Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

14.3.Бордетеллалар

Бордетеллалар – адам және кейбір жануарлардың тыныс алу жолдарында орналасатын ұсақ, грам теріс бактериялар. Адамға патогенді түрлері Bordеtella pertussis, Bordеtella parapertussis.

14.3.1.Көкжөтел және паракөкжөтел қоздырғыштары.

Көкжөтел – Bordеtella pertussis қоздыратын, ұстамалы спазматикалық жөтелмен сипатталатын жұқпалы ауру. Көбінесе мектепке дейінгі балаларда жиі кездеседі. Ауру қоздырғышы 1900 жылы ауру адамның қағырынан табылды, ал 1906 жылы Борде мен О. Жангу көкжөтел қоздырғышының таза дақылын бөліп алып, негізгі қасиеттерін анықтаған.

Таксономиясы.

Туыстастығы: Bordеtella.

Түлері: Bordеtella pertussis, Bordеtella parapertussis.

Морфологиясы мен тинкториалдық қасиеттері. Bordеtella pertussis - ұсақ, сопақша, грам теріс, ұшы жұмырланған таяқшалар (коккобактериялар). Спорасы, талшығы жоқ, микрокапсула түзеді. Толуоидин көгімен бояғанда бордетеллалар құрамында метахромазиялық боялатын, биполярлы орналасқан дәндер (липоидтар) анықталады. Кейбір түрлері (B. bronchioseptica, B. avium, B. hinzii, B. trematum) 37әС температурада қозғалғыштыққа ие болады.

Дақылдандыру. Bordеtella pertussis – облигатты аэроб, өсу үшін қолайлы температурада - 37әС, рН - 7,2, 3-7 тәулікте өседі; қоректік орталарға өте талғамды, қоректік орталар құрамында міндетті түрде сорбенттер болу қажет (қан, белсенділігі жоғары көмір, альбумин), себебі бұл бактериялар метаболизм нәтижесінде қанықпаған май қышқылдарын, Н2О2, метал иондарын, коллоидты күкірт, сульфиттер бөліп өздерінің өсуіне кедергі жасайды. Борде-Жангу (қан қосылған картоп-глицеринді агар) ортасында өседі, онда олар қара түсті сынап тамшылары тәрізді, шамалы гемолиз беретін колониялар түзеді, және казеинді-көмірлі агарда сұр крем түсіне ұқсас колониялар түзеді. Бордетеллалардың басқа түрлері (Bordеtella parapertussis, Bordеtella bronchiseptica, Bordеtella avium) қарапайым қоректік орталарда өсе алады, 24-48 сағат инкубациялаудан кейін көзге көрінетін колониялар түзеді.

Бордетеллалар R-S-трансформациясымен сипатталады. Аурудан алғаш бөлінген дақыл - S-пішінді, вирулентті, токсин түзетін (ІV-фазада) қасиеттерге ие. Қоректік орталарда көп пассаж (бірнеше рет сепкенде) жасау нәтижесінде бордетеллалар авирулентті R-пішіндіге (ІІ-фазадан) өтеді, Осы жағдайда аралық кезеңдерден өтеді (ІІ және ІІІ фазалар).

Ферменттік белсенділігі. Bordеtella pertussis биохимиялық инертті немесе белсенділігі жоқ (14.12.-кесте).

Антигендік қасиеті. Бордетеллалар термостабильді туыстастық арнайылығы бар О-антигенге ие, олар тек S-пішінді түрлеріне тән. Бордетеллалардың беткейлік термолабилді 14 капсулалық антигендері анықталған. Bordеtella pertussis міндетті түрде 1-6 факторларға ие, оның ішінде 2, 3, 4, 5, 6 факторлары әр түрлі кұрамдаста болады. Сонымен қатар барлық бордетеллаларға тән жалпы 7-факторы белгілі. Олардың үйлесімді тәуелділігіне қарай Bordеtella pertussis-тің серологиялық варианттарын ажыратады. 14-фактор Bordеtella parapertussis-ке, ал 12-фактор - Bordеtella bronchiseptica-ға ғана тән. Бордетеллалардың К-антигендері агглютинациялық реакция арқылы анықталады, соған байланысты оларды агглютиногендер деп атайды. Бұл реакция эпидемиологиялық маркерлерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Авирулентті R-пішінді бордетеллалардың капсуласы жойылғанда, олар иммунды К-сарысуларымен

Кесте 14.12.