Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

20.7.1 Дезинфекция және стерилизация

Стоматологиялық тәжірбиеде дезинфекцияның және стерилизацияның маңыздылығы зор. Стоматологиялық құрал-жабдықтарды қолданғаннан кейінгі жұмыс істеу циклы бірінен соң бірі келетін бірнеше шаралардан тұрады:

  • Дезинфекция;

  • стерилизация алдындағы тазарту;

  • стерилизация.

Дезинфекция-қоршаған орта объектілеріндегі патогенді, шартты-патогенді микроорганизмдерді, саңырауқұлақтар мен вирустарды жоюға бағытталған кешенді шара. Қолданылған аспаптар арнайы жасалынған дезинфекциялық ерітіндіге салынып қойылады. Стоматологияда дезинфекцияның келесі тәсілдері қолданылады:

1. физикалық (жоғарғы температураны, УК-сәулелерді қолдану)

2. химиялық (химиялық заттардың ерітіндісін қолдану).

Химиялық заттар залалсыздандыратын объектілерге жоғарғы температураға қарағанда беткейлік әсер етеді, бірақ тәжірбиеде оларды қолдану жоғарғы температураға қарағанда ыңғайлы әрі табылуы оңай. Сонымен қатар, қайнатудан және құрғақ ыстықтан бүлінетін көптеген заттар, химиялық дезинфектанттардың әсерінен бүлінбейді. Дезинфекциялық және стерилизация алдындағы тазарту заттарына Қазахстан Республикасының қолдануға рұқсат барілген химиялық заттары ғана қолданылады.

Стерилизация алдындағы тазарту заттарды ақуыздық, майлы және механикалық ластанулардан тазартуға бағытталған шара. Серилизация жасар алдында барлық аспаптар және лотоктар жуу ерітіндісімен тазартылуы қажет, әдетте ол қолжуғышта немесе ультра дыбыстық тазарту аппаратында жасалынылады. Жиналатын заттарды стерилизация алдындағы тазартудан бөлшектеп тазарту қажет. Стерилизация алдындағы тазартуды қолмен немесе механикалық тәсілдермен жүргізеді. Бір этапта дезинфекцияны және стерилизация алдындағы тазартуды бірге жасау ең оптималды әрі үнемді вариант. Қазіргі таңда ассортиментте түрлі жуатын және дезинфекциялайтын құрал жабдықтар бар, мысалы жуатын және ыстықпен дезинфекциялайтын G7781 TD машинасы, ультрадыбыс қолданып жуатын AMSCO Reliance 44 машинасы, «Серьга» ультрадыбыстық қондырғысы, «Ультраэст», «Россоник» ультрадыбысты ванна, ультрадыбысты жуғыш «AMSCO Reliance» және т.б.

«Стерилизация» (лат. сөзінен sterilis-бедеу) термині тіршілік белгісі жоқ, стерилизация жасаған ортада вегетативтік және микробтардың споралық түрлерін толығымен жойылуын қамтамасыз ететін жағдай. Стерилизация-айқасқан инфекцияны жоюға ең әсері күшті тәсіл. Сонымен қатар дәрігер-стоматологтың аспаптарды қолдануына дейін стерилді түрде сақтауды қамтамасыз ету қажет. Жұмыс істейтін аспаптарды стерилді түрде сақтау, індетті тасымалдау циклын үзу кепілділігі ретінде маңызы зор. Жарақат беткейімен жанасқан барлық заттар, қанмен немесе инъекциялық препараттармен байланыста болған заттар, қолданған кезде ауыз қуысының кілегей қабығына жанасатын және оның зақымдалуын тудыруы мүмкін медициналық құрал-жабдықтар, төсек жабдықтары стерилизацияға ұшырайды. Стоматологиялық құрал жабдықтар латокқа салынып стерилизация жасалынады, арнайы дисклар, карборудалық тастар, металл фрезалар, айналар, араластыруға арналған шишалар, алмазды дискілер, оттискілі металл дискілер, бор және басқа аспаптарға стерилизация жасалынады. Стоматологияның келесі тәсілдері қолданылады:

● булы стерилизаторда (автоклав) бумен үлкен қысымда стерилизациялау-коррозияға төзімді металлдан жасалынған заттарға, текстилді матадан жасалынған заттарға (хирургиялық лыпалар,байлам жасайтын маталар), резенкелерге (биялайлар, трубкалар) жасалынады.

