Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

20.9.1.Биологиялық препараттарды стоматологияда қолдану

Микробтық биопрепараттарды соматологиялық тәжірбиеде қолдану мәліметтері отандық және шетел әдебиеттерінде өте аз берілген.

Өткен ғасырдың 70-80-жылдарында сүт қышқылды лактобацилла жүзгінін стоматитті емдеуде қолданып жақсы нәтиже алынған. Стоматит және гингивит кезінде ацидофилды лактобацилла препараттарын тағайындау тиімді екендігі анықталды. 90% науқастарда микробиологиялық және клиникалық оң динамика болды, сонымен қатар 73 %-ында лактобацилла құрамы қалпына келді ,энтерококк пен алтынды стафилококк бөлініп шығуы жиілігі 2 есеге төмендеді, емдеу нәтижесінде бірде-бір науқаста ішек таяқшасы мен @–гемолитикалық стрептококк табылған жоқ .

Соңғы кездерде бактериалық препараттар жақ және бет ауданындағы іріңді жарақаттарды емдеу кешеніне енгізіліп белсенді түрде қолданылуда.

Лактобактеринді жақ және бет ауданындағы абсцесс пен флегмонаны жергілікті қолданғну кезіндегі ретінде әсері зерттелген. Аурудың жеңіл және орташа ауырлық түрінде биопрепараттарды қолдану әсері антисептик хлоргексинді қолданған ем әсерінен кем түспген. Биопрепаратпен @-гемолитикалық стрептококқа байланысты санация жасау белсенділігінің әсері басқалардан күшті болған. Хлоргексинмен емдеу процесі аурудың ауыр түрлерін тезрек жоюға мүмкіндік берді. Мұндай жағдайларда емдеу жүйесіне биопрепараттарды қосу микробтарға қарсы емнен кейінгі сатыларында енгізу тиімді, ол ауыз қуысының микрофлорасын қалпына келтіріп тұрақты клиникалық нәтиже береді.

Әдеби мәліметтер бойынша бифидумбактерин - форте және лактобактерин эубиотиктерін жақ және бет хирургиясында қолдану іріңді жарақаттардың тез тазаруына, операциядан кейінгі кезең ағымын қолайлы жағдайда өтуіне, емдеу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді..

Бір жасқа дейінгі балаларда таңдай тесігін қалпына келтіру бойынша операция жасар алдында жергілікті қабыну реакцияларының алдын алу мақсатында ацилакт жергілікті және энтералді қолданылған. Еріннің жоғарғы жағының 85% жартылай жырығы бар балаларда, 80 % толығымен жырығы бар балаларда операция жасардың алдында бактериотерапия жасау емге жақсы нәтиже береді. Операция жасалынған 15 балалардың 11-інде операция жасаудан кейінгі кезең ағымы асқынусыз өтіп, операциядан кейінгі жарақат біріншілік тартыммен жазылып кеткен. Бірде- бір жағдайда антибактериалық емнен соң кандидозды стоматит пайда болмаған, ал ацилак қолданбай тұрғанда 30 % құрайтын.

Ауыздың кілегей қабығының кандидозын ауыз қуысының микрофлорасы мен жергілікті иммунитет факторларына биоспорин эубиотигі пероралді беру арқылы қолданылған. Емнен соң ауыз қуысының кілегей қабығының барлық биотоптарында микробтық көрініс қалпына келгендігі байқалған. Биоспорин Шегрен ауруын емдеу кешенінде қолданылады. Биоспорин ауыз қуысының микробтық көрінісін препарат құрамына кіретін патогенді микрофлора B.subtilis бактериясын ығыстыру арқылы жақсартады. Биоспоринді қолданған кезде түкіріктің лизоцимдық белсенділігі артып, секреторлы иммундыглобулин А мөлшері көбейіп, түкірік бөліну жылдамдығы артады.

Ауыздың кілегей қабығының ауруларын емдеу кешенінде микробиоценоздың бұзылуын қалпына келтіру және коррекция жасау шараларын жүргізу қажет. Ауыз қуысының кілегей қабығының түрлі ауруларында мирофлораны коррекция жасау үшін бактериялық терапия қолданыланды. Глосситтің әр түрлерінде және глоссалгия кезінде аутофлораның лактобациллярлық тізбегі анағұрлым төмендеуі не болмаса мүлдем жоқ болатындығы анықталған. Ауыз қуысының некрозды-ойық жаралы стоматиті кезінде тек анаэробты флора басым түседі (фузобактериялар, спирохеталар,бактероидтар,актиномицеттер), лактобациллалар мүлдем болмайды. Физиологиялық мирофлора өкілдерін жайпақ лишаймен ауыратын науқастарда көп жағдайда табу мүмкін емес. Ауыз қуысының дисбактериозы кезінде, осы аурудың 100 %-ында, лактобацилла туыстастығының өкілдері қатты өзгеріске ұшырайтындығы байқалған. Бактериалық препараттармен емнің бірінші курсын өткізгенде клиникалық және бактериологиялық әсер ететіні анықталған, оның әсер ету дәрежесі бастапқы патологиялық процестің ауырлығы мен дисбактериоз айқындылығына байланысты.

Созылмалы рецидивті афтозды стоматитті ацилактпен емдеген кезде ауыз қуысының мирофлорасын қалыпқа келтірумен қатар лакто - және бифидобактериялардың өніп шығуы көбейетін ішек бактериоценоз құрамының оңға ығысуына әкеледі.

