Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

20.8. Тіс дәрігерінің биологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтауы

Америкалық стоматологтар ассоциациясының мәлеметтері бойынша тіс дәрігерлерге жуғыну қауіпі бар инфекциялардың құрамына төменде көрсетілген 22 инфекция кіреді және олардың аяқталуы осындай болады:

АИВ/ЖИТС – өлімге әкеледі.

Кандидоз – ағзаның жүйелік зақымдалуы.

Желшешек – белдеме теміреткі.

Туберкулез – енбекке жарамсыздық, өлім.

Соз – бедеулік, артриттер.

Гепатит А – вирустасымалдаушылық.

Гепатит В,С,Д – вирустасымалдаушылық, өлім.

Герпестік конъюнктивит - вирустасымалдаушылық, көз көрмеуі.

Герпестік панариций – вирустасымалдаушылық.

Инфекциялық мононуклеоз – вирустасымалдаушылық.

Грипп – вирустасымалдаушылық.

Легионеллез – өлім.

Қызылша – енбекке жарамсыздық, энцефалит.

Қызамық – туа пайда болған ақаулар.

Дифтерия – бактериятасымалдаушылық, өлім.

Эпидемиялық паротит – вирустасымалдаушылық.

Стафилококктық инфекция – тері аурулар, тасымалдаушылық, өлім.

Стрептококктық инфекция – ревматизм, өлім.

Мерез – ОЖЖ зақымдалуы, өлім.

Сіреспе – енбекке жарамсыздық, өлім.

Респираторлық инфекциялар – уақытша енбекке жарамсыздық, вирустасымалдаушылық.

Вирустық пневмония – вирустасымалдаушылық, өлім.

Тіс емдеу мекемелерінде кәсіби ауруларды жұқтырудан алдын алу үшін ең алдымен медицина қызметкерлерінің денсаулығын біріншілік (алғаш жұмысқа кірген уақытта) және жүйелі түрде медициналық бақылаудан өткізіп тұру қажет (тексеру жиілігі мен тексеретін мамандардың тізімі Денсаулық сақтау Министірлігінің нұсқауының бұйрығында берілген). Жұмыс істейтін қызметкерге өткізілетін шаралар:

Вирусты гепатит В және дифтерияға қарсы жоспарлы түрде егу және қайта егу жасау.

Індет жұқтыру қауіптілігін тудыратын зақымдалу болған жағдайда жедел түрде вирусты гепатит В-ға қарсы егу жасау.

Тіс емдеу емханасының, бөлімдерінің және жеке кабинеттердің қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігін сақтау мақсатында және індеттенуден алдын алу үшін, сонымен қатар емделуші науқастардың індеттенуін ескерту үшін тіс емдеу мекемесінің әр қызметкері келесі биологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет :

Жұмыс істегенде санитарлық киім (халат,костюм,қалпақ,бет перде) киуі қажет,олар ортақталық залалсызданудан өтіп, жуылуы қажет. Керек болған жағдайда қан тамшыларының және ауыз қуысынан бөлінетін сұйықтықтардың денеге түсуінен сақтану үшін су өткізбейтін матадан жасалынған киім қолдану қажет.Ауыз және мұрынды жауып тұратын бет пердені әр науқастан соң ау ыстырып тұру қажет.

Жеке бас гигиенасының ережелерін сақтау, әр науқасты қабылдар алдында және қарап болғаннан соң қолды жуу қажет, антисептикпен залалсыздандырып әр науқастан соң биялайларын аусытыру қажет.

Тісті өңдеуден өткізгенде, ауыз қуысында жұмыс істегенде қан тамшыларының және ауыз қуысынан бөлінетін сұйықтықтардың бетке шашырауынан алдын алу үшін дәрігер көзілдірік немесе қалқан тағуы қажет.Әр қолданудан соң оны залалсыздандыру қажет.

Қол және саусақтағы жарақаттар мен жырылған жерлерге лейкопластыр таңып саусақ басына киетін биялайлар кию қажет. Қабылдау кабинеттерінде «Микрожарақаттар есебі журналын» жүргізу қажет.

Науқастың тері жабындысы қанмен (ауыз қуысынан бөлінетін сұйықтықтармен) бүлініп қалған жағдайда денесін дезинфекциялау ерітіндісімен немесе 70ºС спиртпен залалсыздандыру керек. Егер тері жабындысының бүтіндігі бұзылып қан кетер болса, қанның кетуін тоқтатпай оны сығып жарақатты 5% йодтың спиртті ерітіндісімен залалсыздандыру керек.

Егер қан (ауыз қуысынан бөлінетін сұйықтық) науқастың ауыз қуысының кілегей қабатына тиетін болса оны 70ºС спиртпен немесе 0,05% калий марганецтың ерітіндісімен қандырып шаяды. Егер көз конъюктивасына тиер болса оны 0,05% калий марганецтың ерітіндісімен жуады.

Әр науқасқа дәрігері жеке залалсызданған/бір рет қолданылатын/ стоматологиялық аспап жиынтығын қолдануы қажет (аспаптар жиынтығын немесе ішінен жеке бір аспапты қайта қолдануға тиым салынады.)

Кейбір науқастарға қолданылатын заттар мен аспаптар адекватты тазартылу мен залалсыздандырылудан өткізілуі қажет.

