Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

18.1.2.3. Эпидермофития қоздырғышы

Шаш эпидермофитиясының қоздырғышы- Epydermophyton flocossum – антропофил. Жабық ұжымдық жерлерде (отбасында, ауруханаларда, мектептерде, интернаттарда, казармаларда) спорадикалық аурулар немесе бұрқетпелер қозддырады.

Микроморфологиясы. Гифалары түссіз, септаланған, шамалы бұтақталған. Микроконидиялары өте аз, алмұрт тәріздес; немесе болмайды. Макроконидиялары шоқпар тәрізді, қосарланып орналасады (оларға тән белгі). 2-5 жасушалар септалармен бөлінген. Ескірген дақылдарды хламидоспоралар дамиды, артроспоралары – тік бұрышты тізбекшелер.

Дақылдық қасиеті. Колониялары айналасы тегіс емес жайпақша, ұнтақша, көкшіл қоңыр, қою жасыл көк түсті.Колонияның астыңғы жағы ашық сары, сарғыш қоңыр түске пигменттелген.

Негізгі клиникалық көріністері. Бұл саңырауқұлақ санның ішкі беткейін, шапты, ұманы(ен қалтаны) зақымдайды;кейде қолтықты, емшек астын, саусақ аралықтарын, тырнақтарды зақымдайды. Айнала шеті айқын көтеріңкі майда көбіршіктер, шашылған сызаттары, іріңді қабықшамен жабылған бөртпелері бар ақшыл қызғылт дақтар пайда болады.Үдемелі қышыма байқалады.

18.2. Теріастылық (субкутанды) микоздардың қоздырғыштары.

Теріастылық микоздарға споротрихоз, хромобластомикоз, мицетома және феогифомикоз жатады. Мұндай инфекциялардың қоздырғыштары – топырақта (негізінде тропикалық аймақтарда), іріп- шіріген өсімдіктерде мекендейтін сапрофитті саңырауқұлақтар.Олар ауада, шаң тозаңда , суда кездесуі мүмкін.Сондықтан субкутанды микоздар көбінесе жарақат алып зақымданған жер саңырауқұлақпен ластанған жағдайда дамиды.Мұндай микоздар терінің терең қабатында, тері асты шелінде, бұлшық еттерде, буындарда, сүйекте инфекцияның лимфогенді тәсілмен дамуымен сипатталады. Осындай саңырауқұлақтар демациялық топқа жатады, яғни олар меланин түзеді, сондықтан олардың жасушалық қабырғасы және колониялары қара қоңыр түсті болады.

18.2.1. Споротрихиоз қоздырғышы-Sporothrix schenckii

Споротрихоз Шенк ауруы деп аталады. Оның қоздырғышы диморфты саңырауқұлақ Sporothrix schenckii кең таралған. Көбінесе жұмысы топырақпен , гүл өсірумен (раушан тікенекшелерімен зақымдану кезінде) айналысатын ауыл шаруашылық жұмыскерлер ауырады. АҚШ -тың 15 штатында (1988 ж) сфангалық мүкпен байланысты бұрқетпе тіркелген. Sporothichum schenckii- дің бұрын бірнеше атаулары болды- Sporotrichum tropicale, Sporotrichum indicum т.б.

Микроморфологиясы. Споротрихтың таза дақылының микроскопиялық сипаты өсу жағдайы мен сатысына байланысты болады. Мицелиялық сатыда гифалары түссіз жалпақтау, септаланған және бұтақталған. Конидия ұстаушылары жіңішке , гифадан тура бұрышты бағытта пайда болады. Конидиялары екі типті:түссіз,конидия ұстаушыда топтасып орналасады (гүл топшасы сияқты) және қалың қабырғалы қоңыр түсті, тікелей гифаларда орналасады. Ашытқылық сатысы-дөңгелек немесе жұмыртқа пішінді, бүршіктері бар ашытқы жасушалары массасының пайда болуымен сипатталады.

Дақылдық қасиеті. S. schenckii диморфты саңырауқұлақ.Тығыз орталарда (Сабуро, картофельді орталар) өсіп өнудің екі сатысы өтеді; мицелиялық және ашытқылық.

Мицелиялық сатысы кезінде колониялары алғашқыда қоңырлау түсті, 1-2 аптадан кейін қоңыр қара түсті;беткейі жұқа қатпарланған, ылғалды.Біріншілік себіндіде ауалы мицелиялар болмайды. Ашытқылы сатысында жүрек ми тіндерінен дайындалған 5% -ды қанды агарда колонияларының беткейі ақ немесе ақшыл қоңырлау түсті болады.

Негізгі клиникалық көріністері. Аурудың кең таралған түріне созылмалы терілік немесе жарқаттанған жерде біріншілік зақымдану ошағы пайда болатын тері астылық микоз жатады.Осындай ошақтардан саңырауқұлақ лимфогенді жолмен таралып организмге кең жайылып (15-20 % жағдайда) висцеральды споротрихоз қоздырады. Біріншілік өкпе споротрихозы дамуы мүмкін. Зақымданған жерлер қатайған, ауырмайды,қатайған жерлер ашық жараға айналуы ықтимал.