- •16.2.4. Вирустық инфекциялар патогенезінің ерекшеліктері
- •17 Тарау. Жеке вирусология
- •17.1.1. Пикорнавирустар
- •17.1.1.1. Сал (полиомиелит) вирусы
- •Полиомиелит вирусының типтері
- •17.1.1.2. Коксаки вирустары
- •17.1.1.3. Есно – вирустары
- •17.1.1.4. Гепатит а вирусы (агв-hav)
- •17.1.1.5. Риновирустар
- •17.1.1.6. Аусыл вирусы
- •17.1.2. Тогавирустар
- •17.1.2.1. Альфавирустар
- •17.1.2.2. Қызамық вирусы
- •17.1.3. Флавивирустар
- •17.1.3.1. Сары қызба вирусы
- •17.1.3.2. Кенелік энцефалит вирусы
- •17.1.3.3. Жапондық энцефалит вирусы (масалық энцефалит)
- •17.1.3.4. Омбылық геморрагиялық қызба (огқ)
- •17.1.3.5. С гепатит вирусы (hcv)
- •17.1.3.6. G – гепатит вирусы (hgv)
- •17.1.3.7. Е гепатит вирусы (неv)
- •17.1.3.8. Ttv-гепатит вирусы
- •17.1.4. Коронавирустар
- •17.1.5. Реовирустар
- •17.1.5.1. Реовирустар (ортореовирустар)
- •17.1.5.2. Ротавирустар
- •17.1.5.3. Орбивирустар
- •17.1.5.4. Колтивирустар
- •17.1.6. Ортомиксовирустар
- •17.1.7. Парамиксовирустар
- •17.1.7.1. Парагрипп вирустары
- •17.1.7.2. Мысқыл (эпидемиялық паротит) вирусы
- •17.1.7.3. Қызылша вирусы
- •17.1.7.4. Респираторлық – синцитиальдық вирус
- •17.1.8. Рабдовирустар
- •17.1.8.1. Везикулярлық стоматит вирусы
- •17.8.2. Құтыру вирусы
- •17.1.9. Ретровирустар
- •17.1.10. Ареновирустар
- •17.1.10.1. Лимфоцитарлық хориоменингит
- •17.1.10.2. Ласса геморагиялық қызбасы
- •17.1.10.3. Д гепатит вирусы (hdv )
- •17.1.11.Филовирустар
- •17.1.11.1. Марбург ауруы
- •17.1.11.2. Эбола қызбасы
- •17.1.12 . Буньявирустар
- •17.1.12.1. Қырым- Конго геморрагиялық қызбасы (қкгқ).
- •17.1.12.2. Бүйрек синдромды геморрагиялық қызба вирусы (бсгқ)
- •17.2.1. Парвовирустар
- •17.2.2. Аденовирустар
- •17.2.3. Поксвирустар
- •17.2.3.1. Нағыз немесе қорасан шешегінің вирусы
- •17.2.3.2. Шешектік вакцина вирусы (сиыр шешегінің вирусы)
- •17.2.3.3. Контагиялық моллюск вирусы
- •17..2.4. Ұшық вирустары –Герпесвирустар
- •17.2.4.1. Қарапайым ұшық вирустары (құв)
- •17.2.4.2. 3-Типтік ұшық вирусы
- •17.2.4.3. Бетта-герпесвирустар(5-типі). Цитомегаловирус (цмв).
- •17.2.4.4. Эпштейн-Барр вирусы (эбв). Ұшық вирусының 4-типі.
- •17.2.5. Гепатит в вирусы (hbv)
- •17.2.6. Паповавирустар
- •17.2.6.1. Папилломавирустар
- •17.2.6.2. Полиомавирустар
- •Полиомавирустық геномның реттеуші учаскелері
- •17.2.7. Онкогенді вирустар
- •Адамдарда қатерлі ісіктер дамуын қоздыратын вирустар
- •17.2.7.1. Онкогенді днқ- геномды вирустар
- •17.2.7.2. Адамдардың онкогенді рнқ-геномды вирустары
- •17.2.8. Вирустық баяу инфекциялар (приондық аурулар)
- •Адамдар мен жануарлардың приондық аурулары
- •18 Тарау. Жиі кездесетін микоздардың сипаттамасы
- •18.1. Беткейлік микоздардың қоздырғыштары
- •18.1.1.Кератомикоздардың қоздырғыштары
- •18.1.1.2. Ақ пьедра қоздырғышы – Trichosporon beigelli.
