Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

14.3.6. Буркхольдериялар (Burkholderia туыстастығы)

Маңқа (сап) қоздырғышы - Burkholderia (Pseudomonas) mallei

Маңқа (malleus) - Burkholderia (Pseudomonas) mallei туғызатын зоонозды жұқпалы ауру, септикопиемиямен, тері, шырышты қабаттың және ішкі ағзалардың зақымдануымен сиатталады. Қазіргі уақытта бұл сырқат адамдар арасында сирек кездеседі.

Маңқа қоздырғышын 1882 жылы Ф.Леффлер мен Х.Шютц ашқан.

Биологиялық қасиеттері. Полиморфты, грам теріс таяқша, спора мен капсула түзбейді. Аэроб. Қарапайым қоректік орталарда өседі. Штамдары антигендік құрылымы бойынша ажыратылады. Негізгі патогенді факторы – эндотоксин «маллеин», әртүрлі ағзалардың жазық бұлшық еттеріне әсер етеді, қызба пайда болады. Дененің салмағы азаяды.

Резистенттілігі. Burkholderia (Pseudomonas) mallei сыртқы орталарда тез жойылады, ауру кезіндежануарларда, суда және топырақта бір айға дейін сақталады.

Эпидемиологиясы. Маңқа – зооантропонозды аса қауіпті инфекция. Негізгі инфекция көзі - ауру үй жануарлары - жылқылар, есектер, түйелер. Ауру мұрынның шырышты қабатында шіріген жараның түзілуімен өтеді. Мұрынның бөліндісінде қоздырғыштар жинақталады. Ауруға шалдығу ауру жануарлардың терісінен, ауыз бен мұрынның шырышты қабатына қоздырғыш түсуі арқылы болуы да мүмкін. Ауру адамнан сау адамға жұғу мүмкіншілігі өте төмен. Маңқаның патогенезі жеткіліксіз зерттелген.

Клиникалық көрінісі - қоздырғыштың енген жерінде түйіндердің, басқа ағзаларда ойық жаралардың пайда болуы.

Адамдардың маңқаға сезімталдығы жоғары. Иммунитет зерттелмеген.

Микробиологиялық диагноз қою. Микробиологиялық диагноз мұрынның бөліндісін, қабыну ошақтарының іріңін, қан құрамын бактериологиялық және бактериоскопиялық зерттеулердің негізінде қойылады. Серологиялық диагностика қолданады: КБР, АР, өлтірілген дақылдың фильтратынан алынған маллеинмен тері-аллергиялық сынамасын қояды.

Емдеу үшін антибиотиктермен (аминогликозидтер, тетрациклин қатары) бірге сульфаниламидты препараттарды қолданады.

Арнайы алдын алуы жасалмаған. Бейспецификалық алдын алу ауру немесе ауруға күдіктенген жануарларды баптап, адамдардың жеке басын қорғаудың ережелерін мұқият сақтауға, ауру жануарларды анықтау мақсатымен ветеринарлы0-санитарлық бақылау жүргізуге негізделген.

Мелиоидиоз қоздырғышы - Burkholderia (Pseudomonas) pseudomallei, жалған маңқа қоздырғышын 1912 жылы Бирмада ағылшын дәрігері Р.Уайтмор ашқан.

Биологиялық қасиеттері. Burkholderia pseudomallei - ұсақ, қозғалғыш, полиморфты, грам теріс таяқшалар, спора мен капсула түзбейді. Аэроб. Қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі. Тығыз қоректік ортада ақшыл-сары немесе ақшыл-қызыл түсті тегіс немесе бұдыр колониялар түзеді. Баяу өседі, көкірің таяқшасына ұқсас, 420С температурада өсуі мүмкін. Глюкоза және лактозаны қышқылға дейін ыдыратады. О- және Н-антигендерге ие.

Патогенділ3к факторлары: өлімдік дерматонекроздық токсин, ЛПС, протеазалар, гемолизиндер.

Резистенттілігі. Қоршаған ортада тұрақты: кептіргерде, несеп, нәжіс, жануарлар мәйіттерінде айлап сақталады.

Эпидемиологиясы. Табиғатта кең таралған: топырақта, суда, күріш алқаптарында, көкөніс-жемістердің бетінде орналасады.

Мелиоидоз – зоонозды жұқпалы ауру, септикопиемия түрінде дамиды. Инфекцияның көзі – кеміргіштер, әртүрлі ауыл шаруашылық және жабайы жануарлар.

Адамға қарым-қатынастың, фекалді-оралді, трансмиссиялық жолдар арқылы жұғады.

Патогенезі мен клиникасы толық зерттелмеген. Жедел түрде өтеді, көбінесе өлімге әкеледі.

Иммунитеті зерттелмеген.

Микробиологиялық диагноз қою. Микробиологиялық диагноз мұрынның бөліндісін, қабыну ошақтарының іріңін, қан құрамын бактериологиялық және бактериоскопиялық зерттеулердің негізінде қойылады. Серологиялық диагноз үшін КБР, АР, және де өлтірілген дақылдың фильтратынан алынған маллеинмен тері-аллергиялық сынамасын қояды.

Емдеу үшін антибиотиктермен (аминогликозидтер, тетрациклин қатары) бірге сульфаниламидты препараттарды қолданады.

Арнайы алдын алуы жасалмаған. Бейспецификалық алдын алуы ауру немесе ауруға күдіктенген жануарларды баптап, адамдардың жеке басын қорғаудың ережелерін мұқият сақтауға, ауру жануарларды анықтау мақсатымен ветеринарлы-санитарлық бақылау жүргізуге негізделген.