
- •Іі бөлім. Жалпы микробиология
- •14.1 Коктар
- •14.1.1. Аэробты грам оң коктар
- •14.1.1.1. Мicrococcacеae тұқымдастығы
- •14.1.1.1.1Стафилококтар (Staphylocоccus туыстастығы)
- •Стафилококтардың медициналық маңызы бар негізгі дифференциациялық белгілері
- •Staphylocоccus aureus-тің вируленттік факторлары
- •14.1.1.2. Streptococcaceae тұқымдастығы
- •14.1.1.2.1. Стрептококтар
- •14.1.1.2.2. Энтерококтар (туыстастығы Enterococcus)
- •Энтерококтардың негізгі медициналық маңызы бар түрлерінің дифференциациялық белгілері
- •14.1.2 Аэробты грам теріс коктар
- •14.1.2.1 Нейссериялар
- •Нейссериялардың негізгі дифференциалды-диагностикалық қасиеттері
- •14.1.2.1.1. Менингококтар
- •Neisseria meningitidis-тің вируленттік факторлары
- •14.1.2.1.2. Гонококтар
- •Гонококтық инфекциялардың орналасуы және түрлері
- •14.1.3. Анаэробты коктар
- •14.1.3.1. Анаэробты грам оң коктар
- •14.1.3.2. Анаэробты грам теріс кокктар
- •14.1.3.2.1. Вейлонеллалар (Veillonella туыстастығы)
- •14.2. Грам теріс факультативті-анаэробты таяқшалар
- •14.2.1. Энтеробактериялар (Enterobacteriaceae тұқымдастығы)
- •14.2.1.1. Эшерихиоздардың қоздырғыштары
- •Enterobacteriaceae тұқымдастығының Escherichia, Shigella, Salmonella туыстастықтарының биохимиялық қасиеттері
- •14.2.1.2 Клебсиеллалар (Klebsіella туыстастығы)
- •Клебсиелла туыстығына жататын бактериялардың биохимиялық қасиеттері
- •14.2.1.3. Шигеллалар
- •14.2.1.4. Салмонеллалар (Salmonella туыстастығы)
- •14.2.1.4.1. Салмонеллез (астан улану) қоздырғыштары
- •14.2.1.4.2. Ауруханаішілік салмонеллез
- •14.2.1.4.3. Протей (Proteus туыстастығы)
- •Proteus туыстастығының биохимиялық белсенділігі.
- •14.2.1.4.Оба қоздырғышы
- •14.2.1.5. Энтеропатогенді иерсиниялар
- •14.2.1.6. Псевдотуберкулез қоздырғышы
- •14.2.1.7. Ішек иерсиниозының қоздырғышы
- •14.2.2. Вибриондар (Vibrionaceae тұқымдастығы)
- •14.2.2.1.Тырысқақ қоздырғышы
- •14.2.2.2. Парагемолитикалық вибриондар (Vibrio туыстастығы)
- •14.2.2.3. Кампилобактериялар (Сampylobacter туыстастығы)
- •14.2.2.4. Хеликобактериялар (Helicobacter туыстастығы)
- •Helicobacter pylori-дің вирулентті факторлары
- •14.2.3. Pasteurellaceae тұқымдастығы
- •14.2.3.1. Гемофилді бактериялар
- •14.2.3.1.1. Haemophilus influenzae (Афанасьев-Пфайффер таяқшасы)
- •Haemophilus туыстастығына жататын бактериялардың өсу факторларына қажеттілігі бойынша сипаттамасы
- •14.2.3.2. Пастереллалар
- •14.3.Бордетеллалар
- •14.3.1.Көкжөтел және паракөкжөтел қоздырғыштары.
- •Бордетелла түрлерінің дифференциациясы
- •14.3.2. Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары
- •Райт реакциясы үшін бруцеллездік антигенді сұйылту
- •14.3.3.Туляремия қоздырғышы
- •14.3.4. Легионеллез қоздырғышы
- •14.3.5. Псевдомонадалар (Pseudomonas туыстастығы)
- •14.3.6. Буркхольдериялар (Burkholderia туыстастығы)
- •14.4. Анаэробты бактериялар
- •14.4.1.Спора түзбейтін анаэробтар (клостридиялар емес)
- •Бактериоидтардың негізгі айырмашылық белгілері
- •14.4.2.Күйдіргі бациллалары (Bacillus туыстастығы)
- •14.4.3. Спора түзетін Clostridium туыстастығына жататын бактериялар
- •14.4.3.1. Анаэробты инфекция қоздырғыштары
- •14.4.3.1.1. Жарақаттық анаэробты инфекция қоздырғыштары. Газды гангрена.