- •18.1.1.3. Қара теміреткі (Exophiala wernekii) және қара пьедра (Piedraia hortae) қоздырғыштары.
- •18.1.2. Дерматомикоздардың қоздырғыштары.
- •Адамдарға патогенді дерматофиттер.
- •18.1.2.1. Микроспория қоздырғыштары.
- •18.1.2.2. Трихофития қоздырғыштары.
- •18.1.2.3. Эпидермофития қоздырғышы
- •18.2. Теріастылық (субкутанды) микоздардың қоздырғыштары.
- •18.2.1. Споротрихиоз қоздырғышы-Sporothrix schenckii
- •18.2.2. Хромобластомикоз қоздырғышы.
- •18.2.3. Мицетома қоздырғыштары
- •18.2.4. Феогифомикоз қоздырғышы
- •18.3.Терең жүйелік микоздардың қоздырғыштары.
- •18.3.1. Гистаплазмоз қоздырғышы.
- •3.2. Криптококкоз қоздырғышы.
- •18.3.3. Кокцидиоидоз қоздырғышы
- •18. 3.4. Бластомикоз қоздырғышы
- •18.4. Оппортунистік микоздардың қоздырғыштары.
- •18.4.1. Кандидоз қоздырғыштары
- •Медициналық маңызы бар Candida туыстастығына жататын саңырауқұлақтардың микроморфологиялық ерекшеліктері
- •Candida саңырауқұлақтарын клиникалық-экологиялық таралау
- •18.4.2. Аспергиллез қоздырғыштары
- •Медициналық маңызы бар Aspergillus туыстастығының экологиялық және клиникалық ерекшеліктері
- •Aspergillus саңырауқұлақтары колонияларының сипаттамасы
- •18.4.3. Сирек кездесетін оппортунистік инфекциялардың қоздырғыштары
- •18.4.3.1. Пенициллиоз қоздырғыштары
- •18.4.3.2. Фузариоз қоздырғыштары
- •18.4.3.3. Зигомикоз (фигомикоз) қоздырғыштары
- •18.5. Микоздарға микробиологиялық диагноз қоюдың принциптері
- •18.5.1. Зерттеу үшін алынатын заттар
- •18.5.2. Зерттеу әдістері
- •18.5.2.1. Микроскопиялық әдіс
- •18.5.2.2. Дақылдық әдіс
- •18.5.2.3. Микоздарға диагноз қоюдың басқа әдістері
- •18.5.2.4. Микоздарды емдеу мен алдын алудың принциптері
- •Антимикотикалық дәрмектер
- •Саңырауқұлақтық инфекциялар қоздырғыштарының клиникалық-микологиялық классификациясы.
- •Қарапайымдылар (Protozoa)
- •19.1. Саркодылар (Sarcodina )
- •19.1.1. Амебиаз қоздырғышы.
- •19.2. Талшықтылар (Flagelleta).
- •19.2.1. Лейшманиоз қоздырғыштары.
- •19.2.2. Трипаносомоздардың қоздырғыштары
- •19.2.3. Трихомониаз қоздырғыштары.
- •19.3. Споралылар (Sporozoa)
- •19.3.1. Токсоплазмоз қоздырғышы
- •19.3.2. Безгек қоздырғыштары.
- •19.4. Кірпікшелілер (Ciliata).
