Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

20.5.4. Стоматологиялық жәрдем көрсетілген кезде іріңдеу – септикалық инфекция жұқтыру қауіпін тудыратын факторлар

Стоматологиялық науқастарда іріңдеу – септикалық инфекция даму үшін қоздырғыштар көзі немесе резервуары, сезімтал организм және белгілі жұқтыру механизмі болу керек. Іріңдік инфекция даму кауіпі эндогендік және экзогендік факторлармен байланысты.

Қауіп тудыратын эндогендік факторларға жатады:

- Науқастардың үлкен жасы және қосымша созылмалы аурулар. Әдетте созылмалы аурулар организмнің жалпы тұрақтылықтлығын төмендетіп, асқынулар даму қаупін тудырады; мысалы, қант диабеті, созылмалы қабынулар, жүрек -тамырлар патологиясы, семіздік ж.б.;

- Ауыз қуысының нашар гигиеналық жағдайы, терең тіс жиегі, пародонтоз, ауыз қуысының басқа аурулары;

- Иммундық жүйеге жағымсыз әсер тигізетін дәрі – дәрмектердің ұзақ уақыт қолданылуы (кортикостероидтер, кең спектрлі антибактериялық препараттар, цитостатиктер ж.б.).

Науқастардың жасы үлкейген сайын іріңдеу – септикалық инфекцияның жиілігінің өсуі табиғаттың заны бойынша организмнің қорғаныстығының тозуымен байланысты. Қазіргі таңда жасы үлкен пациенттердің пайызы өсуде, сондықтан АІИ мәселесінің өзектілігі маңызды бола бастайды. Мысалы, стоматологиялық емхананың хирургиялық бөлімшесіндегі пациенттердің жасына қарай сараптау жүргізілгенде басым бөлігінің жасы 60-тан асқан (58 %), оның ішінде 46 % пародонтит, ал 15 % пародонтозбен зардаптанған.

Стоматологиялық науқастарда іріңдеу – септикалық асқынулар байқалған кезде эпидемиологиялық тергеу жүргізіп инфекция берілу факторларды анықтап, эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қажет. Іріңдеу – септикалық инфекцияға шалдыққан науқастарды уақтылы анықтап оқшалау керек, инфекция әрі қарай таралмас үшін инфекцияның барлық түрін, соның ішінде женіл түрін де, міндетті түрде есепке алу керек.

20.5.5. Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуы

АІИ науқастардан медицина қызметкерлеріне жұғып, сондай ақ емдеу профилактикалық мекемелерде кең таралуы мүмкін. Қазіргі таңда көбінесе стоматологиялық қабылдауға келетін иммунитеті төмен (жалпы соматикалық аурулары бар; радио , химиотерапияны қабылдайтындар; наркологиялық, онкологиялық, туберкулезге қарсы диспансерлерде есепке тіркелгендер) науқастар аса қауіпті АІИ таратушы топқа жатады, сонымен бірге олардың сезімталдығы да АІИ-ға жоғары болады. Сондықтан, дәрігер әрбір науқасқа көңіл бөліп, оның инфекция таратпауы үшін алдын алу шараларын қолдануы керек.

Медицина қызметкерлері асептика, антисептика және жеке басының гигиенасын қатаң сақтауы қажет. Ауруханаларда, емханаларда дезинфекциялау, стерилдеу ережелерді үнемі қадағалау керек. Стоматологиялық мекеменің жұмысының негізгі принципі: тазалық, стерилдік және дезинфекция. Әрбір медициналық мекеменің гигиеналық жағдайы жұмыс істейтін персоналға байланысты. Қазіргі кезде персоналды гигиеналық режимді сақтау ережелеріне үйрету дұрыс және толық түрде жүргізілмейді. Медициналық персоналды жұмысқа жіберілу ережелерін қатаң түрде сақтау керек; қолында (шынтақтан төмен) сулы дерматит, пиогенді немесе қышымасы зақымдануы бар қызметкерлерді жұмысқа жіберуге болмайды.

