Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

18.1.2.1. Микроспория қоздырғыштары.

Микроспория қоздырғыштары – Microsporum туыстастығына жататын саңырауқұлақтар. Микроспорумдардың 20-дан астас түрлері бар, олардың 11 адамдар үшін патогенді. Ең көп таралған қоздырғыш М. сanis болып табылады, ол 70-80% жағдайда мысықтардан (сирек жағдайда иттерден) жұғады.Екінші кезекте эпидемиологиялық қауіп туғызатыны– M. ferrugineum, ол микроспорияға шалдыққан науқастардан ( 3-10% жағдайда ) беріледі. Сонымен, жиірек кездесетіндері: М. сanis, M. ferrugineum, M. audouinii ( 18.1- кесте).

Microsporum сanis – зооантропофил

Микроморфологиясы. Гифалары септаланған түссіз, көптеген микронидиялары бар, олардың жоғарғы шетіндегі конидиясы әдетте иілген пішінді. Мицелиялары бамбук тәріздес; хламидоспоралары және алмұрт немесе түйреуіш пішінді микроконидиялары сирек кездеседі (42- сурет).

Дақылдық қасиеті. Картофельді немесе картофельді- декстрозды агарда колониялары әдетте үлпілдек ақ, сұр түсті, кейде шеңбер типті жолақтармен сарғыш-қызғылт түсті болып келеді. Колонияны теріс жағынан қарағанда сары түсті болады ( кейбір штамдарда пигментациялану дамымайды).

Microsporum ferrugineum – антропофил.

Микроморфологиясы. Мицеллиясы бұтақталған, сирек жағдайда септаланған, кейде жетілген дақылдарда тарақ пішіндес хламидоспоралары болады. Макроконидиялары және микроконодиялары жоқ(43- сурет).

Дақылдық қасиеті. Колониялары полиморфты, тері тәріздес, радиальды қатпарланған, шамалы күмбез пішінді. Колонияның астыңғы жағы қоңыр – сарғыш түсті болады.

Microsopum audouinii - антропофил (бұрқетпе түрде жиі таралды).

Микроморфологиясы. Гифалары септаланған, түссіз. Сирек жағдайда макро- және микроконидилар түзеді. Макроконидиялары – көлденең перделі және тікенекшелері бар, ұршық пішінді. Көбінесе интеркалярлы ( гифа ішінде), немесе терминалды хламидоспоралары бар тарақ тәріздес және стерильді гифалар кездеседі.

Дақылдық қасиеті. Картофельді немесе, картофельді- декстрозды агарда колониялары жайпақ, барқыт сияқты үлпілденген, ақшыл-сұр немесе сары-қоңырлау түсті. Колонияның астыңғы жағында пигмент болмауы мүмкін, немесе бозғылт қызыл, сарғыш- қызыл немесе сары-қоңыр түсті болады.

Негізгі клиникалық көріністері. Инфекцияның жасырын кезеңі – 5-7 күн. Бұл кезде саңырауқұлақтар протеиназалық , кератинлитикалық , липолитикалық белсенділігінің көмегімен эпидермиске енеді (бірақ бозальдық мембранадан өтіп кетпейді). Шартты түрде микроспорияны бастың шашты бөлігі терісінің микозы және кеуденің, қол-аяқтың жатық терісінің микозы, клиникалық диагноз қою мүмкіндігі бар беткейлік және терең

(іріңді – инфильтративті) микроспория деп бөледі. Зақымданған ошақтарда шаш қысқалап кесіп тастағандай ( қырықтық теміреткі) күңгірт-сұр түсті болады.

Зақымданған ошақта тері сұрлау қабыршақпен жабылған, кейде асбест тәріздес тығыз қабыршақты үлбірмен жабылады, оларды алып тастағанда шамалы қызарған жері ашылады. Зақымданған ірі ошақтардың айналасында майда ошақтар табылады. Науқастардың 5-7%- да микроспорияның терең түрлері дамуы мүмкін. Қазіргі кезде ірі ошақтар пайда болуы жиілеп кетті, ол тиімсіз ем-шаралар қолданумен және қосалқы аурулардың болуымен байланысты деп есептейді.