
- •Іі бөлім. Жалпы микробиология
- •14.1 Коктар
- •14.1.1. Аэробты грам оң коктар
- •14.1.1.1. Мicrococcacеae тұқымдастығы
- •14.1.1.1.1Стафилококтар (Staphylocоccus туыстастығы)
- •Стафилококтардың медициналық маңызы бар негізгі дифференциациялық белгілері
- •Staphylocоccus aureus-тің вируленттік факторлары
- •14.1.1.2. Streptococcaceae тұқымдастығы
- •14.1.1.2.1. Стрептококтар
- •14.1.1.2.2. Энтерококтар (туыстастығы Enterococcus)
- •Энтерококтардың негізгі медициналық маңызы бар түрлерінің дифференциациялық белгілері
- •14.1.2 Аэробты грам теріс коктар
- •14.1.2.1 Нейссериялар
- •Нейссериялардың негізгі дифференциалды-диагностикалық қасиеттері
- •14.1.2.1.1. Менингококтар
- •Neisseria meningitidis-тің вируленттік факторлары
- •14.1.2.1.2. Гонококтар
- •Гонококтық инфекциялардың орналасуы және түрлері
- •14.1.3. Анаэробты коктар
- •14.1.3.1. Анаэробты грам оң коктар
- •14.1.3.2. Анаэробты грам теріс кокктар
- •14.1.3.2.1. Вейлонеллалар (Veillonella туыстастығы)
- •14.2. Грам теріс факультативті-анаэробты таяқшалар
- •14.2.1. Энтеробактериялар (Enterobacteriaceae тұқымдастығы)
- •14.2.1.1. Эшерихиоздардың қоздырғыштары
- •Enterobacteriaceae тұқымдастығының Escherichia, Shigella, Salmonella туыстастықтарының биохимиялық қасиеттері
- •14.2.1.2 Клебсиеллалар (Klebsіella туыстастығы)
- •Клебсиелла туыстығына жататын бактериялардың биохимиялық қасиеттері
- •14.2.1.3. Шигеллалар
- •14.2.1.4. Салмонеллалар (Salmonella туыстастығы)
- •14.2.1.4.1. Салмонеллез (астан улану) қоздырғыштары
- •14.2.1.4.2. Ауруханаішілік салмонеллез
- •14.2.1.4.3. Протей (Proteus туыстастығы)
- •Proteus туыстастығының биохимиялық белсенділігі.
- •14.2.1.4.Оба қоздырғышы
- •14.2.1.5. Энтеропатогенді иерсиниялар
- •14.2.1.6. Псевдотуберкулез қоздырғышы
- •14.2.1.7. Ішек иерсиниозының қоздырғышы
- •14.2.2. Вибриондар (Vibrionaceae тұқымдастығы)
- •14.2.2.1.Тырысқақ қоздырғышы
- •14.2.2.2. Парагемолитикалық вибриондар (Vibrio туыстастығы)
- •14.2.2.3. Кампилобактериялар (Сampylobacter туыстастығы)
- •14.2.2.4. Хеликобактериялар (Helicobacter туыстастығы)
- •Helicobacter pylori-дің вирулентті факторлары
- •14.2.3. Pasteurellaceae тұқымдастығы
- •14.2.3.1. Гемофилді бактериялар
- •14.2.3.1.1. Haemophilus influenzae (Афанасьев-Пфайффер таяқшасы)
- •Haemophilus туыстастығына жататын бактериялардың өсу факторларына қажеттілігі бойынша сипаттамасы
- •14.2.3.2. Пастереллалар
- •14.3.Бордетеллалар
- •14.3.1.Көкжөтел және паракөкжөтел қоздырғыштары.
- •Бордетелла түрлерінің дифференциациясы
- •14.3.2. Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары
- •Райт реакциясы үшін бруцеллездік антигенді сұйылту
- •14.3.3.Туляремия қоздырғышы
- •14.3.4. Легионеллез қоздырғышы
- •14.3.5. Псевдомонадалар (Pseudomonas туыстастығы)
- •14.3.6. Буркхольдериялар (Burkholderia туыстастығы)
- •14.4. Анаэробты бактериялар
- •14.4.1.Спора түзбейтін анаэробтар (клостридиялар емес)
- •Бактериоидтардың негізгі айырмашылық белгілері
- •14.4.2.Күйдіргі бациллалары (Bacillus туыстастығы)
- •14.4.3. Спора түзетін Clostridium туыстастығына жататын бактериялар
- •14.4.3.1. Анаэробты инфекция қоздырғыштары
- •14.4.3.1.1. Жарақаттық анаэробты инфекция қоздырғыштары. Газды гангрена.
