Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

20.2.4 Микробтармен қоздырылатын ауыз қуысы шырышты қабығының аурулары

Стоматит (грек. stoma-ауыз, itis-қабыну), ауыз уылуы – ауыз қуысы шырышты қабығының қабынуы. Ауыз қуысының кең таралған патологиясы. Сероздық стоматит көптеген жедел вирустық және бактериялық инфекциялар (қызылша, скарлатина, күл, жерше, сүзек, өкпе қабынуы, грипп, септикалық жағдай ж.т.б.) кезінде кездеседі. Жедел сероздық стоматиттің клиникалық көрінісі – ауыз қуысының бүкіл шырышты қабығының қызаруы және ісінуі, ауыр жағдайда көпіршіктер, пустулалар (безеу), эрозиялар шығады, қызыл иек ісінеді, белдемше (валик) тәріздес болып келеді, тістер арасындағы қызыл иек бүртіктерінің гипертрофиясы байқалады, қанағыштық пайда болады.

Қалыпты жағдайда ауыз қуысының шырышты қабығы микроорганизмдердің әсеріне төзімді болады, тек зақымдалған кезде (әдетте микрожарақаттар пайда болғанда) инфекциялық үрдістің дамуына қолайлы жағдай туады. Вирустық стоматитті көбінесе герпесвирустар, Коксаки А вирустары қоздырады. Бактериялық стоматитті әртүрлі бактериялар қоздыруы мүмкін, оның ішінде ауыз қуысында тұрақты мекен ететін түрлері де, ауызға кездейсоқ жағдайда түскен түрлері де. Стоматиттің клиникалық көріністері және оларды емдеу негіздері этиологиясына сәйкес тарауларда қарастырылған.

20.3. Одонтогендік инфекция

Одонтогендік (стоматогендік) инфекция тісте қабыну үрдіс болса ғана ол жақын жатқан тіндерге тістің қатты тіні немесе тіс тамыры өзегінің кемшіліктері арқылы таралады. Одонтогендік инфекцияның этиологиялық агенттеріне ауыз қуысының қалыпты микрофлорасының өкілдері жатады: стафилококтар, стрептококтар, грам - оң және грам - теріс факультативтік анаэробты, анаэробты бактериялар (пептококктар, пептострептококктар, бактероидтер, лептотрихиялар ж.б.). Стафилококтар мен споратүзбейтін грамтеріс анаэробтар жетекші рөл атқарады. Одонтогендік инфекцияның таралуына байланысты мынадай түрлерін ажыратады: периодонтит, жақ периоститі, жақ остеомиелиті, тістің жұмсақ тінінің іріңдік қабынулары (абсцесс, флегмона).

20.3.1 Периодонтит

Периодонтит - периодонттің қабыну ауруы. Периодонт деп тіс түбірі мен жақ сүйегінің арасында орналасқан тіс түбірінің қабығын атайды. Қабынудың жиі себебі инфекция болып табылады. Инфекция қоздырғыштары периодонтальды қуыстарға тіс түбірі өзегі арқылы (пульпит асқындаған кезде), патологиялық тіс – қызыл иек қалтасынан (пародонтит болғанда), жедел инфекциялық ауру (баспа, скарлатина, грипп) кезінде гематогендік жолмен түседі.

20.3.2 Жақ периоститі

Жақ периоститі - сүйек қабығының қабынуы. 74-78 % жағдайда периодонт тіндерінің асқынған қабыну кезінде экссудат периодонттан жақ сүйегінің қабығының астына түседі.

20.3.3 Жақ остеомиелиті

Жақ остеомиелиті – сүйек мида, сүйектің барлық құрылыстық бөліктерінде және оны қоршаған жұмсақ тіндерде дамитын инфекциялық ірінді шіру үрдіс. Шектелген (2-3 тістің шамасында) және жайылған (диффузды) болуы мүмкін. Көптеген жағдайда іріңтуғызушы алтынды стафилококпен қоздырылады.

20.3.4 Тіс аймағында жұмсақ тіннің абсцесстері мен флегмоналары

Абсцесс - жақ бет аймағының жұмсақ тініндегі шектелген ірінді қабыну үрдісі. Ол стрептококтармен, стафилококтармен, пневмококтармен, диплококктармен, ішек таяқшасымен, фузобактериялармен ж.б. анаэробты микроорганизмдермен шақырылуы мүмкін.

Флегмона - жақ бет аймағының жұмсақ тініндегі жайылған ірінді қабыну үрдісі (тері астылық, бұлшық ет аралық, фасция аралық қожыған клетчаткасында). Оны абсцесс шақыратын микроорганизмдердің барлығы да қоздыруы мүмкін. Аурудің қауіптілігі бас миының, көру анализаторының, жоғарғы тыныс алу жолдары мен асқорыту жүйесінің басты бөлігінің жақын орналасуына байланысты. Инфекция мойынның тамыр жүйке қасында шоқталуы, жұтқыншақ пен өңештің қабырға арасында таралуы мүмкін.