Микробы бар жерлердің аэрозолін аулайтын сорғыштарды қолданған жағдайда олардың филтірін уақытылы ауыстырып тұру қажет(фильтр жоқ немесе дұрыс істемеген жағдайда өңделген лас ауа науқастың ауыз қуысынан бөлінетін микрофлорасымен кабинеттегі заттар мен аппаратураларды анағұрлым ласталуына әкеліп соғады.)

Барлық лабораториялық сараптамалар үлгілерін потенциалды індеттелген деп есептеп жиын жасап оларды микробиологиялық лабораторияларға барлық микробиологиялық қауіпсіздік техникасын сақтап жеткізу және сақтау қажет.

Науқас қаны мен бөлінділерімен ластанған арнайы киім және төсек жабдықтарын потенциалды індеттелген деп есептеп жедел түрде залалсыздандырудан өткізу қажет.

Қолданылынған шприцтерді бірден арнайы үшкір заттарды жоюға арналған контейнерлерге тастау керек, шприцтен инесін мүлдем алуға болмайды және қолданған шприцпен қайта манипуляция жасауға болмайды.

Қауіпті медициналық қалдықтарды жоюға ерекше көңіл бөлу қажет. Емдеу мекемелерінде жиналған қалдықтардың түрлі дәрежеде экологиялық және эпидемиологиялық қауіптілігі бар. Аурухана ішіндегі індеттің пайда болуына 4 - топтағы (Г)-медициналық қалдықтардың маңызы бар,олар эпидемиологиялық тұрғыдан қарағанда қауіпті. Бұл топқа қолданылған таңу материалдары, бір рет қолданылатын операциялық төсек жабдықтары, бір рет қолданылатын шприцтер, инелер, майда стоматологиялық аспаптар жатады. Бұл қалдықтар тіс емдеу кабинеттерінде, егу, таңу және операция жасау бөлмелерінде жиналады.

Медициналық қалдықтарды өңдеуге қойылатын талапқа екі негізгі жағдай кіреді:

1) медициналық материалдарды қайта қолдануға мүмкіндіктің жоқтығы;

2)оларды жойғанда немесе қайта өңдегенде биологиялық қауіпсіз болатындай талаптарға сәйкес залалсыздандыруда өткізу. Бұл әдетте қолданылған аспаптардағы, заттардағы және мүліктердегі барлық флораны толығымен жою немесе оларды әлсіретуге жеткізетін стерилдеу болып табылады.

Медицина мекемесіндегі жиналған барлық жұмсалынған материалдар химиялық немесе ыстықпен өңдеу жолдарымен жоюға беріледі.

Бұл бөлімшелердегі залалсызданудан кейінгі жиналған барлық қалдықтар бір рет қолданылатын жұмсақ немесе қатты байламдарға жиналуы қажет. 3/4 бөлігіне дейін толтырылғаннан кейін ауасы шығарылып ауа кірмейтін жағдай жасау керек. Дезинфекциядан өткізілген үшкір аспаптар ( инелер, майда стоматологиялық аспаптар ) басқа қалдықтардан бөлек бір рет қолданылатын қатты орамға жиналады. Г тобындағы қалдықтарды ашық қалдыруға болмайды және медперсоналдардың оны ұстап жанасуына тиым салынады. Г тобындағы қалдықтарды ортақтандырылған немесе ортақтандырылмаған түрде залалсыздандырудан өткізеді. Кәзіргі кезде қалдықтарды жоюдың келесі әдістерін ажыратады:

- механикалық жолмен өңдеу (қысыммен өңдеу немесе майдалау),

- термиялық өңдеуден өткізу (автоклавты қолдану ең жиі қолдалылатын әдіс);

- өртеу ;

- микротолқында өңдеу;

- электротермиялық өңдеу (төменгі толқынмен сәулелендіру);

- инфрақызыл сәулелердің көмегімен өңдеу;

- химиялық өңдеу немесе дезинфекция

Осы мәселенің берілген жайттары эпидемияға қарсы шаралар тәртібінің бірнеше қатар күрделі бұзылуларына әкеліп соғады. Медициналық қалдықтарды салатын бір рет қолданылатын

ыдыстардың (қалталар, бактар) жоқтығы, және де оларды герметизациялаудың сенімді әрі оңай жолының жоқтығы, шараларды бұзу болып табылыды. Көптеген жағдайларда қалдықтарды уақытша сақтайтын бөлмелер (алаңдар) және ыдыстар (контейнерлер) қарастырылмаған.

Қызметкерлерді және науқастарды медициналық қалдықтардан індет жұқтыру қауіпсіздігін туғызатын транспорт тізбегі ұйымдастырылмаған. Медицина мекемелерінде көрсетілетін медициналық көмекке жаңадан емдеу әдістерін енгізуге байланысты,сонымен қатар дайын дәрі түрлері мен бір рет қолданатын заттарды қолданудың есебінен қалдықтар көлемнің күрт көбейуі мен эпидемиологиялық қауіптілігіне байланысты қалдықты орнында жоюдың u 1089 жүйесін енгізуді дамыту қажет.

Стоматологтың жұмыс орнындағы жоғарғы деңгейдегі гигиеналық талапты практикадағы тіс дәрігері тек қана күнделікті тәжірбиесінде ғана емес, стоматологиялық кабинетке қажет түрлі құрал-жабдықтар, заттар және аспаптарды ойлап тапқанда, сонымен қатар жаңадан технология енгізгенде сақтау керек . «Свод правил гигиены и методические рекомендации» салтты түрде Германаяда (DAHZ) шығарылады.