Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

14.6. Коринебактериялар (Corynebacterium)

Коринебактериялар грам оң, тік немесе сәл иілген, дұрыс емес пішінді, нәзік таяқшалар, шеттері доғалданған немесе қолшоқпар тәрізді болып келеді(35- сурет). Екі шеттеріндегі жуанданулар жасуша ішінде кездесетін «валютин», басқаша атағанда Бабеш-Эрнст дәндерінің арқасында болады, бұлар полиметафосфаттардан тұрады, қоректік зат қоры болып табылады. Қозғалмайды, спора түзбейді, қышқылдарға сезімтал. Факультативті анаэробтар. Өсіп - көбею үшін арнайы қоректік орталарды қажет етеді (сары су немесе қан қосылған қоректік орта). Каталаза түзеді. Табиғатта кеңінен таралған, адамның және жануарлардың қалыпты микрофлора құрамына кіреді.

Туыстастыққа 20-дан астам түрлер кіреді. Басым көпшілігі шартты-патогенді болып табылады. Типтік өкілі - Corynebacterium diphtheriae. Шартты патогенді коринебактериялар түрлері: C. pseudodiphtheriticum, C.xerosis, C.uclerans, C.cistidis. Адам патологиясындағы маңызы бар коринебактериялар 14.18-кестеде келтірілген.

14.6.1.Дифтерия қоздырғышы (Corynebacterium diphtheriae)

Дифтерия (күл) - Corynebacterium diphtheriae туғызатын антропонозды, ауа-тамшылы жолмен тарайтын токсинемиялық жұқпалы ауру. Көмей, жұтқыншақ, кеңірдек т.б. ағзаларда фибринозды қабынумен және организмнің жалпы интоксикациясымен сипатталады. Аурудың аталуы грек сөзінен diphthera – үлбір, қабықша, тері – деген мағынаны білдіреді. Ол аурудың клиникалық белгілерімен байланысты. Дифтерия қоздырғышын Т. Клебс 1883ж ашып, Ф. Леффлер 1884ж таза дақылын бөліп алған.

Кесте 14.18

Адам патологиясында клиникалық маңызы бар коринебактериялар

Corynebacterium туыстастығының түрлері

Қоздыратын аурулары

C. diphtheriae

Дифтерия

C. ulcerans

Иммунды тапшылығы бар адамдағы баспа.

C. jeikeium (JK тобы)

Жұмсақ тіндердің инфекциясы, септицемиясы.

C. urealiticum (D2 тобы)

Зәр шығару жолының инфекциясы (пиелонефрит, цистит және басқа оппортунистік инфекциялар)

C. minutissimum

Эритразма, оппортунистік инфекциялар.

C. xerosis

Оппортунистік инфекциялар.

C. pseudodiphtheriticum

Эндокардит, оппортунистік инфекциялар.

C. striatum

Оппортунистік инфекциялар.

Arcanobacterium haemolyticum

Созылмалы тонзиллиттер, терінің зақымдалуы.

Таксономиясы.

Тұқымдастығы: Actinobacteriaceae.

Туыстастығы: Corynebacterium

Түрі: Corynebacterium diphtheriae

Микробтың аты морфологиялық ерекшелігіне байланысты грек сөзі «сoryne» - шоқпар, «bacteriа» – таяқша деген мағынаны білдіреді. Corynebacterium diphtheriae - морфлогиялық, дақылдық, биохимиялық, антигендік қасиеттері және токсигендігі бойынша басқа коринебактерияларға қарағанда гетерогенді. Күл таяқшасының биоварлары – gravis, mitis, intermedius.

Морфологиясы. Дифтерия қоздырғышы полиморфизммен сипатталады - жіңішке, сәл иілген таяқша, коктар тәрізді және бұтақталатын түрі бар. Бактериялар бір-біріне бұрышталып орналасады, латынның L, X, V, Y әріптеріне ұқсас. Спора түзбейді, талшығы жоқ, көптеген штамдарында микрокапсуласы бар. C.diphteriae-ның негізгі қасиеті: таяқшаның екі ұшында волютин дәндерінің болуы, ол жасушалардың анилин бояуларымен біркелкі емес боялуын қамтамасыз етеді, Грамша оң боялады. Дифтерия қоздырғышы фильтрден өтетін және L-пішінді түрге айналуы мүмкін. Идентификациялау кезінде дифференциалды-диагностикалық маңызы бар қасиеттері (полиморфизм, таяқшалардың өзара орналасуы, волютин дәндері т.б.) ескеріледі.

