Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

18.5.2.3. Микоздарға диагноз қоюдың басқа әдістері

1. Бактериялық және вирустың инфекциялар кезінде кең қолданылатын серологиялық зерттеу әдістері микоздарға диагноз қою үшін сирек пайдаланылады. Қоздырғыштың тіндік түрлерін бөліп алу өте қиын висцеральдық микоз жағдайында серологиялық әдістердің диагностикалық маңызы арта түседі.

Басқаларға қарағанда РСК, ИЭФ, АР, ELJSA, ИФТ жиірек қолданылады. Антигендер мен антиденелерді анықтау үшін «Pastorex Aspergillus», «Platelia Aspergillus», «Pastorex Candida», « Platelia Candida », «Pastorex CryptoPlus» т.б. тест-жүйелер пайдаланылады. Дегенмен, айқас иммунологиялық реакциялардың болуына, иммунды-тапшылыққа шалдыққан науқастардың иммундық жауабының төмендеуіне, тест-жүйелердің сапасының нашар болуына байланысты жалған-теріс нәтижелер пайда болады. Бір мезгілде бірнеше серологиялық әдістерді пайдаланғанда сенімді нәтижелер алынады.

2. Аллергологиялық және биологиялық әдістерді пайдалануға болады.

3. Тәжірибелік микологиялық зертханаларда ДНҚ-ын анықтау әдісі полимеразалық тізбектеу реакциясы (ПТР-ПЦР) енгізіле бастады. Әртүрлі молекулалық-биологиялық әдістердің көмегімен микоз қоздырғыштарының 40-тан астам түрлерін индикациялаудың тест-жүйелері жасалған, олардың биоматериалдың микромөлшеріндегі C.albicans-тың – бірлі-жарым жасушаларын табу мүмкіндігі бар. Саңырауқұлақтарды, мысалы Trichophyton rubrum-ды тікелей индикациялау үшін ПТР-зондтар ұсынылған. Дегенмен, тест-жүйелер құнының қымбат болуы, кейбір жағдайларда жалған-теріс нәтижелер беруі және т.б. осындай жоғарғы сезімталды экспресс-әдістерді енгізу шектеліп отыр.

18.5.2.4. Микоздарды емдеу мен алдын алудың принциптері

Емдеу үшін саңырауқұлақтардың тіршілігін тоқтататын антимикотиктердің бірнеше топтарын пайдаланады (18.6-кесте).

Кесте 18.6.

Антимикотикалық дәрмектер

Антимикотиктердің

негізгі топтары

Антимикотиктердің номенклатурасы

Полиенді антимикотиктер

Амфотерицин В, амфоглюкамин, натамицин, нистатин, леворин, микогептин

Азолдар

Бифоназол, изоконазол, интроконазол (орунгал), клотримазол (канестен), миконазол (дактарин), кетоконазол (низорал), оксиконазол, флуконазол (дифлюкан)

Аллиламиндер

Тербинафин (ламизил), нафтифин

Басқа антимикотиктер

Ундецелен қышқылының препараттары, гризеофульвин, нитрофунгин, декамин, котримоксазол, калий йодиді, аморолфин, циклопироксоламин, пентамидин

Антисептикалық белсенділігі бар антисептиктер

Салицил, бор, бензой қышқылдары, йод ертіндісі, метиленді көк және бриллиантты бояулар.

Емдеу препараттарының кең спектрінің көмегімен жергілікті және жүйелі антимикоздық ем шаралары жүргізіледі. Соған қарамастан жоғарыда көрсетілген препараттардың көпшілігіне едәуір резистенттілік байқалады, сондықтан препараттардың клиникалық тиімділігі зертханалық анықтаулармен сәйкес келе бермейді.

Саңырауқұлақтардың антибиотиктерге сезімталдығын/төзімділігін анықтау әдістері бактериялық инфекциялар кезіндегідей – антимикотиктерді агарға диффузиялау (қағаздық дискалар әдісі) және сезімталдықтың сандық көрсеткішін анықтау (антимикотиктің МПК бойынша), яғни сериялық сұйылту әдісі.

Микоздардың алдын алуы. Спецификалық (арнайы) алдын алу шаралары жасалмаған. Жалпы қабылданған бейспецификалық санитариялық-медициналық сақтану шаралары жүргізіледі.