Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

17.Қарапайым қоректік орталар:

A.Көптеген бактерияларды бөліп алу үшін қоданылатын

әмбебап орталар (ЕПА, ЕПС).

B.Химиялық құрамы тұрақты, химиялық заттардан дайындалған

орталар (199-орта, Игл ортасы).

C. Микроорганизмдердің тиісті түрін бөліп алуға пайдаланылатын

орталар (сілтілі агар, пептонды су, Китт-Тароцци ортасы).

D. Ферменттік белсенділігінің сипатына қарай биохимиялық қасиетін

зерттеу үшін және микроорганизмдердің түрін бір-бірінен ажырату үшін

қолданылатын орталар ( Эндо, Плоскирев, орталары, стафитест,энтеротест).

E. Қарапайым орталар бірнеше ингредиенттерден тұрады.

18.Дифференциальды - диагностикалық орталар:

A.Көптеген бактерияларды бөліп алу үшін қоданылатын

әмбебап орталар (ЕПА, ЕПС).

B.Химиялық құрамы тұрақты, химиялық заттардан дайындалған

орталар (199-орта, Игл ортасы).

C.Микроорганизмдердің тиісті түрін бөліп алуға пайдаланылатын

орталар (сілтілі агар, пептонды су, Китт-Тароции ортасы).

D.Ферменттік белсенділігінің сипатына қарай биохимиялық қасиетін

зерттеу үшін және микроорганизмдердің түрін бір-бірінен ажырату үшін

қолданылатын орталар ( Эндо, Плоскирев, орталары, стафитест,энтеротест).

E. Етті пептонды агар

19.Бактериялардың дақылдық қасиеті-ол:

A.Боялу қабілеттілігі

B.Антигендік құрамы

C.Биохимиялық белсенділігі

D Қоректік орталарда өсу сипаты

E.Бактериялық жасушаның пішіні

20.Штамм дегеніміз не?

A.Бір жасушадан алынған микроб дақылы

B.Жасанды қоректік ортада өсірілген микробтың бір түрінің популяциясы

C.Әртүрлі инфекция көзінен (аурулардан) немесе бір науқастан, бірақ әртүрлі уақытта бөлініп алынған микробтың бір түрінің дақылы.

D.Шығу тегі және генотипі ортақ, биологиялық қасиеттері бойынша

ұқсас, стандартты жағдайда ұқсас фенотиптік белгілерімен көрініс беретін

микроорганизмдер жиынтығы.

E. Бір жасушадан алынады

21.Бөлініп алынған микроб дақылын идентификациялау келесі қасиеттерін анықтаумен атқарылады:

A.Дақылдық

B.Биохимиялық

C.Тинкториалдық

D.Морфологиялық

E.Осы қасиеттерінің бәрін анықтаумен.

22.Сероварлар (анықтамасы, мысалы):

A.Антибиотиктерге төзімділігі бойынша айырмашалығы

бар микроорганизмнің бір түрі.

B.Антигендік қасиеті бойынша айырмашалығы бар бір түрге

жататын микроорганизмдер (Shigella flexneri,1,11 т.б.)

C.Әр жерден немесе сол жерден, бірақ әр түрлі уақытта бөлініп

алынған бір түрге жататын микроорганизм.

D.Биологиялық қасиеті бойынша айырмашалығы бар бір түрге

жататын микроорганизмдер (Vibrio choleraе, биоварлар «classic»,«eltor»).

E.Бактериофагтардың әртүрлі типтеріне сезімталдығы бойынша айырмашылығы

бар бір түрге жататын микроорганизмдер (Staphylococcus фаготип 1,2,15 т.б.)

23.Бактериологиялық зертханаларда анаэробтарды өсіру

үшін қолданылады:

A.Автоклав

B.Анаэростат

C.Пастер пеші

D.Дистиллятор

E.Кох аппараты

24.Вирустардың басқа микрооргнизмдерден ерекшелігтері:

A.ДНҚ мен РНҚ болады.

B.Меншікті энергетикалық жүйесі болады.

C.Ақуыз синтездеуші меншікті жүйесі болмайды.

D.Күрделі жасанды қоректік орталарда ғана өседі.

E.Шамалы мөлшерде меншікті рибосомалары бар.