- •Адамға патогенді клостридиялардың негізгі дифференциалдық белгілері
- •C.Perfringens тудыратын аурулар
- •14.4.3.1.2.Сіреспе клостридиясы (Clostridium tetani)
- •14.4.3.1.3. Ботулизм клостридиясы (Clostridium botulinum)
- •14.4.3.2 Лактобациллалар (Lactobacillus туыстастығы)
- •14.5.Листериялар (Listeria туыстастығы)
- •Listeria monocytogenes-тің вируленттік факторлары
- •14.6. Коринебактериялар (Corynebacterium)
- •14.6.1.Дифтерия қоздырғышы (Corynebacterium diphtheriae)
- •Адам патологиясында клиникалық маңызы бар коринебактериялар
- •C. Diphtheriae-ның биологиялық варианттарының дифференциалдық белгілері
- •14.6.2. Микобактериялар (Mycobacteriaceae тұқымдастығы)
- •14.6.2.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •14.6.2.2. Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •14.6.3.Актиномицеттер (Actynomyces туыстастығы)
- •Актиномицеттердің негізгі дифференциациялық белгілері
- •14.6.3.1. Нокардиялар (Nocardia туыстастығы)
- •Нокардиялардың негізгі дифференциалдық айырмашылықтары
- •14.6.3.1. Бифидобактериялар (Bifidobacterium туыстастығы).
- •Бифидиобактериялардың негізгі айырмашылық белгілері
- •14.6.3.2. Гарднереллалар (Gardnerella туыстастығы)
- •14.7. Риккетсиялар
- •14.7.1. Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •14.7.1.1. Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы
- •14.7.1.2. Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •14.7.1.3. Марселдік қызбаның қоздырғышы
- •14.7.1.4. Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •14.7.2. Ориенциялар (Цуцугамуши қоздырғышы)
- •14.7.3. Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •14.8. Спирохеталар және басқа ирекше, иілген бактериялар
- •14.8.1. Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •14.8.1.1. Мерез. Бозғылт трепонема (Treponema pallidum).
- •14.8.2. Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •14.8.2.1. Эпидемиялық қайталама сүзек
- •14.8.2.2. Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •14.8.2.3. Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •14.8.3. Лептоспиралар. Лептоспироз
- •14.9 Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •Хламидиялық инфекцияларға зертханалық диагноз қою.
- •14.10. Микоплазмалар. Микоплазмоздар.
- •Медициналық маңызы бар Mycoplasma және Ureaplasma туыстастықтарының түрлері.
- •Адамға патогенді микоплазмалардың негізгі биохимиялық қасиеттері
- •Микоплазмалық инфекциялардың зертханалық диагностикасы
- •15 Тарау. Клиникалық микробиология
- •15.1. Клиникалық микробиология және оның медицина үшін маңызы.
- •15.1.1. Клиникалық микробиологияның аңықтамасы, мақсаты және іріңді қабыну аурулары қоздырғыштарының сипаттамасы.
- •15.1.2. Іріңді - қабыну ауруларына микробиологиылық диагноз қою.
- •15.1.2.1.Микробиологиылық диагноз қоюдын маңызы және жалпы принциптері.
- •Көрсетілген аурулардың қоздырғыштары.
- •Әртүрлі патологиялық материалдардан бөліп алатын микрофлора.
- •15.1.3. Патологиялық материалдарды микробиологиялық зерттеу әдістері.
- •Бактериурия дәрежесі
- •15.2 Дисбактериоз
- •Қалыпты микрофлораның пайдалы функциясы
- •15.2.1 Адам организмінің қалыпты микрофлорасы
- •Жуан ішек микрофлорасы.(жалпы микробтар саны 1011-1012)
- •Балалар аіж микрофлорасының ерекшеліктері
- •Кесте 15.9. Дені сау балалар нәжісінің микрофлорасы.
- •Тері микрофлорасы
- •Тыныс алу жолдары шырышты қабатының микрофлорасы
- •Әр түрлі авторлардың мәліметтері бойынша дені сау ересектер мен балалар ішегіндегі микробиоценоз өкілдерінің саны
- •15.2.2. Адам организмінің дисбактериоздары, жэне оның даму дәрежелері.
