Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

20.1.4 Ауыз қуысы - жұқпалы аурулар қоздырғыштарының кіру қақпасы

Ауыз қуысының қалыпты микрофлорасының құрамында патогенсіз және шартты патогенді микроорганизмдер болады, сонымен қатар көптеген жұқпалы аурулардың қоздырғыштарына ауыз қуысы кіру қақпасы болып табылады. Оларға ауа-шаңды, ауа-тамшылы, алиментарлы, тұрмыстық қатынасты жолдары арқылы таралатын ауру қоздырғыштары жатады. Мысалы, ауа-шаңды жолымен организмге ауыз арқылы туберкулез, алапес микобактериялары, күл коринебактериялары жұғады; ауа-тамшылы жолымен - грипп, парагрипп, қызылша, эпидемиологиялық паротит, полиомелит /сал/, қызамық вирустары, көкжөтел бактериялары жұғады; алиментарлы жолымен – ішек инфекцияларының қоздырғыштары (эшерихиоз, жерше, сальмонеллез, иерсениоз, кампилобактериоз), аса қауіпті жұқпалы аурулардын қоздырғыштары (оба, түйнеме, сарып, туляремия, тырысқақ), гепатит А, Е вирустары; тұрмыстық қатынастар арқылы – мерез трепонемасы, герпес /ұшық/ вирусы, папиллома вирусы; ауыз–гениталды қатынас кезінде ауыз қуысында гонококктар, мерез трепонемалары, АИВ жұғады.

Көптеген жұқпалы аурулардың қоздырғыштары адам организміне бірнеше жолдармен түсе алады. Бірінші кезекте ауыз қуысына түсіп, олар сол жерде арнайы қабыну үрдісті тудырады. Сондықтан, сенімді диагностикалық тексеру жүргізе алу үшін және алдын-ала биологиялық қауіпсіздік шараларын уақытысында қолдану үшін тіс дәрігері міндетті түрде жұқпалы аурулардың ауыз қуысында жүретін белгілерін білуі керек.

Ауыз қуысының антимикробты қорғаныстық факторлары

Ауыз қуысы адам ағзасының микробтармен ластануға ең икемделген биотоптардың бірі. Көптеген патогенді микроорганизмдерге ауыз қуысы кіру қақпасы болып табылады. Антимикробты қорғаныстық фактордың арнайы және арнайы емес әсерінің арқасында көптеген микроорганизмдер әрі қарай асқазан-ішек жолыдарына өте алмайды.

Ауыз қуысының бейспецификалық (арнайы емес) қорғаныс факторлары сілекейдің микробтарға қарсылық қасиеттеріне негізделген, олар кариесогенді /тіс жиегіні тудыратын/ және басқа да бактериялардан қорғайды. Күніне сілекей бездерінен 0,5-тен 2,0 литрге дейін сілекей бөлінеді. Оның айқын бактериостатикалық және бактериоцидтік қасиеттері ішіндегі гуморалды факторлармен (лизоцим, лактоферрин, лактопероксидаза, комплемент жүйесінің компоненттері, иммунды глобулиндер) қамтымасыз етілген.

Лизоцим - муколитикалық фермент типті термостабильді ақуыз. Ол көптеген сапрофитті бактерияларды ерітеді, патогенді микроорганизмдерге литикалық әсері шамалы. Лизоцимнің бактериолитикалық әсерінің механизмі – ол бактерияның жасушалық қабыршағың пептидогликандық қабатындағы полисахаридтік тізбекте М-ацетилмурамды қышқылы және N-ацетилглюкозамин арасындағы байланысты гидролиздеуі. Бұл жасуша қабыршағының өткізгіштігін жоғарылатады, жасуша ішіндегісі диффузия жолымен қоршаған ортаға шығады да микроб жасушасы жойылады. Шырышты қабығында орналасқан жараларының жазылуы әр түрлі микроорганизмдердің, оның ішінде патогенді түрлерінің көп мөлшерде болуына қарамастан, лизоцимнің әсерімен жүреді. Жергілікті иммунитет болдыруда лизоцимнің маңызды ролін сілекейде лизоцимнің белсенділігі төмендеген кезде ауыз қуысында жұқпалы аурулар мен қабыну үрдістерінің көбеюі көрсетеді.

Лактоферрин – темір құрамды тасымалдағыш ақуыз, оның бактериостатикалық әсері бактериялардың темірге бәсекелестік қабілетіне байланысты. Лактоферриннің антиденелермен синергизімі болады. Оның ауыз қуысының жергілікті иммунитеттегі рөлі ананың сүтімен нәресте қоректенген кезде ана сүті арқылы бұл ақуызды секреторлы иммунды глобулинмен (IgА) бірлескен түрде жоғары қанықпасында алады. Лактоферринді гранулоциттер түзеді.

Лактопероксидаза - тиоционат және сутегінің асқын тотығымен бірігіп бактерицидтік әсер көрсететін термостабильді фермент. Ас қорыту ферменттерінің әсеріне төзімді, рН кең диапазонында (3.0-7.0) өз белсенділігін көрсетеді. Ауыз қуысында S. mutans-тың адгезиялануына қарсы тұрады. Лактопероксидаза нәрестелердің сілекейінен алғашқы айларынан бастап анықталады.

Комплемент жүйесінің С3 фракциясы сілекей бездерінен табылған. Оны макрофагтар түзіп организмнің ішкі ортасына бөліп шығарады. Ауыз қуысы шырышты қабығыңда қанды ортаға қарағанда комплемент жүйесінің литикалық әсерінің жиілік шарттары жағымсыз келеді.

Сілекейдің құрамында тетрапептид – сиалин бар, ол тіс таңдақтар микрофлорасының тіршілік нәтижесінде түзілетін қышқыл өнімдерді бейтараптайды, сол себептен тіс жиегіне қарсы күшті әсер көрсетеді.

Агрегирленген SIgА комплементті альтернативті жолмен С3 арқылы белсендіруі және қосуы мүмкін. IgG және IgМ комплементтің классикалық жолмен С1-С3-С5-С9 мембрана шабуылды кешені арқылы белсендіруді қамтамасыз етеді. С3 фракциясы белсендірілген комплемент жүйесінің эффекторлық қызметінің іске асуына қатысады.

Шырышты қабығының бөліндісі физикалық-химиялық тосқаул қызметін атқарады, ал қалыпты микрофлора патогенді микробтар дақылдануға төзімділіктің құрылуына қатысатын иммундық-биологиялық тосқауыл қызметін атқарады.

Шырышты қабықтар лимфоидті тіннің дамығандығымен және иммунды компетентті жасушалармен толықтылығымен ерекшеленеді. Қабықшалардың меншікті пластинкасында фагоциттердің көп саны табылады. Олар хемоаттрактанттардың әсерімен маятник тәрізді қозғалыстарды жасай алады: эпителийден тыс шығады да қайтадан орнына келеді. Олар ауыз қуысының патогенді бактериялардан тазаруына көмектеседі. Ауыз қуысында үнемі шамамен 100 000 фагоциттер болатыны дәлелденген.

Шырышты қабығында көптеген семіз жасушалар табылады. Гистаминді, ісік шіріту факторын, лейкотриендерді және басқа да биологиялық активті заттарды түзеп, олар тіндегі иммунды және қабыну реакцияларын реттеуге қатысады.