25.Вирустардың репликациялану сатысына жататынды

көрсетіңіз:

A.Логарифмдік көбею

B.Жылдамдап қырылу

C.Көбеюдің керісінше тежелуі

D.Максимальды стационарлық фаза

E.Алғашқы және кешеуілді ақуыздар синтезделуі

26.Бактериофаг-ол:

A.Бактериялардың типтері.

B.Өсімдіктердің вирустары.

C.Бактериялардың вирустары.

D.Басқаларға антагонистік қасиеті бар бактериялар.

E.Бактерияларды қоршап алып жоятын макроорганизм жасушалары.

27.Вирустар репродукцияланады (көбейеді):

A.Бүршіктенумен

B.Екіге бөлінумен

C.Жыныстық жолмен

D.Дисъюнктивті тәсілмен

E.Сегменттерге бөлінумен

28. Вирулентті фагтың колониясы:

A.S –пішінді ақ түсті

B.Бұдырланған R-пішінді

C.Мөлдір таңдақтар сияқты

D.Томпақша, айналасы тегіс пигменттелген

E.Ортасы лайланған, айналасы мөлдір таңдақтар.

29. Вирустарды дақылдандырады:

A.Гисс ортасында

B.Эндо ортасында

C.Левин ортасында

D.Плоскирев ортасында

E.Тауық эмбрионында, жасуша дақылдарында.

30. Вирустың НҚ-ның рөлі:

A.Вирус геномын қорғайды.

B.Адгезиялық қызмет атқарады.

C.Тұқым қуалаушылық ақпарат тасымалдайды.

D.Жасушаға спецификалық жабысу рөлін атқарады

E.Микроорганизмнің қозғалғыштығын қамтамасыз етеді.

31.Микроорганизмдерде тұқым қуалаушылықтың материалдық

негізі болып табылады:

A.ДНҚ

B.Тимин

C.Рибоксин

D.Плазмокоагулаза

E.Мукополисахаридтер

32.Бактериялардың тұқым қуаламайтын - фенотиптік

өзгергіштігіне жатады:

A.Мутация.

B.Репликация.

C.Модификация.

D.Рекомбинация.

E.Трансформация.

33.Бактериялардың антибиотикке төзімділігіне жауапты

плазмидалар:

A.R–плазмидалар.

B.F–плазмидалар.

C.Ent–плазмидалар.

D.Col–плазмидалар.

E.Hly–плазмидалар.

34.Бактериостатикалық әсер ету –ол:

A.Вирустарды жою.

B.Спораларды жою.

C.Генетикалық рекомбинацияның бір түрі.

D.Вирустардың репродукциялануын тежеу.

E.Микроорганизмдердің өсіп-өніп көбеюін тоқтату

35.Стерилизация-ол:

A.Патогенді және ШПМ-ді жою.

B.Микроорганизмдердің өсіп-өнуін тоқтату.

C.Жұқпалы ауруларды тасымалдаушыларды (жәндіктерді)жою

D.Жасушалардың генетикалық аппаратына зақымдаушы әсер ету

E.Микроорганизмдердің кез келген түрін толық жою ( яғни кез келген

микробтан толық арылу)

36.Асептика –ол:

A. Емдеудің хирургиялық әдісі

B. Емдеу шараларының кешені

C Жарақаттағы микробтарды жою әдісі

D. Қалыпты микрофлораның құрамын реттеуге бағытталған

шаралар кешені

E. Жарақатқа (басқа да нысандарға) инфекция қоздырғышын түсірмеуге

бағытталған алдын-алу әдістері.

37.Зертханалық ыдыстар мен саймандардың бәрін стерильдеуге

мүмкіндік беретін әдіс:

A. Қайнату

B. Сүзгіден өткізу

C Пастеризациялау

D. Тиндализациялау

E. Автоклавта стерильдеу

38. Дезинфекциялаудың мақсаты:

A. Ауруханадағы объектілерді стерильдеу

B. Ұзаққа созылатын тұрақты иммунитет жасау

C. Бактериялардың генерациялық кезеңдерін қысқарту.

D. Ауру қоздырғыштарының таралып кетуіне жол бермеу

E. Бір микроорганизмнің көмегімен басқалардың тіршілігін тоқтату

39.Тиндализация- ол:

A. Спораларды жою

B. Ағымды бумен стерильдеу

C. Бөлшектеп стерильдеу әдісі

D. Иондаушы радияцияны қолдану

E. Бейспецификалық әсер ететін химиялық заттармен стерильдеу

40.Антибиотиктер өндіретіндер:

A. Вирустар

B. Вириоидтар

C. Бактериялар

D. Микоплазмалар

E. Қарапайымдылар

41.Антибиотиктер- ол:

A. Жарақаттағы микроорганизмдерді жою үшін қолданылатын химиялық немесе биологиялық заттектер.

B. Патогенді микроорганизмдерді жою мақсатында сыртқы орта объектілерін өңдеу үшін пайдаланылатын бейспецификалық әсер ететін химиялық заттектер

C. Спецификалық антимикробтық дәрмектер (бактериофагтар, иммундыглобулиндік препараттар).

D. Микроорганзмдердің өсіп-өнуін тоқтататын немесе оларды толық жоятын табиғи текті заттектер немесе олардың аналогтары.

E. Кейбір нысандарды микробтардан толық тазарту үшін қолданылатын химиялық агенттер.

42.Судың нәжістік ластануының көрсеткіші:

A. Протей

B. Стафилококк

C. Кейбір химиялық заттектер

D. Кандида саңырауқұлақтары

E. Ішек таяқшасы тобына жататын бактериялар

43.Емдеу-профилактикалық мекемелердегі ауаның санитариялық жағдайын анықтайды:

A. Улы заттар табумен

B. Сальмонеллалар болуымен

C. Термофильдік бактериялар саны бойынша

D. Ауаның A литріндегі ішек таяқшасының саны бойынша

E. Ауаның 1м3 көлеміндегі жалпы микробтар саны бойынша

44.Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерге жатады:

A. Актиномицеттер

B. Қарапайымдылар

C. Тырысқақ вибрионы

D. Споратүзуші бациллалар

E. Ішек таяқшасы, стафилококтар

45.Егер ағзаның өзі иммунитет түзуге қатынасса, онда ол:

A. Белсенді

B. Енжарлы

C.Антимикробтық

D.Антитоксикалық

E. Табиғи енжарлы

46.Егер иммунитет дайын антиденелерден кейін қалыптасса, онда ол:

A.Енжарлы

  1. Белсенді

  2. Антимикробтық

  3. Антитоксикалық

  4. Табиғи енжарлы

47.Анасынан тараған иммунитет:

A.Енжарлы

B.Белсенді

C.Антимикробтық

D.Антитоксикалық

E.Табиғи енжарлы

48.Микробтарға қарсы иммунитет:

A.Табиғи

  1. Енжарлы

  2. Белсенді

  3. Антимикробтық

  4. Антитоксикалық

49.Лизоцизм:

A.Тері құрамындағы ақуыз

B.Сілекей құрамындағы ақуыз

C.Лимфоциттер синтездейтін өнім

D.Иммунды реакциялардың медиаторы

E.Серологиялық реакцияларда қолданылатын зат

50.Біріншілік иммунды тапшылық

A. Туа біткен

B. Дәрінің әсерінен

C. Өмірде кездеспейді

D. Макрофаг қолдауымен

E. Жұқпалы аурудан кейін

51.Антиген :

A.Микробтарда болмайды

B.Тек қана вирустарда болады

C.Тек қана хламидияларда болады

D.Тек қана қарапайымддыларда болады

E. Генетикалық бөгде информацияны тасымалдайтын заттар

52.Антиденелер :

A. Альбуминдер

B. Иммундыглобулиндер

C. Комплемент фрагменті

D. Қан сарсуының қалыпты глобулиндері

E. Ақуызбен көмірсутегінің байланысы

53.Екіншілік иммунды жауап мынаған байланысты

A. Агаммаглобулинемияға

  1. Иммунды сарсуды енгізуіліне

  2. Иммунологиялық есте сақтауға

  3. Иммунологиялық толеранттыққа

  4. Комплемент жүйесінің белсендірілуіне

54.Антидененің табиғаты

A. Протеиндер (акуыздар)

B. Көмірсутегі

C. Липопротеид

D. Гликопротеид

E. Нуклеопротеидтер

55.Серологиялық реакциялар деп атайды:

