Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

Стоматологиялық мекемелерде жұғу мүмкіндігі бар инфекциялық аурулар

Ауру

Қоздырғышы

Жасырын кезені

ЖРИ (жедел респираторлық инфекция )

Influenzavirus, Paramyxovirus, RS, Pneumovirus

1-3 күн

Қызылша

Rubivirus

9-11 күн

Эпидемиялық паротит

Paramyxovirus

14-21 күн

Герпес

Herpesvirus (-1)

2 аптаға дейін

Вирустық гепатит

HAV,HBV,HCV,HDV,HEV,HFV,

HGV,HTTV

2 апта-8 ай

АИВ

HIV-1, HIV-2

1 ай – 8-12 жыл

Іріңдік қабыну аурулар

Streptococcus pyogenus, S.viridans

1-3 күн

Staphylococcus aureus, S.epidermidis,

S. saprophyticus

4-10 күн

Pseudomonas aeruginosa,

Proteus vulgaris

1-3 күн

Анаэробтық инфекция

Clostridium difficile, C.perfringens, Bacteroides fragilis

1-5 күн

Соз ауруы

Neisseriae gonorreae

1-7 күн

Туберкулез

Mycobacterium tuberculosis

M.bovis

6 айға дейін

Микоз

Candida tropicalis, C. albicans, Geotrichum candidum,

Cryptococcus neoformans

2-3 күн

Мерез

Treponema pallidum

2-12 апта

Санкт-Петербургте 2003 жылы өткізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша жақ – беттік аймағында іріңді қабынулары бар науқастардың жұлынған тістерінің орнынан және ауызішілік тіліктерінен көп жағдайда в гемолитикалық стрептококтар және кандида саңырауқулақтары бөлінген.

Инфекция көздері. Жұғу жолдары эндогенді және экзогенді болып жіктеледі.

Эндогенді жұғу пациенттің өз ауыз қуысы мен мұрын жұтқыншағының өзіндік қалыпты микрофлорасы белсендігін күшейткен кезде пайда болады. Иммунитеті төмен адамдарда стоматологиялық араласу болған жағдайларда микроорганизмдер тіндерге терең еніп инфекциялық үрдістің өршуіне алып келеді.

Санкт-Петербургтегі көпсалалы аурухананың жақ беттік хирургия бөлімшесінде өткізілген зерттеулердің мәліметтері бойынша келіп түскен пациенттердің 19 %-да ауыз қуысынан, мұрынның алдынғы бөлімдерінен, бадамша бездерден және жұтқыншақтың артқы қабырғасынан көп мөлшерде шартты патогенді микроорганизмдер анықталған. Олар келешекте іріңдеу- қабыну асқынуларының, ре- және суперинфекцияның себебі болады екен. Көбінесе пациенттер S. aureus тасымалдаушылары болып табылған /36 -%/, олардың 10 %-ы 5 және одан көп антибактериялық препараттарға төзімді штамдарға ие болған. Бет аймағында орналасқан абсцесс және флегмоналар қатаң және факультативті анаэробтармен эндогенді жұғу нәтижесінде пайда болғаны туралы мәліметтер алынды. Осы пациенттердің іріңдеген жараларынан 10 % қатаң анаэробтар, 3 % факультативті анаэробтар екені анықталған.

Экзогенді жұғу кезінде инфекция көздеріне бөлімшедегі/бөлмедегі пациенттер /патогенді және шартты патогенді микроорганизмдермен жұқтырылған/ және медицина қызметкерлері /науқастанған және микробтасымалдаушылар/ жатады.

Стоматолог дәрігердің емханалық шаралар орындаған кезде инфекция қиылысып жұғу мүмкіндігі - тіс ауруының бүкіл жерде барлық адамдарда кездесуімен байланысты.

Пациенттердің ауыз қуысы, мұрын және таңдайынан бөлінген патогенді және шартты-патогенді микрофлораның құрылымы /Санкт- Петербург, 2003 ж. /:

Candida albicans – 7 %

Enterobacter ssp. – 5 %

Escherichia coli – 6 %

Neisseria ssp. – 8 %

Staphylococcus aureus – 36 %

Staphylococcus epidermidis – 13 %

Streptococcus viridans, alpha-hem. – 5 %

Басқалары (Citrobacter sp., Corynebacterium sp, Haemophilus influenzae, Prevotella sp., Proteus mirabilis, Pseudomonas sp., Staphylococcus saprophyticus, Streptococcus pneumoniae) – 20 %.

Айта кететін жайт, стоматологтың жұмысы хирургиялық ем шараларға байланысты болғандықтан кәсіби жұқтырудың қауіпі өте жоғары, ойткені олар үнемі науқастың қанымен, сілекейімен жанасады. Стоматолог – дәрігерге пародонттың немесе ауыз қуысының шырышты қабығының вируленттілігі жоғары микробтармен қоздырылған қабынуы бар науқастар күн сайын келеді. Стоматологияға келетін науқастар күшті инфекция көзіне жатпайды, себебі олар түшкірмейді, жөтелмейді, яғни микробтарды қоршаған ортаға белсенді түрде бөлмейді, инфекция олардан эпидемиологиялық тізбек бойынша тек дәрігерлік араласу кезінде жұғады.