- •Дисбиоздық микрофлораның зиянды жақтары
- •Кесте 15.14. Candida cаңырауқұлақтары - иммунды депрессия маркері
- •Балаларда болатын дисбактериоздың клиникалық көріністері және дәрежелері
- •15.3. Ауруханаішілік инфекциялардың манызы жэне анықтамасы
- •15.3.3.Ауруханалық ортаның сипаттамасы.
- •15.3.5. Инфекциялық бақылау бағдарламасының міндеттері.
- •16.1.Эволюциялық дамудағы рөлі, жіктелуі (класификациясы)
- •16.1.1. Вирустардың ашылуы
- •16.1.2. Вирусологияның даму кезеңдері
- •16.1.3. Вирустардың табиғаты
- •16.2. Вирусты инфекциялардың патогенезі
- •16.2.1. Вирустың таралу жолдары
- •16.2.2. Вирустық инфекциялардың түрлері
- •16.2.3. Жасушаларда трансформациялық процестер дамуындағы вирустардың рөлі
- •16.2.4. Вирустық инфекциялар патогенезінің ерекшеліктері
- •17 Тарау. Жеке вирусология
- •17.1.1. Пикорнавирустар
- •17.1.1.1. Сал (полиомиелит) вирусы
- •Полиомиелит вирусының типтері
- •17.1.1.2. Коксаки вирустары
- •17.1.1.3. Есно – вирустары
- •17.1.1.4. Гепатит а вирусы (агв-hav)
- •17.1.1.5. Риновирустар
- •17.1.1.6. Аусыл вирусы
- •17.1.2. Тогавирустар
- •17.1.2.1. Альфавирустар
- •17.1.2.2. Қызамық вирусы
- •17.1.3. Флавивирустар
- •17.1.3.1. Сары қызба вирусы
- •17.1.3.2. Кенелік энцефалит вирусы
- •17.1.3.3. Жапондық энцефалит вирусы (масалық энцефалит)
- •17.1.3.4. Омбылық геморрагиялық қызба (огқ)
- •17.1.3.5. С гепатит вирусы (hcv)
- •17.1.3.6. G – гепатит вирусы (hgv)
- •17.1.3.7. Е гепатит вирусы (неv)
- •17.1.3.8. Ttv-гепатит вирусы
- •17.1.4. Коронавирустар
- •17.1.5. Реовирустар
- •17.1.5.1. Реовирустар (ортореовирустар)
- •17.1.5.2. Ротавирустар
- •17.1.5.3. Орбивирустар
- •17.1.5.4. Колтивирустар
- •17.1.6. Ортомиксовирустар
- •17.1.7. Парамиксовирустар
- •17.1.7.1. Парагрипп вирустары
- •17.1.7.2. Мысқыл (эпидемиялық паротит) вирусы
- •17.1.7.3. Қызылша вирусы
- •17.1.7.4. Респираторлық – синцитиальдық вирус
- •17.1.8. Рабдовирустар
- •17.1.8.1. Везикулярлық стоматит вирусы
- •17.8.2. Құтыру вирусы
- •17.1.9. Ретровирустар
- •17.1.10. Ареновирустар
- •17.1.10.1. Лимфоцитарлық хориоменингит
- •17.1.10.2. Ласса геморагиялық қызбасы
- •17.1.10.3. Д гепатит вирусы (hdv )
- •17.1.11.Филовирустар
- •17.1.11.1. Марбург ауруы
- •17.1.11.2. Эбола қызбасы
- •17.1.12 . Буньявирустар
- •17.1.12.1. Қырым- Конго геморрагиялық қызбасы (қкгқ).
- •17.1.12.2. Бүйрек синдромды геморрагиялық қызба вирусы (бсгқ)
- •17.2.1. Парвовирустар
- •17.2.2. Аденовирустар
- •17.2.3. Поксвирустар
- •17.2.3.1. Нағыз немесе қорасан шешегінің вирусы
- •17.2.3.2. Шешектік вакцина вирусы (сиыр шешегінің вирусы)
- •17.2.3.3. Контагиялық моллюск вирусы
- •17..2.4. Ұшық вирустары –Герпесвирустар
- •17.2.4.1. Қарапайым ұшық вирустары (құв)
- •17.2.4.2. 3-Типтік ұшық вирусы
- •17.2.4.3. Бетта-герпесвирустар(5-типі). Цитомегаловирус (цмв).