- •19.4.1. Балантидиаз қоздырғышы
- •20.1. Ауыз қуысының микрофлорасы
- •20.1.1. Ауыз қуысының қалыпты микрофлорасы
- •Ауыз қуысының бактериялық микрофлорасы
- •20.1.1.1. Ауыз қуысындағы қалыпты микрофлораның қызметі
- •20.1.2. Ауыз қуысының микробтарын дақылдандыру ерекшеліктері және оның физиологиялық маңызы
- •20.1.3. Ауыз қуысындағы микрофлораның адам жасына байланысты ерекшеліктері
- •20.1.4 Ауыз қуысы - жұқпалы аурулар қоздырғыштарының кіру қақпасы
- •Ауыз қуысының антимикробты қорғаныстық факторлары
- •20.2. Стоматологиялық аурулардың микробиологиясы
- •20.2.1. Халитозис
- •20.2.2 Микробтар туғызатын аурулар
- •Тіс ауруларын қоздыратын негізгі микроорганизмдер
- •20.2.2.1 Микробтық тіс дақтарының пайда болуы
- •20.2.2.2. Кариес
- •20.2.2.3 Пульпит
- •20.2.3 Микробтармен қоздырылатын пародонт аурулары
- •20.2.3.1 Гингивит
- •20.2.3.2 Пародонтит
- •20.2.4 Микробтармен қоздырылатын ауыз қуысы шырышты қабығының аурулары
- •20.3. Одонтогендік инфекция
- •20.3.1 Периодонтит
- •20.3.2 Жақ периоститі
- •20.3.3 Жақ остеомиелиті
- •20.3.4 Тіс аймағында жұмсақ тіннің абсцесстері мен флегмоналары
- •20.4. Жұқпалы аурулар кезіндегі ауыз қуысының зақымдалуы
- •20.4.1 Бактериялық зақымдалуы
- •20.4.1.1. Стафилококтық және стрептококтық іріңдік зақымдалу
- •20. 4.1.2 Бет-жақ актиномикозы
- •20.4.1.3 Жаралы-шірік Венсан гингивостоматиті (фузоспирохетоз)
- •20.4.1.4 Гонококтық стоматит
- •20.4.1.5 Туберкулез кезіндегі ауыз қуысының зақымдалуы
- •20.4.1.6. Алапес кезіндегі зақымданулар.
- •20.4.1.7. Мерез кезіндегі зақымданулар
- •20.4.2 Ауыз қуысының вирустық зақымданулары
- •20.4.2.1. Герпесвирустық инфекциялар.
- •20.4.2.2. Коксаки а вирустық инфекция
- •20.4.2.3 Аив инфекциясы
- •20.4.2.4 Папилломавирустар
- •20.4.2.5 Приондық аурулар
- •20.4.3 Саңырауқұлақтық зақымдалу
- •20.5. Стоматологиялық емдік- профилактикалық мекемелердегі ауруханаішілік инфекциялар
- •20.5.1. Аурухана ішілік инфекциялардың эпидемиологиясы
- •20.5.2. Ауруханаішілік инфекциялардың этиологиясы
- •Стоматологиялық мекемелерде жұғу мүмкіндігі бар инфекциялық аурулар
- •20.5.3.Стоматологиялық ауруханаішілік инфекцияның жұғу жолдары және берілу факторлары
- •20.5.4. Стоматологиялық жәрдем көрсетілген кезде іріңдеу – септикалық инфекция жұқтыру қауіпін тудыратын факторлар
- •20.5.5. Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуы
- •20.6. Клиникалық материалды микробиологиялық зерттеу
- •20.6.1 Ауыз қуысынан материалды зерттеуге алу, сақтау және зертханаға жеткізу
- •20.7. Стоматологияда микробтарға қарсы қолданылатын заттар мен факторлар
- •20.7.1 Дезинфекция және стерилизация
- •20.7.2. Антисептиктер
- •20.8. Тіс дәрігерінің биологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтауы
- •20.9. Тіс емдеуде биологиялық дәрі - дәрмектерді қолдану
- •20.9.1.Биологиялық препараттарды стоматологияда қолдану
- •1.Бактериялық жасуша құрылымына жатады:
- •17.Қарапайым қоректік орталар:
- •18.Дифференциальды - диагностикалық орталар:
- •19.Бактериялардың дақылдық қасиеті-ол:
- •20.Штамм дегеніміз не?
