Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

20.4. Жұқпалы аурулар кезіндегі ауыз қуысының зақымдалуы

20.4.1 Бактериялық зақымдалуы

20.4.1.1. Стафилококтық және стрептококтық іріңдік зақымдалу

Стрептококтармен және стафилококтармен шақырылатын стоматиттер бактериялық зақымдалудың негізгі тобын құрайды. Стоматиттер беткейлік және азуақытты немесе ауыр ағымды болуы мүмкін, ондай жағдайды «ауыздық сепсис» деп атайды. Балалық шақта импетигиозды стоматитті байқауға болады. Бұл аурудың көрінуі - үнемі бірге жүретін еріннің, ұрттың, қызыл иектің, қатты таңдай және тілдің шырышты қабатында болатын эрозиялар. Эрозиялардың жабындысы сарылау-сүр түсті, оны тазалаған кезде қанағушылық басталады. Қызыл иектің ашық жерлері жараланады. Аурудың бастапқы сатысында зақымданған жерден стрептококтар бөлінеді (көбінесе Streptococcus pyogenes), ал ауру барысында стафилококтар да қосылады (Staphylococcus aureus). Импетиго іріңдік зақымдануының теріге жайылуымен сипатталады .

Streptococcus pyogenes ауыз қуысының тілме ауруын қоздыра алады. Көбіне патологиялық үдеріс бет терісінде басталып кейін ауыз қуысына жалғасады, кейбір жағдайларда ауру ауыз қуысының өзінде, шырышты қабығының майда жарығынан немесе сызаттан басталады. Тілме аурудың ауыз қуысында хирургиялық және ортопедиялық араласулардан кейін дамыған жағдайлары да белгілі. Аурудың клиникалық көрінісі – іскпен сипатталатын шырышты қабығының серозды геморрагиялық қабынуымен айқындалады. Шырышты қабығының терең қабатында лейкоциттік инфильтрация жүреді. Шырышты қабығының келбеті қоңыр қызыл түске айналады. Ауыр жағдайларда көпіршіктер, шіру ошақтары да байқалуы мүмкін. Аталған жергілікті көріністермен қатар жалпы улану пайда болады. Әлсіріген адамдарда патологиялық үрдіс жайылып сепсиске әкелуі мүмкін.

Стрептококтар тағы да басқа «заеда» деп аталтын ауруды қоздыра алады.

Аурудың бастамасында ауыз бұрыштарында кішкентай стрептококтық іріңді безеу шығады. Ол тез арада шеттерінде эпидермис жырықтары бар эрозияға айналады. Жеке бас гигиенасы сақталмаған жағдайларда, ем жүргізілмесе, ауыз қимылдаған кезде бет терісі созылып эрозияның ортасын жыртады, жарық ұрттың шырышты қабығына жалғасады. Жарық қанағушылықпен сипатталады, сондықтан қанды немесе қанды іріңді қыртыспен жабылады. Сілекейі көп және ауыз қуысын таза ұстамаған адамдарда эрозия қайта қайта тітіркеніп асқындайды, беттің терісінде стрептококтық импетиго дамиды.

Гемолиз тудырмайтын стрептококтар ауыз қуысының микробтық биоценозына кіреді, сол биотоп ішіндегі микрофлораның 30-60 % құрайды. Бұлар Streptococcus mutans биотобына жататын кариес тудыра алатын стрептококктар. Олар әлсіз вируленттілікпен ерекшеленеді, бұлармен қоздырылған жүйелік зақымдануларды оппортунистік ауру ретінде қарастырады. Мысалыға, стрептококтар ауыздың шырышты қабығы зақымдалған (тіс тазартқанда, қатты тамақ шайнағанда) кезде қан ағымына түсіп бактериялық эндокардитке әкеліп соғуы мүмкін. Эндокардит қатерлі түрінде өтіп жүрек қақпақтарының зақымдануымен сипатталады. Қақпақтың зақымдануы оның үстінде тромбоциттердің, фибриннің жинақталуымен өтеді, осы кешенімен стрептококтар бактериялық жасуша қабырғасындағы гликандар (декстран) арқылы байланысады.

Микробиологиялық диагноз қою. Этиологиялық маңызы бар инфекциялық агентті бактериологиялық әдісіпен анықтайды. Зерттеуге алынған материалды негіздік ЕПА-ға және қанды агарға, стафилококтарға арналған СТА-ға себеді. Бөленген бактерия дақылының белгілі бір түрге сәйкестігін барлық жерде қабылданған схемалар бойынша жүргізеді.

Этиотропты емдеу. β-лактамдарды (пенициллиндер, цефалоспориндер), фторхинолондарды тағайындайды.

Алдын алуы. Жарақатталған кезде инфицирлену қауіпі болған адамдарды, босану алдында жүкті әйелдерді стафилококтық анатоксинмен иммундейді. Стафилококтық инфекция созылмалы түрге айналса стафилококктарға қарсы иммунды глобулинді, аутовакцинаны пайдаланады.

Емдік мекемелерде іріңді қабынуы бар науқастарға жеке «ластанған» бөлімшелерде медициналық жәрдем көрсетеді. Медициналық қызметкерлерді мезгілімен стафилококтық тасымалдаушылыққа профилактикалық медициналық тексерістен өткізеді.