Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

18 Тарау. Жиі кездесетін микоздардың сипаттамасы

Микоздар-адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің арасында кең таралған аурулар. Дегенмен, мұндай инфекциялар соңғы жылдарға дейін (15-20 жыл бұрын) айтарлықтай алаңдатушылық туғызбады. Қазіргі кезде саңырауқұлақтар қоздыратын аурулар жиі кездесе бастады және өте ауыр түрде көрініс беретін болды. Оның әртүрлі себептері бар, соның ішінде ең маңыздысы-иммундық жүйе қызметінің бұзылуы, науқастың иммундық қорғанысының зардаптануы. Иммундық тапшылықтың жиі кездесуі өз кезегінде (таңқаларлық болып көрінсе де) медицинаның, биологияның жетістіктерімен байланысты. Бірінші кезекте- антибиотиктер индустриясының дамуы, медицинада және шаруашылықтың көптеген салаларында кең пайдалану; сүйек кемігін және басқа ағзаларды трансплантациялау; сәулелермен, гормондармен емдеу ж.т.б. Осындай жағдайларға байланысты әлсіз вирулентті шартты патогенді саңырауқұлақтар инфекция қоздыра бастады. Мысалы Candida, олар ауруханаішілік індет қоздыруға себепкер бола бастады. Үдемелі АИВ (ВИЧ)-инфекция кезінде дамитын микоздар үлкен қиындық туғызып отыр. Осындай ауруларда кандидалар, криптококтар, гистоплазмалар, пневмоцисттар өте ауыр оппортунистік инфекциялар қоздырады. Иммунды тапшылыққа шалдыққан ауруларға өсімдіктерде (томатта) ауру қоздыратын саңырауқұлақтар жұққан жағдайда өліммен аяқталу тіркелген. Иммундық жүйе қызметі күрт төмендеген ауруларда ең ауыр зардаптану дамиды. Осындай ауруларды «тірі Петри табақшасымен» салыстыруға болады, өйткені науқастың организмі бұл кезде патогенді, шартты-патогенді микробтар, бірінші кезекте – саңырауқұлақтар, үшін қоректік ортаға айналады.

Саңырауқұлақтар адамдарда 4 топқа бөлінетін аурулар қоздырады:

1.Аллергиялық аурулар. Микогенді аллергия кең таралған, ауыр түрде өтеді. Ауруларда жоғарғы сезімталдық (ауру емес) дамиды.

2.Саңырауқұлақтармен улану. Улы саңырауқұлақтарды ас тағамдарымен пайдалану асқазан-ішек жолдарының зақымдануына, кейбір жағдайда бауыр қызметінің толық тоқтауына соқтырады (саңырауқұлақтық токсикоз).

3. Микотоксикоздар (мицетизм). Саңырауқұлақтармен біріншілік улану организмге кейбір зең саңырауқұлақтар өндіретін екіншілік метоболиттер-микотоксиндердің түсуімен байланысты. Организмге тағамдармен, ауамен түскенде олар ауыр асқынулар қоздыруы, кейде өлімге әкелуі мүмкін. Осындай токсиндерді көбінесе Aspergillus flavis, Aspergillus parasitus (афлотоксин); Fusarium (зеараленон, фузаренон Х ж.б.) өндіреді, Fusarium graminerum дәндік дақылдарда паразиттік тіршілік етеді («мас нан» ауруын қоздырады); Claviceps purpurea өндіретін микотоксин эрготизм ауруын қоздырады (астан улану).

4. Микоздар- патогенді және шартты патогенді саңырауқұлақтар қоздыратын терінің, шаш, тырнақ, әртүрлі тіндер мен ағзалардың аурулары. Зақымданған ошақтардың орналасуына байланысты келесі микоздарды ажыратады:

- кератомикоздар (беткейлік микоздар)-терінің беткейлік қабаттары және шаш зақымданады.

- эпидермомикоздар, эпидермофитиялар, дерматомикоздар-эпидермис, шаш және тырнақтар зақымданады.

- теріастылық (субкутанды) микоздар-тері, тері астылық майлы қабат, бұлшықет, фасциялар (шандырлар) зақымданады;

- терең микоздар(жүйелік)-иммунды-тапшылыққа шалдыққан адамдарда дамиды, шартты-патогенді саңырауқұлақтар қоздырады.

- оппортунистік микоздар-иммундық қорғанысы әлсіреген ауруларда дамиды, сапрофитты және шартты-патогенді саңырауқұлақтар қоздырады.