Дақылдандыру. C.diphtheriae - факультативті анаэроб, өсу үшін ең қолайлы температура 37әС, орта рН-7,6, арнайы қоректік орталарда өседі, көбінесе элективті орталарда: Ру, Леффлер қоректік ортасы, ұйытылған сарысу, Бучин (хинозолді) ортасы, Тинсдаль (цистин-теллурит-сарысулы) ортасы. Калий теллуриті мен қаннан тұратын Клауберг ортасында үш типті колониялар өседі: ірі, сұр, шеттері түзу емес, радиалды сызылған, дәстүргүл (маргаритка) тәрізді; ұсақ, қара, томпайған, шеттері біркелкі; екі типке де ұқсайтын колониялар. Дақылдық және ферменттік қасиеттеріне байланысты C.diphtheriae-ның 3 биологиялық варианты бар: gravis, mitis, intermedius (14.19-кесте).

Belfanti биологиялық варианты дақылдың морфологиясы, биохимиялық қасиеттері бойынша mitis биологиялық вариантына ұқсас. Сондықтан көп уақыт осының варианты деп саналды. Gravis және mitis варианттарынан айырмашылығы ол нитритті нитратқа айналдырмайды, дегенменен бұл тест гликогенді ыдыратуымен қатар, дифтерия қоздырғышын идентификациялау кезіндегі міндетті тестке жатпайды. Міндетті анықтайтын және тұрақты белгісі – крахмалды ыдырату.

Ферменттік белсенділігі. Дифтерия қоздырғышының биохимиялық белсенділігі жеткілікті жоғары. Басқа ферменттермен қоса ол өзге коринебактерияларда жоқ цистиназа ферментіне ие. Mitis биоварына қарағанда gravis биовары крахмал мен гликогенді ыдыратады.

Антигендік қасиеті. Дифтерия бактерияларының ең негізіг антигені – бөліп шығаратын токсині болып табылады. Дифтерия қоздырғышы О- және К–антигендерге ие. К-антигендері құрылымы бойынша 58 серологиялық варианттарға бөлінеді. Mitis-тің серологиялық варианттары – 40, ал gravis – 14 серологиялық варианттан тұрады. C.diphtheriae-ның серологиялық ваинттарын жіктейтін халықаралық кестесі осы уақытқа дейін қарастырылмаған. Фаготиптеуі. Бактерияның түрішілік идентификациясы фаготиптеу арқылы жүргізіледі. Фаготиптеу өте маңызды тестке жатады, себебі ол дифтерия ошағын толығымен зерттеуге, бактерия тасымалдаушылықтың қалыптасуын және мерзімін, топтық ауру көбеюінің себебін анықтауға және т.б. мүмкіншілік береді. Дегенменен, фаготиптеудің тұрақты кестесі жасалмаған. Қазіргі уақытта идентификациялау үшін ПТР және рестрикциялық талдау жүргізіледі.

Патогенділік факторлары. Негізгі клиникалық көрініс беретін патогендік факторына дифтериялық экзотоксин жатады. Токсин түзу қабілетіне C.diphtheriae-ның барлық штамдары ие. Осыған негізделе отырып оларды токсигенді және токсигенді емес деп ажыратады. Токсигенді емес штамдары дені сау, клиникалық және эпидемиологиялық маңызы жоқ бактерия тасымалдаушылардан бөлініп алынады. Күл ауруын тек қана токсигенді штамдары ғана қоздыра алады. Күл экзотоксиннің құрылымы екі суббірліктен: токсикалық полипептид - протоксиннен және транспорттық полипептидтен тұратын ақуыз. Күл экзотоксиннің негізгі әсер ету нысаналары таңдайдың шырышты қабығы, көмей шырышты қабығы, бүйрекүсті безі, миокард және жүйке тіні. Экзотоксинді күлдің лизогенді бактериялары өндіреді, оларда «нысана» жасушаларға токсикалық полипептидтің жеткізілуіне жауапты, транспорттық полипептидті кодтайтын tox гені бар профаг болады. Tox коринефагының лизогенизация кезінде болатын фагтық конверсия нәтижесінде, токсигенсіз C.diphtheriae токсигенді түріне айналады.

Сонымен қатар, дифтерияның құрамына кіретін басқа да патогенді факторлар кездеседі, оларға: адгезиндер, бактериоциндер, агрессия ферменттері, темір байланыстырушы ақуыздар жатады. C.diphtheriae гиалуронидаза, нейраминидаза, корд-фактор сияқты агрессия ферменттерін синтездейді. Шартты патогенді коринебактериялар терінің зақымдауын, фарингиттер, эндокардиттер, перитониттер, пиелит және циститтер т.б. қоздырады. Corynebacterium туыстастығының дифтерия

Кесте 14.19.