Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

20.5. Стоматологиялық емдік- профилактикалық мекемелердегі ауруханаішілік инфекциялар

Ауруханаішілік, немесе госпиталді, немесе нозокомиальді /грек. nosocomeo- науқастарға қарау/ инфекция – клиникада кеңінен танылған микробты ауру, науқасқа ол оны стационарға жатқызғанда немесе сол амбулаторлы – поликлиникалық мекемеге медициналық жәрдемді сұрап келген кезде жұғады, медициналық мекемеге түскенде немесе шыққанда анықталады, сонымен қатар медицина қызметкерлерінің инфекциямен ауруы олардың кәсібі қызметімен байланысты болады.

Аурухана ішілік инфекция /АІИ/ бүкіл әлемдегі денсаулық сақтаудың басты маңызды мәселес болып келеді. Науқастың негізгі /біріншілік/ ауруын асқындатып олар жиі жағдайда адам өміріне қауіп туғызады, науқастардың ауруханада емделіп жатқан уақытын ұзартып үлкен экономикалық зардабын тигізеді. Экономикасы дамыған елдерде бұл инфекциялар 5-10 % тіркеледі. Мысалы, Германияда ауруханалардың әр түрлі бөлімшелердегі науқастарда АІИ жиілігі 3,6-6,3 %, Испанияда - 3,9-9,9 %, АҚШ-та - 5,7-6,2 %. Ал Ресейде бұл көрсеткіш едәуір төмен - 1,2-1,6 1000 науқасқа шаққанда, бірақта оның төменділігі АІИ толық тіркелмеуіне байланысты, себебі іріңдеу - септикалық асқынулардың тіркеуі барлық жағдайларда жүргізілмейді.

Әр түрлі саладағы ауруханаларда жұмыс барысында арнайы микроэкологиялық жағдайлар қалыптасады. Олардың ерекшеліктері АІИ қоздырғыштарының нақты ауруханалық мекемелерге бейімделген ауруханалық штамдардың қалыптасуын және сипатын анықтайды. АІИ-ны қабылдағыштар көбінесе хирургиялық, соның ішінде стоматологиялық, бөлімшелердің науқастары болып есептеледі.

Аурухана ішілік инфекцияның пайда болу жиілігі бірнеше факторларға тәуелді: емдік мекемелердің қуаттылығы /ол жерде өткізілетін диагностикалық және емдік инвазиялық манипуляцияның көлемі/; науқастармен қарым қатынастағы қызметкерлер саны; науқастардың ауруының түрі және олардың инфекцияны қабылдаушылығы; емдеуде иммунды депрессиялық дәрі дәрмектерді қолдануы /антибиотиктерді, гормоналды дәрмектерді, химиопрепараттарды, радиосәулендіру ж.т.б./.

АІИ таралуы осы дәстүрлі факторлардың кешенімен байланысты: емдік мекеменің микроэкологиялық жағдайымен, вирулеттілігі жоғары ауруханалық штаммдардың пайда болуымен, науқастардың және медициналық кызметкерлердің арасында инфекция көзінің шығуымен.

Қазіргі таңда АІИ-ның өсуі екі факторға байланысты: 1) адамдардың иммунды биологиялық тұрақтылығының төмендеумен және медициналық технологиялардың өзгеруімен; 2) АІИ қоздырғыштарының биологиялық қасиеттерінің өзгеруімен.

20.5.1. Аурухана ішілік инфекциялардың эпидемиологиясы

АІИ-дің негізгі жұғу жолдары ауалы-тамшылы, ауалы-шаңды, қатынастық, артификациялық /құрал саймандар арқылы/, имплантациялық. Инфекция көздері: пациенттер /науқастар және микроб тасымалдаушылар/, медицина қызметкерлер, аурухананың ішкі ортасы. Бұл АІИ-ң көптеген қоздырғыштарының қоршаған ортаның қолайсыз факторларіның әсеріне /антибиотиктер, дезинфекциялық дәрмектер, ультракүлгін сәулелер/ тұрақтылығы жоғары болғандықтан, сонымен бірге ол штамдардың қоректік заттары өте аз мөлшердегі орталарда дәрілік заттардың ерітінділері, майлар, физиологиялық ерітінді/ тіршілік етіп көбеюге қабілеттілігіне байланысты. Сол себептен медициналық қызметкерлердің қолы науқаспен қатынасқанда, медициналық аспаптармен, құрал саймандармен жұмыс істегенде, аурухананың жабдықтарын ұстаған кезде микробтармен ластануы мүмкін. Мысалы, грамтеріс микрофлорамен қоздырылған АІ инфекциялардың дамуы 40 %-да медициналық қызметкерлер қолы осы микроорганизмдердің ластануымен байланысты болады.