● ауа стерилизаторда құрғақ жылумен стерилизациялау-металл және шишадан жасалынған заттарға ұсынылынады. Майда стоматологиялық құралдар: борлар, эндодонтикалық аспап, ұстағышы жоқ айналарды « Бласперленген стерилизаторларда» пациентпен жұмыс жасап отырған кезде стерилизация алдындағы өңдеуден өткізгеннен соң стерилизация жасауға болады. Жұмсақ мартериалдан жасалынған стоматологиялық құралдарды стерилизациалау үшін «Кавоклавтарды» қолданады.

● химиялық әдіс полимерден, резенкеден жасалынған заттарды, арнайы айналарды, каррозияға тұрақсыз металлдарды стерилизациялауда жиі қолданылады. Газбен стерилизациялау әдісі «Eagle» және «Стеррад» стерилизатор-аэраторда қолданылады.

Пульпоэкстрактор және канал толтырушы тәрізді майда құралдар екінші рет қолданылмайды. Жаңадан қолданылатын құралдар алдын-ала тазартудан өткізіліп стерилизация жасалғаннан кейін қолданылынады.

Бұрынғы медициналық құралдарды столдың үстіне шүберек байламдарға ораудың альтернативтері «Ультра-виол» полкалары және «Ультра-лайт» калералары қолданылады, оларды микроорганизмдермен екіншілік жанасуда болдармау және әрдайым жұмыс істеуге даяр болу мақсатында алдын-ала стерилизациядан өткізілген ұзақ уақыт сақталатын (7 тәулікке дейін) медициналық құралдарды сақтауға қолданады. Олардың жұмыс істеу принціпі ультра күлгін сәулелерінің бактериоцидтік әсеріне бағытталған.

Дезинфекция және стерилизация санитарлық-гигиеналық режимнің кілті болып табылады.

Стоматологиялық бөлмелер үш гигиеналық аймаққа бөлінеді:

Емдеу аймағы

Емдеу аймағының шекарасы (шашырау аймағы)

Шекара алдындағы бөлім.

Ең жоғарғы гигиеналық деңгей емдеу аймағында сақталынылуы қажет, ол жерде емдеу дәрігерінің стерилді құралдар салынған стерилді лотогы, стерилді сүрткіштер мен мақта валиктері, стоматолог биялайлары тұратын стол бар.

Емдеу аймағындағы барлық беткейлер жұмыс уақыты басталар алдында және ластану белгілері болмаса да әр пациенттен соң дезинфекцияланады. Осы сәтте қолданылмайтын стерилді құралдар сенімді түрде жабық болуы қажет және кездейсоқ ластанудан сақтау мақсатында науқастың арт жағында емдеу жүргізілмейтін аймақта тұруы қажет.

2- аймаққа стоматологиялық аспаптардың ұштары, ауа пистолеті, соратын аспаптардың ұштары және шлангтері, жарық шамдары, түкіргіш, аспаптар мен орындықты басқаратын басқыштар, крандар мен қолжуғыштар жатады.

Шекара алдындағы (қалған) бөлімге бөлме және күнделікті ылғал жинауға және жақсы желдетуге ұшырайтын заттар мен беткейлер (қабырға, еден, есіктер, шкафтар) жатады. Науқасты қабылдаған кезде ластанудан алдын-алу мақсатында амбулаторлы карта, канцелярлық қалам сияқты заттар науқастың арт жағында болуы қажет. Жазба жұмыстары емдеу аяқталғаннан соң таз қолмен жасалынады.

Ем бастар алдында жәй ғана елеуге тұрмайтын ауыз қуысын профилактикалық шаю саяқты шара, емдеу кезінде пайда болатын кез-келген аэрозольда бактериялар мөлшерін азайтады. Сонымен, суды қолданған кезде бактериялар саны 75%-ға, ал бактериоцидтік сұйықтықтар 98 %-ға дейін төмендейді.

Жоғарыда айтылып өткен барлық шаралар өзінің қарапайымдылығы мен табылуы оңай екендігіне қарамастан медициналық қызметкердің стоматологиялық манипуляциялар жасаған кезде аурудан алдын-алу мақсатына жетуге әсері өте жоғары.