- •Адамға патогенді клостридиялардың негізгі дифференциалдық белгілері
- •C.Perfringens тудыратын аурулар
- •14.4.3.1.2.Сіреспе клостридиясы (Clostridium tetani)
- •14.4.3.1.3. Ботулизм клостридиясы (Clostridium botulinum)
- •14.4.3.2 Лактобациллалар (Lactobacillus туыстастығы)
- •14.5.Листериялар (Listeria туыстастығы)
- •Listeria monocytogenes-тің вируленттік факторлары
- •14.6. Коринебактериялар (Corynebacterium)
- •14.6.1.Дифтерия қоздырғышы (Corynebacterium diphtheriae)
- •Адам патологиясында клиникалық маңызы бар коринебактериялар
- •C. Diphtheriae-ның биологиялық варианттарының дифференциалдық белгілері
- •14.6.2. Микобактериялар (Mycobacteriaceae тұқымдастығы)
- •14.6.2.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •14.6.2.2. Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •14.6.3.Актиномицеттер (Actynomyces туыстастығы)
- •Актиномицеттердің негізгі дифференциациялық белгілері
- •14.6.3.1. Нокардиялар (Nocardia туыстастығы)
- •Нокардиялардың негізгі дифференциалдық айырмашылықтары
- •14.6.3.1. Бифидобактериялар (Bifidobacterium туыстастығы).
- •Бифидиобактериялардың негізгі айырмашылық белгілері
- •14.6.3.2. Гарднереллалар (Gardnerella туыстастығы)
- •14.7. Риккетсиялар
- •14.7.1. Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •14.7.1.1. Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы
- •14.7.1.2. Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •14.7.1.3. Марселдік қызбаның қоздырғышы
- •14.7.1.4. Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •14.7.2. Ориенциялар (Цуцугамуши қоздырғышы)
- •14.7.3. Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •14.8. Спирохеталар және басқа ирекше, иілген бактериялар
- •14.8.1. Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •14.8.1.1. Мерез. Бозғылт трепонема (Treponema pallidum).
- •14.8.2. Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •14.8.2.1. Эпидемиялық қайталама сүзек
- •14.8.2.2. Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •14.8.2.3. Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •14.8.3. Лептоспиралар. Лептоспироз
- •14.9 Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •Хламидиялық инфекцияларға зертханалық диагноз қою.
- •14.10. Микоплазмалар. Микоплазмоздар.
- •Медициналық маңызы бар Mycoplasma және Ureaplasma туыстастықтарының түрлері.
- •Адамға патогенді микоплазмалардың негізгі биохимиялық қасиеттері
- •Микоплазмалық инфекциялардың зертханалық диагностикасы
- •15 Тарау. Клиникалық микробиология
- •15.1. Клиникалық микробиология және оның медицина үшін маңызы.
- •15.1.1. Клиникалық микробиологияның аңықтамасы, мақсаты және іріңді қабыну аурулары қоздырғыштарының сипаттамасы.
- •15.1.2. Іріңді - қабыну ауруларына микробиологиылық диагноз қою.
- •15.1.2.1.Микробиологиылық диагноз қоюдын маңызы және жалпы принциптері.
- •Көрсетілген аурулардың қоздырғыштары.
- •Әртүрлі патологиялық материалдардан бөліп алатын микрофлора.
- •15.1.3. Патологиялық материалдарды микробиологиялық зерттеу әдістері.
- •Бактериурия дәрежесі
- •15.2 Дисбактериоз
- •Қалыпты микрофлораның пайдалы функциясы
- •15.2.1 Адам организмінің қалыпты микрофлорасы
- •Жуан ішек микрофлорасы.(жалпы микробтар саны 1011-1012)
- •Балалар аіж микрофлорасының ерекшеліктері
- •Кесте 15.9. Дені сау балалар нәжісінің микрофлорасы.
- •Тері микрофлорасы
- •Тыныс алу жолдары шырышты қабатының микрофлорасы
- •Әр түрлі авторлардың мәліметтері бойынша дені сау ересектер мен балалар ішегіндегі микробиоценоз өкілдерінің саны
- •15.2.2. Адам организмінің дисбактериоздары, жэне оның даму дәрежелері.
- •Дисбиоздық микрофлораның зиянды жақтары
- •Кесте 15.14. Candida cаңырауқұлақтары - иммунды депрессия маркері
- •Балаларда болатын дисбактериоздың клиникалық көріністері және дәрежелері
- •15.3. Ауруханаішілік инфекциялардың манызы жэне анықтамасы
- •15.3.3.Ауруханалық ортаның сипаттамасы.
- •15.3.5. Инфекциялық бақылау бағдарламасының міндеттері.
