Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

20.1. Ауыз қуысының микрофлорасы

Ауыз қуысы – әртүрлі микроорганизмдердің тіршілік етуіне, көбеюіне ең қолайлы биотоп, өйткені ол жерде тағамдық заттектер үнемі түсіп отырады, температуралық /370С/, ылғалдылық және рН /әлсіз сілтілі 6,7-7,0/ жағдайы микроорганизмдердің көбеюіне өте қолайлы.

Ауыз қуысында 500-ден астам бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар және қарапайымдылар мекендейді. Микроорганизмдер үнемі көп мөлшерде ұрттың ішкі бетіндегі шырышты қабығында, қызыл иектерде, қызыл иек қалталарында, тілдің бетінде, сонымен қатар тістер үстінде де кездеседі. Сілекейдің құрамында микроорганизмдердің саны 108 – /1 – мл дейін анықталады, ол лабораториялық жағдайда 1 мл ЕПС /етті-пептонды сорпасы/ қоректік ортада дақылдандыру нәтижесінде көбейген бактериялар санымен сәйкес келеді

Ауыз қуысының микрофлорасын аутохтонды және аллохтонды түрлерге бөледі.

Аутохтонды /қалыпты, индигенді/ микрофлора – бірінші жағынан, эволюция барысында әр – түрдегі микроорганизмдердің арасында пайда болған белгілі бір симбиоз және антагонизм қарым-қатынасы арқылы құрылады; екінші жағынан, адам организміне түскен микроорганизмдерге макроорганизмнің қорғаныштық факторлардың әсері нәтижесінде қалыптасады. Ауыз қуысының аутохтонды микрофлорасы негізінде комменсалдар /лат. com–бірге, mensa-ас, тағам/ құрайды, олар иесі арқылы қоректенеді, бірақ көзге көрінетін зиян келтірмейді. Ауыз қуысында үнемі тіршілік ететін микроорганизмдердің кейбір түрлері ағзада маңызды қызмет атқарады:

Аллохтонды /кездейсоқ/ микрофлора – аэрогенді немесе алиментарлы жолмен ауыз қуысы арқылы ағзаға түскен, ауыз қуысына көршілес орналасқан биотоптардың шырышты қабығында /мұрын-жұтқыншақ, асқазан-ішек жолдары/ және теріде тіршілік ететін комменсалдар, қоршаған ортадағы сапрофиттер, науқастардан немесе бактериятасымалдаушылардан жұққан әртүрлі патогенді микроорганизмдер.

20.1.1. Ауыз қуысының қалыпты микрофлорасы

Ауыз қуысының әрбір жеріндегі қалыпты микрофлорасын грам – оң және грам – теріс факультативті-анаэробты және анаэробты коктар, бактериялар, спирохеталар /лептоспиралар, трепонемалар, боррелиялар/, микоплазмалар және басқа да микроорганизмдер құрайды /20.1 – кесте/.

Стоматококтар /Stomatococcus туыстастығы, S. mucilaginosus түрі/. Тек ауыз қуысына тән микроорганизмдер. Грам – оң. Жасушалары сфера тәрізді, топтасып орналасады, топ ішінде қосақталып немесе үштік болып орналасқан жасушалары анықталады. Капсуласы бар. Факультативті анаэробтар. Колониялары домалақ, шығынқы, мукоидті, агарға жабысып орналасады. Бай қоректік ортада өсетін хемоорганотрофтар. Көмірсуларды қышқылға дейін ферменттейді, ЕПА-дың 5% NaCl қоспасында өсе алмайды. Өсудің қолайлы температурасы 37 0С. Инфекциялық үрдістердің дамуына қатысы болуы мүмкін.

Кесте 20.1.

