Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

Aspergillus саңырауқұлақтары колонияларының сипаттамасы

Түрлері

Колонияларының негізгі белгілері

A.candidus

Үлпілдек/барқытша; сарғыштау түсті. Склероциялары – қызғылт, қара-қошқыл.

A.flavipes

Үлпілдек/дәнділі; қою қоңыр, қою-сары түсті, табаны – сары-қоңыр.

A.flavus

Үлпілдек/мақта тәріздес; сарғыш, жасыл көк түсті. Склероциялары – қою қоңыр. Түссіз немесе ашық қоңыр экссудат түзеді.

A.fumigatus

Үлпілдек/мақта тәріздес; түтін сияқты, сұр-жасыл, ақшыл-сарғыш, көкшіл-сұр түсті (ескірген дақылда). Табаны – сарғыш. Жылдам өседі.

A.glauсus

Сұрша-көгілдір, қою жасыл түсті. Табаны – бозғылт-сары.

A.nidulans

Қою-жасыл, қызғылт-сары жерлері бар. Табаны – қара-қошқыл. Қоңыр-қарақошқыл экссудат түзеді.

A.niger

Алғашқыда ақ түсті, бірақ өнімді денешік түзе басталғанда қараяды. Табаны – бозғылт-сары. Жылдам өседі.

A.restrictus

Өте баяу өседі. Қою-сарғыш, жасыл түсті.

A.sydowii

Баяу өседі. Көкшіл-жасыл, көгілдір түсті. Табаны – қызыл-қоңыр. Экссудаты – қызыл-қоңыр.

A.terreus

Дәнділі. Қою сары, сарғыш. Табаны – сары түсті.

A.versicolor

Баяу өседі. Бозғылт-жасыл, көк-сарғыш, қызғылт-жасыл, қызғылт-сары-жасыл, қою жасыл түсті. Табаны – боялмаған немесе қызғылттау.

A.ustus

Ақ, сары, бұлыңғыр-сұр түсті. Табаны – сарғыш-қоңыр. Экссудаты – түссізден сарыға дейін.

18.4.3. Сирек кездесетін оппортунистік инфекциялардың қоздырғыштары

18.4.3.1. Пенициллиоз қоздырғыштары

Penicillium туыстастығына жататын зең саңырауқұлақтары жер шарында кең таралған, ауада, топырақта, шіріген өсімдіктерде, тағамдық өнімдерде кездеседі. Жұғуы – аэрогенді. Негізінде P. сhrysogenum және P. marrneffei-дің медициналық маңызы бар екені анықталған.

Бұтақшаланған септаланған мицелиялар түзілуі бұл саңырауқұлақтардың морфологиялық ерекшелігі болып табылады. Олардың ең шеткі гифалары сопайып шығып тұрған конидиялар (жасыл, қызғылт, сарғыш-қоңыр, сиякөк түсті) тізбегі бар шөлмек пішінді фиалидалармен аяқталады. Penicillium-ның түрлеріне қарай олардың колониялары түрлі түсті болады(53- сурет).

Penicillium иммундық тапшылық жағдайында отомикоз, кератит, эндофтальмит, өкпеде гранулемалар (АИВ-инфицирленгендерде), диарея, дене қызбасын қоздыра алады.

18.4.3.2. Фузариоз қоздырғыштары

Fusarium туыстастығына жататын зең саңырауқұлақтары микоздармен қатар кератит, эндофтальмит, диссеменирленген инфекция, перитонит, токсикалық агранулоцитоз, фунгемия қоздыруға себепкер болады. Медициналық маңызы барлары – F. moniliforme, F. oxysporum, F.solаni. Септаланған, көптеген макроконидиялары бар (3-5 жасушаларға бөлінген бұршақ қыны тәріздес) түссіз гифаларының түзілуі, хламидоспораларының, әр түрлі пішінді көптеген микроконидияларының болуы фузарийлердің морфологиялық ерекшелігі болып табылады. Колониялары – ауалы көп мицелиялы, түйіршік тәріздес сары, қара қошқыл, қызғылт-сары, қоңыр түсті (54- сурет).