- •16.1.Эволюциялық дамудағы рөлі, жіктелуі (класификациясы)
- •16.1.1. Вирустардың ашылуы
- •16.1.2. Вирусологияның даму кезеңдері
- •16.1.3. Вирустардың табиғаты
- •16.2. Вирусты инфекциялардың патогенезі
- •16.2.1. Вирустың таралу жолдары
- •16.2.2. Вирустық инфекциялардың түрлері
- •16.2.3. Жасушаларда трансформациялық процестер дамуындағы вирустардың рөлі
- •16.2.4. Вирустық инфекциялар патогенезінің ерекшеліктері
- •17 Тарау. Жеке вирусология
- •17.1.1. Пикорнавирустар
- •17.1.1.1. Сал (полиомиелит) вирусы
- •Полиомиелит вирусының типтері
- •17.1.1.2. Коксаки вирустары
- •17.1.1.3. Есно – вирустары
- •17.1.1.4. Гепатит а вирусы (агв-hav)
- •17.1.1.5. Риновирустар
- •17.1.1.6. Аусыл вирусы
- •17.1.2. Тогавирустар
- •17.1.2.1. Альфавирустар
- •17.1.2.2. Қызамық вирусы
- •17.1.3. Флавивирустар
- •17.1.3.1. Сары қызба вирусы
- •17.1.3.2. Кенелік энцефалит вирусы
- •17.1.3.3. Жапондық энцефалит вирусы (масалық энцефалит)
- •17.1.3.4. Омбылық геморрагиялық қызба (огқ)
- •17.1.3.5. С гепатит вирусы (hcv)
- •17.1.3.6. G – гепатит вирусы (hgv)
- •17.1.3.7. Е гепатит вирусы (неv)
- •17.1.3.8. Ttv-гепатит вирусы
- •17.1.4. Коронавирустар
- •17.1.5. Реовирустар
- •17.1.5.1. Реовирустар (ортореовирустар)
- •17.1.5.2. Ротавирустар
- •17.1.5.3. Орбивирустар
- •17.1.5.4. Колтивирустар
- •17.1.6. Ортомиксовирустар
- •17.1.7. Парамиксовирустар
- •17.1.7.1. Парагрипп вирустары
- •17.1.7.2. Мысқыл (эпидемиялық паротит) вирусы
- •17.1.7.3. Қызылша вирусы
- •17.1.7.4. Респираторлық – синцитиальдық вирус
- •17.1.8. Рабдовирустар
- •17.1.8.1. Везикулярлық стоматит вирусы
- •17.8.2. Құтыру вирусы
- •17.1.9. Ретровирустар
- •17.1.10. Ареновирустар
- •17.1.10.1. Лимфоцитарлық хориоменингит
- •17.1.10.2. Ласса геморагиялық қызбасы
- •17.1.10.3. Д гепатит вирусы (hdv )
- •17.1.11.Филовирустар
- •17.1.11.1. Марбург ауруы
- •17.1.11.2. Эбола қызбасы
- •17.1.12 . Буньявирустар
- •17.1.12.1. Қырым- Конго геморрагиялық қызбасы (қкгқ).
- •17.1.12.2. Бүйрек синдромды геморрагиялық қызба вирусы (бсгқ)
- •17.2.1. Парвовирустар
- •17.2.2. Аденовирустар
- •17.2.3. Поксвирустар
- •17.2.3.1. Нағыз немесе қорасан шешегінің вирусы
- •17.2.3.2. Шешектік вакцина вирусы (сиыр шешегінің вирусы)
- •17.2.3.3. Контагиялық моллюск вирусы
- •17..2.4. Ұшық вирустары –Герпесвирустар
- •17.2.4.1. Қарапайым ұшық вирустары (құв)
- •17.2.4.2. 3-Типтік ұшық вирусы
- •17.2.4.3. Бетта-герпесвирустар(5-типі). Цитомегаловирус (цмв).
- •17.2.4.4. Эпштейн-Барр вирусы (эбв). Ұшық вирусының 4-типі.
- •17.2.5. Гепатит в вирусы (hbv)
- •17.2.6. Паповавирустар
- •17.2.6.1. Папилломавирустар
- •17.2.6.2. Полиомавирустар
- •Полиомавирустық геномның реттеуші учаскелері
- •17.2.7. Онкогенді вирустар
- •Адамдарда қатерлі ісіктер дамуын қоздыратын вирустар
- •17.2.7.1. Онкогенді днқ- геномды вирустар
- •17.2.7.2. Адамдардың онкогенді рнқ-геномды вирустары
- •17.2.8. Вирустық баяу инфекциялар (приондық аурулар)
- •Адамдар мен жануарлардың приондық аурулары
- •18 Тарау. Жиі кездесетін микоздардың сипаттамасы
- •18.1. Беткейлік микоздардың қоздырғыштары
- •18.1.1.Кератомикоздардың қоздырғыштары
- •18.1.1.2. Ақ пьедра қоздырғышы – Trichosporon beigelli.
- •18.1.1.3. Қара теміреткі (Exophiala wernekii) және қара пьедра (Piedraia hortae) қоздырғыштары.
- •18.1.2. Дерматомикоздардың қоздырғыштары.
- •Адамдарға патогенді дерматофиттер.
- •18.1.2.1. Микроспория қоздырғыштары.
- •18.1.2.2. Трихофития қоздырғыштары.
- •18.1.2.3. Эпидермофития қоздырғышы
- •18.2. Теріастылық (субкутанды) микоздардың қоздырғыштары.
- •18.2.1. Споротрихиоз қоздырғышы-Sporothrix schenckii
- •18.2.2. Хромобластомикоз қоздырғышы.
- •18.2.3. Мицетома қоздырғыштары
- •18.2.4. Феогифомикоз қоздырғышы
- •18.3.Терең жүйелік микоздардың қоздырғыштары.
- •18.3.1. Гистаплазмоз қоздырғышы.
