Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

14.1.1.2.2. Энтерококтар (туыстастығы Enterococcus)

Морфологиясы. Энтерококтар ұсақ, шар тәрізді жасушалар, қысқа тізбек түзіп немесе жұптасып орналасады, грам оң, спора және капсула түзбейді, қозғалмайды. (24- сурет). Жасуша қабырғасы ақуыздан ( М-, Т- және R- антигені), көмірсудан (топ спецификалық) және пептидогликаннан тұрады. Олар L–пішінге жеңіл түрде ауысады. 1984 жылға дейін стрептококтардың D тобына кірген. Осы уақыттан кейін жеке туыстастыққа бөлінді (Enterococcus туыстастығы). Беткейлі фимбрияларында орналасатын топтық антигені – глицеринтейхой қышқылы, Д-аланин және глюкозадан құралған. Типтік түрі E.faecalis.

Дақылдандыру. Дақылдық, биохимиялық қасиеттері 14.3. - кестеде берілген.

Энтерококтарды бөліп алу және өсіру үшін селективті орталар таңдалады (негізі қанды агар оған азид қосылған , азидодекстрозды сорпа т.б.).

Антигендік қасиеті стрептококтарға ұқсас, D серологиялық топтарға жатады.

Патогенділік факторлары. Шартты-патогенді микроорганизмдерге жатады. Патогенділік факторлары – жасуша қабырғасының бөлшектері, агрессия ферменттері мен токсиндері.

Резистенттілігі. Қоршаған ортада энтерококтардың резистентілігі стафилококтар сияқты. Осы себептен, санитарлық микробиологияда санитарлық-көрсеткіш микроорганизм ретінде қарастырылады (қоршаған орта объектілерінің нәжіспен жаңадан ластануын көрсетеді). Кеңінен қолданылып жүрген антисептиктер мен дезинфектанттарға сезімтал. Энтерококтардың көптеген антибиотиктерге (аминогликозид, цефалоспорин) табиғи тұрақтылығы бар.

Эпидемиологиясы және патогенезі стрептококтық инфекцияға ұқсас. Табиғатта кеңінен таралған. Адам және жануарлар ішегінде мекендейді (ауыз қуысы, ішек және зәр шығару, жыныс жүйесі). E.faecalis – ті дені сау адамдардың 25%- ның нәжісінен бөлуге болады.

Кесте 14.3.

Энтерококтардың негізгі медициналық маңызы бар түрлерінің дифференциациялық белгілері

Белгі

E.durans

E.faecalis

E.faecium

Қозғалғыштығы

-

Өсуі

45 0С

+

+

+

50 0С

-

+

Қоректік орталарда өсу:

құрамында 6,5% NaCl

+

+

+

құрамында 0,04% теллурит

-

+

-

құрамында 0,1% метилен көгі бар сүт

+

+

?

Қышқылға дейін ыдырауы

- арабиноза

-

-

+

- маннит

+

+

- рамноза

-

+

-

- сахароза

-

+

+

- глицерин

-

+

+

- сорбит

-

+

-

Сары пигмент түзуі

-

-

-

Гемолиз

альфа, бетта

кейде бетта

кейде альфа

Гиппуратты гидролиздеуі

+

+

+

Лэнсфилд бойынша серологиялық тобы

D

D

D

Патогенезі мен клиникасы. Клиникалық маңызы бар энтерококтар: E.durans, E.faecalis, E.faecium. Несеп жолының қабынуына әкеледі, әсіресе катетерді қолданған жағдайда жиі кездеседі, яғни ауруханаішілік инфекциялар дамиды. Бактериемия, сепсис, жеделдеу сепсисті эндокардит, өт жолдарының инфекциялары немесе кеуде қуысының абсцестеріне әкеледі. Гемолитикалық энтерококтар астан улануға және ішек жолдарының дисбактериозын тудыруға себепкер болады.

Микробиологиялық диагноз қою. Зертеу материалы ірің, қан, несеп және басқалары. Лабораториялық диагноз қою үшін бактериологиялық және серологиялық әдістер қолданылады. Бактериоскопиялық зерттеу әдісі қолданылмайды себебі энтерококтар жалғыздан, жұбымен, тізбектеліп орналасуы мүмкін, сондықтан оларды басқа грам оң коктардан ажырату қиындық туғызады. Қоздырғышты бөліп алу әдетте қиын емес, энтерококтарды стрептококтармен дифференциациялайды.

Емдеуі. Антибиотиктермен емдеу. Энтерококтардың антибиотиктерге тұрақтылық қасиеті болғандықтан антибиотикограмма жасап барып емдеу жүргізеді, себебі антибиотиктерге тұрақты штамдары пайда болып, әр түрлі асқынуларға әкеледі.

Алдын алуы. Жалпы шаралар. Жеке бас гигиенасын сақтау, антибиотиктерді ретсіз және дәрігердің тағайындауысыз қабылдамау және т.б.