- •17.2.4.4. Эпштейн-Барр вирусы (эбв). Ұшық вирусының 4-типі.
- •17.2.5. Гепатит в вирусы (hbv)
- •17.2.6. Паповавирустар
- •17.2.6.1. Папилломавирустар
- •17.2.6.2. Полиомавирустар
- •Полиомавирустық геномның реттеуші учаскелері
- •17.2.7. Онкогенді вирустар
- •Адамдарда қатерлі ісіктер дамуын қоздыратын вирустар
- •17.2.7.1. Онкогенді днқ- геномды вирустар
- •17.2.7.2. Адамдардың онкогенді рнқ-геномды вирустары
- •17.2.8. Вирустық баяу инфекциялар (приондық аурулар)
- •Адамдар мен жануарлардың приондық аурулары
- •18 Тарау. Жиі кездесетін микоздардың сипаттамасы
- •18.1. Беткейлік микоздардың қоздырғыштары
- •18.1.1.Кератомикоздардың қоздырғыштары
- •18.1.1.2. Ақ пьедра қоздырғышы – Trichosporon beigelli.
- •18.1.1.3. Қара теміреткі (Exophiala wernekii) және қара пьедра (Piedraia hortae) қоздырғыштары.
- •18.1.2. Дерматомикоздардың қоздырғыштары.
- •Адамдарға патогенді дерматофиттер.
- •18.1.2.1. Микроспория қоздырғыштары.
- •18.1.2.2. Трихофития қоздырғыштары.
- •18.1.2.3. Эпидермофития қоздырғышы
- •18.2. Теріастылық (субкутанды) микоздардың қоздырғыштары.
- •18.2.1. Споротрихиоз қоздырғышы-Sporothrix schenckii
- •18.2.2. Хромобластомикоз қоздырғышы.
- •18.2.3. Мицетома қоздырғыштары
- •18.2.4. Феогифомикоз қоздырғышы
- •18.3.Терең жүйелік микоздардың қоздырғыштары.
- •18.3.1. Гистаплазмоз қоздырғышы.
- •3.2. Криптококкоз қоздырғышы.
- •18.3.3. Кокцидиоидоз қоздырғышы
- •18. 3.4. Бластомикоз қоздырғышы
- •18.4. Оппортунистік микоздардың қоздырғыштары.
- •18.4.1. Кандидоз қоздырғыштары
- •Медициналық маңызы бар Candida туыстастығына жататын саңырауқұлақтардың микроморфологиялық ерекшеліктері
- •Candida саңырауқұлақтарын клиникалық-экологиялық таралау
- •18.4.2. Аспергиллез қоздырғыштары
- •Медициналық маңызы бар Aspergillus туыстастығының экологиялық және клиникалық ерекшеліктері
- •Aspergillus саңырауқұлақтары колонияларының сипаттамасы
- •18.4.3. Сирек кездесетін оппортунистік инфекциялардың қоздырғыштары
- •18.4.3.1. Пенициллиоз қоздырғыштары
- •18.4.3.2. Фузариоз қоздырғыштары
- •18.4.3.3. Зигомикоз (фигомикоз) қоздырғыштары
- •18.5. Микоздарға микробиологиялық диагноз қоюдың принциптері
- •18.5.1. Зерттеу үшін алынатын заттар
- •18.5.2. Зерттеу әдістері
- •18.5.2.1. Микроскопиялық әдіс
- •18.5.2.2. Дақылдық әдіс
- •18.5.2.3. Микоздарға диагноз қоюдың басқа әдістері
- •18.5.2.4. Микоздарды емдеу мен алдын алудың принциптері
- •Антимикотикалық дәрмектер
- •Саңырауқұлақтық инфекциялар қоздырғыштарының клиникалық-микологиялық классификациясы.
- •Қарапайымдылар (Protozoa)
- •19.1. Саркодылар (Sarcodina )
- •19.1.1. Амебиаз қоздырғышы.
- •19.2. Талшықтылар (Flagelleta).
- •19.2.1. Лейшманиоз қоздырғыштары.
- •19.2.2. Трипаносомоздардың қоздырғыштары
- •19.2.3. Трихомониаз қоздырғыштары.