- •3.2. Криптококкоз қоздырғышы.
- •18.3.3. Кокцидиоидоз қоздырғышы
- •18. 3.4. Бластомикоз қоздырғышы
- •18.4. Оппортунистік микоздардың қоздырғыштары.
- •18.4.1. Кандидоз қоздырғыштары
- •Медициналық маңызы бар Candida туыстастығына жататын саңырауқұлақтардың микроморфологиялық ерекшеліктері
- •Candida саңырауқұлақтарын клиникалық-экологиялық таралау
- •18.4.2. Аспергиллез қоздырғыштары
- •Медициналық маңызы бар Aspergillus туыстастығының экологиялық және клиникалық ерекшеліктері
- •Aspergillus саңырауқұлақтары колонияларының сипаттамасы
- •18.4.3. Сирек кездесетін оппортунистік инфекциялардың қоздырғыштары
- •18.4.3.1. Пенициллиоз қоздырғыштары
- •18.4.3.2. Фузариоз қоздырғыштары
- •18.4.3.3. Зигомикоз (фигомикоз) қоздырғыштары
- •18.5. Микоздарға микробиологиялық диагноз қоюдың принциптері
- •18.5.1. Зерттеу үшін алынатын заттар
- •18.5.2. Зерттеу әдістері
- •18.5.2.1. Микроскопиялық әдіс
- •18.5.2.2. Дақылдық әдіс
- •18.5.2.3. Микоздарға диагноз қоюдың басқа әдістері
- •18.5.2.4. Микоздарды емдеу мен алдын алудың принциптері
- •Антимикотикалық дәрмектер
- •Саңырауқұлақтық инфекциялар қоздырғыштарының клиникалық-микологиялық классификациясы.
- •Қарапайымдылар (Protozoa)
- •19.1. Саркодылар (Sarcodina )
- •19.1.1. Амебиаз қоздырғышы.
- •19.2. Талшықтылар (Flagelleta).
- •19.2.1. Лейшманиоз қоздырғыштары.
- •19.2.2. Трипаносомоздардың қоздырғыштары
- •19.2.3. Трихомониаз қоздырғыштары.
- •19.3. Споралылар (Sporozoa)
- •19.3.1. Токсоплазмоз қоздырғышы
- •19.3.2. Безгек қоздырғыштары.
- •19.4. Кірпікшелілер (Ciliata).
- •19.4.1. Балантидиаз қоздырғышы
- •20.1. Ауыз қуысының микрофлорасы
- •20.1.1. Ауыз қуысының қалыпты микрофлорасы
- •Ауыз қуысының бактериялық микрофлорасы
- •20.1.1.1. Ауыз қуысындағы қалыпты микрофлораның қызметі
- •20.1.2. Ауыз қуысының микробтарын дақылдандыру ерекшеліктері және оның физиологиялық маңызы
- •20.1.3. Ауыз қуысындағы микрофлораның адам жасына байланысты ерекшеліктері
- •20.1.4 Ауыз қуысы - жұқпалы аурулар қоздырғыштарының кіру қақпасы
- •Ауыз қуысының антимикробты қорғаныстық факторлары
- •20.2. Стоматологиялық аурулардың микробиологиясы
- •20.2.1. Халитозис
- •20.2.2 Микробтар туғызатын аурулар
- •Тіс ауруларын қоздыратын негізгі микроорганизмдер
- •20.2.2.1 Микробтық тіс дақтарының пайда болуы
- •20.2.2.2. Кариес
- •20.2.2.3 Пульпит
- •20.2.3 Микробтармен қоздырылатын пародонт аурулары
- •20.2.3.1 Гингивит
- •20.2.3.2 Пародонтит
- •20.2.4 Микробтармен қоздырылатын ауыз қуысы шырышты қабығының аурулары
- •20.3. Одонтогендік инфекция
- •20.3.1 Периодонтит
- •20.3.2 Жақ периоститі
- •20.3.3 Жақ остеомиелиті
- •20.3.4 Тіс аймағында жұмсақ тіннің абсцесстері мен флегмоналары
- •20.4. Жұқпалы аурулар кезіндегі ауыз қуысының зақымдалуы
- •20.4.1 Бактериялық зақымдалуы
- •20.4.1.1. Стафилококтық және стрептококтық іріңдік зақымдалу
- •20. 4.1.2 Бет-жақ актиномикозы
- •20.4.1.3 Жаралы-шірік Венсан гингивостоматиті (фузоспирохетоз)
- •20.4.1.4 Гонококтық стоматит
- •20.4.1.5 Туберкулез кезіндегі ауыз қуысының зақымдалуы
- •20.4.1.6. Алапес кезіндегі зақымданулар.
- •20.4.1.7. Мерез кезіндегі зақымданулар
- •20.4.2 Ауыз қуысының вирустық зақымданулары
- •20.4.2.1. Герпесвирустық инфекциялар.