Бірақ әдеттен тыс жағдай байқала бастады – медициналық тәжірибеде әсері күшті микробтарға қарсы препараттардың еңгізілуі және кең қолданылуы жанама түрде ауруханаішілік инфекцияның көбеюіне әкеліп соқты. Біріншіден, антибиотиктердің, химиопрепараттардың ретсіз және бақылаусыз қолданылуы көптеген препараттарға төзімділігі бар микроорганизмдер популяциясының қурылуына әкеліп, оларға ауруханаларда мекендеуге мүмкіншілік берді. Екіншіден, микробтарға қарсы препараттардың күштілігіне әбден сеніп, дәрігерлер мен медбикелердің асептикалық режимді сақтауы бұзыла бастады. Енді ауруханалық штаммдар пациенттерге және медицина қызметкерлерге өз қауіпің үнемі білдіріп отыр.

Ауруханаларда АІИ қатан есепке алынып, ресми тіркеу жасалуы тиіс. Міндетті түрде қоздырушылардың құрамын, биологиялық қасиетін анықтау керек, ауруханаішілік штаммдардың мекендеу орны үнемі бақылауда болуы керек, осындай штаммдардың тұрақты тасымалдаушылығына әкелетін себебін анықтау керек.

Стоматологиядағы ғылыми техникалық прогрестің дамуы және халыққа стоматологиялық жәрдем көрсетуінің жаңа түрлерінің пайда болуы санитарлық – эпидемиологиялық жағдайдың жақсартудың жаңа шараларын талап етеді. Тіс емдеу емханалық мекемесінің көбеюі, сонымен байланысты медицина қызметкерлерінің және пациенттердің санының өсуі бұлардың бір бірімен қатынасу жиілігінің өсуіне әкеледі. Бұл кезде емхананың ауасы, медицина қызметкерлерінің қолы, сайман, құралдар тез арада микробтармен ластанады. Амбулаторлық емханалық қабылдауға науқастар көп келгенде екі мәселе туындайды:

инфекция пациенттерге қиылысып жұғу қауіпі;

стоматологиялық жәрдем көрсетуші медицина қызметкерлерге инфекцияның кәсиби жұғу қауіпі.

Стоматологияда инфекция таралу мәселесі еліміздегі эпидемиялық жалпы жағдаймен байланысты. Барлық жерде байқалған В,С гепатит, АИВ ж.т.б. инфекциямен сырқаттанушылықтын өсуі тұрғындардың және медицина қызметкерлеріне амбулаторлық және ауруханаішілік инфекция жұғу қауіпінің өсуіне әкеледі. Сондықтан стоматологиялық мекемелерде медициналық жәрдем көрсетудің әрбір кезеңінде АІИ алдын алуы аса маңызды. Медицина қызметкерлерін уақытылы медициналық тексеруден өткізу міндет және қызметкерлеріне жүйелі түрде тренингтерді жүргізу (көрсетіп үйрету) қажет.

Еліміздегі стоматология қызметінің кемшілігінің бірі деңсаулық сақтау саласындағы алдын алу шараларға толық көлемінде көңіл бөлмеу. Тек соңғы жылдарда осы бағытта оң қозғалыстар анықтала бастады.

Қазіргі ауқытта стоматология саласында инфекция бақылау бағдарламасын жасау кажеттілігі бар екендігіне барлық мамандардың көзі жетті. Бұл бағдарламада АІИ болдырмауға бағытталған тиімділігі жоғары ұйымдастыру, алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар жүйесі қарастырылып бекітілу керек.

Стоматологияда және жақ – беттік хирургияда АІИ мәселесін кешенді әдіспен қарастыру қажет, ол үшін клиникалық, иммунологиялық, эпидемиологиялық, микробиологиялық және гигиеналық тәсілдердің қолдануы инфекция қауіпін уақытысында анықтап оған қарсы шараларды жүргізуге мүмкіндік береді.

Антибиотиктердің және дезинфектанттардың әсеріне төзімді микроорганизмдердің таралуы тағы да тиімділігі жоғары жаңа стерилдеу және дезинфекциялық өндеу әдістерді ойлап жасауға қажеттілік тудырады.