Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

14.4. Анаэробты бактериялар

14.4.1.Спора түзбейтін анаэробтар (клостридиялар емес)

Қоздырғыштардың түрлері:

1. Bacteroides fragilis

2. Fusobacterium nucleatum, F. necroforum

3. Prevotella melaninogenicus, P. intermedia

Морфологиясы. Спора түзбейтін анаэробтар (клостридиялар емес) – грам теріс (бактероидтар, фузобактериялар, вейлонеллалар) және грам оң (актиномицеттер, пептококтар, пептострептококтар), биологиялық қасиеттері әртүрлі, таяқша және кокк тәрізді бактериялар. Әртүрлі таксономиялық категориялардан тұратын облигатты анаэробтардың көлемді тобын құрайды.

Дақылдандыру. Қатаң анаэробты жағдайда (әдетте ауадағы N2, CO2, Н2 қоспаларынан тұратын) өсіріледі. Спора түзбейтін анаэробтар полиморфизммен ерекшеленеді, әртүрлі дәрежедегі ферменттік белсенділікке ие. Кейбір түрлердің антигендік қасиеті толығымен зерттелмеген. Патогендік факторлары: капсула, ферменттер, грам теріс бактерияларда – липополисахаридтер.

Аэробты жағдайда қоздырғыштар жылдам жойылады. Физикалық және химиялық факторларға сезімталдығы спора түзбейтін бактерияларға тән. Әрқайсысының өзіне тән антибиотиктерге сезімталдығы болады. Грам теріс анаэробтардың (типтік өкілі Bacteroides fragilis) аминогликозидтерге (гентамицин, канамицин) сезімталдығы жоқ, метранидазолға (трихопол), клиндомицинге және басқа да кең спектрлі антибиотиктерге сезімтал. Осы туыстастықтың негізгі айырмашылық белгілері 14.14- кестеде берілген.

Кесте 14.14.

Бактериоидтардың негізгі айырмашылық белгілері

түр

Индол түзу

Желатинді ыдырату

Эскулинді ыдырату

Н2S түзу

Ыдырату нәтижесінде қышқылдың бөлінуі

рамноза

глюкоза

лактоза

Сахароза

B. fragilis

-

+/-

+

+

-

+

+

+

B.thetaiotaomicron

+

+/-

+

+

+

+

+

+

B. vulgaris

-

+

+

+

+

+

+

+

B.distasonis

-

+/-

+

+

+/-

+

+

+

B.uniformis

+

-

+

?

-

+

+

+

B.caccae

-

+/-

+

-

+/-

+

+

+

B.ovatus

+

+/-

+

+

+

+

+

+

B.merdea

-

+/-

+

+

+

+

+

+

B.stercoris

+

-

+

?

+

+

+

+

B.urealyticus

-

+/-

-

+

-

-

-

-

B.gracilis

-

-

-

+

-

-

-

-

Спора түзбейтін анаэробтар (бактероидтар, фузобактериялар, порфиромонадтар, превотеллалар т.б.) адамның қалыпты микрофлорасының құрамды бөлігі болып табылады. Әсіресе олар ауыз қуысының, тоқ ішектің және әйелдердің жынысты мүшелерінің шырышты қабығында мекендейді.

Патогенділік факторлары.

Капсула, пили, сыртқы мемрана ақуыздары, агрессия ферменттері (нейраминидаза, фибринолизин), эндотоксин (ЛПС)- Bacteroides.

Эндотоксин (ЛПС), гемолизин, лейкоцидин- Fusobacterium.

Капсула, адгезин, агрессия ферменттері, эндотоксин (ЛПС), протеаза Ig A- Prevotella.

Патогенезі: )оздырғыштар шартты патогенді бактерияларға жатады. Иммундық жетіспеушілік жағдайларында эндогендік инфекция дамиды. Аэробтармен жиі бірігеді.

Патология түрлері:

1. Түрлі ағзалар мен тіндерде іріңді-қабыну процестері

2. Венсан баспасы (фузобактериялар ауыз қуысының спирохеталарымен бірігіп).

3. Септикалық шок.

Эпидемиологиясы. Спора түзбейтін анаэробтар инфекциясының эпидемиологиясы зерттелмеген. Ауруды көбінесе, әсіресе иесінің ағзасының тұрақтылығы төмендегенде, өзіндік эндогенді бактериялар тудырады. Иесінің ағзасындағы экологиялық орны: адамның тоқ ішегі (Bacteroides), ішек, жыныс жолдары (Fusobacterium), ауыз қуысы мен жоғарғы тыныс жолдары (Prevotella).

Иммунитеті зерттелмеген.

Микробиологиялық диагноз қою. Бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеулер жүргізіледі. Ірің немесе зақымдалған тін, қан зерттеуге алынады; анаэробтарды табу үшін газды сұйықты хроматография, ИФТ және т.б. қолданылады. Антибиотикограмманы анықтау міндетті түрде жүргізіледі.

Емдеуі. Басым көпшілік жағдайларда антибактериалды препараттармен (метранидазол, клиндомицин, цефалоспорин, левомицетин, эритромицин) бірге хирургиялық емдеу жүргізіледі. Бактероидтарға қарсы – кең спектірлі антибиотиктер, фузобактерияларға қарсы – фосфомицин және т.б., превотеллаларға қарсы – қазіргі кез пенициллиндерімен қатар басқа да антибиотиктер қолданылады.

Алдын алуы. Арнайы алдын алу әдісі жоқ.