- •20.4.2.2. Коксаки а вирустық инфекция
- •20.4.2.3 Аив инфекциясы
- •20.4.2.4 Папилломавирустар
- •20.4.2.5 Приондық аурулар
- •20.4.3 Саңырауқұлақтық зақымдалу
- •20.5. Стоматологиялық емдік- профилактикалық мекемелердегі ауруханаішілік инфекциялар
- •20.5.1. Аурухана ішілік инфекциялардың эпидемиологиясы
- •20.5.2. Ауруханаішілік инфекциялардың этиологиясы
- •Стоматологиялық мекемелерде жұғу мүмкіндігі бар инфекциялық аурулар
- •20.5.3.Стоматологиялық ауруханаішілік инфекцияның жұғу жолдары және берілу факторлары
- •20.5.4. Стоматологиялық жәрдем көрсетілген кезде іріңдеу – септикалық инфекция жұқтыру қауіпін тудыратын факторлар
- •20.5.5. Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуы
- •20.6. Клиникалық материалды микробиологиялық зерттеу
- •20.6.1 Ауыз қуысынан материалды зерттеуге алу, сақтау және зертханаға жеткізу
- •20.7. Стоматологияда микробтарға қарсы қолданылатын заттар мен факторлар
- •20.7.1 Дезинфекция және стерилизация
- •20.7.2. Антисептиктер
- •20.8. Тіс дәрігерінің биологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтауы
- •20.9. Тіс емдеуде биологиялық дәрі - дәрмектерді қолдану
- •20.9.1.Биологиялық препараттарды стоматологияда қолдану
- •1.Бактериялық жасуша құрылымына жатады:
- •17.Қарапайым қоректік орталар:
- •18.Дифференциальды - диагностикалық орталар:
- •19.Бактериялардың дақылдық қасиеті-ол:
- •20.Штамм дегеніміз не?
- •21.Бөлініп алынған микроб дақылын идентификациялау келесі қасиеттерін анықтаумен атқарылады:
- •22.Сероварлар (анықтамасы, мысалы):
- •Тест сұрақтарына жауаптар
- •Қосымшалар
- •Кейбір аурулардың қазақша атауларының орысша баламасы
- •Қолданылған әдебиеттер
20.9. Тіс емдеуде биологиялық дәрі - дәрмектерді қолдану
Экологиялық қолайсыз жағдай, стрестік әсердің ұлғаюы, антибиотиктерді дұрыс қолданбау адамдардың барлық жерлерінде дисбактериоз таралуына жағдай жасайды, созылмалы бактериалық індетті қоздырады, сәбилер мен үлкендер организімнің аллергизациясын туғызады. Дисбактериоз және иммундық тапшылық созылмалы және жедел аурулардың, сонымен қатар ауыз қуысының ауруларының ұзақтығы мен ауырлығына неғұрлым әсер етіп, олардың емі мен диагноз қоюын қиындатып қымбаттата түсіреді.
Қазіргі кезде тіс өңезіндегі бактериалық флора гингивит пен пародонтит кезіндегі пародонт зақымдалуының біріншілік факторы болып қаралады. 100 жылдан астам уақыттан бері пародонта ауруының дамуы мен ағымынада бактериалық колонизацияланудың рөлі зерттелуде.
Пародонта микробиологиясының жаңа эрасының тууын атай өтсек, Socransky S.S. және Haffajee A.D. (1992) пародонтаның деструктивті зақымдалуының жаңа «формуласын» ұсынды, онда пародонта ауруын бірнеше тізбектен тұратын күрделі патофизиологиялық процесс деп қаралады:
Пародонта зақымдалуы = бактериалық патоген + организм сезімталдығы + қалыпты микрофлораның ақаулығы.
Макроорганизмнің антимикробтық қорғану жүйесінде алдынғы орын кілегей қабықтың аутофлорасына тиесілі.Оның жағдайы және сыртқы орта әсеріне қарсы тұру қабілеті көп жағдайларда патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерінің колония түзуіне байланысты. Микроб құрамының тұрақтылығын сақтауда қалыпты микрофлораға тән патогенді және шартты патогенді микробтарға антагонистік әсері басты рөлдің біріне жатады.Тұрақты флора ағзаға «биологиялық барьер» қызметін атқарып кездейсоқ флораның көбейуіне төтеп береді. Бұл-эволюциалық жасалынып шығарылған, инфекциядан қорғанудағы физиологиялық қажет нәрсе. Ауыз қуысындағы қалыпты микробиоцинтезін түзуде 10-нан астам түрі белгілі Lactobacillus туыстастығының физиологиялық маңыздылығы зор.
Филогенез барысында макроорганизімге кездейсоқ микрофлораның әсеріне қарсы қорғаныс механизмі жасалынып шағарылған. Сонымен қатар белгілі бір микроб түрлерінің ауыз қуысында өмір сүруіне бейімделу пайда болды. Макроорганизм мен микрофлора аралығында биологиялық «тепе-теңдік» – эубиоз қалыптасады.
Пародонт тінінің қабыну ауруы әдетте пародонттың зақымдану дәрежесімен айқындалатын ауыз қуысының дисбиозымен қосарлана жүреді.
Ауыз қуысында пародонтадағы қабыну-деструктивті процесс кезіндегі биологиялық тепе-теңдіктің өзгеруінің дамуы.
