Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

Саңырауқұлақтық инфекциялар қоздырғыштарының клиникалық-микологиялық классификациясы.

1. Дерматофиттер

1. Trichophyton (T.verrucosum, T.rubrum, T.mentagrophyte, T.tonsurans т.б.)

2. Epydermophyton (E.floccosum, E.stockdaleae т.б.)

3. Microsporum (M.canis, M.gypseum, M.audouinii т.б.).

2. Ашытқы тәріздес саңырауқұлақтар

1. Candida (C.albicans, C.tropicalis, C.guilliermondii, C.krusei т.б.)

2. Cryptococcus (C.neoformans, C.laurentii, C.albidus)

3. Rhodotorula rubra

4. Saccaharomyces cerevisiae

5. Trichosporon beigelii

6. Malassezia furfur.

3. Мицелиялы саңырауқұлақтар (гифомицеттер)

1. Aspergillus (A.fumigatus, A.flavus, A.niger, A.terreus т.б.)

2. Penicillium (P.purpurogenum, P.chrysogenum, P.marneffei т.б.)

3. Acremonium spp.

4. Fusarium spp.

5. Trichoderma spp.

6. Alternaria spp.

7. Cladosporium spp.

8. Phialophora spp.

9. Wangiella spp.

4. Мицелиялы саңырауқұлақтар (зигомицеттер)

1. Mucor spp.

2. Absidia corymbifera

3. Cunningamella bertholetiae

4. Mortierella wolfii

5. Rhizopus oryzae

5. Диморфты саңырауқұлақтар

1. Sporothrix schenckii

2. Cladosporium carrionii

3. Exophiala (E.jeanselmei, E.castellanii, E.dermatitidis т.б.)

4. Phialophora verrucosa

5. Rhinocladiella aquaspersa

6. Fonsecaea (F.pedrosoi, F.compacta).

19 – ТАРАУ. Жеке протозоология

Медициналық протозоология адам және жануар үшін инвазия қоздырғышы болып саналатын қарапайымдылардың морфологиясын, биологиясын, тіршілік циклын, экологиясын, сонымен қатар олар тудыратын аурулардың клиникалық көріністерін, патогенезін, эпидемиологиясын (эпизоотологиясын), диагноз қою әдістерін, емдеу және алдын алу шараларын зерттейді.

Қазіргі кездегі жіктеу (классификация) бойынша қарапайымдылардың 70 000 түрі бар, ал олардың 10 000 –нан астам түрлері паразиттік тіршілік етеді. Қарапайымдылардың 50 –ден астам түрлері адамдардың спецификалық паразиттері болып табылады, және де ондаған түрлері адамдардың факультативті паразиттеріне жатады.

Адам ағзасында 50-ге жуық қарапайымдылар өмір сүріп, көбейе алады және ауыр науқастар тудырады (безгек, лейшманиоздар, лямблиоз, амебиаз, токсоплазмоз, балантидиаз, пневмоцистоз, трипаносомоздар, трихомоноздар және т.б). Олар адамның әр түрлі ағзалары мен тіндерінде (қанда, ішекте, орталық жүйке жүйесінде және т.б) паразиттік тіршілік етеді.

Адам организмінде өмір сүретін қарапайымдылардың басым көпшілігі әр түрлі буынаяқтылар арқылы (масалар,қарапайым шыбындар, бәкене шыбындар, це-це шыбындары және т.б) беріледі. Сондықтан олардың кейбіреулері табиғи-ошақтық инвазиялар қатарына жатады. Олардың бір қатарлары ластанған ауыз су, тағам, кір қол арқылы жұғады. (19.1 –кесте)

Қарапайымдылардың адам патологиясындағы алатын орны мына деректерден белгілі: тек қана безгектен жер шарында 1,5 млн-ға жуық адам қайтыс болады. Қазіргі уақытта АИВ-инфекциясына байланысты қарапайымдылар тудыратын көптеген инвазиялар (токсоплазмоз, пневмоцистоз т.б) ЖИТС-пен біріккен аурулар түрінде ерекше маңызға ие болып отыр.

Саркодылар класына жататын қарапайымдылардың адамға патогендісі Entamoeba histolytica, ол амебалық дизентерияны (амебиаз) тудырады. Талшықтылар класынан медициналық маңызы бар өкілдер: трипаносомалар (трипаносомоздар), трихомонадалар (трихомониаздар), гексамидтер (лейшманиоздар, лямблиоз, ұйқы ауруы және т.б). Споралылар класынан: безгек қоздырғыштары (Plasmodium) және токсоплазмоз, пневмоцистоз, саркоспоридиоз, кокцидиоз т.б ауруларын тудыратын қарапайымдылардың маңызы күшті.

Кірпікшелілер немесе инфузориялар класынан балантидиаз қоздырғышы - Balantidium coli адам паразиті болып табылады(55-сурет).

Қарапайымдылар, жоғарыда айтылғандай, адам организмнің әр түрлі ағзалары мен жүйелерінде паразиттік өмір сүреді. Ішекте –дизентерия амебасы (амебиаз қоздырғышы), лямблиялар (лямблиоз қоздырғышы), трихоманадалар (ішек трихомониазының қоздырғышы), балантидиялар (балантидиаз қоздырғышы), кокцидиялар (кокцидиоз қоздырғышы) жатады. Несеп-жыныс жүйесінде –трихомонадалар, токсоплазмалар (несеп-жыныс трихомониазы мен токсоплазмоздың қоздырғыштары) тіршілік етеді.

Кесте 19.1.