A. Химиялық реакцияларды

B. Сарсу қолданылатын реакцияны

  1. Антигенді анықтайтын реакцияны

  2. Ферменттерді анықтау үшін қолданылатын реакцияны

  3. Т және В-лимфоциттерді анықтау үшін қолданылатын реакцияларды

56.Иммунитеттің бейспецификалық гуморальді факторына жатады:

A. Агглютининдер

B. Гемагглютинин

  1. Бактериофагтар

  2. Комплемент және пропердин жүйесі

  3. Жасушалық иммунитеттің медиаторлары

57.Вакцина мынаны құру үшін қолданылады:

A. Тумыстан болған иммунитетті

B. Енжарлы спецификалық иммунитетті

C. Белсенді спецификалық иммунитетті

D. Енжарлы спецификалық емес иммунитетті

E. Белсенді спецификалық емес иммунитетті

58.V1-антиген:

A.Қыздырғанда бұзылады

  1. Барлық микробтарда болады

  2. Вирустың антигеніне жатады

  3. Вирулентті штаммдарда болады

  4. Антидененің түзілуін тудырмайды

59.Фагоцитоз – ол:

A. Фогоциттердің қалыптасу процесі

  1. Фагоцитарлы медиаторлар синтезі

  2. Микробтардың желімделу реакциясы

  3. Микробтарды жұту және қорыту процесі

  4. Иммунды жасушаның антигенге қарай қозғалуы

60.Іш сүзегі ауруының І-аптасында бактериологиялық диагноз қою үшін қолданылады:

A. Видаль реакциясын қою

B. Өтінен себінді жасау (билидақыл)

C. Нәжісінен себінді жасау (копродақыл)

D. Несебінен себінді жасау (уринодақыл)

E. Қанынан қоздырғышын табу (гемодақыл)

61.Көрсетілген энтеробактериялардың қайсысының екі фазалық Н-антигені бар:

A. Шигеллалардың

B. Иерсиниялардың

C. Эшерихиялардың

D. Клебсиеллалардың

E. Салмонеллалардың

62.Іш сүзектік бактериялар тасмалдаушылықты анықтау үшін қолданылады:

A. Гемодақыл бөліп алу

B. Нәжісінен себінді жасау

C. Vi-гемагглютинациялық реакция қою

D. О-диагностикуммен Видаль реакциясын қою

E. Поливалентті сарысулармен агглютинациялық реакция қою

63.Тырысқақ вибрионының тинкториалдық және морфологиялық қасиеті:

A. Грам (-), перитрихтар

B. Грам (-), коккобактериялар

C. Грам (+), споратүзуші таяқшалар

D. Грам (+), спираль пішінді бактериялар

E. Грам (-), монотрихты қозғалғыш үтір тәріздес

64.Тырысқақ қоздырғыштарына тән ортақ антиген:

A.К-Аг

B.Н-Аг

C.Vi-Аг.

D.О1-Аг

E.Протективті Аг

65.Тырысқақ диагнозын қоюдың экспресс-әдісін көрсетіңіз:

A.Аллергиялық

B.Биологиялық

C.Серологиялық

D.Бактериологиялық

E.Тырысқақтық сарысумен вибриондарды иммобилизациялау (қозғалысын тоқтату)

66.Тырысқақ вибрионына қажетті элективті қоректік ортаны көрсетіңіз:

A. Сілтілі агар

B. Эндо ортасы

C. Плоскирев ортасы

D. Сарысулы-тұзды агар

E. Висмут-сульфитті агар

67.Тырысқақ диагнозын қоюдың ретроспективті әдісін таңдаңыз:

A. КБР

B. Копродақыл бөліп алу

C. Қоздырғыштың токсигенділігін анықтау

D. Вибрионоцидті антиденелерді анықтау

E. Асколи бойынша преципитациялық реакция қою

68.Психрофилды бактерияларға жатады:

A. Шигеллалар

B. Иерсиниялар

C. Эшерихиялар

D. Клебсиеллалар

E. Салмонеллалар

69.Ішек иерсиниозының қоздырғышы:

A. I. pestis

B. I. intermedia

C. I. kristensenii

D. I. enterocolitica

E. I. pseudotuberculosis

70.Науқастың нәжісінен Эндо ортасында грам (-), биполярлы боялған, спора және капсула түзбейтін, қозғалғыш таяқшалар бөлініп алынды. Бұл дақыл энтеробактериялардың қандай туыстастығына (род) жатады?