Симбионты микрофлораның компенсаторлық мүмкіндігі шексіз емес болғандықтан және де түрлі факторлардың әсерінен ауыз қуысындағы қалыпты және патогендік флора арасындағы динамикалық тепе-теңдік бұзылуы мүмкін. Жұтынудың, шайнаудың және сөл бөлінудің бұзылыстары ауыз қуысындағы патогендік микрофлоралардың үнемі көбеюіне әкеліп соғады. Сонымен қатар ауыз кілегей қабығының құрғап қалуына әкеліп соғатын дұрыс тыныс алмау салдары да (мұрын арқылы) әсер етеді. Сондықтан мұрын біткенде,баспа болғанда,аденойдты тыныс кезінде ауыз қуысындағы микробтар мөлшері күрт көбейіп кетеді. Сөл бөлетін бездердің секрециясы бұзылған кезде микроорганизмдер қарқынды түрде көбейеді.
Ауыз қуысында ас қалдығы тұрып қалатын, микроорганизмдердің түкірікпен жуулуы қиындайтын аномалиялар болған жағдайда микроорганизмдердің жалпы санының күрт өсуі болады. Бұндай жағдайлар бет және жақ аумағында туабіткен ақаулар болғанда, көптеген кариоздық зақымдалуларда, пародонттық қалталар пайда болғанда, сапасыз протез салғанда, сонымен қатар жалпы патологияға әсер еткенде: организмнің реактивтілігі өзгерген кезде, эндокриндік аурулар кезінде т.б.ж.байқалады. Бұл жағдайда тұрақты флора өкілдерінің күрт қозуы пайда болады. Дисбактериоз дамиды. Дисбактериоз ұғымы медицинаға 1916 жылы неміс оқымыстысы А.Nissle тек қана E.coli концентрациясының бұзылуы деген түсінікпен енгізген. Қазіргі кезде «дисбактериоз» терминімен организмге түрлі экзогенді және эндогенді сипаттағы фактордың әсерінен қалыпты микрофлораның сандық және сапалық өзгерісі пайда болып, макроорганизмде клиникалық өзгерістер байқалып, немесе организмде қандайда бір патологиялық процесс даму салдары болатын жағдай айтылады.
Ас қорыту жүйесінің созылмалы аурулары мен қызметінің бұзылуы ауыз қуысының дисбактериозының тууы мен дамуына себепші болады. Қандай да бір аурудың симптомы түрінде пайда болып, дисбактериоз оның ағымын күрделі етіп процестің созылмалдылғын тереңдетеді.
Ауыздың кілегей қабығының микробиоценозы қоршаған ортаның қолайсыз өзгерістеріне сезімтал эколигиялық жүйе болып табылады. Экологиялық қолайсыз биотоптарда ауыз қуысының микрофлорасында қалыпты жағдаймен салыстырғанда лактобактерия саны азайып стафилококк пен Candida туыстастығының саңырауқұлақтары көбейеді
Көп жағдайларда пародонтитті емдеу шараларына антибиотиктерді қосқанда ауыз қуысының бактериоценозының өзгеруі болады. Дәрі-дәрмектерді тиімді қолданбаған жағдайда ауыз қуысының аутофлорасының тұрақты өкілдері мен жергілікті антибактериалық қорғаныс факторына негативті әсер етеді. Пародонтозды емдеу схемасында АБП-тарын локалды немесе жүйелі түрде қолдану керектігін сауатты түрде жоспарлау негізгі мақсат болып табылады. Стоматологиялық тәжірбиеде қолданылатын түрлі антимикробтық және антисептикалық дәрі-дәрмектер ауыз қуысының микробиоценозының барлық тізбегіне бірден әсер етеді. Бірақ олардың бактериостатикалық әсері өте аз уақыт сақталады, бұл жағдайда көбінесе антибиотиктермен емдегенде микрофлораның сандық және сапалық құрамы өзгереді, патогендік микрофлораның антибиотиктерге тұрақтылығы байқалады. АБП-тарымен емдеу кезінде микрофлораның мөлшері мен құрамдылық түрі тез арада өзгеріске ұшырап ашытқы тектес Candida саңырауқұлақтар басым бола түседі .Бәсекелестері мен антагонистерінен айрылып саңырауқұлақтар жылдам өсіп, адгезияның қасиетке және колония түзуге мүмкіндік алады. Антибиотиктерді рационнан тыс қолданудың әсері ауру процесінде түкірікпен аралас Proteus туыстастығының бактериялары көбеюімен жиі түсіндіріледі. Сонымен қатар .антибиотиктермен емдеу нәтижесінде протей штамының антибиотиктерге тұрақтылығы жоғарылайды.
Патогенді және шартты патогенді микробтардың деңгейінің айқын өсуі фонында қалыпты микрофлора өкілдері азаяды. Сондықтан пародонтозды емдеу барысында, ауыз қуысының, жекелеп алғанда пародонта тініндегі тұрақты микрофлораны қалпына келтіретін дәрі-дәрмектерді қосып бергенде емнің нәтижесі жоғары болады. Соған байланысты әсер ету бастамасы жоғарғы антагонистік, ферменттік және иммунитетін көтеретін қасиеттері бар қалыпты микрофлора штаммының өкілі болып табылатын микробтық биопрепараттарды қолдану преспективті болып табылады.
