Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

20.5.3.Стоматологиялық ауруханаішілік инфекцияның жұғу жолдары және берілу факторлары

Стоматологиялық тәжрибеде инфекцияның жұғу жолдарының бірнеше түрлері кездеседі. Негізгі түрлердің бірі – қатынастық, ол тікелей және жанама қатынас арқылы жүруі мүмкін.

Емханалардың стоматологиялық бөлмелерінде, жақ – беттік хирургия бөлімшелерінде инфекцияның қатынастық жұғу жолы медицина қызметкерлерінің қолы және олар ұстайтын құрал саймандар арқылы ауыз қуысында манипуляциялар жасаған кезде іске асырылады.

Инфекция ауалы -тамшылы жолмен үңгілеуіш (бормашина) жұмыс істегенде жұғады, әсіресе ауыз қуысында инвазивті араласуларды жасаған кезде. Бұл кезде ауыз қуысынан микроорганизмдер аэрозоль түрінде дәрігердің бетіне, көздеріне, қолдарына, мұрын жұтқыншақтың шырышты қабығына және бөлмеде тұрған заттардың беткейлеріне шашырайды. Үргіш (турбина) жұмыс істеген кезде стоматолог және оның ассистенттеріне шашырайтын аэрозолінде пациенттің ауыз қуысынан өте көп мөлшерде микроорганизмдер бөлінуі мүмкін. Бұл микробтық аэрозолдер таралмас үшін міндетті түрде сорғыш аспаптарын қолдану қажет. Мұндай аспаптардың тиімділігі сүзгіштерінің бар болуына және олардың сәйкестігіне тікелей байланысты, ол болмаған жағдайда ауа арқылы бөлмедегі барлық жабдықтар, заттар, аспаптар пациенттердің микрофлорасымен ластанады.

Микробтармен ластану ең жоғары деңгейде терапиялық және ортопедиялық стоматологиялық бөлмелерде байқалады. Ең төменгі көрсеткіш – хирургиялық бөлімшелерде, ойткені хирургтар бормашинамен, турбинамен жұмыс істемейді және эпидемияға қарсы режимді қатаң түрде сақтайды.

Инфекцияның берілу факторлары ретінде қоршаған ортаның әр түрлі нысаналарды, заттарды және беткейлерді /шам өшіргіштер, шам ұстағыштар, бормашинаның беткейлері ж.т.б./ қарастыруға болады. Алғашқы дәрігерлік қаралу және таңып байлау бөлмелерде стерилдеу деңгейі операция жасайтын бқлмелердің көрсеткішімен тең болу керек, оған микробтармен ластанудан қорғау және тазалап-өндеу шараларын үнемі және белгілі ретімен жүргізу арқылы қол жеткізеді.

Инфекцияның берілу факторларына жатады:

залалсыздандырылмаған заттар – жалпы пайдалануға арналған сүлгілер, түкіргіштер, раковиналар, есіктің, қол жуатын кранның ұстамалары, құрал саймандар орналасқан ыдыстар;

емдік және қосымша пайдаланатын аспаптар, мысалы, сілекей тартқыш, борлар, эндодонтикалық құралдар, амальгамаарластырғыштар, ортопедиялық төстік және балташығы, протез сақтайтын жәшіктер, жылтыратқыш жабдықтар, рентген аспаптары /әсіресе, рентген суретін ұстағыштары/;

емдеу кезінде қолданатын кездейсоқ аспаптар, мысалы, тістік тастардан тазартатын ультрадыбыс аспабы, жарықта қатайғыш материалдарға арналған шам, жарық беретін шамдардың тұтқалпры және реттеу қолшықтары және де телефон аппараты.

медицина қызметкерінің қолы;

дәрі-дәрмектер;

ауа.

Бір пациенттен басқа пациентке инфекция дәрігерлік араласу кезінде төмендегідей эпидемиологиялық тізбек бойынша беріледі:

Науқастың ауыз қуысы

Құрал саймандар

Дәрігердің қолы

Жиһаз

Аспаптар

Жабдықтар

Құрал-сайман, мүліктер

Ауа

Қарау заттары

Инфекция берілудің басқа факторлары

Келесі кірген науқастың ауыз қуысы

Пациенттердің ауыз қуысының ішіндегісімен ластанған медицина қызметкерлерінің қолы стоматологияда жұғатын инфекцияның ең маңызды берілу факторы десек те болады. Сондықтан, жұмыс істегенде қолды әбден жууға және антисептикалық өндеуге кедергі жасайтын бөтен заттарды, оның ішінде сағат, сақина, білезік, т.б.- ды шешіп тастау керек, ал тырнаққа лак жағуға болмайды. Олардың бәрі де қауіпсіздікті сақтау техникасы бойынша инфекция берілуіне жол ашады.

Стоматологиялық бөлмеде пациенттің айналасында орналасатын заттарды үш топқа бөлінеді:

1. Тікелей жанасатын заттар(критикалық) – науқас кіргенде стерилді болу керек. Олар пациенттің терісін, шырышты қабығын, пульпаны зақымдап өтетін құрал саймандар (инелер, скальпельдер, зондтар, борлар, эндодонтикалық саймандар) және стерилді құрал саймандармен жанасатын заттардың беткейлері (арнайы ыдыстар ж.т.б.).

2. Жартылай жанасатын (критикалық) заттар – әрбір пациенттен кейін стерилдеуді немесе жоғары деңгейде жүргізілетін залалсыздандыруды қажет етеді. Бұлар әдетте пациентті емдеген кезде оның тіндерін зақымдамайды, оған тісдәрігерлік айналар, бормашинаның ұштамасы, сорғыштар ж.т.б. жатады.

3. Жартылай жанасатынритикалық емес заттар) – төмен деңгейінде жүргізілетін залалсыздандыруды қажет етеді. Оларға пациенттің шырышты қабығымен тікелей қатынаспайды, ол тісдәрігерлік орындық, шам ұстағыштар, емдік диагностикалық аспаптардың реттеу түймелері, медициналық шкаптар, есіктер, еден, қабырғалар ж.т.б. жатады.