Ауыз қуысының бактериялық микрофлорасы

ГРАМ – ОҢ

ГРАМ – ТЕРІС

факультативтік анаэробтар

анаэробтар

факультативтік анаэробтар

анаэробтар

Коктар

Стоматококтар

стрептококктар

Пептококтар

пептострептококктар

Нейссериялар

Вейлонеллалар

Таяқшалар

Актиномицеталар

Лактобактериялар

Коринебактериялар

Бифидобактериялар

Приопионибактериялар

Бактероидтер

Фузобактериялар

Лептотрихиялар

Порфиромоностар

Иректелген микроорганизмдер

Лептоспиралар

Трепонемалар

боррелиялар

Стрептококтар /Streptococcaceae тұқымдастығы/. Ауыз-жұтқыншақ микрофлорасының 30-60 %-ың вируленттігі шамалы көгерткіш стрептококтар құрайды. Жасушалары шар тәрізді, тізбектеліп орналасады /Қосымша, 21- сурет/. Көмірсуларды қышқышға дейін ыдыратады. Сахарозадан жасушадан тыс декстран /глюкан/ және леван /фруктан/ деген полисахаридтерді түзеді. Декстран стрептококтардың адгезиялануына, тістің бетінде микробтық тандақтардың түзілуіне әкеледі, ал леван қышқылға дейін ыдырайды. Ұзақ мерзімде тандақтың астында қышқылдың көбеюі тістің қатты тіндерін зақымдап, кейін пародонтта аурулардың дамуына алып келеді. Әр түрдегі стрептококтар эволюция барысында белгілі бір «географиялық мамандануға» ие болуға икемделген. Мысалы, S.mitis, S.hominis ұрт эпителийінде , S.salivarius – тіл бүртіктерінде, S. sanguis, S. mutans – тістердің бетінде мекен етеді. Стрептококтардың аталған түрлері әртүрлі сандық қарым-қатынаста кездеседі, ол диетаға, ауыз қуысының гигиеналық жағдайына ж.т.б. факторлардың әсеріне байланысты болады.

Нейссериялар /Neisseriaceae тұқымдастығы/. Ауыз қуысының басқа аэробты флорасының арасында екінші орынды алады /5 %/. Грамтеріс. Кофе дәні тәріздес, жұп коктар. Мұрын – жұтқыншақ және тіл үстінде кездеседі. Көбінесе N.sicca /45 %/ , N.perflava /40 %/, N. subflava /7 %/, N.cinerea /3 %/, N. flavescens, N. mucosa түрлері кездеседі. Олар осы тұқымдастықтың патогенді өкілдерінен қарапайым көректік орталарда 22 0С өсуімен, сары түсті пигмент түзуімен, нитраттарды қалыпына келтіруімен, H2S түзуімен ерекшеленеді. Ауыз қуысының гигиенасы толық сақталмаған жағдайда және қабыну үрдістері пайда болғанда олардың саны артады.

Вейлонеллалар /Veillonellaceae тұқымдастығы/. Ұсақ, грам – теріс, қозғалмайтын, анаэробты коктар, жұпталып немесе шынжырланып орналасады. Ауыз қуысында тұрақты мекендейді, көбінесе бадамша бездерде көптеп дақылданады. ДНҚ-ның Г+Ц мөлшері 40-44 мол % құрайды. Өсуіне қолайлы температурасы 30-37 0С, рН – 6,5-8,0. Күрделі қоректік ортаны қажет ететін хемоорганотрофтар.

Таза дақылын бөліп алу үшін құрамына лактат және ванкомицин /7,5 мкг/мл/ қосылған агар орталарын пайдаланады,. Вейлонеллалар ванкомициннің 500 мкг/мл канықпасына төзімді болады. Агарда ұсақ /1-3 мм/, беті тегіс, жасымық, ромб немесе жүрекше пішінді, ақшыл-сұр түсті, майлы колониялар түзеді.

Көмірсуларды ыдыратпайды, нитраттарды қалыптандырады, қорғасыны бар амин қышқылдарынан Н2S түзеді. Лактатты ацетат, пропионат, СО2 және Н2О дейін ыдыратады. Аталған заттар ортаның рН- ын жоғарылатып басқа микроорганизмдердің өсуіне қарсы әсер етеді. Сілекейдегі вейлонеллалардың саны көгерткіш стрептококтардың санымен тең болады. Көгерткіш стрептококтармен түзелетін сүт қышқылдың катаболизмі арқасында вейлонеллалар тіс жиегіне қарсы әсер етеді.

Коринебактериялар /Corynebacterium туыстастығы/. Грам – оң таяқшалардың едәуір көп бөлігін құрайды. Оларды көп мөлшерде сау адамдарда анықтайды. Коринебактерияларға тән қасиет – ортаның тотығу-тотықсыздану потенциалын төмендету, осының нәтижесінде анаэробты бактериялардың көбеюіне қолайлы жағдай жасалынады. Пародонт аурулары тап болған кезінде фузобактериялармен, спирохеталармен біріккен түрде байқалады.

