Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

Candida саңырауқұлақтарын клиникалық-экологиялық таралау

Кандида түрі

Экология (кездеседі)

Аурулар

С. albicans

Адамдарда «теріде және шырышты қабаттарда) және жануарларда; гүлдерде, жапырақта, көкөністерде, топырақта, суда

Тері, шаш, тырнақ, ауыз қуысының, көз, қынаптың шырышты қабатының инфекциялары; висцеральды кандидоз: асқазан–ішек жолдарының, өкпенің, бүйректің, несеп–жыныс жүйесінің, зақымдануы, кандидемия, сепсис.

C. glabrata

Адамдарда, сүтқоректілерде, құстарда, жәндіктерде. Жеміс сіріндерінен бөлінген.

Несеп шығар жолдарының, қынаптың шырышты қабатының созылмалы инфекциялары, сепсис. Ауруханаішідік инфекциялар.

C. guilliermondii

Адамдарда, сүтқоректілерде, жәндіктерде, өсімдіктерде, сыра ашыту өнімдерінде

Тыныс алу жолдарынан, несептен, мидың абсцесінен, теріден, тырнақтан және сессис кезінде бөлінген

C. kefir

Сүт тағамдарында, дәндерде, адамдарда, сүтқоректілерде

Сирек жағдайда–сепсис, инвазиялық аурулар, несепшығар арнаның және құлақ инфекциялары.

C. krusei

Топырақта, ауада, сүт тағамдарында, адамдарда, сүтқоректілерде

Сепсис және диссеминирленген инфекциялар (эндокардит, перитонит, уретрит, вагинит); балаларда–стоматит.

C. lambica

Сүт тағамдарында, жеміс сірнелерінде, суда, адамдарда, құстарда

Қаннан, несептен, қақырықтан табылған

C. lipolytica

Адамдарда, сүтқоректілерде, дәндерде, мұнай өнімдерінде, зәйтүн жемісінде (маслина)

Сепсис, тромбофлебит, созылмалы синусит

C. lusitaniae

Адамдарда, құстарда, сүтқоректілерде, алмұртта, цитрустық жемістерде

Сепсис (иммунды тапшылыққа шалдыққан ауруларда–қатерлі ісік, перитонит, несепшығар арна инфекциясы кезінде).

C. parapsilosis

Адамдарда, сүтқоректілерде, суда, шәйде, жеміс сірнелерінде

Сепсис (күйікке шалдыққанда, эндокардитте)

C. rugosa

Сүт өнімдерінде, нәжісте, теңіз суында, жәндіктерде

Фунгелия (катетер пайдаланған кезде, күйіктік жарақатта)

C. tropicalis

Адамдарда, сүтқоректілерде, суда, жемістерде

Иммундық жүйесі әлсіреген адамдарда микоздар, сепсис, жарада, нәрестелерде сепсис, диссеминирленген инфекциялар.

C. zeulonoides

Адамдарда, топырақта, балықта, етте, суда

Сепсис, эндокардит, артрит, тері және тырнақ инфекциялары.

18.4.2. Аспергиллез қоздырғыштары

Aspergillus көгерткіш саңырауқұлақтарының зерттелген 200-дей түрінің арасынан 10-нан астамы медициналық маңызы бар(18.4-кесте) Аспергиллез – сапронозды инфекция, қоздырғыш көзі (резервуары) – көбінесе топырақ, шіріген өсімдіктер, ұзақ сақталған дәнді дақылдар. Топырақтан, өсімдіктерден аспергиллалардың споралары адамдарға тыныс алу жолдары немесе жарақат арқылы түседі. Науқастан дені сау адамдарға инфекция жұқпайды. Иммунды-тапшылық жағдайларда адамдарда әр түрлі ағзалар мен жүйелердің инвазиялық зақымданулары дамуы мүмкін, өйткені саңырауқұлақтың кейбір түрлерінің жоғары ангиоинвазиялық қабілеттілігі болады.

Соңғы жылдарда ЖИТС-тің соңғы сатысына шалдыққан, ағзалары алмастырылған, сүйек кемігі және бағаналы жасушалары т.б. трасплантацияланған адамдарда өте ауыр инвазиялық аспергиллез саны күрт арта бастады. Ауруханаішілік өкпе қабынуы жағдайлары да жиілей бастады (олардың 85%-да өкпе, кеңірдек, бронхалардың, мұрын қуыстарының т.б. пайда болады). Инвазиялық аспергиллезбен зардаптанған осындай жағдайлардан 95%-да диагноз өлімнен кейін анықталады.

Микроморфологиясы Аспергиллюс мицелиялы саңырауқұлақ (ашытқылық фазасы болмайды). Гифалары түссіз, септаланған. Конидиялары әдетте радиалды бағытта тізбектеліп орналасады (су құйғыш тамшылары сияқты) (52- сурет). Конидия ұстаушылары көбінесе тегісқабатты, түссіз немесе қоңыр түсті. Метулалар және фиалидалармен көмкерілген жартылай шар, шар, шпатель, түйреуіш шеті тәрізді қампиған көбіршектер түзеді (олардың түрлеріне қарай). Конидиялары – түссіз немесе қоңыр, қара түсті; беткейлері тегіс немесе бұдырлау; кейде шыны типтес дөңгелек жасушалар (саңырауқұлақтың түріне байланысты).

Кесте 18.4.