Жайылма пародонтиттің жеңіл және орташа ауырлықтағы түрлерін емдеу үшін ацилакты жергілікті қолданған кезде ауыз қуысының микробты көрінісінің қалпына келетіні анықталған. Пародонтиттің орташа ауырлығы кезінде түкіріктің бөліну жылдамдығы 3,02 +0,22 ден 3,76 ± 0,24 мл/мин-қа артады. Пародонтиттің жеңіл түрімен ауыратын науқастарды емдеу әсерінен пародонталды қалталардың тереңдігі бір жыл ішінде 2,76±0,05тен 2,15±0,02 мм-ге азайғанын растайды.Пародонтаның жеңіл және орташа дәрежесін эубиотик ацилакпен емдеген кезде пародонталды қалталардың микрофлора құрамы қалыпқа келіп, шартты патогенді штамм өкілдері элиминацияланады және ауыз қуысының биоценозы қалпына келеді. Трихополдың емдік әсері ацилак қолданған кезбен салыстырғанда әлсіздеу болады. Пародонталды қалталардағы микроорганизмдердің белгілі түрлерінің саны ацилакпен емдеу әсерінен пародонтиттің жеңіл дәрежесінде 14,33 + 3,2 –ден 1,75 + 0,35-ке ,ал орташа дәрежесінде 39,35 + 6,52 -ден 2,15 ± 0,37-ге төмендейді. Ацилак әсерінен аурудың қайталану ұзақтығы 2 жылға созылғаны байқалған.

Пародонт пен ауыздың кілегей қабығының аурулары бар науқастардан бөлініп алынған Lactobacillus acidophilus штамының пенициллин тобындағы антибиотиктерге, макролитиктерге, цефализинге, тетрациклин және клафорандарға жоғарғы сезімталдық қасиеті бар болғанмен оның аминогликозидтерге, линкомициндерге және стрептомицинге жеткілікті дәрежеде резистенттілігі байқалған. Аутофлораның лактобациллярлы тізбегін барынша қорғау мақсатында антибиотиктер мен микробты препараттарды қосып емдегенде алынатын мәліметтерді қойылған мақсатқа байланысты ескере отыру қажет.

Ауыз қуысының кандидомикозын емдеу кезінде қосалқы тәсіл ретінде эубиотиктерді қолдану тиімді, ол патогенді және шартты патогенді микрофлораға антагонистік әсер етіп витамин түзуші және ферменттік қызметті қамтамасыз етеді.

Балалардағы жедел герпесті гингивостоматитті емдеуде лактобацилланың суда ерітілген суспензиясы қолданылады. Бұл 5- 7– інші емдеу сеансынан кейін клиникалық симптомдарды жоюға мүмкіндік береді. Пародонттың қабыну ауруларын сүт қышқылды бактерияның Ер 317/402 штамын қолданып ем жүргізген. Сүт қышқылды бактерияның өсіндісімен суланған тампон пародонталді қалталарға енгізіледі. Емдеу нәтижесінде қалталардан ірің аққаны тоқтап , қызыл иектің қанталауы кетіп, иектегі қышыну сезімі жойылды.

Пародонттағы қабыну процесі өршіген сайын патогенді микроорганизмдердің саны көбейіп, аутофлора концентрациясы төмендеуі есебінен ауыз қуысының биоценозында айтарлықтай бұзылыстар пайда болады. Бұл кезде тек патогенді мирофлораны белсенді түрде басып тастауға тырыспай, сонмен қатар бактериалық препараттар бере отырып тұрақты мирофлора концентрациясын қалыпқа кетіру керек.

Пародонтиттің орта және ауыр дәрежелерінде пародонталды қалталарға лактобактериялардың белгілі бір мөлшерін енгізген кезде клиникалық көрсеткіштер мен пародонта қалталарының микрофлорасына дәрінің таблетка түрін берген кездегіден коррекциялық әсері айқан болады.

Антисептикалық заттарға қарағанда әсер ету негізі Lactobacillus casei штамы болып табылатын лактобактерин препаратын қолданған кезде ауыз қуысының микрофлора құрамын қалпына келтіріп қана қоймай, жерлілікті иммунитет көрсеткіштерін- лизоцим белсенділігін арттырады, секреторлы иммундыглобулин А деңгейін қалпына келтіреді.

Қазіргі кезде стоматологиялық препарат имудон (Solvay Farma,) жиі қолданыла бастады. Оны гингивит, пародонтит, перикоронарит, стоматит, тонзиллит ауруларын емдеуде тағайындайды. Созылмалы катаральді гингивитты имудон қолданып емдегенде SlgA өнімінің күшеюі әсерінен ауыз қуысының жергілікті иммундық қорғанысы жоғарылайтындығы байқалады. Пародонтитті операциялық жолмен емдеу алдындағы шаралар кешеніне препаратты енгізген кезде асқыну болу қауіпі төмендейді, сонымен қатар ремиссия мерзімі біраз уақытқа ұзарады. Жоғарыда берілген мәліметтер стоматология тәжірбиесінде емдеу және алдын алу жүйесінде бактериялық терапия әдісін қолданудың перспективті екендігін дәлелдейді .

Пародонт тінінің қабыну ауруларын емдеу кешеніне бактериалық препараттарды қосып емдеу микробиоценоз жағдайына коррекция жасап, жергілікті иммунитет көрсеткіштерін жақсартуға болады.

Микробиология бойынша тесттер