- •19.3. Споралылар (Sporozoa)
- •19.3.1. Токсоплазмоз қоздырғышы
- •19.3.2. Безгек қоздырғыштары.
- •19.4. Кірпікшелілер (Ciliata).
- •19.4.1. Балантидиаз қоздырғышы
- •20.1. Ауыз қуысының микрофлорасы
- •20.1.1. Ауыз қуысының қалыпты микрофлорасы
- •Ауыз қуысының бактериялық микрофлорасы
- •20.1.1.1. Ауыз қуысындағы қалыпты микрофлораның қызметі
- •20.1.2. Ауыз қуысының микробтарын дақылдандыру ерекшеліктері және оның физиологиялық маңызы
- •20.1.3. Ауыз қуысындағы микрофлораның адам жасына байланысты ерекшеліктері
- •20.1.4 Ауыз қуысы - жұқпалы аурулар қоздырғыштарының кіру қақпасы
- •Ауыз қуысының антимикробты қорғаныстық факторлары
- •20.2. Стоматологиялық аурулардың микробиологиясы
- •20.2.1. Халитозис
- •20.2.2 Микробтар туғызатын аурулар
- •Тіс ауруларын қоздыратын негізгі микроорганизмдер
- •20.2.2.1 Микробтық тіс дақтарының пайда болуы
- •20.2.2.2. Кариес
- •20.2.2.3 Пульпит
- •20.2.3 Микробтармен қоздырылатын пародонт аурулары
- •20.2.3.1 Гингивит
- •20.2.3.2 Пародонтит
- •20.2.4 Микробтармен қоздырылатын ауыз қуысы шырышты қабығының аурулары
- •20.3. Одонтогендік инфекция
- •20.3.1 Периодонтит
- •20.3.2 Жақ периоститі
- •20.3.3 Жақ остеомиелиті
- •20.3.4 Тіс аймағында жұмсақ тіннің абсцесстері мен флегмоналары
- •20.4. Жұқпалы аурулар кезіндегі ауыз қуысының зақымдалуы
- •20.4.1 Бактериялық зақымдалуы
- •20.4.1.1. Стафилококтық және стрептококтық іріңдік зақымдалу
- •20. 4.1.2 Бет-жақ актиномикозы
- •20.4.1.3 Жаралы-шірік Венсан гингивостоматиті (фузоспирохетоз)
- •20.4.1.4 Гонококтық стоматит
- •20.4.1.5 Туберкулез кезіндегі ауыз қуысының зақымдалуы
- •20.4.1.6. Алапес кезіндегі зақымданулар.
- •20.4.1.7. Мерез кезіндегі зақымданулар
- •20.4.2 Ауыз қуысының вирустық зақымданулары
- •20.4.2.1. Герпесвирустық инфекциялар.
- •20.4.2.2. Коксаки а вирустық инфекция
- •20.4.2.3 Аив инфекциясы
- •20.4.2.4 Папилломавирустар
- •20.4.2.5 Приондық аурулар
- •20.4.3 Саңырауқұлақтық зақымдалу
- •20.5. Стоматологиялық емдік- профилактикалық мекемелердегі ауруханаішілік инфекциялар
- •20.5.1. Аурухана ішілік инфекциялардың эпидемиологиясы
- •20.5.2. Ауруханаішілік инфекциялардың этиологиясы
- •Стоматологиялық мекемелерде жұғу мүмкіндігі бар инфекциялық аурулар
- •20.5.3.Стоматологиялық ауруханаішілік инфекцияның жұғу жолдары және берілу факторлары
- •20.5.4. Стоматологиялық жәрдем көрсетілген кезде іріңдеу – септикалық инфекция жұқтыру қауіпін тудыратын факторлар
- •20.5.5. Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуы
- •20.6. Клиникалық материалды микробиологиялық зерттеу
- •20.6.1 Ауыз қуысынан материалды зерттеуге алу, сақтау және зертханаға жеткізу
- •20.7. Стоматологияда микробтарға қарсы қолданылатын заттар мен факторлар
- •20.7.1 Дезинфекция және стерилизация
- •20.7.2. Антисептиктер
- •20.8. Тіс дәрігерінің биологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтауы
- •20.9. Тіс емдеуде биологиялық дәрі - дәрмектерді қолдану
- •20.9.1.Биологиялық препараттарды стоматологияда қолдану
- •1.Бактериялық жасуша құрылымына жатады:
- •17.Қарапайым қоректік орталар:
- •18.Дифференциальды - диагностикалық орталар:
- •19.Бактериялардың дақылдық қасиеті-ол:
- •20.Штамм дегеніміз не?
