Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

18.1. Беткейлік микоздардың қоздырғыштары

Беткейлік микоздарды кератомикоздар (сапрофитиялар) және дерматомикоздар (дерматофитиялар) деп екі топқа бөлу ұсынылған. Екі топқа да жататын аурулар тұрғындар арасында кең таралған, көбінесе жиі қайталанатын созылмалы түрде өтеді.

18.1.1.Кератомикоздардың қоздырғыштары

Олар келесі ауруларды қоздырады:

Түрлі түсті ( кебек тәріздес, шұбар) теміреткті, малассесиоз.

Қара пьедра (пьедрамоз)

Ақ пьедра ( трихоспороз)

Түрлі түсті теміреткі қоздырғышы – Malassezia furfur

Malassezia туыстатығына саңырауқұлақтардың 17 түрі жатады, солардың арасында медициналық маңызы бары Malassezia furfur. Ол адамдардың 90% - да терінің қауіпті микрофлорасы деп саналады; Патогенділігі төмен, микрофильді.

Морфологиясы. Ашытқы тәріздес, бір полярлы бүршіктенетін дөңгелекше эллипс пішінді жасушалар, мицеллалық түрге (псевдомицелиялар) айналу қабілетілігі бар.

Колониялар сипаты (дақылдық қасиеті). Колониялары жылтыр, қоңыр түстен сарғыш түске дейін пигменттелген. Сабуро ортасында – колониялары майда, күңгірт түсті. Дақылдандыру нәтижесі табысты болу үшін зерттеу затын стандартты орталарға сепкеннен кейін бетіне зәйтүн майын тамызады. Бір аптадан кейін май қабатының астында өсінді тіркеледі.

Негізгі клиникалық көріністері. Дене терісінде (кеуде, арқа, қарын, иық, мойын, кейде бас терісінде) қабынбаған қызғылт- сары, ашық-қоңыр, қызарған дақтар пайда болады. Дақтарды сүрген кезде майда қайызғақтар түседі. Кесел ұзаққа созылады.

18.1.1.2. Ақ пьедра қоздырғышы – Trichosporon beigelli.

Саңырауқұлақтардың бұрынғы атауы – Т. сutaneum, T. granulosum, T. cerebrioforme, T. giganteum, T. ovoides, Pbeurococcus beigelli ( справаочная микологическая лаборатория – Fungus Testing Laboratory – FTL; университет штата Колумбия, США). Trichosporon туыстастығын мұқият қайта тексеруден кейін ( Grueho et.al., 1992 ; Hoog et. al.,1995 ) аурудың негізгі қоздырғышының аты ( Т. beigelli ), және де беткейлік микроздарға ақ пьедраға қатысы бар саңырауқұлақтардың түрлері (Т. сutaneum, T. ovoides, T.linkin, T. аsteroides ) анықталды.

Морфологиясы. Т. beigelli ашытқы тәріздес саңырауқұлақ. Гифалары септаланған, түссіз. Қалыпты жағдайда оваль пішінді, көптеген артроконидиялар және аз мөлшерде псевдогифалар, бластоконидиялар түзеді.

Дақылдық қасиеті. Сабуро ортасында колониялары ақ, қоңыр, сары, сұр түсті болуы мүмкін. Беті – тегіс, жіңішке, әжім тәріздес, немесе қатпарлы, немесе бархыт сияқты (штамдық айырмашылығына және өсу жағдайына байланысты) болады.

Негізгі клиникалық көріністері. Ақ пьедра – негізінде тропикалық аймақтың тұрғындарында кездесетін ауру. Саңырауқұлақ шаш талшықтарының инфекциясын қоздырады, оларда көптеген ақ- сары түсті жұмсақ түйіндер пайда болады, шаш ішінде оваль пішінді артроспоралар табылады. Сирек жағдайда онихомикоз тіркеледі. Диссеминирленген инфекция дамыған жағдайлар тіркелген, әдетте ол иммундық тапшылыққа шалдыққан адамдарда ( қанның қатерлі аурулары, күйікке шалдығу, орган алмастыру) өліммен аяқталады.