Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

20.4.2.5 Приондық аурулар

Приондар Крейтцфельдт-Якоб деп аталатын аурудың жаңа түрін қоздырады. Бұл түрді 1996 ж. Великобританияда байқалған болатын. Қоздырғыштың жұғу жолдары, ауру патогенезі осы күнге дейін әле де толық зерттелмеген. Бірақ та, белгілі болған жағдай ауруға ұшыраған адамдардың ағзасында приондардың ең жоғары қанықпасы лимфа тіндерінде анықталады. Бұл жағдайда приондар ауру адамнан сау адамға стоматологиялық араласу кезінде жұғу мүмкін.

Мысалға, приондар жұқтырылған жануарлардың ағзасында приондар үшкіл жүйкесінде, сілекей бездерде жиналған. Тіл жаралануы инфекция жұғынуын 1 000 000 есе тездетеді. Тіл ішінде көптеп орналасқан жүйкелер арқылы приондар мийға тез жетеді. Ал приондарды тікелей мийға енгізген жағдайда қысқа мерзімде олар тілде анықталынады. Сонымен қатар приондар жұқтырылған жануарларда приондар тағы да қызылиекте және тіс пульпасында табылады.

ХХ ғасырдың 70 жылдарда приондардың тарау жолдарын зерттеу үшін осындай тәжиребилер жүргізілді. Тышқандардың қызылиектерін стерилді саймандармен жаралап немесе кейбір тістерді жулып тастап пайда болған жараларды приондық ауруы бар тышқандардың жүйке тінің гомогенатымен өндеді. Нәтижесінде барлық тышқандар аура бастады. Екінші тәжиребиде гомогенатпен жаралмаған сау қызылиектерді өндеді, нәтижесінде тышқандардың 70 % аура бастады. Үшінші тәжиребиде приондық ауруы бар тышқандардың қызылиектерін зақымдап, олардың ауыз шайындысын сау тышқандардың мийына енгізді, нәтижесінде тәжиребиге алынған тышқандардың әр бір оныншы тышқан ауруға тап болды.

Сау ағзаның приондық протеиндер приондармен жанасқанда приондарға айналуы мүмкін. Бұл жағдай, мысалға, хирургилық араласу кезінде болуы мүмкін, егер медициналық саймандар приондармен ластанған болса. Приондар әдетті дезинфекциялық әдістерге төзімді болады. Ионизациялық, ультракүлгін және микротолқынды сәулелер бұларға әсер ете алмайды. Стоматологияда пайдаланатын дезинфектантардың бұларға әсері де шамалы. Ең күшті әсер оксидациялық әрекеті бар дезинфектанттар көрсетеді. Приондар жоғары температураға шыдамды болады. Автоклавирлеу приондарды жойымайды, әсіресе приондар шыны немесе металл бетінде кеуіп қалған болса. Стоматологилық саймандарды тазарту өте қиын болады, ойткені олар өзі кішкентай және жұмыстық келбеті тазартуға келмейді (борлар, эндодонтикалық саймандар). Егер де стоматологиялық араласулар приондарды жұқтыру жолында маңызды рөл атқаратыны дәлелделсе, онда тек бірреттік стоматологиялық саймандарды пайдалану жөн. ДДҰ принциптері бойынша приондық ауруы бар науқасқа немесе бұл ауруға күмәнді пациентке стоматологиялық араласуларды тек бірреттік саймандармен жүргізу міндет.

20.4.3 Саңырауқұлақтық зақымдалу

Ауыз қуысында болатын микоздар көптеген жағдайларда осы биотопта үнемі мекен ететін резидентті микрофлораның сапрофиттік саңырауқұлақтармен қоздырылады. Шырышты қабықтардың микозы иммундыбиологиялық резистенттіктің факторлары әлсіреген кезде, метаболиттік бұзылыстар болғанда және ретсіз антибиотикотерапия нәтижесінде дамыйды. Ауыз қуысының микоздары аутоинфекция түрінде кездеседі, олардың ішінде ең жие кездесетін түрі - кандидоз.

Ауыз қуысында әдетте жалғанмембраноздық кандидоз (ауыз уылуы) кездеседі. Бұл ауру жаңа туған нәристелерде (шала туғандарда, босану жарақаты бар) немесе иммундық тапшылығы бар ересек адамдарда анықталынады. Аурудың басталу кезенінде шырышты қабықтар қаралайды және жарқырайды (лак тәрізді шырыш), содан сон оның үстінде ақ немесе сары түсті кремге немесе ірімшікке ұқсас дақтар пайда болады. Кейін олар бірігіп, үлкен ошақтарды зақымдайды. Дақтар тіл, жұмсақ және қатты таңдай, қызылиек, ұрт, бадамша без, жұтқыншақта орналасуы мүмкін. Дақтар оңай алынады, дақтардың түбінде қанағыштық жаралар ашылады. Науқастарда дәм сезімдері өзгереді, ащы, ыстық тамақтарға сезімталдық жоғарылайды. Диффуздық эритема мен ауыз кебушілігі байқалады. Ауыр иммундық тапшылық болғанда ауыздың бүкіл шырышты қабықтары, бадамша бездер, жұтқыншақ, өнеш, асқазан, бронхар және өкпелер зақымдалады.

Созылмалы кандидоз көбіне алмалы протез пайдаланғандарда дамыйды, хейлит, ауыздық, глоссит түрінде көрінеді (8 сурет).

Гиперпластикалық кандидоз кезінде ақ түсті жайылып қосарланған папулалар пайда болады. Қатерлі ісіктің алдынғы үдерісі ретінде қарастырылады.