Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

14.2.1.4.2. Ауруханаішілік салмонеллез

Этиологиясы. Ауруханаішілік салмонеллез қоздырғыштары - салмонеллалардың антибиотиктерге тұрақты штамдары (S.typhimurium, S.enteritidis, S.virchov, S.infants, S.haife және т.б.). Салмонеллалардың госпиталдық штамдары ерекше биологиялық қасиеттерге ие: құрамында плазмидалары бар, ерекше молекулалық массасы болады, кеңінен қолданатын бактериофагтармен анықталмайды және биохимиялық қасиеттері өзгерген.

Эпидемиологиясы. Инфекция көзі - ауру адамдар мен тасымалдаушылар болып табылады. Эпидемиологиялық үрдіске ең алдымен қатысатындар - 1 жасқа дейінгі балалар, операциядан кейін, реанимация бөлімінде иммунитет тапшылығы бар науқастар. Аурухана ішінде салмонеллездің таралу жолдарының негізгілері: ауа-тамшылы, қарым-қатынаста және алиментарлық.

Клиникалық көріністері. Жасырын кезеңі – 8 ден 43 тәулікке созылады. Клиникалық көрінісі симптомсыз тасымалдаушылықтан айқын генерализацияланған сепсистік түрге дейін өтуі мүмкін.

Иммунитеті – қысқа мерзімді, түрспецификалық.

Емідеуі:Этиотропты антибиотикотерапия.

Алдын алуы. Поливалентті бактериофаг қолданады.

14.2.1.4.3. Протей (Proteus туыстастығы)

Протеялар – шартты-патогенді микроорганизмдерге жатады. Зәр бөлінетін жолдардың қабынуы мен іріңді-жарақатты инфекция тудырады, соның ішінде сепсисті. Аурулар эндоинфекция түрінде өтуі мүмкін, сонымен қатар, ауруханаішілік инфекция қоздыруға да қатысуы мүмкін.

Таксономиясы.

Тұқымдастығы: Enterobacteriаceae

Туыстастығы: Proteus

Түрі: Proteus mirabilis, Proteus vulgaris

Оларды алғашқы рет 1885 жылы Г.Хаузер бөліп алған.

Морфологиясы. Жұптасып немесе тізбек тәрізді орналасатын таяқшалар. Спора, капсула түзбейді. Қозғалады (28-сурет)7

Дақылды өсіру. Қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі. Тығыз қоректік орталарда екі түрлі колониялар түзеді. Н-пішінді (немісше, hauch - тыныс) колониялары өршіп, тармақталып өседі, бұл өсудің қалыпты пішіні. Қолайсыз жағдайларда О-пішінді (немісше, оhne hauch - тыныссыз) колониялар түзеді, ірі, шеті тегіс емес.

Ферменттік белсенділігі. Айқын белгіленеді. Биохимиялық қасиеттері бойынша бөлінеді (14.9 кесте).

Кесте 14.9

Proteus туыстастығының биохимиялық белсенділігі.

Биохимиялықбелгісі

Ыдыратады

Түзеді

Глюкозаны

Лактозаны

нитратты

Индол

Н2S

Орнитиндекарбоксилаза

Түрлері

Proteus mirabilis

+

-

-

+

+

-

Proteus vulgaris

+

-

+

-

+

+

Enterobacteriaceae тұқымдастығына жататын өкілдерін мынадай биохимиялық белгілерінің негізгі айырмашылықтары бойынша ажыратады:

фенилаланиндезаминаза, уреаза, күкірт сутегін түзуі;

лактозаны ыдыратпауы;

желатинді сұйылтуы;

Антигендік құрылымы. О- және Н антигендерден турады.

Резистенттілігі. Қоршаған ортаның әртүрлі факторларына тұрақты. Дезинфекциялық ертінділерінде өмір сүру қабілеті бар.

Экологиясы. Протейлер тоқ ішек және әйелдер қынаптарының қалыпты микрофлорасына кіреді. Олар іркіңді қалдық суда да кездеседі.

Патогенезі. Зәр бөліп шығару жолдарында инфекция дамуы протейдің уреаза бөлуімен байланысты. Ол мочевинаны ыдыратып, аммиак бөледі, рН көрсеткіші жоғарлануына әкеледі. Бұндай жағдай құрамында кальций және магний бар тұздардың бұйректе жинақталуына әкеледі (бұйректе тас пайда болады).

Иммунитеті. Протективті немесе қорғайтын иммунитет қалыптаспайды.

Микробиологиялық диагноз қою үшін бактериологиялық әдіс қолданылады. Зерттейтін материалды құрамында лактозасы бар дифференциялды-диагностикалық қоректік орталарға және Шукевич бойынша түтікшеге жаңа құйылған ет-пептонды қиғаш агардың төменгі жағындағы тамшы суына себеді. Бөлінген дақылды биохимиялық қасиеттері бойынша идентификациялайды.

Алдын алуы және емдеуі. Арнайы сақтандыруы жасалмаған. Емдеу үшін коли-протейлік бактериофаг және антибиотиктерге сезімталдығы анықталған кейін антибиотикотер тағайындалады.