Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

20.2.2 Микробтар туғызатын аурулар

Ауыз микрофлорасының құрамы күрделі болғандықтан патологиялық үрдіс дамыған жағдайда оның қоздырғышын бірден анықтау мүмкін емес. Қоздырғыштардың кейбір түрлері немесе топтары өзіндік метаболиттік белсенділігімен аурудың дамуына әсер ете алады. Ауыздық бактериялар көптеген токсикалық фактораларға ие болады, олар арқылы патогендік әсер тигізеді. Мысалы, гиалуронидаза, нейраминидаза, коллагеназа, муциназа, протеаза ж.т.б. бактериялық ферменттердің патологиялық ошақтың пайда болуына және оның дамуына әсері өте маңызды. Солармен қатар, бактериялардың басқа да заттектері, мысалы, бактериялар көмірсуларды ыдыратқан кезде пайда болатын қышқылды өнімдер, әсіресе органикалық қышқылдар адам организмнің тіндерін зақымдауы мүмкін.

Тіс аурулары әдетте созылмалы инфекция түрінде өтеді (20.2- кесте).

Кесте 20.2.

Тіс ауруларын қоздыратын негізгі микроорганизмдер

Тіс аурулары

Қоздырудағы маңызды Микроорганизмдер аты

Кариес

Streptococcus /S.mutans, S.mitis, S.sunguis, S.salivarium/,

Actinomyces /A.israelii, A. viscosus/,

Lactobacillus

Пульпит

Streptococcus /S.mutans, S.rattus, S. cricetus, S.macacae, S.ferus, S. sobrinus/,

Staphylococcus,

Actinomyces ж.т.б.

Периодонтит

Периодонт аурулары

Гингивит

Streptococcus, Peptostreptococcus, Staphylococcus, Actinomyces, Corynebacterium, Bacteroides /B. melaninogenicus/,

Leptotrichia, Nocardia, Lactobacillus, Veillonella

Жедел некроздық жаралы гингивит (Плаут- Венсан ауруы)

Fusobacterium plautii, Spirochaeta vincentii ж.т.б.

20.2.2.1 Микробтық тіс дақтарының пайда болуы

Тістік дақ – бұл тістің беткейінде орналасқан органикалық заттардың матрикстегі бактериялардың жинақталуы. Орналасуы бойынша иек қалтасының үстінде және астында орналасатын дақтарды ажыратады. Біріншісі кариес дамуына, екіншісі – пародонт ауруларының пайда болуына әкеледі.

Тіс беткейінде дақтар тісті тазартқаннан 1-2 сағаттан кейін пайда бола бастайды. Сілекей құрамындағы гликопротеиндердің қышқыл топтары тіс эмалінің кальций иондарымен, ал сілтілі топтары гидроксиапатиттердің фосфаттарымен әрекеттеседі. Нәтижесінде тіс беткейі пелликула деп аталатын қабықпен жабылады, бұл органикалық заттектердің матриксі болып табылады. Пелликулаға микроорганизмдер жабысып дақтың бактериялық матриксін түзеді. Бастапқы сатысында микроб жасушалары тістің шұнқырларында жиналады, көбейіп барып тістің бүкіл беткейіне тарайды. Алғашқыда адгезия (жабысу) үрдісі тез арада өтеді – 5 мин ішінде 1 см2 –дегі бактериялар саны 103 деңгейден 105-106 деңгейіне дейін өседі. Кейін адгезия жылдамдығы төмендейді де келесі 8 сағаттың ішінде тұрақталады. Осы кезеңінде адгезиямен көбеюіне көбінесе қатысатындар стрептококтар (S. mutans, S. salivarius, S. sanguis ж.б.). 1-2 күннен кейін жабысқан бактериялардың саны 107-108 дейің өседі. Ауыздық стрептококтарға вейлонеллалар, коринебактериялар, актиномицетер қосылады. Аса мөлшерде көбейген аэробты және факультативтік анаэробты микрофлора тіршілік ету нәтижесінде осы аймақта тотығу-тотықсыздану потенциалдың төмендеуне әкеліп, қатаң анаэробтардың – фузиформды бактериялардың өсіп көбеюіне жағдай туғызады.

Үстінгі және астынғы жақта орналасқан тіс дақтарының микрофлорасы ерекшеленеді. Үстінгі жақта стрептококтар, лактобактериялар, актиномицеттер байқалса, астынғы жақта вейлонеллалар, фузобактериялар, актиномицеттер анықталады. Бұл айырмашылықтар рН-тың жағдайымен байланысты.

Тіс арасында және фиссуралар үстінде көптеген жағдайда грам-оң коктар мен таяқшалар тіршлік етеді, анаэробтар кездеспейді. Осы жерлерде дақтар дамудың бастапқы сатысында колонизациялану тез арада жүреді де бактериялар саны бірінші күні шегіне жетеді, ал кейіннен ол бір деңгейде тұрақталады.

Қолайлы факторлар. Тіс дақтардың пайда болуы адамның жеген тамағына, оның мөлшеріне, оның құрамындағы көмірсулардың, әсіресе сахарозаның үлесіне тығыз байланысты болады. Ауыз қуысына түскен сахарозаны ауыздық стрептококтар мен лактобактериялар белсенді ыдыратады, ыдырату нәтижесінде сүт қышқылы көп мөлшерде жиналады. Оны әрі қарай вейлонеллалар, нейссериялар, фузобактериялар органикалық пропион, құмырсқа қышқылдарына дейін ыдыратады, олар рН-ң аса төмендеуне әкеледі. Сахарозаны көп мөлшерде пайдаланған кезде ауыздық стрептококтар жасушаішілік және жасушадан тыс орналасатын полисахаридтерді түзеді. Жасушаішілік полисахаридтер гранула түрінде жинақталады да полисахаридтердің қоры болып есептеледі, ашығушылық жағдайда жасушаның тіршілік ету-өсу-көбеюін қамтамасыз етеді. Жасушадан тыс орналасқан полисахаридтердің екі түрін ажыратады: глюкан (декстран) және фруктан (леван). Ерітілмейтің глюкан арқылы ауыздық стрептококтар тіске жабысады. Глюкан мен фруктандар микроорганизмдер арасында жасуша аралық агрегацияны ұйымдастырып, микробтық дақтын пайда болуына әкеледі.