Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

20.5.2. Ауруханаішілік инфекциялардың этиологиясы

АІИ қоздыратын 100-ден аса микроорганизмдер белгілі. Стоматологиялық ауруларды емдеу кезінде көптеген инфекциялардың қоздырғыштары жұгуы мүмкін, соның ішінен негізгі өкілдері 20.3 -кестеде келтірілген.

АІИ екі топқа бөлуге болады:

- патогенді микроорганизмдермен қоздырылатын «дәстүрлі» инфекциялық аурулар;

- шартты-патогенді микроорганизмдермен қоздырылатын іріңдеу- септикалық аурулар.

АІИ көбінесе «дәстүрлі» инфекциялар қоздырғыштарының ауруханаға бактериятасымалдаушылармен немесе инфекциялық аурудың жасырын кезеніндегі болған науқастармен әкелінген жағдайларда пайда болады /АІИ 15 % дейін/. Стоматологиялық мекемелерде сондай инфекциялардың көзі ретінде B,C,D гепатит, АИВ инфекциясы, туберкулез, күл ж.т.б. ауруы бар пациенттер қауіп туғызады.

Іріңдеу-септикалық АІИ шартты патогенді микроорганизмдермен қоздырылады /АІИ 85 %/. Жоғарғы тыныс алу жолдарында, соның ішінде мұрын, ауыз қуысы, мұрын- және ауыз-жұтқыншақтары, грам-оң және грам-теріс, аэробты және анаэробты микрофлораның бірнеше түрлері мекендейді. Ауыз қуысының микрофлорасы адамның жасына, гормоналды жағдайына, диетаға, денсаулығының жалпы жағдайына қарай өзгеріп тұруы мүмкін. Тек пародонт қалталарында 300 дейің микроорганизмдердің түрлері байқалады. Сілекейдің 1 мл-де микроорганизмдердің саны 4 млн-нан 5 млрд-қа дейің; тіс жабындысының 1 граммында - 10-1000 млрд болатыны белгілі.

Стоматологияда ең өзекті мәселе – ол іріңдеу септикалық инфекциялар. Соңғы жылдарында мынадай жағдайлар байқалады:

- одонтогенді қабыну ауруы бар науқастар санының күрт өсуі;

- жақтық остеомиелит ағымы созылмалы және қайтымды түрге айнала бастады;

- бірнеше анатомиялық аймақтарға таралатын, сүйектің кең бұзылуына және сепсис, медиастинит, септикалық шок сияқты асқынулардың дамуына әкелетін одонтогенді іріңдеу қабыну аурулардың ауыр түрлерінің көбеюі; олар мүгедектікке, тіпті өлімге де әкеліп, стоматологиялық патологияның ең басты себепкері болып табылады.

Одонтогенді инфекцияның жедел түрі анықталған кезде инфекция асқындалмауы және жайылмауы үшін алдын алу шараларын жүргізу қажет. Олар тиімді болу үшін стоматологиялық емханалардың және жақ - беттік ауруханалардың санитарлық - эпидемиологиялық жағдайын жақсарту шаралар жүйесін қарастыру қажет – медициналық жәрдем көрсетілетін әрбір кезеңде (пациент емханаға бірінші қаралудан, науқастың уруханаға түскен кезеңінен бастап шыққанға дейін). Қанмен және микроорганизмдермен ластанған стоматологиялық құрал-саймандарды сенімді деңгейде өңдеудің мәселелері туындайды, себебі көптеген құрал- саймандардың конфигурациясы күрделі, ретенциондық үзінділері және құлып ұстағыштары бар болады. Бұл залалсыздандырудың және стерилдеудің сәйкес әдісін таңдауды әбден қиындатады.

Стоматологиялық медициналық мекемелерде іріңдеу-септикалық инфекцияларды көптеген микроорганизмдер қоздыруы мүмкін, соның ішінде адамның ауыз қуысында тіршілік ететін шартты-патогенді аэробты микроорганизмдер /стрептококтар, коринебактериялар, нейссериялар, пневмококктар, протейлер, сарциналар, алтынды және эпидермалды стафилококтар/. Көгерткіш стрептококтар 35 %-ын құрайды. Шартты- патогенді микроорганизмдер теріде, шырышты қабықтарда үнемі кездеседі және дені сау адамда ауру туғызбайды. Олар тек белгілі бір жағдайларда ауру туғызады: операциядан кейінгі, негізгі немесе қосылған аурудан кейінгі организмнің қорғаныстық күшінің әлсіреуі, антибиотикпен емдеуді ретсіз жүргізу ж.т.б. Әдетте АІИ вируленттілігі жоғары, дәрі- дәрмектерге және дезинфектанттарға төзімді, дақылдану қабілетттілігі жоғары ауруханалық штаммдарымен қоздырылады.

Анаэробты микрофлора /ауыз қуысында мекендейтің қатаң және факультативті анаэробтар/ да ауыз қуысының ауруларын қоздыруға қатысады.

Кесте 20.3.