Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

14.7.1.1. Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы

Эндемиялық немесе атжалмандық бөртпе сүзегі (табардилло) – атжалмандарда кездесетін зоонозды жедел қызбалы ауру. Инфекция қоздырғышы – Rikettsia typhi, биологиялық және антигендік қасиеті бойынша Провацек риккетсиясына ұқсас, қоздырғыштың тасымалдаушысы – бүргелер болып табылады. Инфекция қоздырғышын 1917 жылы M.N. Neil ашты. Бұл ауру атжалмандар ауруы кездесетін жерде қоныстанған адамдардың арасында анда-санда кездеседі. Атжалман бөртпе сүзегін анықтау және эпидемиялық бөртпе сүзегінен оны ажырату үшін спецификалық антигендермен серологиялық реакциялар қою қолданады.

Морфологиясы және дақылдандыруы. Riсkettsia рrowazekii-мен салыстарғанда Riсkettsia typhi жасушаларының полиморфизмдігі шамалы. Жасуша үлкендігі 0,35 - 13 мкм. Грам теріс. Здродовский әдісімен қызылға боялады. 350 С-та тауық эмбрионында және жасушалар дақылында жақсы өседі. Эмбриондарда таңдақ түрінде өседі. Буынаяқтылар жасушаларына енсе ядросы мен цитоплазмасында өседі.

Антигендік қасиеті. Риккетсиялар антигендері екі типті: біріншісі – ерігіш, термостабильді, Riсkettsia рrowazekii-мен және Proteus vulgaris ОХ19, ОХ2 пен жалпы, ортақ; екіншісі – түр арнайы, термолябильді. Микроорганизмде жасушамен байланысқан эндотоксині бар. Токсинінің антигендік құрылымы R. рrowazekii-дің эндотоксинінен өзгеше болып келеді.

Рзистенттілігі. Қоршаған ортада жақсы сақталады. Бүргелердің кепкен нәжісінде 40 күнге дейін сақталады. Лиофилдегенде және төменгі температурада ұзақ уақыт сақталады. Күнделікті қолданатын дезинфектанттарға сезімтал.

Эпидемиологиясы. Ауру қоздырғышының табиғатта сақтайтындар кеміргіштер (тышқандар, атжалмандар) мен олардағы эктопаразиттер (егер оларға риккетсияларды трансвариальды жолмен берілсе). Риккетсияларды бүргелер, атжалман биттері, гамаз кенелері таратады. Кеміргіштерден риккетсиялар сыртқы ортаға зәрлері арқылы тарайды.

Атжалман ағзасында риккетсиялар 16,5 ай, ал тышқандарда – 3 айдан ұзақ сақталады. Басқа жануарлар инфицирленген кеміргіштерді жеп ауырады. Атжалман биттері Xenopsylla cheopsis және Ceratophyllus fasciatus қоздырғыштың негізгі таратушылары. Бірақ адамдарды атжалман кенесі Bdelonyssus bacoti шаққанда жұғады. Кенелер Riсkettsia typhi-ды трансвариольды береді. Риккетсиялар адам организміне жәндіктердің экскременттері теріге, көзге, мұрынға жағылғанда, кеміргіштердің зәрімен ластанған тағамдармен немесе ауру тасымалдаушылардың кепкен инфицирленген нәжістері бар аэрозольдермен енеді. Адамнан адамға қоздырғыш тарамайды. Ауру біртіндеп басталады және кеміргіштер саны тамыз - қараша айларында көбейгенде эндемиялық сипатқа ие болады. Аурумен барлық жастағылар ауырады.

Патогензі мен клиникалық көріністері. Ауру қоздырғышына маймылдар мен қояндар төзімді. Аталық теңіз шошқасының іш қуысына ауру қанын немесе ауру қоздырғышының дақылын еккенде осы ауруға тән белгі дамиды – риккетсиозды периорхит. Теңіз шошқасының тері үстіне, көз конъюнктивасы, ауыз бен мұрын кілегей қабатына жұқтырғанда қызба дамиды. R. typhi-ге тышқандар мен атжалмандар аса сезімтал. Жануарлар эктопаразиттер арқылы бір-біріне ауруды жұқтырады.

Эндемиялық бөртпе сүзек қандық инфекцияға жатады. Клиникалық белгілері бөртпе сүзегіне ұқсас, бірақ онымен салыстырғанда жеңіл өтеді. Инкубациялық кезеңі 5-тен 15 тәулікке дейін созылады. Ауру тоңумен, бас аурумен басталады, сосын дене қызуы 39 - 400 С температураға көтеріледі. 4 - 8 күннен кейін таңбалы-папулезды бөртпе пайда болып, 5 - 10 күн сақталады. Бөртпе аурулардың 30% болмайды, 50% -да – бауыр мен көк бауыр үлкейеді. Ауру кезінде асқынулар ОЖЖ мен жүрек-қантамыр жүйесінде болуы мүмкін. Ауру болжамы жақсы. Бірақ өлім қарт адамдар арасында 2 - 3% жетеді.

Иммунитеті. Жазылғаннан кейін антимикробты және антитоксикалық иммунитет дамиды.

Микробиологиялық диагноз қою. Эндемиялық және эпидемиялық бөртпе сүзектері бір-біріне ұқсас болғандықтан диагноз қою клиникалық, эпидемиялық және зертханалық көрсеткіштері бойынша жүргізеді. Диагноз қоюды нақты жүргізу үшін аурудың 3 - 5 мл қанын теңіз шошқасы еркекігінің іш қуысына егеді. 4 - 8 күн аралығында жануарда қызба мен периорхит дамиды. Қабынған қабықтан алынған жағындыны карболды фуксинмен және Циль-Нильсен бойынша көкпен бояғанда «Музер жасушаларын» көреміз – көкке боялған мезотелия жасушалары мен ішіндегі риккетсия жиынтығы- қызыл түске боялады. РА, КБР, ГАТР бөртпе сүзегіндегі кесте бойынша жасалады.

Бірінші апта соңында серологиялық дифференциациялауды Riсkettsia typhi және Riсkettsia рrowazekii антигендерін қолданып агглютинация реакциясы және КБР көмегімен жасайды. Басқа антигендермен салыстырғанда антидене титрі Музер антигенінен 2-8 есе жоғары болу керек.

Емдеуі мен алдын алуы. Емдеу - тетрациклин мен левомицетиннің көмегімен жүргізіледі. Көрсетілімдер бойынша арнайы алдын алу үшін R. typhi-ден жасалған өлтірілген вакцина қолданады. Кеміргіштерді жою үшін дератизациялық шараларды жүргізу, сонымен қатар ас тағамдарын олардан қорғау қажет.