Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

18.1.1.3. Қара теміреткі (Exophiala wernekii) және қара пьедра (Piedraia hortae) қоздырғыштары.

Оқулықтарда, медициналық әдебиеттерде (соның ішінде «Патогенді шартты- патогенді саңырауқұлақтар анықтауышында» 2001) аталған ауру қоздырғыштарының микроморфологиясы, дақылдық қасиеттері, қоздыратын аурулардың клиникалық симптомдары т.б. бойынша әртүрлі ұстанымдар бар, немесе мәліметтер мүлдем жоқ. Сондықтан, біз тек қана қара теміреткі және қара пьедра ауруының қоздырғыштарының атауларын келтірумен шектелдік. Және де бұл аурулар тропикалық аймақтарда кездеседі, әрі зертханалық диагноз қою, емдеу және алдын алу принциптері басқа микоздар кезіндегідей.

18.1.2. Дерматомикоздардың қоздырғыштары.

Эпидермофития қоздырғыштары өте жұқпалы келесі ауруларды қоздырады: трихофития, микроспория, таз (фавус), руброфития, эпидермофитияны. Дермотомикоз қоздырғыштары шаш талшықтарының ішінде, эпидермис жасушаларында өсіп-өніп, кератинді бұзады да тері және оның тері беткейінің жарақаттануы, құрамында кератиннің көп мөлшерде болуы, тез терлеушілік, терінің баздануы, эпителияның баяу түлеуі әсер етеді( 18.1-кесте).

Мұндай аурулар дүние жүзінің барлық аудандарында кең таралған. Қоздырғыш су бассейндерінде, моншада, шаштаразда тұрмыстық заттар (сүлгі, тарақ, аяқ киім, жөке және т.б.) арқылы жұғады. Саңырауқұлақтардың ауру немесе ауру белгісі жоқ тасымалдаушы жануарлардан жұққан жағдайда пайда болатын кеселдің үлесі өте жоғары.

Эпидемиологиялық маңыздылығына қарай дерматомикоз қоздырғыштарын 3 топқа бөледі:

Антрофильділер – адамдардың паразиттері, инфекция көзі – ауру адам. Кейде симптомсыз тасымалдаушылар да инфекция көзі болуы ықтимал.

Зоофильділер – жануарлардың паразиттері, инфекция көзі – жануарлар ( мысық, ит, ірі қара мал, жылқы, қой, шошқа, үй құстары, кеміргіштер және маймылдар ).

Геофильділер – топырақта сақталады, саңырауқұлақтармен ластанған топырақпен жанасқанда жұғады. Бұл саңырауқұлақтар, әрине, жануарлардың жүнінен, терісінен, өлігінен топыраққа түсіп, ұзақ уақыт сақталады.

Кесте 18.1.

Адамдарға патогенді дерматофиттер.

Микоздар

Дерматофиттер

Саңырауқұлақтардың түрлері

Инфекция көзі (резервуалды)

Микроспория

Антропофильдылар

Microsporum audouinii

Microsporum ferrugineum

Адамдар

Зоофильдылар

Microsporum canis

Microsporum gallinae

Мысықтар, иттер, үй құстары

Геофильдылар

Microsporum cookie

Microsporum gypseum

Microsporum fulvum

Microsporum nanum

Топырақ

Трихофития

Антропофильділер

Trichophyton tonsurans

Trichophyton violaseum

Адамдар

Зоофильділер

Trichophyton verrucosum

Trichophyton equinum

Trichophyton mentagrophytes

var. mentagrophytes

Ірі қара мал

Жылқылар

Кеміргіштер

Аяқ басының, тырнақтың,эпидер-мофитиясы (онихомикоз) шап, тырнақ эпидермофитиясы

(онихомикоз)

Антропофильділер

Trichophyton mentagrophytes

Var. interdigitale

Адамдар

Epydermophyton floccosum

Аяқ басының және т.б. рубофитиясы

Антропофильділер

Trichophyton rubrum

Таз (фавус-парша )

Антропофильділер

Trichophyton schocnleinii