Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

14.7.3. Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)

Қу-қызбасы - (ағылшынша Query – белгісі анық емес) – клиникалық көрінісі полиморфты, өкпенің зақымдалуымен сипатталатын, Coxiella burnetii тудыратын зоонозды жұқпалы ауру. Алғашқы рет 1937 жылы Ф. Бернет және М. Фримен Австралияда ауру адамнан бөліп алған.

Таксономиясы.

Тұқымдастығы: Coxiellaceae.

Туыстастығы: Coxiella

Түрі: Coxiella burnetii.

Морфологиясы мен дақылдандырылуы. Олар грам теріс, қозғалмайтын, майда кокк немесе таяқша тәрізді құрылымдар. Coxiella burnetii вирустардан зат алмасуының автономдылығымен ерекшеленетін облигатты жасушаішілік паразиттер. Жасуша дақылында, тауық эмбрионының сарыуыз қапшығында өсіріледі.

Резистенттілігі. Физикалық, химиялық факторларға тұрақты. 90 градусқа дейін қыздырғанда 1 сағаттан аса сақталады, қоршаған ортада ұзақ сақталады.

Эпидемиологиясы, клиникалық көріністері. Қоздырғышқа зертханалық және ауылшаруашылық жануарлары өте сезімтал. Ку-қызбасы барлық жерде таралған. Сүткқоректілер, құстар, буынаяқтылардың көптеген түрлерінде Coxiella burnetii паразиттік өмір сүреді. Үй жануарлары мен кеміргіштердің кейбір түрлері эпидемиялық қауіптілік тудырады. Қоздырғыштың табиғи ошақтардағы таралу жолы – трансмиссиялық (кенелердің 70 астам түрлері). Ауылшаруашылық ошақтарында инфекция көзі ірі және ұсақ қара малдар, жылқылар, түйелер болып табылады. Қоздырғыш ауа – тамшылы жолмен (ауру жануардың терісін өңдегенде) және тағам арқылы (ауру жануардың сүт және сүт өнімдерін қолданғанда) жұғады. Науқас адамнан сау адамға ауру жұқпайы. Қоздырғыш қанға түсіп, көптеген ағзаларға таралады, әсіресе өкпені зақымдайды. Ағымы қызбалық аурулар сияқты.

Иммунитеті. Ку – қызбамен ауырғандарда ұзаққа созылатын тұрақты иммунитет қалыптасады, қайталап ауыруы сирек кездеседі.

Микробиологиялық диагноз қою. Қаннан, қақырықтан, зәрден қоздырғышты бөліп алуға негізделген. Осы мақсатпен науқастан алынған материалды теңіз шошқасына, тышқандарға жұқтырады. Теңіз шошқасының көкбауырынан қоздырғышты тауып, тауық эмбрионында дақылдандыру жолымен бөліп алады. Серологиялық диагноз қою үшін АР, КБР, ИФТ қолданылады, антигенмен тері – аллергиялық сынама жүргізілуі мүмкін.

Емдеуі. Антибиотиктерден тетрациклин (тетрациклин, доксициклин, моноциклин) және хинолон қатарын (ципрофлоксацин, офлаксоцин және т.б.) қолданады.

Алдын алуы. Бейспецификалық алдын алу үшін санитарлық- ветеринарлық шаралар жүргізіледі. Иммунитет тудыру үшін М-44 штамынан алынған тиімді тірі вакцина қолданылады

14.8. Спирохеталар және басқа ирекше, иілген бактериялар

Таксономиясы. Спирохеталар Spirochaetaсеае, Treponemataceae, Leptospiraceae, Brachyspiracae тұқымдастығына біріктірілген, Spirochaetaes сыныбына, Spirochaetales қатарына жататын Treponema, Borrelia, Leptospira, Brachyspira туыстастығының медицинадағы орны ерекше.

Морфологиясы. Спирохеталар (spira - иірім, chaite- шаш) иірімделген, нәзік, қозғалғыш бактериялар. Спирохета денесі протоплазматикалық цилиндрді қоршайтын көп қабатты сыртқы жасушалық қабықшадан тұрады. Протоплазматикалық цилиндр цитоплазмалық мембранамен қоршалған цитоплазманы құрайды. Протоплазмалық цилиндрдің айналасында, жасуша қабығының тереңінде қозғалатқыш аппарат орналасады, ол периплазматикалық талшықтардан (фибриллалардан – эндоталшықтар ) құрылған. Фибриллалар қабықша мен протоплазматикалық цилиндр арасында орналасады. Фибриллалардың бір ұшы цитоплазмалық цилиндрдың полюсына, блефаропластқа тіркелген, ал келесі ұшы бос. Жасушаның екі шетінен саны бірдей фибриллалар шығады. Бір жасушада периплазматикалық фибриллалардың саны спирохета түріне байланысты 2-100 дейін болады. Лептоспираларда бұл эндоталшықтар қабықшаға бекіп, өстік жіпшені құрайды. Периплазматикалық фибриллалар спирохеталардың қозғалғыш аппараты болып келеді(өз өсінде айналу, иілу, жылжу). Олар талшықты бақтерияларға қолайсыз қоймалжың ортада қозғалуға қабілетті. Капсулалары мен споралары болмайды, бірақ циста тәрізді құрлым түзуге қабілетті.Спирохеталар-Грам теріс. Дифференциалды бояу тәсілі – Романовский-Гимзе әдісі. Осы бояу әдісімен туыстасық ерекшелігін ажыратуға болады. Күмістендіру әдісімен де бояуға болады.

Дақылдандыруы және ферменттік белсенділігі. Хемоорганотрофтар. Спирохеталардың арасында аэробтар, микроаэрофилдер, факультативті анаэробтар және қатал анаэробтар кездеседі. Көміртек және энергия көзі ретінде көмірсулар, амин қышқылдар, липидтерді туыстық ерекшелігі бойынша қолданады. Жасанды қоректік орталарда өсуі таксономиялық және тіршілік жағдайына байланысты. Дақылдандыру үшін күрделі қоректік орталарды қажет етеді, құрамында сарысу, тіндік экстракттар болуы қажет. Өсуі баяу. Осы қатардың кейбір өкілдері қолайсыз жағдайларда циста және L-пішінге айналады. Спирохеталар көлденеңінен бөлініп көбейеді, кейде циста түзіп және дәндерге бөлшектеніп көбейе алады.

Эпидемиологиясы. Спирохеталардың арасында суда, топырақта өз бетінше тіршілік ететін, және де әр түрлі жануарлармен ассоцияцияланған жағдайда болатын түрлері кездеседі. Адам патологиясында үш туыстастық маңызды: трепонема, боррелия, лептоспира. Трепонемалар - мерез, фрамбезия, пинта, беджель; боррелиалар – эпидемиялық, биттік, аргастық кенелік беррелиоздар, иксод кенелік боррелиоздар, қайталама сүзек; лептоспиралар - лептоспироз, брахиспироз ауруларын қоздырады.