Биологиялық препараттардың жіктелуі
Биологиялық препараттар кәзіргі кезде организмнің қалыпты микрофлора тепе-теңдігін жоғарғы деңгейде ұстап тұратын көп таралған дәрі-дәрмектерге жатады. R. Simmering және M.Blaut (2001) келісімдері бойынша биопрепараттар белгілі бір талаптарға жауап беріп, қойылған шарттарға сай болуы қажет:
- асқазан сөлі мен өт қышқылдарында қорытылмауы қажет;
- берілген биотопқа қажетті адгезиялық қасиеті болу;
- берілген биотопта максималды ұзақ уақыт болу;
- антибиотиктік заттар өндіру;
- иммундық реакцияларды модулдеу;
- организмдегі метаболизм процесіне оң әсер ету (холестерин алмасуын реттеу, витамин түзілуін күшейту).
Энтералды жолмен қабылданып, микробиоценозды қалпына келтіретін биопрепараттарды Россияның Гарбичевский атындағы Орталық микробиология және эпидемиология ҒЗИ-ының оқымыстылары құрамындағы компоненттерінің табиғатына байланысты бірнеше топқа бөлуді ұсынды:
1) вакциналар;
2) биологиялық белсенді қоспалар;
3) эубиотиктер;
4) пробиотиктер;
5) пребиотиктер;
6) бактериофагтар;
Вакциналар дегеніміз микроорганизмдерден немесе олардың антигендерінен тұратын белгілі бір микроорганизмдерге немесе оның бөліп шығаратын токсиніне қарсы жасанды түрде активті иммунитет жасау үшін қолданылатын препараттар. Стоматологияда соңғы кезде пародонта мен ауыз қуысының кілегей қабығының ауруларын емдеуде вакцина ретінде имудон (Solvay Farma, Француз өнімі) препараты кеңінен қолданылып жүр. Имудон поливалентті антиген кешенінен тұратын, ауыз қуысының патологиясын тудыратын ең жиі кездесетін 13 түрлі бактериялар мен саңырауқұлақтар штамдарының антигендерінен жасалынған .Антиген түрінде препаратқа ауыз қуысының жергілікті иммунитетін «жаттықтыруға» мүмкіндік береді. Имудон иммундық жасушалардың жадын қоздырып, ауру тудыратын микробпен кездесуге дайындайды. Дәріні ауыз қуысының қабыну ауруларының алдын алу үшін қолдану тиімді.
Solvay Farma фирмасымен құрамында 19 штамның детерминантты антигені бар тағы бір препарат - ИРС-19 ассоцияланған вакцинасы шығарылған. Препарат жедел түрде кілегей қабықта қорғаныс механизмін күшейтіп ,антиденелердің өнімін көп мөлшерде шығарып, ауыз қуысындағы макрофагтардың фагоцитарлық белсенділігін, интерферон және лизоцим өнімдерін арттырады .
Препарат ауыз қуысының және жоғарғы тыныс жолдарының қабынуларында, пародонта ауруларын емдеуде қолданылады .
Биологиялық белсенді қоспалар - олар асқазан-ішек қызметін жақсартып, ішек микрофлорасын қалпына келтіру үшін қолдануға арналған бифидо қоспалары бар емдік-диеталық қоректік тағамдар. Бұларға эколакт жатады ол жеміс-жидек шырынынан жасалынған құрамына ашытқан лактобактериялары бар антиоксидантты белсенділігі және антимутагенді әсері бар сусындар мен құрамына түрлі сүт қышқылы бактериялары кіретін «бифилайф», «био-кефир», «кефир BFB», ацедофилді паста, йогурт тәрізді ашыған сүт өнімдері жатады
Эубиотиктер –бұл әсер ету бастамасы қалыпты микофлора өкілдерінен құралған тірі лиофилді кептірілген микроорганизмдер дақылынан жасалынатын бактериалық препараттар.
Эубиотиктерді қолдану кәдімгі емдеу тәсілінің орнын басу мысалы. Мыналар эубиотиктерге жатады :
- бифидумбактерин - Bifidobacterium bifidum бактериясының микробтық массасы
- ацилакт - Lactobacillus acidophilus 3 штамының өкілдерінен тұратын биомасса
- лактобактерин - Lactobacillus plantarum және L.fermentum бактерияларының микробтық массасы.
- колибактерин - E.coli миробтық масса.
- бифилиз – бифидобактериялар мен лизоцимдер қосылған лиофильді кептірілген биомасса.
- линекс - Lactobacillus acidophilus, Bifidobacterium infantis, Streptococcus faeciuv тірі бактерияларының лиофилденген препараты.
Флорадофилюс 3000 (Amrion компаниясының өнімі) және вита-баланс (New Spirit Naturals компаниясының өнімі) капсуладағы АҚШ өндіретін эубиотиктер.
