Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

18.2.2. Хромобластомикоз қоздырғышы.

Хромобластомикоз (хромомикоз, веррукозды дерматит, Педрозо ауруы) терінің және тері асты шелмайының (әдетте аяқтың) созылмалы грануломатозды микозы.

Қоздырғыштары-Fonsecaea pedrosoi және Foncecaea compakta диморфты саңырауқұлақтар деп есептеледі. Қоздырғыштарының қатарына Cladophialophora, Rhinocladediella туыстарына жататын саңырауқұлақтар да енген болатын. Дегенмен,олардың Foncecaea туыстастығынан едәуір морфологиялық айырмашылығы бар,сондықтен оларды қоздырғыш ретінде тарихи тұрғыдан қарайды. Phialophora verrucosa- демациялық саңырауқұлақ, Жапония және Оңтүстік Америкада хромобластомикоздың негізгі қоздырғышы болып табылады.

Микроморфологиясы. F.pedrosoi саңырауқұлағы ең жиі бөлініп алынатын қоздырғыш. Гифалары қоңыр түсті, септаланған. Ашытқылық сатысы болмайды. Конидия ұстаушыларының вегетативті гифалардан айырмашылығы шамалы ғана болады.Конидияұстаушының ұшында алдымен 2 «тісшелер» біріншілік споралар, ал олардан қосымша екіншілік споралар пайда болады (конидиялар) , нәтижесінде күрделі конидиялық басы түзіледі. Колонияның тізбекшелері пайда болуы мүмкін.

Дақылдық қасиеті. Картофельдік агада , Сабуро ортасында колониялары баяу өседі.5-10- тәулікте майда сұрлау колониялар пайда болады; 10-15-тәулікте олар көкшіл - сұр түсті үлпілденген колонияға айналады.Жетілген колониялары (21-30-тәуліктен кейін) – қара-қоңыр немесе қара түсті. Колониялар асты – қара пигменттелген.

Негізгі клиникалық көріністері. Хромобластимикоз ауруы жер шарының кез келген өңірінде кездеседі,дегенмен,бұл ауру тропикалық, субтропикалық аймақтарда жиірек тіркеледі. Әдетте аяқ- қол терілері зақымданады, бірақ зақымдану ошақтары бетте,кеудеде, қарында, ішкі ағзаларда да болуы мүмкін. Біріншілік ошақ (қоздырғыштың енген жері)- ол терідегі қызарған түсті қайызғақтанған төмпешік (түйін) . Айлар, жылдар өткеннен кейін онымен қатар осындай ауырмайтын түйіндер пайда болуы ықтимал,сондықтан зақымданған ошақ түсті қырық қабат (капуста) сияқты көрініс береді. Хромобластомикоздың 5 клиникалық түрлерін ажыратады: түйіндік, ісіктік, веррукозды дерматит, таңдақтық және тыртықтық. Зақымданған ошақтың мөлшері ұлғайып 10-20 см-ге жетеді (бүткіл тізені немесе өкшені қамтиды). Өте ауыр жағдайларда күпсектік (слоновость) дамиды. Кейде зақымдану ошағы организмнің басқа жерлеріне ауысуы ықтимал.

18.2.3. Мицетома қоздырғыштары

Мицетома (мадуралық аяқ,мадуромикоз) – барық елдерде,әсіресе тропикалық, субтропикалық аймақта кездесетін созылмалы инфекция. Клиникалық көрінісі бойынша хромомикозға ұқсас.

Әртүрлі зерттеушілер және әр кезде мицетома қоздырғышына саңырауқұлақтардың бірнеше туыстастығын жәнетүрлерін жатқызған.Сондықтан, осы кезге дейін қазіргі заманғы оқулықтар мен оқу құралдарында осы мәселе бойынша бірегейлі көзқарас қалыптасқан жоқ.Және де саңырауқұлақтармен қатар мицетоманы актиномиоциттер, нокардиялар, стафилококтар, ішек таяқшасы ж.т.б. бактериялар қоздырады деп есептейді.Сондықтан мицетома қоздырғышын анықтауда арнайы микологиялық зертхананың (Д.Саттон, А.Фотергилл, М.Ринальди,2001, «Патогенді және шартты патогенді саңырауқұлақтар анықтауышында» , G.S.Hoog , J.Guarro, M.J.Fugnerras.2001, «клиникалық саңырауқұлақтар атласында» баяндалған) мәліметтері негізге алынды.Мицетоманың негізгі қоздырғышы – көгерткіш саңырауқұлақ Pseudoallascheria boydii (Excophiala jeanselmei, Phialophora cryanescens т.б. деп те атайды).

Микроморфологиясы. Гифалары түссіз,септаланған.Қарапайым немесе бұтақталған конидияұстаушылардың ұшында төменгі жағы жіңішкерленген микроконидиялар пайда болады, және де олар гифадан тікелей шығып тұрады. P.boydii – дың көбеюінің жыныстық сатысы клейстотециялары (споралар үшін ірі «қапшықтар») болуымен сипатталады. Жетілген кезде (картофельді- декстрозды, жүгерілі агарда 2-3 аптадан кейін) клейстотециялар жарылады да көптеген қоңыр түсті эллипс пішінді аскоспоралар босанып шығады. Осындай жағдайда P.boydii- ді Aspergillus- тан ажыратып анықтау өте қиын.

Дақылдық қасиеті. Колониялары алғашқыда ақ түсті , кейінірек мақта тәріздес қою сұр түсті болады.

Негізгі клиникалық көріністері. Қоздырғыш шіріген өсімдіктерден , топырақтан, сарқын сулардан жұғып зақымданған тері арқылы организмге енеді. Көбінесе аяқ басы зардаптанады. Шектелген ісіну немесе жылан көз (свищ) дамыған көптеген ірің қалталар пайда болумен сипатталады. Ерекше ауыр жағдайларда бұлшықеттер, шандырлар, сүйектер зақымдану процесіне шалдығады. Микоздың бұл түріне бактериялық инфекция қосылып әртүрлі асқынулар беруі мүмкін.

Кейде P.boydii тыныс алу жолдары арқылы өкпеге түседі, мұндай жағдай көбінесе суға батып кетіп, аман қалғандардың өкпесінде байқалады. Сирек жағдайда бас мидың абсцессасы, менингит дамуы мүмкін.