- •21.Бөлініп алынған микроб дақылын идентификациялау келесі қасиеттерін анықтаумен атқарылады:
- •22.Сероварлар (анықтамасы, мысалы):
- •Тест сұрақтарына жауаптар
- •Қосымшалар
- •Кейбір аурулардың қазақша атауларының орысша баламасы
- •Қолданылған әдебиеттер
14.6.3.Актиномицеттер (Actynomyces туыстастығы)
Актиномикоз – жеделдеу немесе созылмалы түрде өтетін, клиникалық көрінісі көп түрлі - іріңдеу, абцесс, жыланкөз түзетін гранулематозды ауру. Адамдармен қатар жануарлар да ауырады. Қоздырғыштары актиномицеттердің түрлері болып табылады. Науқастың диагнозы көп жағдайда кешіктіріліп қойылады.
Дертке ең бірінші болып 1845 жылы B. Langenbek сипаттама берген. Кейінірек 1877 жылы неміс ветеринары Otto Bollinger ірі қара малда ісік тәріздес зақымдануларда кристалл сияқты дәнді бөлшектерді тапқан, осыған байланысты оларды друзалар деп атаған. «Актиномикоз» (сәулеленген саңырауқұлақтар) терминін неміс ботанигі Carl O’ Harz (1877ж) грануладағы жіпшелерінің саңырауқұлақтардың мицелилері тәріздес сәулеленіп таралуына қарап ұсынған.
Таксономиясы. Қоздырғыштардың басым көпшілігі Actynomyces туыстастығына жатады ең жиі кездесетіні анаэробты түрі - A.israelii, кейбір түрлері Propionobacterium немесе Bifidobacterium туыстастығына жатады. Қалған түрлерінің ішінде жиі кездесетіндері: A.bovis, А.viscosus, A.naeslundii, A.odontolyticus болып табылады (36- сурет)
Морфологиясы мен тинкториалдық қасиеттері. Тармақтары бар жіпшелер мен жіңішке таяқшалар, грамша оң боялады, қозғалмайды. Саңырауқұлақтардан айырмашылығы жасуша қабырғасында хитин немесе целлюлозасы жоқ, қабырғасының құрылымы грам оң бактериялар сияқты. Мицеллиялары қарапайым, жіңішке, тармақталған, тік немесе иілген таяқшалар. Актиномицеттердің ерекше қасиеттері – жақсы дамыған мицеллий түзеді. Мицеллийдің гифалары бөлінбеген. Таяқша пішінді актиномицеттердің ұштары жуандау. Жағындыда жұптасып V, Y- тәрізді немесе қатарласып орналасады. Барлық морфологиялық пішіндері шынайы тармақталуға қабілетті, әсіресе тиогликольді жартылай сұйық қоректік ортада. Грам әдісімен нашар боялады. Жиі - дәнді немесе таспих пішінді. Конидиялары жоқ. Қышқылға тұрақсыз. Типтік өкілі - Actynomyces bovis.
Дақылдылдандыру. Тыныс алуы бойынша – облигатты анаэробтар, факультатитвті анаэробтар, капнофилдер. Баяу өседі (7-10 тәулік). Қанды агарда альфа, бетта, гамма гемолиз береді. Жүрек-ми қосылған агарда, сарысу мен қанмен байытылған орталарда, ашытқы экстракты қосылған орталарда, Сабуро және Чапек орталарында жақсы өседі. Кейбір түрлері мицеллийге ұқсас жіпше микроколониялар түзеді. Екі аптадан кейін S-пішінді, құрғақ, қиқым сияқты колониялар пайда болады. Кейбір штамдардың пигменттері бар. Actynomyces israelii қарапайым қоректік орталарда жақсы өспейді, сарысу, ақуыз қосылған қоректік ортада түссіз, мөлдір, тегіс, қоректік ортамен тығыз байланысқан колониялар түзеді. Пигмент түзбейді. Қанды агарда ақ түсті томпақша колониялар түзеді. Actynomyces odontolyticus қанды агарда қызыл түсті, бетта гемолиз аймағы бар колониялар түзеді.