A. Proteus

B. Iersinia

C. Shigella

D. Klebsiella

E. Escherichia

71.Кампилобактериоз қоздырғышы жататын тұқымдастық:

A. Bacillaceae

B. Spirillaceae

C. Brucellaceae

D. Micrococcaceae

E. Enteriobacteriaceae

72.Іші өтіп ауырған науқастың нәжісінен дайындалған жағындыда грам (-), жіңішке спираль пішінді, кейбіреулері «шағала қанаты» тәріздес бактериялар табылды. Қандай микроб туралы ойлайсыз?

A. Протей

B. Иерсиниялар

C. Ешерихиялар

D. Тырысқақ вибрионы

E. Кампилобактериялар

73.Кампилобактериоз диагнозын қоюдың негізгі әдісі:

A. Генетикалық

B. Биологиялық

C. Аллергиялық

D. Серологиялық

E. Бактериологиялық

74.Асқазан және онекі елі ішекте ойық жара қоздыруға себепкер болатын микроб:

A. Helicobacter pylori

B. Campylobacter coli

C. Campylobacter fetus

D. Campylobacter jejuni

E. Campylobacter sputorum

75.Бруцеллез кезінде қойылатын аллергиялық сынама:

A. Дик сынама

B. Шик сынама

C. Манту сынама

D. Бюрне сынама

E. Мицуда сынамасы

76.Оба ауруының алдын алу үшін қолданылатын препарат:

A. СТИ

B. БЦЖ

C. ТАВte

D. Анатоксин

E. EV штамынан дайындалған тірі вакцина

77.Туляремия кезінде экспресс-диагноз қою үшін қолданылады:

A. ПГАР

B. «Ілінген тамшы» әдісі

C. Қанды-тамшылы реакция

D. Анотоксинмен сынама қою

E. Түнек айдынды микроскопта қарау

78.Күл (дифтерия) таяқшасын бөліп алу үшін пайдаланылатын қоректік орта:

A. ЕПА

B. Сілтілі агар

C. Вильсон-Блер ортасы

D. Висмут-сульфитті агар

E. Қанды-теллуритті орта

79.Бабеш-Эрнст (волютин) дәндерін анықтау үшін қолданылатын бояу әдісі:

A. Гисс

B. Нейссер

C. Ожешко

D. Гинс-Бурри

E. Циль-Нильсен

80.Коринебактериялардың (күл таяқшасының) токсигенділігін анықтау үшін қолданылады:

A. КБР

B. ПТР

C. ИФР

D. Раит реакциясы

E. Оухтерлони әдісі

81.Клауберг ортасындағы дифтерия таяқшасының gravis биовариантының өсіндісінің сипаты:

A. Сынап тамшысы тәріздес

B. Қою-қызыл түсті колониялар

C. Ашық-сары түсті колониялар

D. Томпақ бетті дөңгелек тәріздес колониялар

E. Дәстүргүл (маргаритка) тәріздес колониялар

82.Коринебактериялардың цистиназа ферментін анықтау үшін қолданылатын әдіс:

A. ПТР

B. ПГАР

C. Пизу сынамасы

D. Заксе сынамасы

E. Пирке сынамасы

83.Анэробты газды инфекция қоздырғышын дақылдандыру үшін пайдаланылады:

A. Уленгут ортасы

B. Леффлер ортасы

C. Никкерсон ортасы

D. Вильсон-Блер ортасы

E. Левенштейн-Иенсен ортасы

84.Ботулизм кезінде микробиологиялық диагноз қою үшін қолданылады:

A. ПГАР

B. Дик сынамасы

C. Асколи реакциясы

D. Агглютинациялық реакция

E. Ақ тышқандарға бейтараптау реакциясын қою

85.Сіреспе қоздырғышының патогенділігі төмендегілердің қайсысымен байланысты:

A. Эндотоксинмен

B. Фибринолизинмен

C. Экзотоксиндермен

D. Нейраминидазамен

E. Плазмокоагулазамен

86.Ботулизм ауруын емдеу үшін пайдаланады:

