Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

14.2.2.2. Парагемолитикалық вибриондар (Vibrio туыстастығы)

Бұл туыстастыққа жататын басқа бактериялардың патогенді қасиеттері толығымен зерттелмеген. Дегенмен соның ішінде маңыздысы Vibrio parahaemolyticus және Vibrio vulnificus.

Vibrio parahaemolyticus – галофильды вибрион, Жапониядағы жедел диарея қоздырғыштары, сонымен қатар Оңтүстік-Шығыс Азияда, Африкада мен Латындық Америкада (барлық диареяның 20%) және туристар арасында тараған. Негізгі инфекция көзі – сақталу ережесі мен дайындалу технологиясы бұзылған теңіз тағамдары. Аз жағдайда - шикі моллюскалар мен балықтар, немесе теңіз су тиген тағамдар. Қоздырғыш энтерит тудыратын эндотоксин түзеді. Инфицирленген адамдардың 50% ауру белгілері анықталады: инфицирленген кейін 24 сағатта іштің қатты ауыруы мен сұйық және көп мөлшерлі диарея дамиды. Ауру өздігінен дамиды және қайта ауыру байқалмайды. Балалар мен егде адамдар арасында өлім-жітім кездеседі.

Микробиологиялық диагноз қою бактериологиялық әдіске негізделген. Тырысқақ ауруы диагностикасына ұқсас болып келеді. TCBS агарына себіледі, лактоза ыдыратуы және сары колония түзуі бойынша ажыратылады. Vibrio vulnificus Тынық және Атлант мұхиттарына құятын жылы өзендірінің микробтық ценозына кіреді және екіжабынды моллюскаларда жинақталады. Қоздырғыш екі түрлі зақымданулар шақырады – септицемия мен жараның іріңді аурулары. Біріншісі - моллюскалармен тамақтанғанда иммунитетінде ақауы бар, бүйректері, бауырлары ауыратын және қант диабетіне шалдыққан адамдар ауырады. Ауырғандардың арасында өлім-жітім 50% жетеді. Жара инфекциялары теңіз суымен шайынғаннан кейін дамиды және де ауыр жағдайда целлюлит пен миозит (газды гангренаға ұқсас) түрінде өтеді. Ауру клиникасы - қоздырғыш патогенділігі мен организм жағдайына байланысты. Патогенділік факторлары – бактерияны фагоцитоздан қорғайтын капсула мен ферменттер кешені: цитотоксин-гемолизин, эластаза, коллагеназа, фосфолипаза. Қоздырғыш қан сарысуындағы темірдің жоғары концентрациясына сезімтал. Гемохроматоз және бауыр циррозымен ауыратын адамдарда зақымдану ауыр дамиды.

Емдеуі антимикробты препараттар (гентамицин, тетрациклин, левомицетин) қолданылады.

Алдын алуы. Ауруға бейімді адамдар жартылай піскен теңіз тағамдарын пайдаланбауы, теңіз суына жуынбауы керек.

14.2.2.3. Кампилобактериялар (Сampylobacter туыстастығы)

Кампилобактериоз - Сampylobacter туыстастығына жататын бактериялар тудыратын зоонозды жұқпалы ауру, көбінесе ас қорыту жолдары зақымдалыумен ерекшелінеді.

Сampylobacter - грек сөзінен аударғанда campylos – қисық, иілген деген мағынаны білдіреді.

Таксономиясы.

Бөлімі: Graciculites

Тұқымдастығы: Сampylobacterіасеае

Туыстастығы: Сampylobacter

Түрі: C. jejuni, C. fetus, C.сoli, С. lary, C. hyointestinalis, C. upsaliensis, С. concisus, C. sputorum, C. rectus.

Морфологиясы және тинкториалдық қасиеттері:

Кампилобактерия жіңішке иілген таяқша, латынның «S» әріпіне ұқсас, үтір тәрізді немесе қосақталып “шағала қанаты” сияқты орналасады. Спора мен капсула түзбейді. Өте қозғалғыш, араларында амфитрихтер, монотрихтер, лофотрихтер кездеседі. Анилинді бояулармен нашар боялады, оларды анықтау үшін карбол фуксині қолданылады. Грам теріс (29-сурет).