Ферменттік белсенділігі. Хемоорганотрофтар. Көмірсуларды газсыз, қышқылға дейін ыдыратады (сірке, құмырсқа, сүт, янтарь қышқылына дейін). Индол түзбейді. Түрлік дифференциациясы 14.20- кестеде берілген.
Кесте 14.20.
Актиномицеттердің негізгі дифференциациялық белгілері
Белгілері |
Түрі |
|||||||||
А.viscosus |
A.naeslundii |
A.israelii |
A.odontolyticus |
A.bovis |
||||||
Аэробты жағдайда өсуі |
+ |
+ |
- |
+ |
+ |
|||||
Серологиялық топтары (ИФТ) |
В |
Е |
D |
A |
F |
|||||
Коло-ниялары: |
тегіс |
- |
- |
- |
+ |
+ |
||||
өрмекші тәрізді |
+ |
+ |
+ |
- |
- |
|||||
Каталаза |
+ |
- |
- |
- |
- |
|||||
Уреаза |
+ |
+ |
- |
- |
- |
|||||
Крахмал |
- |
- |
- |
- |
+ |
|||||
Арабиноза |
+ |
+ |
+/- |
- |
? |
|||||
Инозит |
+ |
+ |
+ |
- |
? |
|||||
Ксилоза |
- |
- |
+ |
- |
+/- |
|||||
Маннит |
- |
- |
+ |
- |
- |
|||||
Манноза |
+ |
+/- |
+ |
- |
? |
Антигендік қасиеті. Жасуша қабырғасының түрспецификалық антигендері дифференциациялаушы белгілері болып табылады. ИФТ көмегімен 6 серологиялық топтарға бөлінеді: А, В, С, D, Е, F.
Резистенттілігі. Ауаға түскенде бірден жойылады. Пенициллин, эритромицин, тетрациклин, клиндамицинге сезімтал. Дегенмен, фунгицидтық препараттарға тұрақты. Тәжірибеде кеңінен қолданатын дезинфектанттар мен антисептиктерге сезімтал.
Негізгі мекендейтін ортасы – топырақ. Тұрақты түрде суда, ауада, әртүрлі қоршаған орта объектілерінде, өсімдік, жануарлар және адамдарда табылады. Адам және сүтқоректі жануарлардың ауыз қуысының шырышты қабатында орналасады.
Эпидемиологиясы. Актиномикоздар эпидемиологиясының ерекшеліктері:
Сапроноздар.
Жұқтыру көздері: қоршаған орта объектілері, науқастар мен батериотасымалдаушылар (адамдар мен жануарлар).
Жұғу механизмі: аэрогенді.
Көбінесе таралу механизмі – қарым-қатынастық, жанасу; берілу жолдары – жарақат арқылы. Актиномицеттерді қабылдағыштық шартты-патогенді микроорганизмге сәйкес келеді. Актиномицеттер көп мөлшерде адам ағзасында қалыпты микрофлора құрамында кездесіп отырады, яғни сау адамның ауыз қуысында, ас қорыту жолдарында, қынапта кездеседі. Бұл микроорганизмдер адамдарда тіс кариесі, периодонтит, көз инфекциялары және жатырішілік контрацептивтік заттарды қодлнаған кезде дамитын инфекциялық аурулар және де басқа қабыну үрдістері дамуы кезінде маңызды орын алады.
Патогенезі. Актиномикоз – аэробты және факультативті анаэробты актиномицеттер тудыратын адам және жануарлардың созылмалы оппортунистік инфекциясы. Актиномицеттер ауыз қуысы мен ішектің қалыпты микрофлорасының құрамына кіретіндіктен эндогенді инфекция дамуы мүмкін. Түрлі ағзалар мен тіндерде қабыну ошақтары – актиномалар түзіледі. Актиномаларда актиномицеттердің друзалары табылады. Оппортунистік инфекция тудырады.
Алғашқы актиномицеттік зақымданулар олардың орналасқан жерлерінде пайда бола бастайды. Содан соң біртіндеп тері асты шелмайлар, байланыстырушы тін, лимфа және қан арқылы бүкіл ағзаға тарала бастайды. Міне соның салдарынан ол эндогенді инфекция ретінде дамиды. Бірақ та топырақ, өсімдік және т.б. арқылы ағзаға келіп түсетін экзогенді жолды да ескеру қажет. Аурудың бұл жолмен дамуы үшін ағза бүтіндігі бұзылуы керек (тері, шырышты қабат жарақаты және т.б.).
