Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

17.2.7.1. Онкогенді днқ- геномды вирустар

Адамдарда қатерлі ісіктер дамуын қоздыратын ДНҚ-геномды вирустардың қатарына келесі тұқымдастықтардың өкілдері кіреді: Paрovaviridae, Herpesviridae, Hepadnaviridae. Адено –және полиомавирустар өздерінің табиғи иелерінде (адамдарды да есептегенде) қатерлі ісік дамуын тікелей қоздырмайды, бірақ жануарлардың жасушаларын трансформациялау қабылеттілігі болады.

Сезімтал жасушаларға енгеннен кейін вирус жасушалық геномға тіркелмейді. Оның орнына вирус геномымен кодталатын ақуыз (немесе ақуыз топтары) ДНҚ репликациялануының жасушалық жүйесін жылдам белсендіреді, сонан соң вирус оны өзіне меншікті ДНҚ репликациялау үшін пайдаланады. Ол өз кезегінде жасуша есебінен вирустың басқа компоненттерін синтездеу үшін матрица ретінде қызмет етеді. Вирустың ұрпақтық популяцияларының репродукциялануы жасуша өлгенге дейін жалғаса береді.

Сезімтал емес жасушаларға вирус әлдеқайда сирек түседі. Сол жерде немесе бірнеше жасушалық хромосомаларға енуі нәтижесінде ұзақ уақыт қалып қояды. Бұл кезде жасушалық ДНҚ-ң репликациясын белсендіруге жауапты вирустық ген транскрибирленеді де, бөлініп- көбею циклын сан рет қайталауға « мәжбүр» етеді. Onc (+) вирусының гені ісіктік трансформация қоздыра отырып, онкоген ретінде жұмысын бастайды. Сонымен, ДНҚ- геномды онкогенді вирустармен жасушалық бөлінуді бақылаудың бұзылуы- олардың тіршілігін сақтау стратегиясының бір бөлігі.

Паповавирустар. Вирустың аты жасушаларда ісіктік трансформация қоздыру қабілеттілігімен байланысты. (папиллома + полиома + вакуольдейтін вирустар).

Геномы сақиналы ДНҚ-дан тұрады, капсид симметриясы куб типтес. Вирионының мөлшері 45-50 нм. Репликациялануы инфицирленген жасушалар ядросында атқарылады- ертелік және кешеуілді фазалардан тұрады. Ертелік транскрипцияланудың өнімдері- құрылымдық емес үш Т-АГ. а) Полиомавирустар. Адамдарда полиомавирустар қатерлі ісіктер дамуын қоздырмайды. Полиомавирустар латентті жағдайда әртүрлі сүтқоректілердің хромосомаларында табылған. Екі вирус-ВК және JC, иммунды-тапшылыққа шалдыққан адамдарда ғана зақымдану қоздырады (нефриттер). ВК және JC вирустар приматтардың жасушаларына жұқтырған кезде цитоплазмада дегенерациялық сипаттағы өзгерістер пайда болады.

б) Папилломавирустар. Қазіргі кезде адам папилломасы вирустарының 30-дан астам типтері анықталған. Олар-адамдарда эпителиялық қатерсіз ісіктер (тері сүйелдері, өткірұшты кондилома, кеңірдек папилломасы ж.т.б.) пайда болуына себепкер. Папилломавирустар кең таралған және эпителиятропты. Жоғарғы трансформациялаушы белсенділікке ие (әсіресе 11,16,18 және 30 серологиялық варианттары). Олардың геномдары өткірұшты кондилома, жатыр мойнының және кеңірдек карциномасы, сақал тәріздес эпидермодисплазия ж.б. кезінде табылған. Папилломавирустар иесінің организмімен тұрақты байланыста болуымен және онкогенділік қасиетінің вариабельділігімен сипатталады. Адамның папилломавирустарының инфекцияның «өнімсіз» типінен «өнімді» типіне, және де керісінше ауысу қабылеттілігі бар. Бірінші жағдайда вирус жасушамен синхронды репликацияланады, жасушаға зиян келтірмейді; екінші жағдайда- ол жылдам көбейіп, жасушаны өлтіреді. Папилломавирустар ДНҚ синтезінің жасушалық жүйесін өзіне мәжбүрлеуге қабылетті, ал осындай функцияны атқаратын вирустық гендер онкогендер ретінде әсер ете алады. Папилломавирустардың онкогенділігі сақиналы екіжіпшелі ДНҚ-нан тұратын геномның құрылысының ерекшелігімен байланысты.

Сүйел және басқа қатерсіз ісіктердің жасушаларында вирус геномы өздігінше плазмидалар реплицирлеуші түрде тұрақты орын алады. Тек қана сирек жағдайда (белгісіз факторлардың әсерінен) вирустық геном иесінің хромосомасына тіркеліп біріге алады. Бұл кезде вирустық геннің айналасындағылар өзгереді және жасушалық гендердің экспрессиялануын бақылау бұзылады. Жасушалық циклды реттейтін ақуыздардың синтезделуін бақылаушы ретінде жасушаны циклдың S- фазасына түсуге итермелейді де, қатерлі ісік пайда болуына әсер етеді.

Ұшық (герпес) вирустары. Herpesviridae тұқымдастығына жататындардың арасынан 3-типті ұшық вирусынан (virus varicella-zoster) басқа өкілдерінің бәрінде онкогендер табылған. ҚҰВ (ВПГ)-ның 1- және 2-типтерінің in vitro жағдайында адамдардың әртүрлі жасушаларын трансформациялық өзгеріске әкелу қабылеттілігі бар, және де олардың геномы әр түрлі қатерлі ісік жасушаларында табылады. Ұшық вирусының 4-типінің (Эпштейн-Барр) онкогендігі өте жоғары, Беркитт лимфомаларын (Африка континентінде балалар мен жасөспірімдер арасында кездеседі) және назофарингеальды карцинома (Қытайдың кейбір аудандарында еркек тұрғындарды зақымдайды) дамуын қоздырады.

В және С гепатит вирустары. В және С гепатиттердің созылмалы түрі кезіндегі бауыр паренхимасындағы қабыну және некротикалық процестер бауырда біріншілік қатерлі ісік (рак) дамуын қоздыруға себепкер бола алады.