- •21.Бөлініп алынған микроб дақылын идентификациялау келесі қасиеттерін анықтаумен атқарылады:
- •22.Сероварлар (анықтамасы, мысалы):
- •Тест сұрақтарына жауаптар
- •Қосымшалар
- •Кейбір аурулардың қазақша атауларының орысша баламасы
- •Қолданылған әдебиеттер
14.8.3. Лептоспиралар. Лептоспироз
Лептоспироз – табиғи ошақты зоонозды жұқпалы ауру. Бұл аурудың бастапқы атаулары: Вейль – Васильев ауруы, су қызбасы, саз қызбасы, ит қызбасы, шошқа бағатындардың ауруы. Қазақстанда жергілікті халық бұл ауруды «су безгегі» деп атайды.
Жеке нозологиялық ауру ретінде лептоспироз туралы алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырдың соңында неміс - дәрігер Вейль (1886) және С.П. Боткиннің шәкірті - клиницист Н.П. Васильев (1889) бауырдың, бүйректің ерекше ерекше зақымдалуымен, көк бауырдың ұлғаюымен, айқын геморрагиялық симптомдармен көрінетін жұқпалы сарғаюы туралы мәлімдеме жасағаннан кейін пайда болды. Бұл аурудың бір атын соған байланысты атаған. Қоздырғышы кеш анықталды.1914 ж. бір уақытта Р. Инадо мен И. Идо (Жапония), P. Unlenhuth, W. Fromm және олардан бөлек H.Hubener, H.Reiter (Германия) қоздырғышты науқас қанынан тапты, бірақ әр қайсысы өзінше атады. 1907 жылы A.Stimpson қоздырғышты алғаш анықтап, Leptospira interrhogans деп атады, бірақ ол оны сары қызба қоздырғышы деп санады. «Leptospira» деген туыстастық атауын (гректің leptos – жіңішке, spira - иірім) H. Noguchi (1917) ұсынған.
Таксономиясы
Тұқымдастығы: Leptospiraceae
Туыстастығы: Leptosрira
Түрі: L. interrhogans, L. вiflexa
Лептоспироз қоздырғыштарының (Leptospira interrhogans) 200-ден астам серологиялық варианттары бар. Leptosрira туыстастығы 2 топқа бөлінеді: патогенді лептоспиралар (Leptospira interrhogans) - адамдардың және жануарлардың организмінде паразиттік тіршілік етеді; сапрофитті лептоспиралар – L. вiflexa, ашық су көздерінен бөлінген (1914ж. S.Wolbac). Дымқыл топырақта, сазды жерлерде мекендейтін галофилді лептоспиралар жылы қандыларға патогенді емес.
Морфологиясы. Лептоспиралар – ирекше пішінді бактериялар, ұзындығы 7- 20 мкм, жуандығы 0,1 – 0,15 мкм. Жас жасушалары қысқарақ, ал қартайғандары ұзарады (30 – 150 мкм). Лептоспиралардың жасушалары спираль тәрізді иректелген, 12 – 18 алғашқы иірімі бір - біріне тығыздалған және екінші рет иілген, ұштары ілмек тәрізді болып, «S» және «С» әріптерінің пішініне ұқсайды. Бірақ бір ілмекті немесе ілмексіз пішінділері де бар. Лептоспиралар спора, циста, капсула түзбейді. Сұйық қоректік ортада айналмалы, иілмелі, қоймалжың ортада толқынданып, винт немесе жылан тәрізді қозғалыс жасайды. Лептоспиралар көлденеңінен бөлініп көбейеді (7–12 сағ). Қоректік орталарда өте баяу өседі, басқа бактериялармен салыстырғанда 12 есе баяу жүреді. Оптималды өсу температурасы 28 - 30әС. Электронды микроскопта олардың сыртқы қабығы, осьтік жіпшесі және цитоплазмалық цилиндрі көрінеді. Липопротеидтік құрылымды сыртқы қабығы остік жіпше мен цитоплазмалық цилиндрді қоршайды. Лептоспираларды әдеттегі сәулелі микроскоппен бояусыз қарағанда көрінбейді, сондықтан оларды түнек айдынды микроскопты пайдаланып қарайды. Онда олар нәзік, белсенді қозғалатын күміс жіпшелерге ұқсап көрінеді. Бастапқы бұрамалары маржан моншаққа ұқсайды. Лептоспиралар анилинді бояулармен нашар боялады, оларды анықтау үшін күмістендіру әдісімен анықтайды. Лептоспиралардың жасушалары қаралау – қоңыр түс алып, жарық айдында жақсы көрінеді. Романовский - Гимзе әдісі бойынша лептоспиралар ашық қызғылт түске боялады. Патогенді және сапрофитті түрлері морфологиясы, ультрақұрлымы, тинкториалдық қасиеті, қозғалғыштығы мен көбеюі жағынан бір – бірінен ерекшеленбейді.