Клиникалық көріністері. Клиникасы гранулемалық қабынумен сипатталынады, белгілері полиморфты. Орналасуы бойынша мойынды-беттік, торакалді, абдоминалді, зәр шығару-жыныстық, сұйек-буындық, сепсистік ж.т.б. түрлерін ажыратады.
Ең жиі кездесетін түрі жақ-бет және мойын-беттік түрі болып табылады (58-97%). Өкпе актиномикозы оған қарағанда сирегірек кездеседі. Біріншілік және екіншілік зақымдану түрінде пайда болады. Екіншілік түрі мойын-беттік түрінің ұлғайып кетуінің салдарынан диафрагма мен құрсақ қуысының зақыимдануымен көрініс беруі мүмкін. Бастапқы кезде бронхит, интерстициальды пневмония, плеврит сияқты клиникалық көрініс береді. Дами келе үрдіске плевра эмпиемасы,перикардит, көкірек қабырғасының қабынулары қосылады. Ауру ағымы солғын болғандықтан диагноз қою қиындайды.
Актиномикоздың абдоминальды түрінде кіші жамбас қуысы ағзаларының перфорациясы салдарынан дамиды. Ол – аппендикстің жарылуы, ойық жара тесілуі, хирургиялық дивертикулиттер мен басқа да жарақаттық зақымдалулар.
Тіндік актимномикоз кезінде пролиферация дамып, жиектері грануляцияланған көптеген абцестер, іріңді ошақтар мен жылакөздері бар қуыстар пайда болады. Ірің ішінде диаметрі 1мм пішіні, түсі әртүрлі қырыққабатқа ұқсас друзалар табылады, бұлардың диагностикалық маңызы зор. Друзаның жан-жағы полиморфты-ядролы лейкоциттермен қоршалып, грануляциялық тін түзіліп, фиброзды қабаттар пайда бола бастайды.
Иммунитеті. Аз кернеулі, ЖСБТ (ГЗТ) түзіледі. Толығымен зерттелмеген.
Микробиологиялық диагноз қою үшін келесі әдістерді қолданады:
Микроскопиялық әдіс. Зерттеу материалы – қақырық, ликвор, ірің, пунктаттар, тіннің биопсиясы. Бактериоскопиялық әдіс кезінде орталығында пигменттелген дәнді гифалардың жиынтығы бар, шеттерінде колба тәрізді ісінулері бар гифалар көрінеді. Жарақаттан алынған зерттеу затын зат әйнекшесіне қойып бетін жабынды әйнекпен жабады, ұлғайтуын азайтып, конденсорды төмен түсіріп немес метилен көгімен бояп қарайды. Гистологиялық зерттеу затын биопсиялық зерттеуден өткізу де диагноз қоюды оңайлатады. Грам әдісі бойынша споралары қоңыр-аспанкөк түсті, мицеллийлері – аспанкөк түсті, друзалары – ақшыл қызыл түске боялады. Циль-Нильсен әдісі бойынша – споралары қызыл түске боялады.
Бактериологиялық әдіс. Қорытынды диагноз қоздырғышты бөліп алу арқылы қойылады. Қоздырғыштың таза дақылын бөліп алу 14 күннен артық уақыт алуы мүмкін. Қолданылатын қоректік орталар: қантты агар, Сабуро ортасы. Жалпылама қолданатын кесте бойынша таза дақылға идентификациялау жүргізеді. Бөлінген дақылдың актиномицеттерге тән белгілерін анықтайды: сүтті ұйытады және пептонизациялайды. Анаэробты микробтардың бөлінуі актиномикоз диагнозын дәлелдейді.
Серологиялық диагноз қою үшін антилизатпен КБР және ПГАР қолданады.
Аллергиялық сынама актинолизатпен жүргізіледі.
Емдеуі. Пенициллин, эритромицин, тетрациклин, клиндамицинге сезімтал. Дегенмен, фунгицидтық препараттарға тұрақты.
Арнайы алдын алуы қарастырылмаған. Бейспецификалық сақтандыруы адамның иммундық статусын жоғарылатуға бағытталған.