Лактобациллалар /Lactobacillus туыстастығы/ - қысқаша түрден /коккобактерия типті/ ұзыншаға дейін пішінді жіңішке грамоң таяқшалар. Көптеген жағдайда тізбектеліп орналасады. Қозғалмайды. Кейбір штамдарда түйіршіктелген, биполярлы орналасқан қосындылар немесе грамша / немесе метиленді көгімен/ бояған кезде жолақ пайда болуы мүмкін. Қоректік ортада өскенде сарыдан бастап тотық түске дейің пигмент түзуі мүмкін. Өсу температураның шекарасы 5-53 0С, ең қолайлысы – 30-40 0С. Қышқылға төзімді, қолайлы рН – 5,5-5,8. Метаболизмі ашыту түрде өтеді, бірақ та ауа бар жерде де өсе алады, кейбір түрлері – қатаң анаэробты. Лактобациллалардың саны ауыз қуысының жағдайына тікелей байланысты болады. Қазіргі кезде ауыз қуысына тән осы лактобациллалардың түрлеріне жатады: L. acidophilus, L. casei /үнемі сілекейде мекен етеді/, сонымен қатар L. fermentum, L. salivarius, L. plantarum, L. brevis. Лактобациллалардың ең маңызды қасиеттерінің бірі – сүт қышқылын көп мөлшерде түзе отырып, қанттарды ыдыратады соның нәтижесінде рН-тің төмендеуі лактобациллалардың әрі қарай тіршілік етуіне әсер етпейді. Бұл кариеске алып келетін факторлардың бірі болып саналады, сондықтан лактобациллаларды кариесогенді /тіс жиегін тудыратын/ микроорганизмдерге жатқызады.

Гемофилдер / Haemophilus туыстастығы/. Грам – теріс таяқшалар. Адамдардың 50 % – да H. іnfluenza-ның капсуласыз штамдары кездеседі. Суық мезгілде бактериялар жиірек анықталады, кейбір адамдарда ұзақ мерзімді гемофилдерді тасымалдаушылық байқалады. Сирек жағдайларда H. parainfluenzae, H. haemolyticus, H. parahaemolyticus кездеседі. Арнайы қоректік орталарда өсіп-көбейеді.

Актиномицеттер /Actinomycetaceae тұқымдастығы/. Грам – оң, бояған кезде бір текті боялмайтын, қозғалмайтын, V-, Y- немесе T-тәрізді тармақталған таяқшалар. Хемоорганотрофтылар. Факультативті анаэробтар, СО2 қатысуымен жақсы өседі. Актиномицеттер ақуыздарды ферменттейді, көмірсуларды қышқылға дейін ыдыратады, қышқыл – тіс эмалінің зақымдалуына әкеліп соғады. Актиномицеттердың адгезиялық қабілеті жоғары болғандықтан, олар тез арада тістердің және шырышты қабығының үстіне жабысады. Актиномицеттерді тіс жиегінен, сілекей бездердің ағымдарынан және пародонттан жие бөліп алады. Осы микробтардың тістік таңдақтардың пайда болуына, тіс жиегі, пародонтта аурулардың дамуына тікелей қатысы бар. Патологиялық үрдістер дамыған кезде Actinomyces viscosus, A.israelii көп кездеседі. Тістік тастардан, тіс жабындысынан бөлінетін негізгі бактериялар тобы - актиномицеттер.

Бактероидтар /Bacteroidaceae тұқымдастығы/. Спора түзбейтін грам-теріс анаэробты және микроаэрофилді таяқша тәріздес бактериялар, олар негізінде қызыл иек қалталарында тіршілік етеді. 3 туыстастыққа бөлінеді: меншікті бактероидтар, фузобактериялар, лептотрихиялар.