Зерттеу нәтижесінде эубиотиктер әсерінен бифидо-лактобактериялардан моноцитарлы-макрофаг қатарының белсенділігі артып, сарысулық иммундыглобулин және интерферон өнімдері көбейіп, Т-жасушалық иммунитет реакциясын қоздыратындығы мәлім болды.
Lactobacillus acidophilus және L.casei сүт қышқылы бактериялары бірден фагоцитоз, табиғи киллерлер белсенділігін және антидене түзетін жасушалардың өнімдерін арттыратын иммундық реакциялар түзеді. Көптеген грамм оң бактерияларының сонымен қатар лакто-және бифидобактерияларының торша қабығы құрамында мурамилпептидтер (МДП) бар, олардың бөлініп шығуы Т-және В-лимфоциттер мен макрофагтардың белсенділігін, иммундыглобулин өнімдерін арттыратандығы мәлім. Бактериалық препараттардың емдеу-алдын алу механизмінің алуан түрлі екендігін ескере отырып, олардың қай-қайсысының басты немесе екіншілік екендігін айқындауға болмайды. Түрлі созылмалы және жедел ауруларда терапиялық әсері бір жағдайда бациланың антагонистік қасиетінен болса, басқа біреулерінде өнімдері мен ферменттер әсерінен, ал үшінші біреулерінде қорғану реакцияларының белсенділігінің артуынан болады. Бірақ, әдетте процесске бір мезетте бірнеше фермент қатысады.
Пробиотиктер – негізінде табиғаты микробтан тұратын патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің өсуін тежейтін қасиеті бар және ас қорыту процесіне қатысатын, әсер ету бастамасы ферменттік жүйе болатын препараттар.Пробиотиктер қалыпты микрофлораның өсуін
белсендірушілер болып табылады. Оларға энтерол (Sanofi-Chinoin компаниясының өнімі), блактисубтил (Marion Merrel Dow, АҚШ), флонивит БС (JCN .Galenic,Югославия),биоспорин жатады (Россия, Әскери-техникалық проблемалар орталығы).
Биоспориннің әсер ету механизмі құрамындағы Bacillus туыстастығы бактериясының есебінен жүзеге асады. Бұл кезде тірі бациллалардың бір бөлігі (50% шамасында) спора түрінде болады.Спора түзетін бактериялардың кілегей қабық колониясын түзу қасиеті айқын болмаса да , 1 тәуліктен 3 тәулікке дейін адаптацияланады және вегетацияланады.Споралар ішке қарай өсіп ене бастағанда бөліп шығаратын ферменттер протейлердің, ішек таяқшаларының, патогенді стафилококтың және Candida туыстастығының саңырауқұлақтарының жасуша қабырғаларының лизисін тудырады.Препарат организмнің қорғаныс реакциясын едәуір күшейтеді, лейкоциттердің фагоцитарлық белсенділігін арттырады,эндогенді интерферон мен лизоцим өнімдерін күшейтеді .
Пребиотиктер – бұл қалыпты микрофлораның өсуін күшейтетін қасиеті бар, ішекте қорытылмайтын тағамдық заттар. Бұл топқа хилак-форте препараты жатады. Хилак-фоте (Австрияның Ludwig Merckle GmgH компаниясы өндіреді) ауыз арқылы қабылданатын тамшы түрінде шығарылады, құрамында–ішек микрофлорасының симбионтының стерилді грамм оң және грамм теріс бактерияларының алмасу өнімдері бар .
Лактулоза – нормазе, лактофальк, дюфалак, портолак атаулалрымен шығарылатын синтетикалық дисахарид. Препарат ішекте сальмонелланың өсуін күшейтіп, құрамында азот бар заттардың түзілуін азайтып, тоқ ішекте аммиактың сіңуіне кедергі болады.
Бактериофагтарға патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерге жоғарғы спецификалық әсер ету қасиет тән. Олардың антибиотиктер немесе химиотерапиялық заттарға қарағанда іріктеп әсер ету қабілеті жоғары. Бактериофагтар тар спецификалық антимикробты агент болып табылады, сондықтан олар бактерияларды тек қана селективті ерітеді. Фаготерапия әдісі тек емдеу емес, сонымен қатар бір шама ауруларды, оның ішінде пародонтаның қабыну ауруларын, алдын алу шаралары есебінде тиімді қолдануға болды.
Бактериофагтар микроорганизмнің антибиотикке тұрақты түрлерін ерітеді. Егер стафилококкты бактериофагты алғашында тек індеттенген жарақатты емдеу және алдын алу мақсатында қолданған болса, стафилококк індеті салдарынан болған асқазан-ішек жолдарының дисбактериозын емдеуде қолдану, ауыз қуысының қабыну ауруларын емдеу мен алдын алу, сонымен қатар бет және жақ ауданының остеомиелиті мен абсцесін емдеуде қолдану әсері нәтижелі болуы мүмкін. Пародонтаның қабыну ауруларын қабынуға қарсы және антибактериалық ем қолдану сатысында бактериофагтарды қосып емдесе нәтиже тиімді болады.