Лептоспиралар хемоорганотрофтылар. Тыныс алуы бойынша - аэробтар, микроаэрофилдер.Лептоспираларды сарысулы, альбуминді немесе синтетикалық сұйық, жартылай сұйық және тығыз күрделі құрлымды қоректік орталарда дақылдандырады. Тығыз қоректік ортада лептоспиралар 3 түрлі болып өседі: агар бетінде, агар тереңдігіне еніп, агар түбіне дейін. Сондықтан колониялардың морфологиясы әр түрлі болады. Ал сұйық және жартылай сұйық қоректік орталарда орта бетінде күреңкі сақина тәріздес өсінді түзеді. Биохимиялық қасиеттері толық зерттелмеген. Патогенді лептоспираларда каталаза, пероксидаза, цитохромды энзимдер, аминопептидазалар, дегидрогеназалар және басқа да метоболиз процесіне қатысатын ферменттер анықталған. Сонымен бірге аггрессиялық ферменттер (гиалуронидаза, липаза, фибринолизин, плазмокоагулаза, гемолизин, ДНКаза, эстераза, уреаза) анықталған, олар макроорганизмге енуге көмектеседі.
Антигендік қасиеті. Лептоспиралардың күрделі антигендік құрлымы бар. Leptospira туыстастығындағы өкілдердің ішінен 200 серологиялық вариантын ажыратады, олар 25-тен астам серологиялық топтарға бірігеді. Туыстастықтың спецификалық қасиетіне полисахаридті фибриллярлы антиген жатады (КБР көмегімен анықталады), топқа және варианттқа қатысын сәйкесінше қабықша ақуыздары мен липопротеинді антигендермен агглютинациялық реакция арқылы анықтайды (агглютиногендері, преципитиногендері, комплемент байланыстырушы антигендері, гемагглютиногендері). Лептоспиралардың таксономиялық критерийі - олардың антигендігі бойынша анықталады. Негізгі таксоны – серовар.
Патогенділік факторлары. Лептоспираның патогенді қасиеті келесідей: инвазивтілігі мен қоймалжың ортада қарсы қозғалу қабілеті (вискотаксис) - бұл қасиеті лептоспиралардың жоғары қозғалғыштығымен гиалуронидаза, фибринолизин және т.б. факторлармен шырышты қабықтан өтуге көмектесуімен байланысты; экзотоксин өнімдерін түзеді – гемолизин, липаза, ДНКаза және басқа да улы өнімдер жасушаның бұзылуына әкеледі; липополисахаридтті табиғатты эндотоксиннің болуы – пирогенді, некрозды, летальді әсер көрсетеді.
Қалыпты және иммунды сарысулардың, комплементтің, фагоцитоздың бактериоцидтік белсенділіктеріне тұрақтылық қасиетке ие бола отырып, макроорганизмде ұзақ сақталады.
Тәжірибелік жануарлардың ішінде жаңа бөлінген штамдарға сезімталы алтын түсті атжалман (6 – 8 апталық), жас теңіз шошқалары, қоянның көжектері.Тәжірибелік жағдайда патогенді лептоспиралар вируленттілік қасиеттерін тез жояды.