Бактероидтар /Bacteroides туыстастығы/. Қозғалғыш /перитрихтар/ немесе қозғалмайтын таяқшалар, қатаң анаэробтар. ДНҚ құрамындағы Г+Ц мөлшері 40-55 мол %. Хемоорганотрофтылар. Көмірсулардың ашыту метаболизмінің нәтижесінде майлы, сүтті, кәріптасты, пропионды, сірке, құмырсқа қышқылдары мен газ пайда болады. Пептондарды ферменттеу барысында жағымсыз иіспен сипатталатын амин қышқылдар пайда болады. Сондықтан бактероидтардың ауыз қуысында кобеюі әдетте халитозиске /қалыпсыз тыныс алу/ әкеліп соғады. Ең қолайлы өсу температурасы – 37 0С, рН – 7,0. Көбінесе патологиялық үрдістің дамуына Bacteroides melaninogenicus, B. oralis, B. gingivalis, B. fragilis, Porphyromonas (P. asaccharolytica, P. Endodontalis, P. gingivalis), Prevotella melaninogenica түрлері қатысады.

Гемин және менадион қажет еткендіктен B. melaninogenicus тек қаны бар агарларда жақсы өседі. Инкубация / 5-14 күн/ кезінде қара пигмент түзеді. Ферменттік белсенділігіне байланысты B. мelaninogenicus-тың үш түршесін ажыратады:

1. B. melaninogenicus subsp. melaninogenicus – көмірсуларды ыдырату қасиеті жоғары, ақуыздарды ыдыратпайды;

2. B. melaninogenicus subsp. intermedius – көмірсуларды және ақуыздарды ыдырату қасиеттері орташа;

3. B. melaninogenicus subsp. asaccharalyticus – көмірсуларды ыдыратпайды.

B. oralis қара пигмент түзбейді, көмірсуларды кәріптасты және т.б. қышқылдарға дейін белсенді түрде ыдыратады. Өсуіне гемин қажет етпейді. Тығыз қоректік ортада 2 күннен кейін домалақ, беті тегіс, шығынқы, жартылай мөлдір, көлемі 0,5-2,0 мм колониялар түзеді. Адам денесінің қалыпты микрофлора өқілі болып табылса да, бактероидтар үлкен патогендік потенциалға ие. Бактероидтардың протеолитикалық ферменттері /коллагеназа, хондроитинсульфатаза, гиалуронидаза, липаза, нуклеаза, протеиназа ж.т.б./ пародонтта аурулардың дамуында үлкен патогенетикалық рөлі атқарады. Бактероидтардың метаболизм нәтижесінде пайда болатын май лы қышқылдары және протеаза деген ферменті секреторлық антиденелерді бұзып ауыз қуысының шырышты қабығының жергілікті иммунитетің нашарлатады. Ауыз қуысының гигиенасын сақтамаған, тістері зақымдалған адамдардан көп мөлшерде бөлінеді.

Фузобактериялар /Fusobacterium туыстастығы/. Биотоптың анаэробтық флорасының 1 %-на дейін құрайды. Қозғалмалы /перитрихтар/ және қозғалмайтын ұршық тәрізді таяқшалар. Қатаң анаэробтар. Хемоорганотрофтылар. Пептондарды, көмірсуларды ферменттеген кезде сүт, май, сірке қышқылдары көп мөлшерде түзіледі. Ең қолайлы өсу температурасы - 37 С, рН - 7,0. ДНҚ құрамында Г+Ц мөлшері 26-34 мол %. Қызыл иек қалталарында фузобактериялар спирохеталармен бірге тіршілік етеді. Ультрамембранозды стоматит, тамырлық гранулемаларды, қызыл иектің қабынуын тудыруы мүмкін. Fusobacterium plauti, F. nucleatum түрлерінің патогенетикалық маңызы жоғары.

