Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

20.2.2.2. Кариес

Кариес (лат. caries – құрғақ шірік), тіс жегісі – бұл тістің деминерализациямен және тістің қатты тіндерінің жұмсаруымен өтетін, даму барысында тісте қуыс болдыратын шоғырланған патологиялық үдеріс. Мұндай тістердің зақымдануы бұрынан белгілі және ең кең таралған үдерістердің бірі болып саналады. Деминерализация Н + еркін иондарымен қамтамасыз етіледі, олардың негізгі көзі органикалық қышқылдар. Ортаның рН 5,0 төмен болған кезде тіс эмалінің бузылу жылдамдығы едәуір жоғарылайды. Одан басқа қышқылдардың тіс эмаліне жанасу узақтығының да маңызы бар. Қышқылдармен ұзақ жанасқанда эмалдің призмалар кристаллдарының арасында микрокеңістіктер ұлғаяды. Пайда болған ұсақ кеңістіктерге микроорганизмдер еніп, эмалдің әріқарай бузылуына әсер етеді. Деминерализация ұзақ уақыт жүргенде соңында тістің тұрақты беткі қабатының еруіне және тісте қуыстың пайда болуына әкеледі

Зақымдану барысында келесі кезеңдерді ажыратады: кариестік дақ болу (тістерде ауру сезімі болмайтын дақтардың болуы); беткейлік кариес (эмалінің зақымдануы байқалады); орташа кариес (эмалінің және дентин шетінің зақымдануы); терең кариес (дентиннің терең бөлігінің зақымдануы).

Кариес болдыратын микроорганизмдер деп таза дақыл түрінде немесе басқа микробтармен қосарланып гнотобионтты жануарларда кариес тудыру қабілеті бар микроорганизмдерді атайды. Мұндай микроорганизмдерге ауыз қуысының қалыпты микрофлорасының кейбір өкілдерін жатқызады: ауыз стрептококтары (S. mutans, S. sanguis, S. macacae, S. rattus, S. ferus, S. cricetus, S. sobrinus), лактобактериялар, актиномицеттер (A. viscosus). Көптеген көмірсуларды қышқылға дейін ыдыратып, бұл микроорганизмдер тістік дақтарда рН-ты межелік деңгеге (5,0-тен төмен) түсіреді, нәтижесінде тістің деминерализациялық үдерісін белсендіреді. Одан басқа, ауыз стрептококтары глюкозилтрансфераза ферментімен сахарозаны глюканға айналдырып, сонын әсерімен тістің бетіне жабысады. Глюкандар мен фруктандар тістік таңдақтың барлық көлемін толтырып реминерализация (кальций иондарының және фосфаттардың эмалге енуі) үрдісінің жүруін қиындатады. Глюкан микробтармен шығарылатын сүт қышқылдың диффузиясына кедергі жасайды, нәтижесінде қышқыл жиналып тіске ұзақ уақыт бойы әсер етеді де эмалінің еруіне әкеледі.

рН деңгейін жоғарылататын қабілеттілікке бикарбонат-карбон қышқылы буферлік жүйесі, сілекей құрамындағы протеин, сиалин деген заттектер ие болғандықтан оларды кариеске қарсы әсері бар деп санайды.

Емдеу негіздері. Емдеу реті патологиялық үрдістің даму кезеңіне байланысты болады. Дақ кезеңінде фтор, кальций препараттармен, реминерализациялаушы ертіндімен жергілікті ем қолданылады. Беткейлік кариесті оперативті жолымен өндеп пломбалау арқылы тоқтатады. Орташа кариесті оперативті жолымен өңдеп, кемістіктерді жойып, пломбалау арқылы тоқтатады. Терең кариес кезінде пульпаның жағдайына ерекше көңіл бөледі, себебі емдеу әдісі осыған тікелей байланысты: пломбалау жасаған кезде пломбаның астына одонтотропты паста салынады, ол қабынуға қарсы әсер көрсетеді және дентиннің тығыздалуына әкеледі.

Алдын алу шаралары. Кариестің алдын алу үшін жүкті әйелдің үйлесімді тамақтануын және ана организміндегі перзенттің дұрыс дамуын қамтамасыз етуі керек. Жүктіліктің бастапқы кезеңінде сүт тістердің коронкаларының минерализациясы болады, ал 7-8 айдан бастап минералдық тұздар жиналады, олар бірінші тұрақты тістерінің қалыптасуына қатысады. 2,5-3 жастағы балаларды ауыз қуысына күтім жасау гигиеналық дағдыларға үйрету қажет - тәулігіне 2 рет тістерді жуу және әрбір тамақтанудан кейін ауыз қуысын шаю. Кариестің алдын алу негізгісі рациональды диета, яғни ауыз қуысында кариес болдыратын микроорганизмдердің санын азайту үшін тағам құрамында сахарозаны шектеу керек. Сахарозаны басқа көмірсулармен (ксилозилфруктозил, изомальтозилфруктозил ж.т.б.) алмастырады, олардың ыдырау кезінде глюкандар түзілмеуі керек. Глюкандарың түзілуін тоқтату үшін және де конденсирленген фосфаттарды пайдаланады.

Кариес болдыратын микроорганизмдердің саның азайту үшін бактериоцидтік және бактериостатикалық препараттар профилактикалық гель және паста құрамында қолданылады. Мысалы, хлоргексидин тіс дақтарындағы және сілекейдегі бактерияларды жояды, тісті қаптап, микроорганизмдердің тіске адгезиялануын тоқтатады. Фтор және оның қосылыстары, N-лаурилсаркозинат, натрий гидроацетаты, ксилит микроорганизмдерге жағымсыз әсер көрсетеді. Бұл қосылыстар бактерия ферменттеріне жол бермейді, сондықтан қышқыл түзілуін болдыпмайды. Одан басқа, әрбір адамға ұсыныс ретінде кенес берілуі қажет - жылына екі рет тіс дәрігеріне алдын ала қаралу.

Кариестің кең таралуына байланысты келешегі бар алдын алу шараларына белсенді иммунизациялау әдісін жасау жатады. Ол үшін кариес болдыратын микроорганизмдердің тіске адгезиясын тоқтататын және дақ болдырмауға жағдай туғызатын секреторлық SigA қарсыденелер қолданылады. Кариеске қарсы вакциналардың алғашқы түрлері жасалынған. Тәжірибе жүзінде егулер жасалған жануарларда спецификалық SigA қарсыденелер пайда болды. Олар сілекейде жинақталған кезде тістерді кариестен қорғайды. Вакциналар кариес болдыратын микроорганизмдерге қарсы антиденелердің өндіруің туғызу керек. Стрептококтардың қарсытектері жүрек, бүйрек, бұлшықеттердің тіндерімен қиылысқан иммундық реакцияны туғызу қабілеті болғандықтан стрептококтық вакцинаны қолданған кезде аутоиммунды бұзылыстар пайда болуы мүмкін. Сондықтан стрептококтардан вакцинаны жасау үшін бұл бактериялардан біріншіден иммуногендігі жоғары және адам организміне қауіпсіз қарсытектерді анықтап бөліп алу керек. Ал қазіргі таңда актиномицеттерден кариеске қарсы вакцинаны жасау мүмкіндігі қарастырылуда, ойткені Actinomyces viscosus кариес тудыратын микроорганизмдердің бірі болып табылады.