Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

17.2.7.2. Адамдардың онкогенді рнқ-геномды вирустары

Вирустардың бұл тобына табиғатта кең таралған ретровирустардың өкілдері жатады.

Таксономиясы. Тұқымдастығы: Retroviridae.

Туыстастығы:Alpharetroviruses – құстар лейкозының вирусы;

Betaretroviruses – тышқандардың сүт безі ісігінің вирусы;

Deltaretroviruses – сиыр лейкемиясының вирусы, HTLV;

Gammaretroviruses – тышқан лейкемиясының вирусы;

Epsiloretroviruses – тері саркомасының вирусы;

Lentivirus-AИB

Spumavirus – адамдардың көбікті вирусы;

Олардың онкогендік потенциалы қайтымды немесе кері транскриптаза (РНҚ тәуелді ДНҚ полимераза) ферментінің болуымен байланысты. Бұл фермент вирустық РНҚ-нан ДНҚ-геномды провирус пайда болуын қамтамасыз етеді. Ең алдымен жасуша цитоплазмасында ревертазаның бақылауымен вирустық РНҚ геном интегрирленбеген сызықтық ДНҚ-на айналады. Транскрипциялану процесі барысында РНҚ реттіліктері дупликацияланады, сонан соң ДНҚ шеңбер (сақина) қалпына келеді. Кейінірек екі жіпшелі вирустық ДНҚ пайда болады, ол жасушалық геномға интеграцияланады. Оның тіркесуі провирустың шеттерінде орналасқан, қайталанып отыратын LTR (ағыл: long terminal repeat – ұзын шеттік қайталаулар) реттіліктермен байланысты. Шеттеріндегі инвентриленген комплементарлы қайталымдардың есебінен LTR-реттіліктер транспозондар сияқты және тіркеме элементтерге тән қасиетін көрсете бастайды. Жасуша хромосомасына интеграцияланғаннан кейін вирустық ДНҚ (вирустық РНҚ геномы және вирустық иРНҚ синтезделуі үшін) матрица рөлін атқарады.

Сирек жағдайларда ретровирус реттеуші жасушалық протоонкогенді кездейсоқ ала кетуі ықтимал. Геннің өзі вирустың тіршілік циклында пайдаланылмайды, бірақ жасуша тағдырына едәуір әсер етуі мүмкін. Жасушалық протоонкогенді қосып алған вирус onc+ -вирусқа айналады, және оны инфицирленген жасушаға трансформирлеуші әсері бойынша (жасуша жылдам көбейе бастайды) оңай табуға болады. Онкогенді ретровирустар 3 түрлі топқа жататын қатерлі ісіктер дамуын қоздырады: қомақты ісіктер (саркомалар, рак), жедел лейкоздар (лимфомалар, миелобластомалар) және созылмалы лимфоидты лейкоздар. Морфологиялық және антигендік айырмашылығы негізінде онкогенді ретровирустарды 5 типке (А,В,С,Д және Т-лимфотропты вирустар) бөледі. Онкогенді вирустар С типіне (лимфоретикулярлық қатерлі ісіктер қоздырады) жатады. Қазіргі кезде белгілі ретровирустарды онкогендік потенциалы бойынша екі топқа бөледі: а) жоғары-белсенді антигенді вирустар-инкубациялық кезеңі қысқа неопластикалық аурулар қоздырады (Раус саркомасының вирусы); б) белсенділігі шамалы вирустар-ұзақ мерзімге созылған инкубациялық кезеңнен кейін неоплазиялар дамуын қоздырады (мысалы, Deltaretroviruses- туыстастығы – HTLV Т-жасушалық лимфолейкоз қоздырғышы болып табылады). Бірінші топ вирусының бәрі екі компонентті – көмекші-вирус және патогенділікке жауапты кеміс (дефектный) вирустан тұрады.

Иелерінің арасында таралу сипатына қарай ретровирустарды экзогенділер және эндогенділер деп бөледі.

Экзогенді ретровирустар горизонтальды бағытта таралады және құрамында ген onc(-) болмайды. Мұндай вирустарға Раус саркомасының вирусы, адамның Т-лимфотропты вирустары (HTLV) жатады. Адамдардың Т-лимфотропты вирусының I- және II-типтері (HTLV-I , HTLV-II) CD4 - Т-лимфоциттерді зақымдайды. Құрылымдық екі қосымша гені бар: tax және rex-гендер. Tax-геннің өнімі LTR-дің терминалдық қайталымдарына әсер етеді, вирустық иРНҚ синтезделуін және инфицирленген жасуша сыртында ИЛ-2 рецепторлардың пайда болуын стимульдейді, rex-геннің өнімі вирустық иРНҚ-ның трансляциялану кезегін анықтайды. HTLV-I Жапонияның оңтүстік-батыс аймағындағы және Кариб бассейні жағасындағы елдерде ересек тұрғындардың арасында Т-жасушалық лимфомалар және миелопатиялар (тропикалық ұстамалы парапаралич) қоздырады.

Вирустық геном ИЛ-2 синтезделуін кодтайтын генмен қатар интеграцияланады. Вирустық промотор Т-лимфоциттердің пролиферациялануын күшейтетін цитокиннің артық мөлшерде өндірілуін белсендіреді. HTLV-I парентеральдық жолмен және жыныстық қатынас арқылы беріледі.

Эндогенді ретровирустар вертикальды жолмен беріле алады, ал олардың генетикалық ақпараты адамдар мен жануарлардың ағзалары мен тіндерінің жасушалық геномының құрамдас бөлігі болып табылады. Интеграцияланған онкогенді провирус өзінің құрамында толыққұнды вирион қалыптастыруға қажетті гендер ұстай алады, бірақ олар көбінесе жасушаның реттегіш бақылауындағы гендер тобы сияқты көрінеді. Дегенмен, жасушалық бақылау әдетте вирустық гендердің экспрессиясын жартылай немесе толық басып тастауға әкеледі. Эндогенді ретровирустардың белсенділігінің артуы спонтанды немесе сыртқы орта факторларының әсерінен пайда болуы мүмкін. Эндогенді вирустар табиғи иелері үшін патогенді емес, сирек жағдайда ата-аналық жасушаларға инфекциондық әсер етуі ықтимал.