Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

Медициналық маңызы бар Candida туыстастығына жататын саңырауқұлақтардың микроморфологиялық ерекшеліктері

Candida түрлері

Микроморфологиялық белгілері

С. albicans

Оваль пішінді бүршіктенген ашытқылық жасушалар. Псевдогифалары және/немесе бластоконидиялары бар (ара қашықтығын сақтап гифалар бойымен орналасқан) бір буда түріндегі септаланған гифалар. Бір ұшында (шетінде) хламидоспоралар түзеді.

C. glabrata

Өте ұсақ овальды, бүршіктенген ашытқылы жасушалар түзеді. Гифалар немесе псевдогифалар құрмайды.

C. guilliermondii

Бойшаң орналасқан бластоконидиялары бар, шамалы мөлшерде псевдогифалар түзеді.

C. kefir

(C. pseudotropicalis)

Ұзарған бластоконидиялары бар, жуан көбінесе қисықталған псевдогифалар

C. krusei

Мол бұтақталған көптеген псевдогифалар. Ұзарған бластоконидиялар түзуі мүмкін.

C. lambica

Көптеген псевдогифалар және ұзынша жасушалардың бұтақшаланған тізбекшелері

C. lipolytica

Көптеген псевдогифалар және олардың тармақтарында өте сирек бластоконидиялар бар.

C. lusitaniae

Бластоконидиялардың тізбекшелері сияқты сирек гифалар

C. parapsilosis

Көбінесе қисайған бірнеше тармақтары бар көптеген псевдогифалар. Олардың бойымен бластоконидиялардың бір будасы орналасқан.

C. rugosa

Бұтақшаланған көптеген псевдогифалар. Өте қысқа бір ұшында орналасқан овальды ашытқылық жасушалар

C. tropicalis

Көптеген бұтақшаланған бластоконидиялары бар, гифалар бойымен бірен саран немесе тізбекше орналасқан псевдогифалар

C. zeulonoides

Ұзына бойына біркелкі орналасқан бластоконидиялары бар, көптеген псевдогифалар.

Негізгі клиникалық көріністері. Candida туыстастығына жататын саңырауқұлақтар соңғы кезге дейін медициналық маңызы жоқ шартты–патогенділерге жатқызылып келді. Сондықтан кандидалардың (жалпы алғанда барлық саңырауқұлақтардың) патогенділік факторлары аз зерттеліп келді. Дегенмен, оппортунистік инфекциялардың, соның ішінде микоздардың, ғаламдық таралуын күшейтетін факторлардың көбеюі, көптеген шартты–патогенді, тіпті сапрофитті микроорганизмдер тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретінін көрсетті. Candida туыстастығына жататын саңырауқұлақтарға қатысты көзқарас өзгерді. Кандидоздардың этиологиялық агенті ретінде тек қана С. аlbicans емес басқа да көптеген Candida «non аlbicans» болатыны дәлелденді. Әртүрлі кандидоздардың саны едәуір көбейді. Клиникалық тұрғыдан «Беткейлік кандидоз» және «Терең кандидоз» деп бөледі.

Беткейлік кандидоздарға кіреді:

-ауыз қуысының кандидозы (ауыз ойылуы);

-қынаптық кандидоз;

-тері кандидозы;

-кандидалық паронихия және онихомикоз (тырнақ зақымдануы);

-жаялықтық дерматит және сәбилер қатпарларының кандидозы;

-терінің туа біткен кандидозы.

Терең кандидозға кіреді:

-асқазан–ішек жолының кандидозы;

-бүйрек және несеп шығар жолдарының кандидозы;

-бронхалар және өкпе кандидозы;

-диссеминирленген (висцеральды) кандидоз (кандидемия, кандидалық септицемия, кандидалық флебиттер, кандидалық менингит т.б.). Емделмеген жағдайларда әдетте өліммен аяқталады. Candida саңырауқұлақтарының клиникалық және экологиялық маңыздылығын уақтылы зерттеу өте қажет, өйткені жылдам диагноз қоюға, емдеу тәсілдерін тағайындауға және алдын алу шараларын жүргізуге мүмкіндік береді (18.3. – кесте)

Кесте 18.3.