A. Бактериофагты

B. Аутовакцинаны

C. Антибиотиктерді

D. Антимикробтық сарысуды

E. Антитоксиндік поливалентті сарысуды

87.Спора түзетін, грам (+), анаэробты таяқшалварға жатады:

A. Clostridium

B. Leptotrichia

C. Baocteroides

D. Fusobacterium

E. Campylobacter

88.Ауруханаға ер кісі және әйел жеткізілді. Басының қатты ауыратынына, ішінің желдеуіне, лоқсу, құсу, көзіне екеу болып көрінетініне, жұтынуының қиындығына шағым айтады. Кешкісін екеуі де үй жағдайында дайындалған консервіленген баклажан жеген. Осындай ауруды қандай микроб тудыруға себепкер болды?

A. E. coli

B. C. tetani

C. B. anthracis

D. C. botulinum

E. C. perfringens

89.Бала бақшада балалар арасында қызылшамен ауырған бірнеше оқиға болды. Басқа балаларды ауруға шалдықтырмау үшін балалардың бәріне енгізеді:

A. Анатоксин

B. Өлі вакцина

C. Бактериофаг

D. Тірі вакцина

E. Арнайы иммундыглобулин

90.Қызамық вирусы жататын туыстастық:

A. Poxvirus

B. Rubivirus

C. Togavirus

D. Adenovirus

E. Enterovirus

91.Паротиттің спецификалық профилактикасы үшін қолданылады:

A. Анатоксин

B. Бактериофаг

C. Тірі вакцина

D. Антибиотиктер

E. Химиялық вакцина

92.Ұшық вирусы қоздыратын инфекциялардың спецификалық профилактикасы үшін пайдаланылады:

A. Анатоксин

B. Тірі вакцина

C. Аутовакцина

D. Гаммаглобулин

E. Инактивацияланған вакцина

93.ВГВ арнайы профилактикасы үшін қолданылады:

A. Тірі вакцина

B. Альфа-интерферон

C. Иммундыглобулин

D. Гендік-инженерлік вакцина

E. Инактивацияланған вакцина

94.ВГВ-на тән антигенді көрсет:

A. Нbs- антиген

B. O-H- антиген

C. Гемагглютинин

D. Капсулалық антиген

E. Протективті антиген

95.АИВ (ВИЧ) зақымдайды:

A. Бұлшықеттерді

B. Сілекей бездерін

C. Адамның иммундық жүйесін

D. Шеткейлік нерв жасушаларын

E. Жұлынның алдыңғы мүйізінің жасушаларын

96.АИВ-ның геномының құрылымдарына кіреді:

A. Сызықшалы ДНҚ

B. Екі жіпшелі (-) РНҚ

C. Сегменттелген РНҚ

D. Спиральданған ДНҚ

E. (+) РНҚ-ның екі жіпшесі

97. ЖИТС (СПИД) вирусы жататын тұқымдастық:

A Adenoviridae

B Reoviridae

C Poxviridae

D Retroviridae

E Hepadnoviridae

98.Жасуша дақылы өсірілген пробирканы микроскопта қарағанда пішіні өзгерген жасушалар көрінеді, кейбіреулері пробирка қабырғасынан ажырап кеткен, қоректік ортаның түсі – қызыл. Мұндай өзгерістер нені дәлелдейді?

A. ЦПӘ (ЦПД) болғанын

B. Жасушаның өсіп-өнгенін

C. Интерферон бар екендігі

D . Қоректік ортада лизоцим бар екендігін

E. Протеолиттік ферменттердің әсер еткенін

99.Вирусологиялық зертханаға энтеровирустық инфекцияға күмәнді баланың нәжісі әкелінді. Зерттеу заты жаңа туылған ақ тышқандарға және жасуша дақылына жұқтырылды. Бөліп алынған вирус жаңа туылған ақ тышқандарға патогенді және жасуша дақылдарында ЦПІӘ тудырады. Қандай вирус туралы ойлайсыз?

A. ЕСНО

B. Коксаки

C. Поливирус

D. Ұшық вирусы

E. А гепатит вирусы

100.Грипп вирусының беткейлік антигені:

A. GP-41

B. GP-120

C. Нbs- антиген

D. Нейраминидаза (N)

E. Нуклеопротеинді антиген (NP)