Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

18.1.2.2. Трихофития қоздырғыштары.

Трихофития қоздырғыштарына Trichophyton туыстастығындағы саңырауқұлақтар жатады. Трихофитондардың көптеген түрлері және варианттары бар, бірақ ең таралғандары: антропофильді түрлері – Т. violаceum, T. tonsurans және зоофильді түрлері – Т. verrucosum (ірі қара мал), T.equinum (жылқылар), Т. mentagrophytes, var. mentagrophytes

(кеміргіштер). Ауру өте жұқпалы. Ол әсіресе ауылдық жерлерде ветеринарлардың, мал шаруашылығы жұмыскерлерінің арасында кең таралған; ал қалаларда – көбінесе мысықтардан жұғу байқалады.

Trichophyton tonsurans – бұл саңырауқұлақтың түрлік атауының кқөптеген синонимдері бар.

Микроморфологиясы. Гифалары түссіз, септаланған, бірнеше рет бұтақшаланған, әртүрлі пішінді (шар, тамшы, түйреуіш тәрізді), бірнеше микроконидиялары болады. Көлденең пердесі көп, өте ірі кейде иілген макроконидиялары сирек кездеседі. Хламидоспорасы - өте көп болады.

Дақылдық қасиеті. Колониялары ұн сияқты, кейде майда дәнді; ақшыл, сарғыш-қоңыр түсті, астыңғы жағынан қарағанда сарғыш-қоңыр түстен қызыл түске дейін пигменттелген.

Trichophyton violаceum

Микроморфологиясы. Өсу фазасына қарай мицелияларының құрылысы және боялу түсі әртүрлі болады. Алғышқыда мицелиялар жұқа, тегіс, септаланған. Макро - және микроконидиялары жоқ. Кейіннен айналмалы бұтақшаланған түрге ауысады, хламидоспоралары болады, реңі әртүрлі сия көк түске боялады(44- сурет).

Дақылдық қасиеті. Колониялары – сия көк ( фиолетовый ) түсті, тері сияқты, бұқырмалы, ақшыл радиальды қатпарланған, үлпілдеген жерлері болады. Сабуро агарында баяу өседі. Колонияның астындағы агар өте сирек жағдайда пигменттеледі.

Trichophyton mentagrophytes

Трихофитондардың бұл түрінің екі вариантын ажыратады.

Антропофильділер – Т. mentagrophytes var. interdigitale (аяқтың және тырнақтың созылмалы микозы – эпидермофитияның ең жиі қоздырғышы болып табылады).

Зоофильділер – Т. mentagrophytes var. mentagrophytes (аяқ басының, терінің, бастың шашты жерінің, сақалдың, тырнақтың ауыр микозға ұшыраған кезінде табылады).

Микроморфологиясы. Гифалары септаланған, түссіз. Гифаларда байлам немесе жүзім тәрізді шоғырланып орналасқан шар тәрізді көптеген микроконидиялары бар; кейде спиральды гифалар пайда болады. Сирек жағдайда жасушасының жоғарғы жағы жұмырланған, көптеген көлденең перделері бар түйреуіш тәрізді макроконидияларды байқауға болады.

Дақылдық қасиеті. Сабуро ортасында және картофельді агарда колониялары ұнтақшадан дәнді түрге дейін болады: антропофильділерде-ақ ұнтақ, жұмсақ; зоофильділерде – сарғыш-қызыл түсті. Колонияның астыңғы жағы сары түстен қоңыр, қызыл түске дейін пигменттелген, пигментация болмауы да мүмкін.

Trichophyton rubrum – аяқ басы мен тырнақтардың трихофитиясын (руброфитиясын) қоздырады. Жиі жағдайда терінің созылмалы инфекциясын қоздырады. АҚШ-та

T. rubrum– ды адамдардың дерматомикоздарының негізгі қоздырғышы деп санайды.

Микроморфологиясы. Гифалары түссіз,септаланған, гифаларда жағалай («масақ») тәрізді орналасқан түйреуіш пішінді микроконидиялары болады.Макроконидиялары өте ірі, сигар пішінді, септаланған.Хламидоспоралар, артроспоралар сирек кездеседі, бірақ пайда болған жағдайда олар өте ауқымды жинақталады(45- сурет).

Дақылдық қасиеті. Колониялары әртүрлі болады,көбінесе ақ түсті үлпілдеген, колонияның астыңғы жағы қызыл шарап түсті пигменттелген.Штамдарына байланысты пигмент әртүрлі болады (сары, қызғылт, қызғылт- қоңыр, көкшіл) , кейде пигменті жоқ. Жетілген колонияның беткейі қабырғалы болып келеді.

Trichophyton schoenleinii- негізінде балаларда терінің, шаштың (таз -фавус), тырнақтың созылмалы микозын қоздырады.

Микроморфологиясы. Мицелиялары септаланған, қалыңданып бұтақталанған («бұғының мүйізі», «шырағдан» сияқты). Ескірген дақылдарда гифалардың шетінде көптеген хламидоспоралар болады.Макро- және микроконидиялары жоқ.

Дақылдық қасиеті. Өзіне тән колониялар қалыптасады; балауыз тәріздес, бұдырланған, агарға терең еніп өседі, қатпарлары бар, «бал карезі» (медовые соты) сияқты ойшықтары болады. Түсі-қоңыр, сары, қою сары; агарда пигмент жоқ.

Негізгі клиникалық көріністері. Трихофитияның 3 клиникалық түрін ажыратады-іріңді- инфильтативті, беткейлік және созылмалы.

Іріңді - инфильтративті (терең) трихофитияны трихофитонның зоофильді түрі қоздырады. Аурудың бұл түрі өте жұқпалы табиғи-ошақты инфекция. Инфекция көзі-ірі қара мал, жылқылар, кеміргіштер. Ересектер және балаларда да ауруға шалдығуы мүмкін.Ересектерде зақымдау ошағы көбінесе сақал және мұрт аймағында орналасады; балаларда- бас терісінде. Ауру алдымен дақтар, іріңдіктер пайда болумен сипатталады, олар кейіннен ірі массивті инфильтраттарға айналады. Зақымданған ошақтарда шаш түсіп қалады. Бет зақымданғанда (паразитарлық сикоз) клиникалық көрінісі айқындау болады. 2-3 айдан кейін өзінше айығуы мүмкін, орындарында шаш түсіп қалады, тыртық пайда болады.

Беткейлік трихофития негізінде 1 жасқа дейінгі балаларды және де ересектерді (80% -әйелдерді) зақымдайды. Зақымдау ошақтары бөкседе, санында, қол саусақтарында (саусақтың үстіңгі жақтары) орналасады.

Бастағы шаштар зақымданады, эритрематозды шашсыз ошақтар пайда болады.Беткейлік трихофития созылмалы түрге айналуы ықтимал.

T.rubrum тегіс теріні, саусақаралық жерлерді, табан терісін зақымдайды (онихомикоз) . Трихофитондардың бұл түрі онихомикоздардың кең таралған қоздырғышы болып табылады.

T. schoenleinii – әдетте теріні және шашты зақымдайды. Шаштар жіңішкереді,сирек бола бастайды, сынғыш және жиі түсе бастайды. Тырнақтарды да зақымдауы мүмкін.