Лептотрихиялар / Leptotrichia туыстастығы/. Тіке иә сәл майысқан бір немесе екі шеті домалақтанған, ал көбінесе үшкірленген таяқшалар. Екі және одан көп жасушалары септаланған, үзындығы әр түрлі жіпшелер тәріздес. Ескі дақылдарда жіпшелер бір-бірімен қапсырмалана алады. Жасушалары лизиске ұшыраған кезде жіпшелерде домалақ шар тәрізді немесе пиязшық тәрізді қампаюлар пайда болады. Қозгалмайды. Қатаң анаэробтар. Ерекше белгілері: агардың бағанасында «Медузаның басына» ұқсайтын бөліктік бұрмаланған иректелген колониялар түзеді; кристалды көгілдір бар ортада колониялардың түрі құбылмалы. Колониялардың келбеті консистенциясы бойынша кейде майлы кейде нәзік болып көрінуі мүмкін. Сарысу, асцит сұйығы немесе крахмал қосылған ортада 5 % СО2 бар жағдайда жақсырақ өседі. Күрделі қорек тік ортаны қажет ететін гетеротрофтар. Көп мөлшерде сүт және сірке қышқылдарын түзеп глюкозаны ферменттейді, ол ортаның рН-ың 4,5 дейін түсіреді. Ең қолайлы өсу температурасы - 37 0С, рН - 7,2-7,4. ДНҚның құрамындағы Г+Ц мөлшері 32-34 мол %. Пульпит, пародонтит, абсцесс болған кезде спирохеталармен, фузобактериялармен біріккен түрде жие бөлініп тұрады. Пародонт аурулары дамыған кезде ауыз қуысындағы лептотрихиялардың саны артады. L. buccalis үшін тіс жабындысы мен тістің тасы пайда болатын орталығы. Көп мөлшерде қышқыл түзу қабілеті бар болғандықтан осы микроб тіс жегісіне алып келетіні дәлелденген, L. buccalis лактобациллалардың синергисі болып табылады және олардың екеунің де тіс тіндерінің деминерализациясына қатысы бар.

Пептококтар /Peptococcus туыстастығы/. Грам - оң анаэробты коктар, жүзім тәрізді шоғырланып орналасады. Сахаролитикалық белсендігі әлсіз байқалады, белсенді түрде пептондарды, амин қышқылдарын ыдыратады. Тіс жегісі, пульпит, пародонтит, бет-жақ аймағындағы абсцесс кезінде фузобактериялар және спирохеталармен біріккен түрде Peptococcus niger жиірек кездеседі.

Пептострептококтар /Peptostreptococcus туыстастығы/. Жұпталып немесе шынжырланып орналасатын грам-оң анаэробты коктар. Хемоорганотрофтылар. Көмірсуларды қышқылға және қышқыл мен газға дейін ыдырату мүмкіндігі бар. Кейбір түрлері көмірсусыз пептондық суда газды өндіреді. Сирек жағдайда гемолитикалық қасиетке ие болады. Ірінді инфекция кезінде Peptostreptococcus prevotii бөлінген жағдайлар белгілі.

Пропионибактериялар /Propionibacterium туыстастығы/ - анаэробты бактериялар. Глюкозаны ыдыратқан кезде пропион және сірке қышқылдарды түзеді. Қабыну үрдістер кезінде ауыз қуысында жиі байқалады.

Спирохеталар /Spirochetaceae тұқымдастығы/ Leptospira /L. dentium, L. buccalis/, Borrelia және Treponema (T.macrodentium, T. Microdentium, T. denticola, T. mucosum) туыстастықтарына жататын иректелген микроорганизмдер.

T. denticola жасушалары жіңішке иректелген. Жасушаның шеттері шамалы майысқан. Қозғалғыш. Жас жасушалары тез арада айналмалы қозғалады. Пептон, ашытқы экстракты және сарысу қосылған ортада анаэробты жағдайда жақсы өседі. Дақылдандырудың- 2 аптасынан кейін ақ түсті, диффузды, мөлшері 0,3-1,0 мм колониялары өсіп шығады. Өсу температураның шекарасы 25-45 0С, ең қолайлысы - 370С, рН - 7,0. Көмірсуларды ферменттемейді. Желатин, эскулин, декстрин, гликоген, крахмал сияқты заттарды гидролиздейді. Көптеген штамдары индол және Н2S түзеді. ДНҚның құрамында Г+Ц мөлшері 37-38 мол %. Әдетте тістердің қызыл иектерімен байланысты жерлерде анықталады.

T. orale – тізбектелген, жіңішке, иректелген жасушалар. Сұйық ортада өскен дақылдардың жасушаларында шет жақтары түйіршіктенумен сипатталады. Қозғалысы белсенді. Пептон, ашытқы экстракты бар ортада өседі. Көмірсуларды ферменттемейді, амин қышқылдарды индол және Н2S түзумен ферменттейді. Желатинді гидролиздейді. Ең қолайлы өсу температурасы - 370 С, рН - 7,0. ДНҚның құрамындағы Г+Ц мөлшері 37 мол %. Қызыл иектерде табылады.