Резистенттілігі. Лептоспира жоғары температурада, дезинфекциялық заттардың (сулема, лизол, хлорамин, карбол қышқылы және т.б.) әсерінен тез жойылады, бірақ төменгі темпертураға жеткілікті дәрежеде тұрақты. Табиғи су қоймаларында 5-10 күн, топырақта 270 күнге дейін өмір сүреді. Қышқыл және сілтілі ортада тез жойылады.Төмен температурада ұзақ сақталады, яғни - 70˚С температурада олардың вируленттілігі мен тіршілікке қабілеттілігі 7 жылға және одан да ұзақ уақытқа сақталуы мүмкін.Олар мұздатылып, ерітіліп, қайта мұздатылу процесін 6 ретке дейін қайталағанға дейін сақтала алады.Тағамдарда бірнеше күнге дейін сақталады.
Пенициллин, тетрациклин, стрептомицин тобындағы антибиотиктер оларды өлтіреді. Неомицин, рифампицин, амфотерицин В және басқа антибиотиктер олардың белсенділігін жоя алмайды.
Эпидемиологиясы. Лептоспироз - кең тараған зооноз, барлық жерде кездеседі. Лептоспироздың табиғи ошақтары – көбіне орман, өзен жағалауы, батпақты жерлерде кездеседі. Инфекция көзі жабайы жануарлар - кеміргіштер, түлкі т.б. болып келеді. Жануарлар зәрі суға түсіп, топырақ және өсімдіктерді залалдайды. Аурушылдық қатаң мерзімдікпен сипатталады (маусым – қыркүйекте), бұл ауылшаруашылық жұмыстарымен (пішен орғанда), сонымен қатар саңырауқұлақ, жидек жинаумен, аңға шығумен, балық аулаумен байланысты. Ауылды жерлерде инфекцияның көзі үй жануарлары болуы мүмкін: доңыз, ірі қара мал, иттер. Тағамдық жол арқылы да жұғуы мүмкін, мысалы сүт пайдаланғанда, ауру малдарды қарау кезінде қарым-қатынас-тұрмыстық жолмен таралуы мүмкін. Дегенмен, инфекцияның негізгі таралу жолы – су арқылы. Ауылдық жерлерде ауру жануарлардың зәрімен ластанған су қоймаларында шомылған адамдардар арасында күрт көбеюі жиі кездеседі. Лептоспироз ауруы егеуқұйрықтар көбейген портты қалаларда шығуы мүмкін.
Патогенезі. Инфекцияның ену қақпасы - ауыз қуысының, ас қорыту жолдарының шырышты қабаты, көз, мұрын, зақымданған тері. Енген жерде қабыну аймағы байқалмайды. Лептоспиралар лимфатикалық жолмен таралады, қанға өтеді (лептоспиремия, токсемия) және қан ағынымен организмде таралып әртүрлі ағзаларға (бауыр, бүйрек, өкпе т.б.) түседі. Ағзаларда микроорганизмдер қарқынды көбейіп қайтадан қанға түседі. Қоздырғыштың және оның токсиндерінің әсер етуі нәтижесінде қан капиллярларының қабырғасы зақымдалады және әртүрлі ағзалар мен тіндерде қан құйылу байқалады. Көп зақымдалатын ағзалар - бауыр, бүйрек, бүйрек үсті безі, жүрек және бұлшық ет.
Клиникалық көріністері. Лептоспиралар жұлынға енуге қабілетті, науқастанушылықтың 7 – 15 күні менингеалды көріністер байқалады.
Науқастанушылықтың симптоматикасы мен ауырлығы қоздырғыштың сероварына, қоздырғыштың вируленттілік жағдайына, макроорганизмнің жағдайына, жұғу жолдары мен механизміне байланысты. Жасырын кезеңі 7-10 күнге, ауру 5-6 аптаға дейін созылады. Ауру жедел басталады, дене температурасы 39-40˚С жоғарылайды, бас ауруы, бұлшықет ауруы әсіресе балтыр етінің ауырсынуы байқалады. Ағзалардың зақымдалуына байланысты олардың белгілері пайда болады: бүйректік жетіспеушілік, сарғаю және тағы басқалары. Толқын тәрізді қызба тән. Лептоспироздың клиникалық түрлері әртүрлі – жеңілден өлімге алып келетін ауыр түріне дейін.Кеш асқыну фазасында көздің зақымдануы, пиелит, менингоэнцефалиттің қалдық көріністері де байқалады.