Дақылды өсіру. Кампилобактериялар - әдетте микроаэрофилдер (оттегінің төмен мөлшерінде өседі). Ортаның қолайлы рН-7,0, температурасы - 370–420С. Кампилобактерияларды өсіру үшін арнайы қоректік орталар қолданылады, орталарда ұсақ, тамшы тәрізді колониялар түзеді. Өте баяу өседі.

Ферменттік белсенділігі. Кампилобактериялардың биохимиялық белсенділігі төмен.

Антигендік құрылымы. Кампилобактериялардың О- және Н антигендері бар, солар бойынша 60 серологиялық варианттарын ажыратады.

Патогенді факторлары толық зерттелмеген; кампилобактериялар энтеротоксин және цитотоксин түзуі мүмкін.

Резистенттілігі. Жоғары температураға сезімтал, дегенмен төмен температурада жеткілікті ұзақ сақталады – мұздатылған еттен бірнеше айға дейін бөлінуі мүмкін, бөлме температурасындағы әртүрлі заттарда 2 аптаға дейін сақталады.

Эпидемиологиясы. Кампилобактериоз - әлемнің көптеген мемлекет терінде кездеседі (аурушылдық барлық ішек инфекциясының 5-10% құрайды). Бұл зоонозды ауру. Инфекция көзі әртүрлі жануарлар болуы мүмкін, көбінесе үй және ауылшаруашылық жануарлары: орқоян, мысық, үйректер. Адамнан адамға таралуы өте сирек кездеседі. Инфекцияның таралу механизмі - фекальді оралды. Таралу жолдары - тағам және су арқылы (ауру малдың етін, сүтін пайдаланғанда). Ауру малды қарағанда тұрмыстық-қатынас жолымен жұғуы мүмкін. Иммунитеті төмен адамдар, балалар, қарт адамдар, жүкті әйелдер кампилобактериозбен жиірек ауырады. Патогенезі. Кампилобактерия ағзаға ауыз арқылы, кейде жарақатталған тері арқылы түседі. Асқазанда, ащы және тоқ ішекте қабыну реакциясы пайда болады. Бактериемия дамиды, соның нәтижесінде әлсіреген адамдарда екіншілікті қабыну ошақтары пайда болуы мүмкін (менингит, энцефалит, перитонит т.б.). Жүкті әйелдерде инфекция трансплацентарлы жолмен таралуы мүмкін, нәтижесінде түсікке немесе ұрықтың зақымдалуына әкеледі.

Клиникалық белгілері. Жасырын кезеңі әдетте 2-3 күнге созылады. Ауру көбінесе гастроэнтрит түрінде өтеді, жедел басталады, жоғарғы температурамен, іштің ауырсыну, жүрек айну, құсу, іш өтумен (кейде қан немесе шырыш қоспаларымен) сипатталады. Ағзаның сусыздану белгілері байқалуы мүмкін. Жаңа туған пәрестелерде септикопиемия дамиды. Ағымының сипатына байланысты жедел және созылмалы кампилобактериоз болып бөлінеді.

Иммунитеті. Толық зерттелмеген .

Микробиологиялық диагноз қою.

Бактериоскопиялық әдіс: Нәжістен жасалынған жағындыны Грам әдісімен бояп, микроскоппен зерттеу барысында «ұшып бара жатқан қарлығаш немесе шағала» қанатына ұқсас микробтар табылады. Сонымен қатар сұйық ортадағы нәжістің суспензиясын фазалы-контрасты микроскопта қарайды. Науқастың нәжісі, қаны, ми-жұлын сұйықтығындағы қоздырғыштың таза дақылын бөлу үшін бактериологиялық әдіс қолданылады. Қолданылатын қоректік орталар: құрамында темір-сульфит-пируват қосымшалары бар қанды және эритриттік агарлар.

Ретроспективті диагноз қою үшін серологиялық әдіс қолданады (КБР, ПГАР, АР, ИФТ). Жедел диагноз қою әдісіне арнайы люминесцентті сарысумен атқарылатын ИФР жатады.

Емдеуі. Антибиотиктерді тағайындайды (эритромицин немесе ципрофлоксацин).

Алдын алуы. Науқастарды анықтау, жануарларды күту барысында санитарлық-гигиеналық ережені сақтау, сүт және ет тағамдарын мұқият түрде өңдеу.