T. macrodentium жіңішке, иректелген, екі шеті үшкірленген жасушалар. Жас жасушалары өте қозғалмалы, тез айналады. Пептон, ашытқы экстракты, 10 % сарысу және асцит сұйығы қосылған, кокарбоксилаза, глюкоза, цистеин бар ортада өседі. Көмірсуларды қышқылға дейін ферменттеп қуат көзі ретінде оларды пайдаланады. Желатинді гидролиздейді. Н2S өндіреді. Ең қолайлы өсу температурасы - 37 0С, рН - 7,0. ДНҚның құрамындағы Г+Ц мөлшері 39 мол %. Қызыл иектерде мекен етеді.

Borrelia buccalis –жасушалары иректелген микробтар. Ауызда мекен ететін ірілеу спирохеталардың бірі, қозғалысы әлсіз: иолген толқынды және айналмалы. Фузиформды бактериялармен біріккен түрде жиі кездеседі. Негізгі мекендеу орыны қызыл иек қалталары болып есептеледі.

Бактериялардан басқа ауыз қуысының микробиоценоз құрамына тағы да микоплазмалар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, вирустар кіреді (31 - сызбанұсқа).

Микоплазмалар - (Mоllicutes сыныпы, Mycoplasmataceae тұқымдастастығы) ауыз қуысында жиі кездесетін, жасушалық қабыршағынан айырылған, ұсақ микроорганизмдер. Олардың жасушалары тек қана цитоплазматикалық мембранамен қоршалған. Сондықтан бұл микроорганизмдер плеоморфты /тұрақты пішіні жоқ/, пенициллинге және басқа жасушалық қабыршақтың синтезін тоқтататын антибиотиктерге тұрақты болып келеді. Микоплазмалардың көптеген түрлері өсуіне стерол және майлы қышқылдарды қажет етеді. Тығыз қоректік ортада қуырылған жұмыртқаға ұқсас колониялар түзеді. Факультативті анаэробтар. Ауыз қуысында Mycoplasma orale және M. salivarium түрлері тұрақты мекен етеді. Олардың жалпы қасиеттері - аргининді гидролиздейді, ал глюкозаны ферменттей алмайды, бірақ олардың кейбір биохимиялық ерекшеліктері де бар.

Саңырауқұлақтар (Eucaryotae домені, Funqi әлемі). 60-70 % адамдарда ауыз қуысынан саңырауқұлақтар міндетті түрде табылады, әсіресе олар тіл бетінде көп кездеседі. Көптеген жағдайларда ашытқы тәрізді Candida albicans саңырауқұлақтар анықталады. 5 % адамдарда кандидалардың басқа түрлері C. krusei, C. tropicalis, C. pseudotropicalis, C. quillermondii кездесуі мүмкін. Сирек жағдайларда саңырауқулақтардың басқа түрлері де байқалады: Saccharomyces cerevisae, Torulopsis qlabrata, Criptococcus neoformans, Aspеrqillus, Penicullium және Geotrichum түрлерінің өкілдері. Жоғарғы тыныс жолдары зақымдалған кезде және антибиотиктерді ұзақ уақыт қабылдаған кездерде ауыз қуысында саңырауқұлақтардың саны жылдам артады.

31 – сызбанұсқа. Ауыз қуысының микрофлорасы

Қарапайымдылар (Eukaryote домені, Protozoae әлемі) - ауыз қуысында олардың басым бөлігін Entamoeba buccalis, E. dentalis, E. ginqivalis, Trichomonas buccalis, T. tenax түрлері құрайды. Қызыл иектер қабынуы кезінде қарапайымдылардың саны артады, алайда сол құбылыстың патогенетикалық маңызы жоқ.

Вирустар (Vira әлемі) – жасушалық құрылымы жоқ мөлшері өте ұсақ тіршілік иесі. Вирустардың ішінде ауыз қуысында тіршілік етуіне тез бейімделетін түрлері - ұшық (Herpesviridae тұқымдастағы) және эпидемиологиялық паротит (Paramyxoviridae тұқымдастығы) вирустары.