Иммунитеті. Иммунитеті ұзақ, қарқынды, дегенмен қатаң серологиялық вариантты спецификалық. 3 – 4 аптада стерилсіз иммунитет қалыптасады. Қанда антиденелер көп жиналады. Бүйректе қоздырғыш ұзақ сақталып, несеппен ұзақ уақыт бөлінеді (40 күн және одан да артық). Иммунитет біртіндеп күшейіп, ақырында қоздырғыштан толық айығады (науқастанушылықтың 5- 6 аптасында).
Микробиологиялық диагноз қою. Негізгі зерттеу әдістері: микроскопиялық; бактериологиялық; серологиялық; ПТР.
Микроскопиялық зерттеу. Зерттеу материалы ретінде аурудың бірінші аптасында қан, кейінірек зәр, ми-жұлын сұйықтығын алады. Бактериоскопиялық әдісте түнек айдынды микроскопта қарау қолданылады, бұл әдістің сезімталдығы мен спецификалығы төмен деңгейде. Спирохеталар анилиндік бояулармен нашар боялады, сондықтан ДДҰ ұсынған келесі әдістерді қолданады: күміспен импрегнациялау, иммунды пероксидазалы бояу, қоянның және тышқанның моноклоналды флюоресцирлеуші антиденелерін қолданып қоятын ИФР.
Бактериялогиялық әдіс: аурудың алғашқы күндерінде қаннан, аурудың 2-3 аптасында зәр мен ми-жұлын сұйықтығынан таза дақылдарын бөлу. Сарысуы бар қоректік орталарда,фосфатты – сарысулы ортада 28-30әС өсіреді.Зерттеу материалын науқастың төсек орнында жатқызып алады, 3- 5 пробиркаға алып, бетіне вазелин майын құяды, 2 ай бойы өсіреді. Лептоспиралар өскенде қоректік орта мөлдір болып сақталады, сондықтан әр 5- 6 күн сайын түнек айдынды микроскопта қарау үшін препарат дайындап, зерттеп отырады. Таза дақылдың морфологиялық, дақылдық, қозғалғыштық , антигендік қасиеттерін анықтап диагноз қойылады.
Биосынама. Теңіз шошқаларына, көжектерге, алтын түсті хомяктарға құрсақ астына жұқтырады. Бір ай бойы бақылайды. Жануар өлгенде қаннан, зәрден, өлексе ағзаларының материалынан жағынды дайындап, түнек айдынды микроскопта қарап, таза дақыл алу үшін қоректік орталарға себеді.
Жеделдетілген зерттеу әдістері. Биохимиялық және молекулалық - биологиялық зерттеулер жүргізіледі. Инфекция анықталған ошақтан қоздырғыштың ДНҚ анықтау үшін ПТР қолданады.
Серологиялық әдіс. Науқастың қанынан антиденелерді науқастанушылықтың 1 аптасының соңында анықтауға болады. Ол үшін КБР, микроагглютинация реакциясы және лизис реакциясы науқастың сарысуы мен стандартты микроорганизмдердің жиынтығымен қойылады.
Емдеуі. Көбінесе антибиотиктер (пенициллин, тетрациклин топтары) және лептоспирозға қарсы гетерологиялық иммундыглобулин қолданылады. Ауыр жағдайда кортикостероидтар, витаминдер кешені, жүрек - қан тамыр жүйесіне әсер ететін препараттар қолданылады. Басқа мамандардың кеңесінен өту шарт.
Алдын алуы. Бейспецификалық сақтандыру бірқатар ережелерден тұрады: қайнатылмаған суды қолдануға, жуынуға, мал су ішетін жерде суға түсуге болмайды. Эпидемиялық көрсеткіш бойынша спецификалық алдын алу ретінде көп кездесетін серологиялық варианттардан тұратын өлі вакцина қолданылады.