Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

Медициналық маңызы бар Aspergillus туыстастығының экологиялық және клиникалық ерекшеліктері

Aspergillus-тың түрлері

Экологиясы (кездесетін жерлері)

Қоздыратын аурулары

A.candidus

Тропикалық, субтропикалық аймақтардың топырағында. Бидай, арпа, жүгері, күріш, сорго дәндерінде; құрғақ макарондарда, спагеттиде, жаңғақтарда.

Онихомикоз, отомикоз, инвазиялық аспергиллез.

A.flavipes

Топырақта, шіріген өсімдіктерде, бұзылысқа шалдыққан мақтада.

Остеомиелит, иммунды-тапшылықты балалардың терісін зақымдау.

A.flavus

Топырақта, шіріген өсімдіктерде кең таралған.

Отит, синусит, инвазиялық микоз; жоғары ангиоинвазиялығына байланысты – некроз, инфаркт.

A.fumigatus

Топырақта, шіріген өсімдіктерде, ауада кең таралған. Космополитті.

Адамдар мен жануарлардың қоздырғышы. Аллергиялық аспергиллез (өкпеде, сүйек тінінде, жүректе, тамырларда, ОЖЖ-де, бүйректерде) қоздырады, әсіресе иммунды-тапшылық, туберкулез кезінде.

A.glauсus

Субтропиктағы топырақта, өсімдіктерде таралған.

Сирек жағдайда – синусит, отит болуы ықтимал; бас-ми, өкпе инфекциясы.

A.nidulans

Негізінде топырақта кең таралған.

Адамдар мен жануарларда әртүрлі инфекциялар; созылмалы гранулематоз кезінде жүйелі микоздар.

A.niger

Топырақта, өсімдіктерде, тағамдық өнімдерде кең таралған.

Аспергиллемалар, өкпе микоздары, бактериялық отиттер. Аллергиялық бронх-өкпелік аспергиллез.

A.restrictus

Топырақта, шіріген өсімдіктерде кең таралған.

Өкпе зақымдануы, эндокардит, онихомикоз.

A.sydowii

Топырақта, шіріген өсімдіктерде кең таралған.

Онихомикоз, инвазиялық аспергиллез, кератомикоз.

A.terreus

Тропикалық, субтропикалық аймақтарда кең таралған; ұзақ сақталған дәнді дақылдарда кездеседі.

Аллергиялық бронх-өкпелік аспергиллез, терілік және диссеменирленген микоздар, онихомикоздар.

A.ustus

Тропикалық және субтропикалық аймақтардың топырағында сирек кездеседі.

Күйікке шалдыққанда диссеменирленген инфекциялар, отит.

A.versicolor

Табиғаты суық аймақтарда кең таралған.

Инвазиялық аспергиллез, онихомикоз.

Дақылдық қасиеті Бірнеше түрлерінің (аспергиллалардың) колонияларын сипаттау (18.5-кесте), олардың өсу жылдамдығы, колонияларының түсі, табанының (астыңғы жағының – реверзуласының) боялуы бойынша айырмашылығы болатынын көрсетеді. Кейбір түрлері склероциялар – жасушалардың тығыз массасын (тыныштық сатысында), түрлі-түсті экссудат түзеді. Осындай белгілері микроморфологиясымен бірге Aspergillus саңырауқұлағының бір түріне жатқызып ажырататын негізгі сипаттамасы болып табылады.

Негізгі клиникалық көріністері Қазіргі кезде сапрофитті зең саңырауқұлақтары оппортунистік инфекциялар қоздыра бастауына байланысты, олар медиктердің көңіл аударатын мәселесіне айналып отыр. Мұндай саңырауқұлақтар иммундық тапшылыққа шалдыққан адамдардың арасында жиірек кездесе бастады. Осындай инфекциялардың ғаламдық таралуының болжамы – өте қолайсыз. Көбінесе өкпе аспергиллезі пайда болады, ал оның дамуына өкпеде қуыстар болуы (туберкулез, бронхоэктаз, ісіктер, гистоплазмоз т.б. салдарынан) себепкер.

Кесте 18.5.